Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 21:03, реферат
Бұл күнде электронды есептеуіш машинасыз күнделікті өмірімізді елестету қиын. Сондықтан да «XXI-шы ғасыр мамандығы программист» деп аталып жүр. Бұл программист мамандығы ішіне техник-операторы, ЭЕМ операторы, программист-моделировщик, автоматтандырылған ақпарат орталығының(АСУ) операторы осы сияқты тағыда басқа көптеген мамандықтар басын құрайды.
Батырма – рус./engl. | Сипаттамасы |
Назад/Back | Алдыңғы Web-параққа ауысу |
Вперед/Forward | Келесі Web-параққа ауысу |
Остановить/Stop | Web-парақтың жүктелуін тоқтату |
Обновить/Refresh | Ағымдағы Web-парақты жаңарту (ағымдағы парақты қайтадан жүктеу) |
Домой/Home | Басты параққа көшу |
Поиск/Search | Іздеуге болатын құралдар тізімінен тұратын Web-парақты ашу |
Избранное/Favorites | Таңдаулы Web-парақтар тізімін шығару |
Журнал/ History | Кейіннен қарастырылған Web-парақтар тізімін шығару |
Почта/Mail | Outlook Express немесе Internet News бағдарламасын іске қосу |
Печать/Print | Ағымдағы Web-парақты басып шығару |
Адрестік жол деген не?
Адрестік жол Web-парақ
адресін енгізу және шығару үшін қолданылады.
Адрестік жолдың көмегімен Сіз жай ғана
find, go, немесе ? командаларын және Сіз іздеп
отырған сөзді теріп, web-түйінді іздей
аласыз.
Адрестік жол
Сонымен, Интернеттің қандай-да бір парағына көшу үшін адрестік жолда оның адресін (доменді) енгізіп, ENTER пернесін басу керек. Біраз уақыттан кейін бұл парақ Интернет шолушысының жұмыс өрісіне шығады. Интернет сайттардың барлық адрестері тек латын әріптерімен және кіші әріптермен теріледі.
Домен деген не?
Домен (ағылш. тілінен domain - область, территория) – ол Интернеттегі сайттың символдық (мәтіндік) адресінің құрамдас бөлігі.
Домендер әр түрлі деңгейлерден тұрады: бірінші деңгей (оны «зона» деп те атайды; мысалы ru, com, org), екінші деңгей (yandex.ru), үшінші деңгей (hosting.rbc.ru) және т. б.
Internet’тік адрестегі оң жақтағы шеткі элементті жоғарғы деңгейдегі домен (top level domain) деп атайды. Жоғарғы деңгейдегі доменнің бірнеше түрлері бар:
.com – бұл доменнің аса кең тараған түрі. Негізінен коммерциялық құрылымдармен қолданылады.
.edu – университеттер қолданады.
.net - әр түрлі компьютерлік желілерге қатысты.
.org – негізінен коммерциялық емес ұйымдар қолданады.
.gov – үкіметтік мекемелер қолданады.
.mil - әскери мекемелер қолданады.
.ru, uk, .kz және т. с. с. – географиялық жерін анықтайды.
.firm, .shop, .web, .arts,
.rec, .info, .nom – бекіту сатысында тұрған
және әзірше кіруге рұқсат жоқ, бірақ кейбір
компаниялар доменді осы кеңейтілудің
біреуімен кейінге сақтап қалуды ұсынады.
Интернетте ақпараттар іздеу және іздеуші жүйелер.
Интернетте ақпаратты іздеу үшін іздеуші машиналарды қолданады. «Google Казахстан» іздеуші машинасының мысалында, ақпаратты іздеу барысында кездесетін қажетті бірнеше кеңестерді қарап шығайық:
Адрестік жолда іздеуші машина адресін көрсету керек (мысалы www.google.kz). Іздеу жолында Сіз өзіңіздің сұранысыңызды енгізесіз.
Егер жүйе іздеу аймағын тізбектей анықтауға мүмкіндік берсе, онда Сіз ақпаратты іздеу шекарасын анықтайтын бөлімдерге өтесіз (мысалы, Картинки бөлімінде графиктік объектілерді іздеу немесе ақпаратты тек Қазақстан бойынша іздеу). Осылайша, Сіз алдымен іздеу жүргізілетін шекараны анықтап аласыз, содан кейін Поск в Google батырмасын басып, ақпаратты іздеу туралы сұранысты жібересіз.
Егер табылған нәтижелер (сілтемелер) көп болса және олар бір параққа сыймайтындай болса, онда Сіз бірінші парақты қарап шыққаннан кейін, параққа көшу батырмасымен келесі парақтарға көше аласыз.
Егер сілтемелер саны аса үлкен болса және сұраныс параметрі бойынша Сізді қанағаттандырмаса, онда Сіз Поиск среди результатов функциясын қолдана аласыз. Бұл функцияны қолдана отырып, Сіз анықтаушы сұранысты енгізе аласыз және іздеуші машина табылған нәтижелердің ішінен анықтаушы ізденісті жүргізеді.
Қажетті сілтемен
тапқаннан кейін, Сіз оны тышқанмен
шертіп іздеген параққа ауыса
аласыз. Егер табылған басқа парақтарға
ауысқыңыз келсе, құжаттағы сілтемелер
арқылы кері қайтып, басқа сілтемелер
бойынша ауысуыңызға болады.
Аса кең танымал іздеуші машиналар тізімі:
Табылған ақпаратты көшіру және сақтау
Web-парақтан алынған ақпараттарды сақтау (белсенді Web-парақтарды сақтау):
Интернеттен сізге қажетті парақты ашыңыз.
Файл/File мәзірінен, Сохранить как.../Save as… функциясын таңдаңыз.
Сохранить в:/Save in: жолында ақпартты сақтайтын ресурсты (буманы, дискіні, дискетаны) көрсетіңіз.
Имя файла/File name жолында ақпараттың атын көрсетіңіз.
Тип файла/Save as type: жолында ақпараттың форматын көрсете аласыз.
Сақтауды растау
үшін Сохранить/Save
батырмасын басыңыз.
Парақтағы ақпаратты Microsoft Word құжатына көшіру
Тышқан курсорын пайдалана отырып, көшіргіңіз келетін ақпаратты белгілеп алыңыз (барлық парақты толығымен көшіру үшін Правка/Edit мәзірінен Выделить все/Select All функциясын таңдауға болады)
Курсорды белгіленген фрагменттің үстіне қойып тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.
Пайда болған терезеден Копировать/Copy функциясын таңдаңыз.
Microsoft Word құжатын ашыңыз.
Онда тышқанның оң жақ батырмасын басып, ашылған тізімнен Вставить/Paste функциясын таңдаңыз.
Microsoft Word құжатын сақтайсыз.
Интернет – дүниежүзіндегі ең әйгілі, ең үлкен, миллиондаған компьютерлерді желілердің үлкен желісіне біріктіретін желі.
Интернет сөзі халықаралық
желі (INTERnational NETwork) дегенді білдіреді.
означает международную сеть, это наиболее
точное его определение. Интернет – бұл
жер жүзіндегі компьютерлер мен серверлердің
жиынтығы. Бұл клиент-сервер желісі,
үйткені онда ақпаратты сақтайтын серверлер
бар, және сіз ақпаратты басқа компьютерлерден
ала аласыз. В Интернетте объединены миллиондаған
клиенттер және миллиондаған серверлер
біріктірілген, ал жеткілікті ақпараттар
көлемін бағалаудың өзі қиын.
Интернет тарихы және қайнар көзі
1961 ж. Defence Advanced Research Agensy (DARPA –алдыңғы қатарлы зерттеу жобаларының қорғаныс агенттігі) АҚШ қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша пакеттерді жіберудің экспериментальдық желісін жасау жобасына кірісті. ARPANET деп аталған бұл желі, алдымен ядролық шапқыншылық жағдайында байланысты қалай үзбеуге болатынын үйренуге және зерттеушілерге қорғаныс өнеркәсібінің барлық штаттарда шашырыған зерттеу ұйымдарының арасында ақпарат алмасуына көмек үшін арналды.
ARPANET-пен эксперимент табысты болғаны сондай, тіпті көптеген ұйымдар, деректерді күнделікті жіберу мақсатында қолдану үшін, оның құрамына енгісі келді. 1975ж. ARPANET экспериментальдық желіден жұмысшы желіге айналды.
80-ж аяғында
Ресей APRANET желісіне қосылды. 1990ж.
APRANET желісі тоқтатылып, оның орнына
Интернет пайда болды.
Интернет қызметшілері. Әр қызметтің өз хаттамалары болады. Мысалы, интернетте файлды жіберу үшін арнайы қолданбалы хаттама FTP (File Transfer Protocol) қолданылады. Интернеттен файлды алу үшін қажет:
Компьютерде клиент болатын программа болу керек(FTP –клиент);
FTP қызметін беретін сервермен байланысты орнату (FTP – сервер).
Тағы бір мысал, электрондық поштаны пайдалану үшін хабарларды жіберу және қабылдау хаттамаларын қолдану керек. Ол үшін пошталық клиент программасы болуы қажет және пошталық сервермен байланысты орнату керек.
Терминалдық режим – Telnet – бұл компьютерді алыстан басқару қызметі. Көп жағдайда Telnet хаттамаларын техникалық обьектілерді дистанциялық басқару үшін қолданады, мысалы телескоптарды, видеокамераларды, өндірістік роботтарды.
Электрондық пошта (E-Mail). Пошталық қызмет екі қолданбалы хаттама SMTP және POP3 негізделген. Біріншісі корреспонденцияны компьютерден серверге жіберуге, екіншісі –келіп түскен хабарларды қабылдауға арналған. Клиенттік пошталық программалардың әртүрлері бар. Мысалы, Microsoft Outlook Express программасы операциондық жүйе Windows – дың стандарттық құрамында орналасқан.
Тізімді тарату (Mail List). Бұл арнайы тематикалық серверлер. Телеконференциялар қызметі (Usenet). Мұнда бір хабар бір корреспондентке емес, үлкен топтарға жіберіледі (мұндай топтар телеконференциялар немесе хабарлар тобы деп аталады).
World Wide Web (WWW) қызметі.
WWW-World Wide
Web (бүкіләлемдік өрмек) - Интернеттің аса
танымал сервисі. Ол әр әлемге таралған
және ақпараттың аса көп көлемінен тұратын
ондаған миллион Web-серверлер жиынтығынан
тұрады. Web-парақтар деп аталатын Web құжаттар
мультимедия элементтерінен (аудио, видео,
графика және т.б.), сонымен қоса бір құжаттан
басқа құжатқа көшуге болатын гиперсілтемелерден
тұратын графикалы түрде дайындалған
құжаттардан тұрады.
Ақпарат қауіпсіздігі және оның құрамы
Ақпараттың қауіпсіздігі – ақпарат тұтастылығының физикалық және логикалық бұзылуынан немесе санкцияланбаған пайдаланудан қорғаныс дәрежесі. Ақпаратты қорғау – бұл автоматтандырылған жүйелерде оның бекітілген қорғаныс статусын қолдайтын арнайы механизмдерді құрау және қолдау процессі.
Практика жүзінде ақпарат қаіпсіздігінің маңызды үш аспектісі бар:
Барлық осы
шаралардың біртұтас жиынтығы қорғаныс
жүйесін құрастырады. Мүмкін зияндықты
минимумға жеткізу мақсатында қауіпсіздік
қатеріне қарсы тұруға бағытталған
осы шаралардың біртұтас жиынтығы
қорғаныс жүйесін құрастырады.
Ақпараттың қауіпсіздігінің қауіп-қатері және олардың жіктемелері
Мүмкін қатерлерді,
сонымен бірге қорғаныстың
Қауіптілік - бұл ақпараттық қауіпсіздікті белгілі бір түрде бұзудың потенциалды мүмкіндігі.
Қауіптілікті іске асыруға тырысу шабуыл деп аталады, ал оған тырысушы – қаскүнем. Потенциалды қаскүнемдер қауіптіліктің көзі деп аталады.
Көбінесе қауіптілік ақпараттық жүйелерді қорғаудың әлсіз орындары болуының салдарынан туады (мысалы, бөгде адамдардың маңызды құрылғыларға жете алатыны немесе бағдарламалық қамтамасызданудың қателері)