Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:58, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Кіріспе.........................................................................................................3
I. Инвестиция есебі.....................................................................................4
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі..................................................4-7
1.2 Инвестицияның бағалануы...........................................................8-12
II. Қаржылық инвестиция есебі..............................................................13
2.1 Қаржылық инвестиция есебі.......................................................13-23
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі..........................................31-34
Қорытынды..............................................................................................35
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................36
Экономика, бизнес және құқық колледжі
Қазтұтынуодағы Қарағанды
0705002 мамандығы бойынша «
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Қаржылық инвестиция есебі
Орындаған: Ермуханов А.Т
Қарағанды 2008-2009 жыл
Жоспар
Кіріспе
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
1.2 Инвестицияның бағалануы
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі
Қорытынды
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. Инвестиция есебі.........................
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі......................
1.2 Инвестицияның бағалануы.......
II. Қаржылық инвестиция есебі.........................
2.1 Қаржылық инвестиция есебі.........................
2.2 Қаржалық инвестицияның бағалануы және қайта бағалануы..24-30
2.3 Инвестицияның синтетикалық
есебі.........................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.
Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы түсінік бере отырып, оның түрлеріне тоқталамын, ал ІІ бөлімінде қаржылық инвестиция есебін көрсете отырып, қысқа мерзімді инвестицияның ағымдағы құнын және ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады.
Қаржылық
инвестиция – ол акция, облигация және басқа да
құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге
салынған салымдар.
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвистициялардын есебі ХҚЕС сәйкес №32 <<Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру>>, №39 <<Қаржылық құралдар:мойындауы және бағалануы>>,және №2 ҰҚЕС стандартында қарастырылған.
Қаржылық инвистициялардың ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 1 және 2 бөлімдерінде 1100-1150, 2000-2040 шоттар қарастырылған.
I. Инвестиция есебі
1.1 Инвестиция түсінігі және жіктелуі
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субьектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын баска да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ак, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Каржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (кұнды) кағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) кағаздар екі топка бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Акшалай бағалы қағаздарды алған кезде акшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинак сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдык (атаулы) кұнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен калыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, кысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уакытқа) беріледі.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1.Жұмсау мерзімі бойынша:
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша-
7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы
бойынша- эмиссиондық,
9. Меншік формасы бойынша- мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі
бойынша- аз тәуекелдікпен,
Тәуекелдік түрлерін мынаған бөлуге болады:
12. Қолма-қол табыс бойынша- табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша:
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
1.2 Инвестицияның бағалануы
Инвестиция мына 2 әдіске салынады:
Үлестік қатысу әдісі - бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады. Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе змян ретінде танылады.
Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.