Порттар. Батырмалар. Шамдар. Порттар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Января 2012 в 21:03, реферат

Краткое описание

Бұл күнде электронды есептеуіш машинасыз күнделікті өмірімізді елестету қиын. Сондықтан да «XXI-шы ғасыр мамандығы программист» деп аталып жүр. Бұл программист мамандығы ішіне техник-операторы, ЭЕМ операторы, программист-моделировщик, автоматтандырылған ақпарат орталығының(АСУ) операторы осы сияқты тағыда басқа көптеген мамандықтар басын құрайды.

Содержимое работы - 1 файл

Кіріспе.doc

— 1.48 Мб (Скачать файл)
n="justify">      Операциялық жүйелердің қасиеттеріне аппаратты құрылғылар септігін тигізеді.Типі бойынша аппараттар персоналды компьютерлердің, мини-компьютерлердің,мейнфреймдердің, кластерлердің және ЭЕМ желілерінің ОЖ-лері болып ажыратылады.

      Үлкен машинаның ОЖ-сі персоналды компьютер ОЖ-не қарағанда қиынырақ және функцианалды екені айқын. Желілік ОЖ-нің құрамында байланыс желілері арқылы компьютерлер арасында хабарлама тасымалдайтын құрылғылар бар, және олар автономды ОЖ-нде қажет емес. Осы хабарламалар негізінде желілік ОЖ желіге қосылған, ажыратылған тұтынушылар арасында компьютер ресурстарының бөлінуін қамтамасыз етеді.Хабарламаларды тасымалдау функциясының тұрақты болуы үшін желілік ОЖ-ның құрамында IP, IPX, Ethernet,т.б. сияқты арнайы бағдарламалық компоненттер бар. Көппроцессорлы жүйелер операциялық жүйеден жақсы ұйымдасушылықты талап етеді, сол арқылы операциялық жүйенің өзі, және оның қосымшалары жүйенің жеке процессорларымен  параллель жұмыс атқаруына болады. ОЖ бөліктерінің параллель жұмыс істеуі ОЖ-ні құраушыларға бірқатар қиыншылық тудырады, себебі бұл жағдайда жеке процесстерді ортақ жүйелік кестелерге үйлесімді жеткізілуін қамтамасыз ету, жарысу эффектісін, және тағы басқа қажетсіз нәтижелерді болдырмау қиынға түседі. Кластерлер операциялық жүйелерге басқа талаптар қойылады. Кластер –ортақ қосымшаларды орындау үшін бірге жұмыс істейтін, тұтынушыға жалпы жүйе болып көрінетін есептеу жүйелерінің әлсіз байланысқан жиыны.Кластер жүйелерінің функциялануы үшін арнайы аппаратурамен қатар операциялық жүйеден бағдарламалық көмек қажет, бұл көмек ажыратылатын ресурстарға жеткізілудің үйлесімділігі, келіспеушілік пен жүйенің динамикалық реконфигурациясын  байқауда көрінеді.  Кластерлі технологиялар аумағындағы бірінші өндірулердің бірі – Digital Equipment компаниясының  VAX компьютерлері негізінде жасалған шешімдері болды.  Аппаратты платформаның анықталған түріне бағытталған ОЖ-мен қатар, ұялы деп аталатын, бір типті компьютерден басқа типті компьютерге оңай орнатылатын операциялық жүйелер бар.Осындай ОЖ-нің көрнекті өкілі –атақты  UNIX жүйесі.Бұл жүйелерде аппаратты-тәуелді орындар локалданған, сондықтан жүйенің жаңа платформаға тсымалдануы кезінде солар ғана көшіріледі. ОЖ-нің қалған бөлігінің тасымалдануын оның машиналық-тәуелсіз тілде жазылуы жеңілдетеді.Мысалы, операциялық жүйелерді бағдарламалау үшін арнайы жасалған С-да. 

      Қолдану аймақтарының ерекшеліктері 

      Көптапсырмалы ОЖ оларды өндіруде қолданылған эффективтілік  критерияларына сәйкес үш түрге бөлінеді: 

  • пакеттік өңдеу жүйелері (мысалы, OC EC),
  • уақытты бөлу жүйелері (UNIX, VMS),
  • шынайы уақыт жүйелері (QNX, RT/11).

      Пакеттік  өңдеу жүйелері нәтижелерінің тез шығуын талап етпейтін, негізінен есептеуге арналған тапсырмаларды орындауға арналған. Пакеттік өңдеу жүйелерінің басты мақсаты және эффективтілік критерийі –оның максималды өткізу қасиеті, яғни максимал санды тапсырманы бірлік уақыт ішінде шығару қасиеті. Пакеттік өңдеу жүйелерінде бұл мақсатқа жету үшін фнкцияланудың келесі сызбасы қолданылады: жұмыстың басында тапсырмалар пакеті құрылады, әр тапсырманың жүйелік ресурстарға талабы бар; осы тапсырмалар пакетінен мультибағдарламалық қосылыс жасалады, яғни бір уақытта орындалатын көптеген тапсырмалар. Бір уақытта орындалу үшін ресурстарға айрықша талаптары бар тапсырмалар таңдап алынады. Осылайша, тапсырмалар пакетінен жаңа тапсырма таңдап алу жүйеде орныққан ішкі оқиғаға тәуелді. Бұдан шығатыны, мұндай ОЖ-де тапсырманың белгілі уақыт аралығында орындалуына кепіл беру мүмкін емес.  Пакеттік өңдеу жүйелерінде бір тапсырманы орындаудан басқасын орындауға ауысу тек тапсырманың өзі процессордан бас тарса ғана орындалады, мысалы, енгізу-шығару операциясын орындаудың қажеттілігі кезінде. Сондықтан бір тапсырма процессорды көп уақытқа ұстап тұруы мүмкін, бұл жағдай интерактивті тапсырмаларының орындалуына мүмкіндік бермейді.Тұтынушының пакеттік өңдеу жүйесі орнатылған есептеу машинасымен қарым-қатынасы мынадай түрде: тұтынушы тапсырманы әкеледі, оны диспетчер-операторға береді, ал күн аяғында нәтижесін алады.  Мұндай тәртіп тұтынушы еңбегінің өнімділігін кемітетіні көрініп тұр.

        Уақытты бөлу жүйелері пакеттік өңдеу жүйелерінің негізгі кемшілігі –тұтынушы-программисттің тапсырмаларды орындаудан аластатылуын жоюға арналған. Уақытты бөлу жүйесінің әр тұтынушысына терминал табысталады, сол арқылы ол өз бағдарламасымен диалог жүргізуіне болады. Уақытты бөлу жүйелерінде әр тапсырмаға тек квант процессорлық уақыт берілетіндектен, ешқандай тапсырма процессорды көп уақыт пайдаланбайды, және жауап уақыты да ыңғайлы. Егер квант аса үлкен емес болып таңдалса,бір машинада бір уақытта жұмыс істеп отырған тұтынушыларға олардың әрқайсысы машинаны бөлек пайдаланып отырғандай болып көрінеді. Уақытты бөлу жүйелерінде өткізу қасиеті азырақ, себебі орындауға тұтынушы жіберген әр тапсырма қабылданады, және процессордың тапсырмадан тапсырмаға жиі ауысуына көп шығындалады. Уақытты бөлу жүйелерінің эффективтілік  критерийі –максималды өткізу қасиеті емес,тұтынушы жұмысының ыңғайлылығы мен нәтижелігі болып табылады.

      Шынайы  уақыт жүйелері станок, спутник сияқты техникалық объектілерді немесе гальваникалық сызық, доменды процесс сияқты техникалық процесстерді басқару үшін қолданылады.   Осы жағдайлардың бәрінде шектеулі уақыт беріледі, осы уақыт аралығында объекіні басқаратын бағдарлама орындалуы тиіс, олай болмаған жағдайда авария болуы мүмкін: спутник көріну зонасынан шығып кетеді, датчиктардан келетін тәжірибелік ақпараттар жоғалады, гальваникалық жамылғының қалыңдығы дұрыс болмайды. Осылайша, шынайы уақыт жүйелерінң эффективтілік критерийі – бағдарламаны қосу мен нәтижені алу арасындағы  алдын-ала тағайындалаған уақыт интервалдарына төзу . Бұл уақыт жүйенің әсер уақыты деп талады, ал сәйкес қасиет –әсер етушілік.

      Кейбір  операциондық жүйелер қасиеті жағынан  әр түрлі типті ОЖ болуы мүмкін. Тапсырма жартысы пакеттік өңдеу  режимінде орындалса, жартысы реалды уақыт немесе уақыт бөлу режимінде орындалуы мүмкін. Осындай жағдайда пакеттік өңдеу режимін фондық режим деп атайды.

Құрастыру тәсілдерінің ерекшеліктері.

      Базалық концепцияларға жатады:

  • Жүйенің ядро құрылымының тәсілі – монолиттік ядро немесе микроядролық тәсіл. Кейбір ОЖ-лер монолиттік ядроны қолданады, себебі ол нақтылы режимде жұмыс істеп, бір процедурадан екіншіге тез өтеді.ОЖ-ның микроядро тәсілімен құрылуы белгіленген режимде жұмыс атқарып, аппаратураны басқару функцияларының аз мөлшерде қолданылуына негізделген.Дегенмен, жоғары дәрежедегі ОЖ функцияларын арнайы компоненттері атқарады –қолданбалы режимді серверлер.Мұндай тәсілмен жұмыс істеу белгіленген режим мен қолданбалы режим арасындағы алмасулар жиі  болып тұруына байланысты өте баяу жүреді, әйтсе де жүйе өзгермелі күйге енеді – оның функцияларын қолданбалы режимдегі серверлерді қосып-алу арқылы  өсіруге, сығуға мүмкіндік пайда болады. Сонымен қоса, серверлер кез-келген қолданбалы процесстер сияқты бір-бірінен сенімді қорғалған.
  • ОЖ-нің объектілі-бағдарлы базада құрылуы ОЖ ішіндегі барлық жетістіктерін қолдануға мүмкіндік береді. Нақты айтқанда:стандартты объектілер формасындағы сәтті шешімдердің аккумуляцисы, мұралық механизм көмегімен жаңа объектілер тудыру, объектінің ішкі құрылымына ену есебінен пайда болған мәлімет қорғау қасиеті, ол өз кезегінде өзге қолданушылардың заңсыз түрде қол сұғуына жол бермейді, жақсы белгіленген объектілер жиынынан тұратын жүйенің құрастырылуы.
  • Бірнеше қосалқы аймақтардың болуы жалғыз ОЖ шегінде бірнеше ОЖ-лерге арналған қосымша бағдарламаларды орындауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы операционды жүйелер бір мезгілде MS-DOS, Windows, UNIX (POSIX), OS/2 сияқты қосалқы аумақтарды қабылдайды, ол микроядро тәсілімен жүзеге асады. ОЖ ұйымдасуының бөліктенуі бағдарламашылар мен қолданушылардың желілі аймақтарда жұмыс атқаруын мейілінше жеңілдетеді.
  • Бөліктенген ОЖ құрамына қолданушыға желіні кәдімгі бірпроцессорлы компьютер ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін механизмдер жинақталған. ОЖ-нің таратылған ұйымдасуының өзіне тән белгілері:таратылатын ресурстардың бірыңғай анықтама қызметінің, бірыңғай уақыт қызметінің болуы, жойылған мәліметтерді қайтару механизмін қолдану (RPC).
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

VI-тарау

Интернет ғаламторы.

Интернет тарихы және қайнар көзі. Интернеттің теориялық негіздері. Интернет қызметтері.

Компьютерлік  желілерді құрастыру  негіздеріне құрылғыларды электрикалық және механикалық сипаттамалары бойынша сәйкестеуді қалыптастыру және ақпараттық қаматамасыздандыруды кодтау жүйесі мен деректер форматы бойынша үйлестіру жатады. Бұл есепті шешу стандарттаудың OSI деп аталатын моделіне жүктелген (Ашық жүйелер әрекеттесуінің моделі). Бұл модель ISO - стандарттаудың халықаралық институтының техникалық ұсыныстары негізінде құрылған.

  ISO/OSI моделі  бойынша компьютерлік желілер  архитектурасын жеті деңгейде  қарастыруға болады. Ең жоғарғы  деңгей – қолданбалы.  Бұл деңгейде пайдаланушы есептеу жүйесімен әрекеттестікте болады. Ең төменгі деңгей – физикалық. Ол құрылғылар арасында сигнал алмасуды қамтамасыз етеді. Байланыс жүйелерінде деректер алмасу жоғары деңгейден төменге қарай жүргізіледі, содан соң тасымалдау, ақырында клиент компьютерінде төменгі деңгейден жоғарыға ауысу нәтижесінде қайтадан қалпына келтіріледі. Жеті деңгейдің әрқайсысында қажет сәйкестікті орнату үшін хаттама деп аталатын арнайы стандарттар қолданылады. Олар екі түрге бөлінеді:

    1. аппараттық;
    2. программдық.

Қолданылатын  хаттамаларға сәйкес компьютерлік желілер  бөлінеді:

    1. локальды (LAN – Local Area Network);
    2. глобальды (WAN – Wide Area Network).

Локальды желідегі компьютерлер барлық қатысушылар үшін хаттамалардың бірыңғай комплектісін пайдаланады. Локальдық желілер бір ғимараттың, этаждың, ықшам орналасқан ғимараттар топтарының компьютерлерін қоса алады. Глобальды желілердің географиялық өлшемдері үлкен болады. Олар жеке компьютерлерді де, сол сияқты жеке локальды желілерді де, оның ішінде әртүрлі хаттамаларды пайдаланушыларын да қоса алады.

Компьютерлік  желілердің барлық түрлері  келесі екі функцияны орындауы тиіс:

    1. желідегі аппараттық және программдық ресурстарды ортақтасып  қолдануды қамтамасыз ету;
    2. деректер ресурсына бірлесіп қол жеткізу.

Егер желіде қатысушылар үшін бірігіп қолдануға  бөлінген арнайы компьютер болса, онда ол файлдық сервер  деп аталады. Бөлінген сервері жоқ компьютерлік желілер біррангілік деп аталады. Локальды компьютерлік желіде қатысушылар жұмысын ұйымдастыруды басқаратын адам жүйелік администратор деп аталады.

Әртүрлі хаттамалармен  жұмыс істейтін бірнеше локальды желілерді байланыстыру үшін шлюздер деп аталатын арнайы құралдар қолданылады.  Шлюздер аппараттық және программдық болуы мүмкін. Желілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін локальдық және глобальдық желіліер арасында брандмауэрлар қондырылады. Брандмауэр ретінде, желілер арасында деректердің санкцияланбаған қозғалысына қарсы тұратын, арнайы компьютер не компьютерлік программа болуы мүмкін.

Интернет.Негізгі  түсініктер. Интернеттің  теориялық негіздері.

Ұлттық масштабтағы  бірінші желі ARPANET АҚШ-тың қорғаныс министрлігінде 1969 ж. құрылды. Бұл желі бірнеше ірі ғылыми, зерттеу және оқу орталықтарын байланыстырды. Интернет 1983 ж. пайда болды. Бұл дата TCP/IP – хаттамасының стандартталу күніне сәйкестелді. TCP/IP – бұл желілік бір хаттама емес, әр деңгейде жатқан екі хаттама. TCP хаттамасы – транспорттық деңгейдегі хаттама.  IP хаттамасы – адрестік, ол желілік деңгейде болады және хабар қайда баратынын көрсетеді.

TCP хаттамасына сәйкес, жіберілетін деректер кішігірім пакеттерге «бөлінеді», содан соң әр пакет таңбаланады(маркирленеді). Әр пакет ішінде  алушының компьютерінде   құжатты дұрыс жинақтауға қажет деректер болуы тиіс. 

IP хаттамасы – бұл Дүниежүзілік желіде қатысушының бірегей адресі. Ол төрт байтпен беріледі, мысалы 195.38.46.11. Желідегі қандай компьютерлер бір-біріне «жақын» немесе «алыс» орналасқанын шешетін арнайы құралдар  - маршрутизаторлар деп аталады. Маршрутизаторлар ролін арнайы мамандандырылған компьютерлер немесе желідегі серверде жұмыс істейтін арнайы программалар атқарады.  

 Microsoft Internet Explorer және онымен жұмыс жасау

Интернет –  ол бүкіл әлем бойында миллиондаған компьютерлерді қосатын сансыз көп компьютерлік желі. Интернетте жұмыс істеу үшін аса маңызды деректер қорына жетуге арналған желіге қосу құралы – браузер бағдарламалары қолданылады. Бірнеше браузер-бағдарламалары бар (Netscape Communicator, Mozilla, Firefox, Opera), бірақ қазіргі кезде аса танымалы Internet Explorer бағдарламасы болып табылады.                                                                                             

            

Шолушы  панелі деген не?

Internet Explorer бағдарламасының  басты мәзірінің төменгі жағында  қолданушы жиі қолданатын басты  мәзірдің функцияларын қайталайтын  саймандар панелі (шолушы панелі) орналасқан.   Оның төменгі  жағында Internet Explorer бағдарламасының шолушы панеліндегі батырмаларға сипаттаманы және олардың Интернетте  орын ауыстыруға арналған функцияларын көре аласыз. 

Информация о работе Порттар. Батырмалар. Шамдар. Порттар