Қаржылық инвестиция есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:58, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Содержание работы

Кіріспе.........................................................................................................3
I. Инвестиция есебі.....................................................................................4
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі..................................................4-7
1.2 Инвестицияның бағалануы...........................................................8-12
II. Қаржылық инвестиция есебі..............................................................13
2.1 Қаржылық инвестиция есебі.......................................................13-23
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі..........................................31-34
Қорытынды..............................................................................................35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................36

Содержимое работы - 1 файл

Қаржылық инвестиция есебі -.doc

— 238.50 Кб (Скачать файл)

        К – жабылу мерзіміне дейінгі алынатын табыс.

        n – облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне  дейінгі қалған мерзімі.

Облигациялардың басым  бөлігі бойынша проценттер  жылына бір рет емес, екі реет төленеді. Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге болады:

Р = (с/2)/(1+к/2) + (с/2)/ (1+к/2)2 + ……+ (с/2)/(1+к/2)2n + N/(1+к/2)2n

Субъект өзінің есеп саясатында  қысқа мерзімді қаржылық  инвестицияларды ағымдағы құны бойынша есепке алады және сол инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болғаны, ал оның жабылу мерзімі 17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған. Шығарылған облигацияның өтеуіне дейін қалған кезең үшін (6 жыл) табысы 36% құраған. Облигациялар бойынша проценттер  жылына 2 рет төленеді. Облигацияға ие болғаннан кейін он екі ай  өткен соң кәсіпорын оларды сату жөнініде шешім қабылдайды. Егер саясатына сәйкес қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құны жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Енді біз  облигациялардың ағымдағы құнын анықтайық:

  • Жабу мерзіміне дейін алынатын табысы – 25% (облигациялар бойынша барлығы 36% қарастырылған, оның 11% - 3 төленіп үлгерді, сол себепті қалған табыс 25% (36-11));
  • Номиналдық проценттік табысы – 154 теңге құраған (1400*11%), (154/2=77 теңге);
  • Облигациялардың жабылуына дейінгі мерзімі – 5 жыл (6-1). Бұл жағдайда облигациялардың нарықтық құнының формуласы мына түрде көрінеді:

Р = 77/(1+0,125) + 77/(1+0,125)2 + ……+ 77/(1+0,125)10 + 140/(1+0,125)10

Осыдан Р = 871,9 теңге болады.

25% бойынша жыл сайынғы  төлемдердің 5 жылға арналған  дисконттау ставкасы 2,689 – ға  тең. 5 жылдан кейінгі бір мезгілдік төлем үшін дисконттау ставкасы 0,327 – Ге тең. Жыл сайынғы проценттік төлемдер 154 теңге құраған. Сонда р =2,683*154+1400*0,327 = 871,9 теңге.

 Мерзімі шетелмеген  облигациялардың ағымдағы құнын  анықтау. XIX ғасырдың басында шығарылған британдық конголи, мерзімі шектеусіз міндеттемелер, яғни белгіленген процентік табыстарды мәңгілік төлеп отыру британ үкіметінің міндеттемелері болып табылған. Егер мұндай облигацияларға салынған қаражаттар  С мөлшеріндегі жыл сайынғы төлемдерді мәңгілік  алып отыруды қамтамасыз ететін  болса,  онда оның ағымдағы құны р = с/к - ға тең, мұндағы к – тәуекелсіз мөлшерлемесі мен тәуекелді сыйақының сомасы ретінде иесіне мерзімі шектеусіз қажетті табысты алуына мүмкіндік жасайды.

Біз жылына 1000 теңгелік төлеммен  мәңгілік қамтамасыз ететін бағалы қағазды  сатып алдық делік. Егер к – ның  қолданыс таба алатын  деңгейі 14% - ті құрайтын болса, онда облигацияның  нарықтық құны:  р = 1000/14% * 100% = 7142 теңгені құрайды.

Шартты бағалы қағаздардың  құнын анықтау. Варрант белгілі  бір акциялар  саны бойынша белшілі  бір  акциялардың бағасын анықтауға  болатынын білдіреді немесе керісінше, яғни белгілі бір  бағасы р – ға тең делік, варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы П, бір варрантқа V акцияларды сатып алуға болады, онда варрант бағасы:

 Цв = (р-П)*V.  Мұндағы,  Цв – варрант құны.

Акциялардың нарықтық  бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың  ағымдағы құны  да өзгереді.

Опцион – бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі  бір  баға бойынша,  белгілі бір  акцияның  санын сату («колл» - опцион) немесе сатып алу («пут» - опцион) құқығын  көрсетеді.

Опционның ағымдағы құнын  мына формула бойынша анықтайды:

Цо = (р-П)*к – S;  мұндағы,

 р – контракт  біткен күніндегі  акцияның  бағасы;

 П – опциондық  контракт жасалған кездегі акцияның  құны;

 к – опциондық  контракт бойынша акцияның сомасы;

S – опционның сатылатын бағасы.

Егер де акцияның нарықтық бағасы өзгерсе, опционның ағымдағы бағасыда өзгереді.

Акцияның ағымдағы құнын  анықтау. Акцияның әрекет ету мерзімі  шектелмегендіктен, жыл сайынғы алынатын дивиденд  тұрақты болсын делік және оның абсолюттік  деңгейі «Д» - ға тең болсын,  онда оны анықтайтын формула мынадай болады:

  Ца = Д/Кi, мұндағы,  Ца – акцияның құны;

                                        Кi – пайыздық мөлшерлемесі.

Акцияның нарықтық құны әр түрлі әдіспен бағаланады және онда инвесторлардың  екі типі бар деп танылады. Олардың бірі дивидендті жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының  өсімін көздейді. Осы кезде, акциянынң нарықтық бағасының  орташа нормасын анықтаймыз:

   Рак = х*Д/Кi + у  * Ц3 / х + у = 1

Мұндағы, Рак  - акцияның нарықтық  құны;

Х -  жоғары дивиденд алуға  ниет білдерген инвесторлардың    үлес салмағы, «бағамдық» (у~1);

Ц3 – бұрын сатылып  кеткен акциялардың бағасы.

Акциялардың нарықтық бағасын  шығарған кезде х пен у деңгейінің т тәуекелділігі  байқалады; бір  кезде «бағамдық» басым болса,  ал бір кезде керісінше, «дивидендтік» басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты бағасын бағалай алмайды.

Акцияның ағымдағы құнын  есептейтін әрі танылған моделі қалыптасқан  жоқ.  Дегенмен де, акцияның нарықтық бағасын болашақта  күтілетін дивидендтер ағыны  бойынша есептеуге болады деп топшыланған  пікірлер де жоқ емес. Ол, негізінен  өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның нарықтық құнын  анықтайтын формуланың түрі мынадай болады:

 

   Рак = Σ  Дt/(1+к)t            Мұндағы, Дt – кезең үшін күтілетін дивиденд;

           t=1                                              к – акция бойынша қажетті   табыс       

                                                                     деңгейі;

                                                              Σ – 1-ден шексіздікке дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дисконтталған құнының сомасы;

                                                              Рак -  акцияның нарықтық құны.

Егер  инвестор акцияны 1 жыл ұстап  және акцияның құнын n мөлшерлемесі бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағы құны мынадай болады:

Р=Д+Р(1+n)/1+і немесе Р=Д/і-n

Мұндағы:Д-жыл соңына күтілетін дивиденд

n-жыл бойындағы акцияның  өсу қарқыны, %і-дисконттың мөлшерлемесі

 

2.3 Инвестицияның  синтетикалық есебі

 

Инвестицияның бухгалтерлік есебі  №27 ХҚЕС « Бірлескен  қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі», №28  ХҚЕС «Қауымдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу», №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау», № 40 ХҚЕС  «Жылжымайтын мүлік инвестициясы» қарастырылған.

 Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында бірінші және екінші бөлімдерінде орналасқан, активті кіріске алуы Д, шығысқа шығаруы К инвестиция  1100-«Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары» кіші бөлімі

1110-«Қысқа мерзімді  ұсынылған қарыздар», онда ұйымдардың  мерзімі бір жылға дейін берген  қарыздары есепке алынады; 

1120-«Саудаға арналған  қысқа мерзімді қаржы активтері», онда бағалардың қысқа мерзімді  ауытқуларынан пайда алу мақсатында  сатып алынған қысқа мерзімді активтер есепке алынады. Қаржы активтерін, егер ол құрылымы қысқа мерзімді перспективада пайда алуға ынталандыру туралы куәландыратын портфельдің бір бөлігі болып табылса, оны сатып алу себептеріне қарамай, саудаға арналған ретінде жіктеген жөн. Туынды қаржы активтері, хеджирлеудің тиімді құралдары ретінде анықталған жағдайларды қоспағанда, саудаға арналған ретінде қаралады;

1130-«Өтеуге дейін ұсталынатын  қысқа мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар  мен дебиторлық берешекті қоспағанда, өтеу мерзімі басталғанға дейін ұйым иелік етуге берік ниетті және қабілетті тіркелген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қысқа мерзімді қаржы активтері есепке алынады;

1140-«Сату үшін қолда  бар қысқа мерзімді қаржы инвестициялары»,

онда мынадай санаттарға кірмеген қысқа мерзімді қаржы инвестициялары есепке алынады:

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек;

өтеуге дейін ұсталатын  инвестиция

саудаға арналған қаржы  активтері.

1150-«Өзге қысқа мерзімді  қаржы инвестициялары», онда алдыңғы

топтарда көрсетілмеген  өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялар

есепке алынады.

2000-«Ұзақ мерзімді  қаржылық инвестициялар» кіші  бөлімі үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын инвестицияларды, ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті қоспағанда, ұзақ мерзімді активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай  шоттар тобынан тұрады:

2010-«Ұзақ мерзімді  берілген қарыздар», онда ұйым  бір жылдан асатын мерзімге  берген қарыздар есепке алынады;

2020-«Өтеуге дейін ұсталатын  ұзақ мерзімді инвестициялар», онда ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешекті қоспағанда, ұйым өтеу мерзімі жеткенге дейін иелік етуге берік ниетті және қабілетті, бекітілген немесе анықталатын төлемдері және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржы активтері есепке алынады;

2030-«Сатуға арналған қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар», онда мынадай санаттарға кірмеген қаржы активтері есепке алынады:

ұйым берген қарыздар мен дебиторлық берешек, өтеуге дейін  ұсталатын инвестициялар;

2040-«Өзге ұзақ мерзімді  қаржылық активтер», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген ұзақ мерзімді қаржы активтері есепке алынады, мысалы, өзіндік құны бойынша есепке алынатын еншілес ұйымдарға берілетін инвестициялар, үйлесімді шоғырланым әдісімен есепке алынатын бірлесіп бақыланатын ұйымдарға берілетін инвестициялар.

 Міндеттемелер үшінші, төртінші бөлімдерде 3380-«Төлеуге  қысқа мерзімді сыйақылар», алынған  қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған  бағалы қағаздар және сенімгерлік  басқару шарттары бойынша төлеуге  есептелген сыйақылардың болуымен  және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады;

3390-«Өзге қысқа мерзімді  кредиторлық берешек», мұнда алдағы  топтарда көрсетілмеген өзге  қысқа мерзімді кредиторлық берешек  есепке алынады.

 Кірістер мен табыс  пайыздары алтыншы бөлімде 6120-«Дивидендтер  бойынша кірістер», онда бағалы  қағаздар бойыша алынған дивидендтер бойынша кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6140-«Инвестициялық жылжымайтын  мүлік операцияларынан алынатын  кірістер», онда капитал құнының  немесе сол және басқаның өсуінен  жалдау төлемдері немесе кірістерді  алу мақсатында (жалдау шарты бойынша иеленуші немесе жалға алушының) иелігінде бар (жер, ғимарат, немесе олардың белігі) жылжымайтын мүліктен кірістерді алумен байланысты операциялар көрсетіледі;

6400-«Үлестік қатысу  әдісі бойынша ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесі» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдар пайдасының үлесін көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

6410-«Қауымдастырылған  ұйымдардың пайда үлесі», онда  үлестік қатысу әдісімен ескерілген  қауымдастырылған ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі;

6420-«Бірлескен ұйымдардағы  пайданың үлесі», онда үлестік  қатысу әдісімен ескерілген бірлескен  ұйымдардағы пайданың үлесі ескеріледі.

 Есептелген шығындармен  зияндар 7310-«Сыйақылар бойынша шығыстар», онда қаржылық міндеттеме-лер бойынша шығыстар, мысалы, алынған қарыздар бойынша пайыз-дарды төлеуге арналған шығыстар көрсетіледі;

7410-«Активтердің шығуынан  алынатын шығыстар», онда активтерді  сатудан түсетін шығыстар ескеріледі, мәселең сатылған негізгі құралдардың,  материалдық емес активтердің, қаржылық активтердің өзіндік құны, бөлшектеу бойынша шығыстар;

7600-«Үлестік қатысу  әдісімен ескерілетін ұйымдардың  залалындағы үлес» кіші бөлімі үлестік қатысу әдісімен ескерілетін ұйымдардың залалына үлесті көрсетуге арналған және шоттардың мынадай топтарын қамтиды:

7610-«Қауымдастырылған  ұйымдардың залалындағы үлес»,  онда үлестік қатысу әдісімен  ескерілетін қауымдастырылған ұйымдардың  залалындағы үлесі ескеріледі;

7620-«Бірлескен ұйымдардың  залалындағы үлес» онда үлестік  қатысу әдісімен ескерілетін бірлескен ұйымдардың залалындағы үлесі ескеріледі. Шаруашылық жүргізуші акцияларға ие болу жолымен немесе үлестікқатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерді қаржыландыру құқылы. ҚР-сының Азаматтық кодексінің 94 бабына сәйкес, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталын қалыптастыру барысында сол заңды еншілес тұлғаға негізгі болып табылады. Негізгі тұлға еншілес тұлғаға 100% немесе 90% бақылау жасай алады.

АҚ «Топар» инвестиция сатып алды. Дилер арқылы. Дилерге 17 000тг. Құжаттық рәсімдеуі 6000 тг. Инвестицияны акция түрінде алыр отыр.  600 акция -1 100тг. Инвестицияның сатып алу құны      600 * 1 100 = 660 000

660 000 + 17 000 + 6 000 = 683 000

Информация о работе Қаржылық инвестиция есебі