ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 10:11, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция-бұл шығын жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика саласындағы күрделі салым үлесін өткізу. Инвестиция қызметінің басты мақсаты кәсіпорын кірісі мен проценті.

Содержание работы

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------ 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ
Қаржылық инвестиция туралы түсінік ----------------------------------------- 4
Инвестицияларға тән ХҚЕС талаптары мен ұсыныстарын сипаттау --- 5
БАҚЫЛАНАТЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ
2.1 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге салынған инвестициялар есебі------------------- -------------------------------------------------- 9
Бірлесіп бақыланатын ұйымдағы инвестициялар есебі----------------------- 14
2.3 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар аудиті --------------------------- 19
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------- 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------------------------------ 26

Содержимое работы - 1 файл

КУРСОВОЙ.docx

— 51.79 Кб (Скачать файл)

1 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР  ЕСЕБІ

    1. Қаржылық инвестициялар туралы түсінік

Инвестиция-бұл шығын  жиынтығы, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы және т.б. экономика  саласындағы күрделі салым үлесін өткізу. Инвестиция қызметінің басты  мақсаты кәсіпорын кірісі мен  проценті.

Инвестицияның көзі болып  жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған  бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын  болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табысиың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі  қаржыландыру немесе ол үшін сырттан  несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу  түрлері бойынша инвестициялар  нақтылық және қаржылық инвестиция болып  екіге бөлінеді.

Нақтылық инвестиция дегеніміз-шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір  материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активетрдің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалынуы үшін салынатын  салымдар болып табылады.

Қаржылық инвестиция дегеніміз-акционерлік  қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.

Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп  түсінген дұрыс. Бұған, яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай мысалды  қарастырайық.

Қандай да бір кәспкер  құрылысты салу үшін қаржы керек  етеді. Мұндай жағдайда құрылыс нақты инвестицияның обьектісі болып табылады. Кәсіпкер бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп, бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған салымы нақты инвестиция, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған шығыны қаржылық инвестиция болып саналады. Жоғарыда аталған инвестицияның қай түрінің болмасын алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен технологияны қолдану арқылы табыс табу болып табылады.

Қаржылық инвестициялар  иелену мерзіміне қарай мынадай  категорияларға жіктеледі:

а) қысқы мерзімдік-иелену мерзімі бір жылға дейін;

ә)  ұзақ мерзімдік-иелену мерзімі бір жылдан артық.

Жылжымайтын мүлікке салынған инвестициялар иеленуші субьектілер  ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі  бет бұрған нарықтық экономика жолымен  даму үшін күресіп жатқан біздің еліміздің  экономикасын көтеру үшін салым ретінде  салынуын, яғни шетел инвесторларын  тартудың артықшылығы пен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:

  1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне түсетін түсімдері көбейтеді;
  2. Жергілікті халық үшін жаң жұмыс орындары пайда болады және ол халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
  3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен технология елдің шаруашылық субьектілеріне қолдануды жылдамдатады;
  4. Сырттан келген капитал-елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестің қабілетінің жоғарлануына әсерін тигізеді.

 

1.2  Инвестицияларға тән ХҚЕС талаптары мен ұсыныстарын сипаттау

 

Инвестициялар үш топқа: қысқа, ұзақ мерзімді және инвестициялық меншік болып бөлінеді. Бұларды инвестицияның  элементтері деп те атайды.

Қысқа мерзімді инвестицияларға  бір жылдан артық емес мерзімге салынаған  және осы мерзім ішінде пайда алу  мақсатындағы инвестициялар жатады.

Ұзақ мерзімді инвестицияларға  ұзақ мерзімге есептелініп берілген инвестициялар жатады.

Инвестициялық меншікке ең соңында меншікке айналатын, жерге  және ғимараттарға салынған инвестициялар  жатады. Инвестицияларды осылайша топтастыру, бұлардың баланстық құнын анықтау  және компаниялар өз қаражаттарын инвестицияның  қай тобына салғандығын білу үшін қажет.

Инвестициялардың өзіндік  құны инвестициялық активтер алу, делдалдық  және банктік коммисиялық жиын сомаларын  жинақтаудан тұрады. Егер алынған  инвестициялар құнды қағаздарды эмиссиялаудан немесе басқа активтерге айырбастаудан өтсе, алынған инвестициялар  шығарылған құнды қағаздар құнымен немесе берілген активтер құнымен дәлме-дәл келетін әділетті құн бойынша бағаланады.

Инвестициялар құны төленген дивидентер мен пайыздар дәрижесіндегі  сомаларға азайтылады. Егер дивиденттер  мен пайыздар түскен таза пайда есебінен төленсе, онда мұндай сомалар инвестицияларға  жұмсалған шығындардың орнын  толтыру мақсатында қаралады.

Қысқа мерзімді инвестициялар-өзіндік  құны және нарықтық құнының ең төменгі  дәрежесімен бағаланады. Егер инвестициялар  нарықтық құнмен бағаланса, онда мұндай инвестициялардың баланстық құнын  инвестициялардың жекелеген түрлері  бойынша жеке-жеке көрсету керек.

Нарықтық құнмен есепке алынған  қысқа мерзімді инвестициялардың баланстық  құнының көбеюі немесе жұмсалған  шығындар құрамында есепке алынады. Баланстық құнының көбеюін есепті жылдағы инвестициялық сомаларды  қайта бағалаудағы капиталдың өсуі деп танып, мұндай соманы каптиал  счетының кредитіне, ал баланстық құн  азайғанжағдайда бұл сомаға каптал счеты деббетелінеді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды бағалауда өзіндік  бағалау құнымен, қайта бағаланған құнмен, ал үлестік құнды қағаздарды инвестициялық қоржында анықталған негізге сай екі мәннің-өзіндік  құн және нарықтық құнның ең төменгі  дәрижесі бойынша бағаланады.

Барлық ұзақ мерзімді инвестициялардың баланстық құны біртіндеп азайып отыратындығын еске алу керек. Мұндай азайтулар әрбір инвестициялардың жекелеген түрлері бойынша көрсетіледі.

Егер өткен кезеңде  қайта бағаланған ұзақ мерзімді инвестициялар  сомасы есепке алынбаған жағдайда, онда инвестициялардың жекелеген түрлері  бойынша анықталған азаю сомасы –пайда және шеккен зиян есептелгенде көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді инвестициялар  сомасының азаюы немесе инвестициялар құнының өсуі немесе азаю себебі нақтылы анықталмаған жағдайларда болуы мүмкін.

Ұзақ мерзімді инвестициялар  құрамын салынған заттық үлгідегі инвестициялық  меншіктер түрінде қаралады.

Инвестицияларды сатқан кезде  сатудан түскен түсім және бұлардың баланстық құнының айырымы табыс  немесе шығындар құрамына жазылады. Егер инвестициялық қоржын есебі (өзіндік  құнмен немесе нарықтық құнмен есепке алынған екі мәннің ең төменгі  дәрижесі) негізінде есепке алынған  инвестициялар қысқа мерзімді активтер түрінде сатылса, онда сатудан түскен табыс немесе шеккен зиян инвестицияның  өзіндік құнын есептеу негізінде  анықталады. Сатылған инвестцияларға жататын қандай да болмасын қайта  бағалаудағы қосылған қосымша сома, бөлінбеген пайда счетының дебетіне немесе табыс счетының кредитіне көрсетіледі.

Егер ұзақ мерзімді инвестициялар  қысқа мерзімді инвестициялар құрамына көшірілсе, онда көшірілген қысқа мерзімді инвестициялар қайта бағаланады. Ал қысқа мерзімді инвестициялар  ұзақ мерзімді инвестициялар құрамына көшірілсе, онда өзіндік құн намесе нарықтық құнның ең төменгі дәрижесімен  бағаланады.

Бухгалтерлік баланстағы барлық инвестициялар сомасын салынған қаржылар деп түсінген дұрыс. Негізінен  қаржылық инвестициялар: ұйымның жарғылық капиталына; бірлескен қызметке (серіктестік); құнды қағаздарға; займдарға; берешек  қарыздарды өтеуге салынады. Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар айналыс  сыртындағы активтер, қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы активетр құрамында көрсетіледі.

Ұйымның жарғылық капмиалына салынған қаражаттарды акционерлік  каптиал деп атайды. Яғни қаржы  салушы инвестор салынған өз қаражатын-құжатқа, акцияға айырбастайды. Инвестордың  акционерлік капиталға салған қаражатын  инвестицияланған каптитал деп атайды.

Нарықтық қатынастар жағдайында ірі компаниялардың белгілі бір  бөлігі бірнеше меншік иелерінің  меншігіндегі қаражаттардан құралып, акционерлік меншік түріне айналады. Акционерлік капиталға салынған инвестициялар көлемі немесе сомасы акционерлік қоғамның шығарған акциялары  атты құжатпен рәсімделеді. Қаржы салушы инвесторлар акция ұстаушылар категориясына танылады.

Сонымен, капиталдың белгілі  бір бөлігіне иелік ететін меншіктік  құқықты растаушы акция ұстаушының акциялары және бұларды қайта  сату, сондай-ақ осы құнды қағазға  байланысты басқада операциялар  бухгалтерлік есеп обьектілеріне жатады.

Халықаралық қаржылық есеп жүйесінде меншіктік акционерлік  түрдегі құрылымды корпаративтік, ал өз капиталын акциялар жариялау есебінен қаржыландырушы компанияларды-корпарация деп атайды. Акциялар жариялаудың  тәртібі корпарацияның жарғысында көрсетіледі. Жарғыда көрестіген акциялардың  ең жоғары саны шығаруға рұқсат етілген  акциялар санын көрсетеді. Сондай-ақ корпарацияның жарғысында шығаруға рұқсат етілген акцияларға, бұлардың номиналдық құны жазылады. Шығарылған акциялардың құны әдетте акциялардың  баланстық немесе нарықтық құнымен  салыстырылмайды.

Корпарация-акциясының екі  түрін –қарапайым және артықшылығы  бар акциялар шығаруына болады.

Егер акцияның бір ғана түрі шығарылса, онда мұндай акцияларды қарапайым акциялар деп атайды. Бұлардың барлық жинағы корпарацияның қалдық каптиалы болып танылады. Қалдық капталы  дегеніміз-компания жойылған жағдайда ең әуелі артықшылығы бар акция  ұстаушылардың (несиелендірушілер) тәуекелшілігі  қалдық капитал деңгейінді қанағаттандырылып, бұдан соң қарапайым  акция  ұстаушылардың тәуекелшілігін қанағаттандыру шаралары қаралады.

Қарапайым акцияларға қарағанда  артықшылығы бар акциялардың  біршама үстемдігі болады.

Артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төлеу бірінші  кезекте, жойылған корпорацияның активтерін сатудан түскен ақша қаражаттарын төленеді. Қолында артықшылықтағы акцияларды бар тұлғалар, қарапайым акция  ұстаушыларға қарағанда үлес алушылық үстемдігі болады.

Сонымен, инвестицияның және салынған қаражаттардың қандайда түрі болмасын-құнды қағаздар деп аталынатын құжатпен рәсімделеді. құнды қағаздар рәсімдеу арқылы қаржы салушы инвесторлардың қаржылық, қаражаттық құқықтығы белгіленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНАЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІН ЖҮРГІЗУ МЕН АУДИТІ

2.1 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге салынған инвестициялар есебі.

Егер бір компания басқа  ұйымның құнды қағаздарының 50% жоғары бөлігіне иелік ететін болып, дауыс беру құқығын жүргізуге алатын болса, онда мұндай компанияны аналық компагия, ал осы компанияның құрамындағы еншілес ұйымның құны (активтері) инвестиция түрінде есептелінеді. еншілес ұйыманалық компанияның ішіндегі, аналық компанияның бақылауындағы дербес бухгалтерлік баланс жасаушы ұйым.

Еншілес ұйымның акционері  өз акцияларын сатады немесе өз үлесін басқада ұйымдарға қаржылық инвестиция түрінде қосады. Еншілес ұйым қызметін аналық компаниялар қаражатымен  инвестициялау нәтижесінде операциялық  экономиканың тиімділігі, таза пайда  алу және қолда бар экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану, өндірістік процестен алынған өнімдерді  сату, алынған несиелерді жабу мәселелері дер кезінде оңтайлы шешілді.

Егер аналық компания немесе қаржы салушы инвестор 50% артық дәрежеде басқа ұйымға қаржылық үлес қосатын болса, сондай-ақ 50% дан артық дәрежедегі акция алатын болып, дауыс беру құқығына құқықты болса, онда инвестицияланатын ұйым қаржы салушы инвесторлардың тануындағы – еншілес ұйым болып танылады.

Егер аналық компания немесе қаржы салушы инвестор 20%дан жоғары дәрежеде, алайда 50% дан төмен емес дәрежеде акция алу құқығына құықты болып, едәуір дәрежеде қаржылық үлес қосатын болса, онда инвестицияланатын ұйым қаржы салымшы инвесторлардың тануыедағы – тәуелді серіктестік ұйым болып танылады.

Еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын серіктестіктер қызметіне  салынған инвестициялардың бухгалтерлік есебі жоғарыда көрсетілген счеттарда  акциялардың жеке атаулары және инвестициялардың жекелеген түрлері бойынша жүргізіледі.

Инвесторлар тәуелді серіктестіктерге инвестиция салу нәтижесінде 20% артық дәрежеде дауыс беру акциясына қарамастан инвестиция алушы серіктестік қызметіне едәуір әсер етеді.

«Едәуір әсер ету»  ұғымы  төмендегіше түсіндіріледі. Қаржы  салушы инвестор қаржы салынған немесе инвестицияланған ұйымның қаржылық және операциялық қызметін тікелей басқаруға өкілеттік ете алмайды. Дей тұрғанмен қаржы салымшы инвестор тәуелді серіктестіктің қаржылық және операциялық шешім қабылдау саясатына қатысуға құқылы. Егер инвестор басқа ұйымның қаржылық және операциялық қызметін басқару мәселелерін өз құзырына алатын болса, онда мұндай ұйым еншілес ұйымға жатады. Еншілес ұйымға салынған қаржылық инвестиция есебін жүргізу принципін қолдану ХҚЕС 27 «Біріктірілген және жеке қаржылық қорытынды есеп» стандартында қаралған қағидаларға сай жүргізіледі. Осы айтылған айырмашылықтарға тән инвестициялық қаржы алушылар қызметін тексеру мен едәуір әсер етушіліктің ара жігін ажырата білу керек.

Информация о работе ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЕСЕБІ