Порттар. Батырмалар. Шамдар. Порттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 21:03, реферат

Краткое описание

Бұл күнде электронды есептеуіш машинасыз күнделікті өмірімізді елестету қиын. Сондықтан да «XXI-шы ғасыр мамандығы программист» деп аталып жүр. Бұл программист мамандығы ішіне техник-операторы, ЭЕМ операторы, программист-моделировщик, автоматтандырылған ақпарат орталығының(АСУ) операторы осы сияқты тағыда басқа көптеген мамандықтар басын құрайды.

Содержимое работы - 1 файл

Кіріспе.doc

— 1.48 Мб (Скачать файл)

        

        19-шы сурет

        Пернетақта  – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Пернетақтада 101 не 102 перне болады. Пернелер бірнеше блоктарға бөлінеді.(20-шы сурет)

        1.Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында  орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі  бөлігі болып табылады.

        2. Функционалдық пернелер – символдық пернелердің үстіңгі жағында орналасқанОлар латынның Ғ1...Ғ12 әріптерімен белгіленген.

        3. Нұсқаушы немесе  меңзерді экранда басқару пернелері  еңзер дегеніміз экранда жыпылықтап  тұратын символ.  Бұл пернелер  символдық пенелердің төменгі оң жағында орналасқан.

        4. Цифрлық пернелер  – пернетақтаның оң жағынада  орналасқан. Олар цифрларды енгізу  үшін қолданылады. NumLock пернесінің жарығы жанып тұрғанда қосылады.

  Қазіргі кездегі компьютерлерге тағы бір ақпаратты енгізу құрылғысы – маус манипуляторымен жабдықталған. Маус

( 21-ші сурет)компьютердің жұмысын жеңілдету үшін қолданылады.

  

  20-шы  сурет

  

  21-ші  сурет 
 

Графикалық  бағдарламалық қамтамасызданудың  иерархиясы Компьютерлік графика – бұл ЭЕМ көмегімен модельдерді және олардың кескіндерін құруға, сақтауға және өңдеуге арналған информатиканың бір бөлімі, яғни бұл бөлім компьютерде әртүрлі кескіндерді(суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды)  жасау мәселелерімен айналысады.

Компьютерлік графикада келесі есептер қарастырылады:

    1. Компьютерлік графикада кескіндерді ұсыну;
    2. Кескінді көрсетуге дайындау;
    3. Кескіндерді құру;
    4. Кескіндермен әрекеттер жасау.

Компьютерлік графиканың үш түрі бар. Бұл растрлік графика, векторлық графика және фрактальдық графика. Олар кескіндерді экранда бейнелеуді құрастыру  немесе баспаға басу принциптерімен ажыратылады.

Растрлік әдіс – кескін боялған нүктелер жиынтығы түрінде ұсынылады. Растрлік  графиканы  электрондық (мультимедиалық) және полиграфиялық баспаларды жасауда қолданады. Ол үшін көбінесе суретшілермен, фотографтармен дайындалған иллюстрациялардың сканирлері қолданылады. Соңғы кездері растрлік кескіндерді компьютерге  енгізу үшін сандық фото– және видеокамералар кең қолданулар тапты.

Интернетте әзірше тек растрлік иллюстрациялар қолданылады.

Векторлық әдіс – бұл кескінді доғалар, кесінділер және т.б. түрінде бейнелейтін әдіс. Берілген жағдайда вектор – бұл белгілі бір обьектіні сипаттайтын деректер жиыны.

Векторлық графикамен жұмыс істейтін бағдарламалық құралдар алдымен иллюстрацияларды құруға, аз дәрежеде оларды өңдеуге арналған. предназначены в первую очередь для создания й и в меньшей степени для их обработки. Мұндай құралдар жарнамалық агенттікте,  дизайндық бюрода  редакцияда және баспаларда кең қолданылады. Оформительские работы, основанные на применении шрифтов и простейших геометрических элементов, решаются средствами Шрифтерді және қарапайым геометриялық элементтерді қолдануға  негізделген безендіру жұмыстарын векторлық графика құралдарымен жасау анағұрлым қарапайым.

Фрактальды  графикамен жұмыс істеуге қажет бағдарламалық құралдар кескіндерді математикалық есептеулер арқылы автоматты түрде генерациялауға арналған. Фрактальды көркем  композицияларды құру сурет салу немесе безендіруден емес, бағдарламалаудан тұрады. Фрактальды  графика, векторлы сияқты – есептеуші, бірақ одан айырмашылығы, ешқандай обьектілер компьютер жадында сақталмайды. Кескіндер теңдеу бойынша (немесе теңдеулер жүйесі) бойынша жасалады, сондықтан формуладан басқа ештеңені сақтау қажет емес.

Теңдеудегі коэффициенттерді өзгерту арқылы мүлде басқа суретті алуға болады. Фрактальды графиканың тірі табиғат образдарын есептеу жолымен моделдеу мүмкіндігі ерекше суреттерді автоматты  генерациялау үшін жиі қолданылады.

Қарапайым түс модельдері. Түстік модель – құралушы компоненттердің түстік реңін ажырату әдісін анықтайды.

RGB – модель (аддитивтік) күн сәулесінің  физикалық қасиеттеріне негізделген: кезкелген түс ең әуелгі үш түстердің бірін (Red - қызыл, Green - жасыл, Blue – көк) араластырудан пайда болады. Ақ түс барлық үш түсті араластырудан пайда болады.

CMY-модель (субтрактивтік  немесе алып тастау) Ең әуелгі түсті ақ түстен алып тастау арқылы қосымша түстер пайда болады:

Көгілдір (Gyan)= ақ – қызыл =  жасыл + көк

Қызыл күрең (Magenta) = ақ – жасыл = қызыл + көк

Сары (Yellow) = ақ – көк = қызыл + жасыл

CMYK-модель. CMY моделіне ұқсас, бірақ оған таза қара түс енгізілген (black). Қара реңді «таза» түсті алуға арналған.

Түсті принтерлерде көбінесе төрт бояғыштар қолданылады. Осы жүйе полиграфияда кең қолданылады.. Өмірде бірде бір бояу мүлде таза емес және араласқан түрде болады. Сондықтан қосымша түстерді бірінің үстіне бірін салу таза қара түсті бермейді.

Видеоақпаратты  шығару құрылғысы 

Компьютерге ыңғайлы  түрдегі ақпаратты пайдаланушыға  ыңғайлы түрде  түрлендіруге арналған. Компьютер ішінде ақпарат  цифрлық түрде, сақталады, ал пайдаланушы ақпараттарды мәтін, кескіндеме, дыбыс түрінде түсінуге әдеттелген. Шығару құрылғыларының кең тарағандары:  

Видеоплата - видеомониторға кескіндерді құрастыратын негізгі құрылғы. Қазіргі видеоплаталар компьютердің өзі сияқты құрылған: оларда видеосигналдарды өңдейтін  процессор (видеопроцессор), кескіндерді сақтайтын видеожад, видеопроцессордың жұмысы үшін қажет бағдарламадан тұратын тұрақты жады(BIOS ұқсас) бар. Қазіргі видеоплаталар телевизорға, екінші мониторға және т.б. қосуға арналған шығыстармен жабдықталуы мүмкін. (22-ші сурет)

    

22-ші  сурет 

Видеомонитор – ақпаратты видеоплатадан алып оны мәтін немесе кескін түрінде бейнелейді. Қазіргі мезгілде мұндай құрылғылыардың келесі түрлері шығарылады. (23-ші сурет)

электронды-сәулелік трубка негізіндегі мониторлар

сұйық кристаллды мониторлар

плазмалық мониторлар

 
электронды-сәулелік трубка  негізіндегі монитор
 
 сұйық кристаллды монитор
 
плазмалық монитор

23-ші  сурет

Проектор - видеоақпаратты үлкен экранға шығаруға арналған. (24-ші сурет)

24-ші  сурет

Принтерлер – ақпаратты қағазға шығаруға арналған. (25-ші сурет)    

Принтерлер түрлері

    1. матрицалық
    2. бүріккіш
    3. лазерлік
    4. термиялық
 
Бүріккіш принтер
 
Лазерлік принтер

25-ші  сурет

Матрицалық және термиялық принтерлер қазіргі кезде  бөлек құрылғы ретінде шығарылмайды. Олар енді  кассалық және факстік  аппараттардың құрамына енеді.

Графиксалғыш - конструкторлық  бюрода сызбаларды сызу үшін қолданылады. (26-шы сурет)

26-шы  сурет

Дыбыстық  плата сандарды адамға түсінікті дыбыстар ретінде түрлендіреді. (27-ші сурет)

.

27-ші  сурет 
 

Head Mounted Display. Виртуальдық шындық жүйелерде дисплейлердің басына (Head Mounted Display – HMD) бинокулярлы барлық жаққа бағытталған монитордың (Binocular Omni–Orientation Monitor – BOOM) бас қалпын қадағалайтын (head tracking) және тіпті көз қалпын да қадағалайтын (eye tracking) монтаждалған түрдегі шығару құрылғылары қолданылады. Бұл стереоскоптік кескіндеумен бастың және/немесе көздің бұрылуындағы көріністердің оперативті өзгеруін құру үшін қажет.  

Графикалық редакторлар

Графикалық редактор — компьютер көмегімен екіөлшемді кескіндерді құру және редактірлеуді мүмкіндейтін бағдарлама (немесе бағдарламалар пакеті).

Графикалық редакторлар түрлері:

Растрлік графикалық редакторлар. Ең таралғандары: Adobe Photoshop операциялық жүйе Microsoft Windows үшін және Mac OS X, GIMP GNU/Linux үшін және басқаларына POSIX-үйлесімділік.

Векторлық графикалық редакторлар. Ең таралғандары: Adobe Illustrator, Corel Draw, Macromedia Free Hand операциялық жүйе  Microsoft Windows үшін және  Mac OS X, Inkscape — барлық ОЖ үшін.

Барлық графикалық редакторлардың функциялары шамамен бірдей (қарапайым графикалық редакторлардың бірі IBM-үйлесімді компьютерлер үшін — Paintbrush). Олар пайдаланушыға келесі мүмкіндіктер береді:

    1. графикалық қарапайымдардан суреттер жасау;
    2. сурет салу үшін әртүрлі түстерді және «кистілерді» қолдану(яғни әртүрлі ені және конфигурациясы бар сызықтарды қолдану); 
    3. суреттерді немесе олардың бөліктерін «қиып алу», оларды буферде («қалтада») уақытша сақтау немесе сыртқы жинағыштарда сақтау;
    4. сурет фрагментін экран бойынша орнын ауыстыру;
    5. бір суретті екіншісімен «желімдеу»;
    6. сурет фрагментін оның кіші детальдарын салу үшін  ұлғайту;
    7. суреттерге мәтін қосу.

Көптеген графикалық редакторлар сонымен бірге компьютерлік мультипликацияларды (анимацияларды), яғни компьютерде  қозғалатын кескіндерді құруға мүмкіндік береді.

Графикалық редактор «ортасы» негізгі үш бөліктен тұрады. Саймандық бөлігі — саймандарды кескіндейтін пиктограммалар жиынтығы.  Әдетте бұл — кезкелген конфигурациядағы сызықтарды кескіндейтін «кисть» және түзу сызық кесінділерін сызуға арналған «сызғыш», «шеңбер», «тіктөртбұрыш», «эллипс» сәйкес фигураларды салу үшін, «ластик» кескіндерді өшіруүшін, «валик» фигураларды бояу үшін, «қайшы» кескін фрагменттерін кесу үшін.

Ортаның басқа  бөлігі —кескіндердің түсін таңдау үшін палитра.

Үшінші бөлігі —редактор командаларының мәзірі. Ортаның осы бөліктері әдетте экран шеттерінде орналасады. Экранның ортаңғы бөлігі жұмысшы өріске арналған (немесе кескіндер жасалатын «холст» деп аталады).

Графикалық редактордың  келесі негізгі жұмыс іс-тәртіптері бар:  саймандарды таңдау және баптау, түс таңдау, суретпен жұмыс (салу және редактірлеу), сыртқы құрылғылармен жұмыс.

  Графикалық  редактормен жұмыс істегенде, пайдаланушы  тек пернетақтаны ғана қолданбай, сонымен  бірге (көптеген қазіргі компьютерлер және редакторлар) үшін манипулятор  тышқанды да қолданады. Компьютер экранында кескіндерді жасау кезінде суретті тек қана өзініз салмай, басқа кескіндерді де пайдалануға болады, мысалы, фотографиялар, кітаптағы суреттер және т.б. Осындай қосымша графикалық ақпаратты енгізу үшін арнайы құрылғы — сканер қолданылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Порттар. Батырмалар. Шамдар. Порттар