Орынбор қырғыздары туралы Жарлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .

Содержание работы

I.Кіріспе.......................................................................................................................................... 4
II .Негізгі бөлім
I тарау . Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
1.1.1822 жылғы « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен іске асырылуы........................................................................................................................................7
1.2.Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістер....................................................................15
II тарау .1824жылғы « Орынбор қырғыздары туралы Жарлықтың» жүзеге асырылуы
2.1. Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер……………..........................18
2.2. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.............................................................................20
III. Қорытынды....................................................................................................................... .. 24
IV.Сілтемелер...............................................................................................................................25
V.Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

1824 жылғы жүзеге асырылған «Орынбор қырғыздары туралы Жарлық» .DOC

— 161.00 Кб (Скачать файл)

                                                                                                            Ф-ОБ-001/035

көшпелілерге де енгізілді. 40-шы жылдардың басында дистанциялық система Ново-Александровск бекінісі ауданындағы рулардың бір бөлігін қамтыды . XIX ғасырдың  ортасына таман 54 дистанция ашылды. Дистанциялар халықтың  территориялық жағынан бөлінуі негізінде құрылды, тек шеп бойындағы дистанцияларда ғана ру топтарының араласуы едәуір дәрежеде болды.

     Дистанциялардың  құрылу себептері Шекаралық комиссияның  Орынбор қазақтарын басқару туралы 1841 жылғы есебінде және 1846 жылғы                         24 июльде Сыртқы істер министрлігіне жолданған «Әскери бекіністер мен Орынбор шекаралық комиссиясы бастықтарының праволары мен міндеттері туралы» Орынбор шекаралық комиссиясының  басқарушысы генерал          М. В. Ладыженскийдің  хатында егжей-тегжейлі түсіндірілген . Олардан патша үкіметінің  қырдың  шалғайынан бекіністер салуды асығыс іс деп есептегендігі, ал «Сенімді дистанция бастықтарын» тағайындауды уақытша шара деп қарағандығы аңғарылды. Мұның  өзі Орынбор әкімшілігіне Қазақ даласындағы істің жайын бақылауға, жыл сайынғы әр үйден жиналатын алым-салықты реттеуіне мүмкіндік берді .

        Дистанциялық система Кіші жүзде 1831 жылдан 1868 жылға дейін сақталып келді . 37 жыл ішінде дистанциялардың  саны , көлемі, олардағы рулар мен бөлімшелердің  орналасуы, сондай-ақ халқының саны өзгеріп отырды .

    Дистанциялар мен әкімшілік ауылдарын ұйымдастыру бұрынғы ру бастықтарының  билігін шектегенімен толық жойған жоқ. Ру билеушілері рулардын. бәрінде бірдей болған жоқ, бірақ әрбір бөлім мен бөлімшенің әрқайсысында дерлік оны басқаратын билер мен старшындар болды. Олардьң біразы дистанциялар мен старшындар ұйымдастырылған кезде ресми лауазымдар  алды,  ал енді біразы ру бастықтары жағдайында қала берді. Орынбор шекаралық комиссиясының мәліметтері бойынша, 241 ресми ру бастығына              107 ресми емес ру бастығынан келді. Бұған шаруашылық ауылдарының көптеген старейшиналары кірмеді, өйткені олар рулардың бөлімдері мен бөлімшелерінің старшыналарына бағынды .

     30—40-шы жылдары билеуші-сұлтандар мен дистанциялық бастықтар арасында ру билеушілерін ресми басқаруға тарту мақсатында.  жаңа  әкімшілік буын  құруға  әрекет жасалды.

     Ауыл старшындарынан бастап билеуші-сұлтандарға дейіи Кіші жүздегі барлық лауазымды адамдарды Орынбор генерал-губернаторы тағайындап отырды . Мұнда сайлау системасы  болмады .

 

                                                                                                            Ф-ОБ-001/035

     Кіші жүздегі жергілікті өкімет билігінің ұйымдастырылуының бір ерекшелігі шеп бойындағы қазақтарға қамқоршы лауазымының енгізілуі болды , бұл лауазымға тек патша чиновниктері ғана тағайындалды. Ресми түрде олар шеп бойындағы тұрғындармен байланысында казактарға «қамкорлық жасау  органдары ретінде құрылған еді. Іс жүзінде қамқоршылар өлкеде патша өкіметінің саясатын  жүргізді , Шекаралық комиссияның әр түрлі тапсырмаларын орындап, қазақтарды басқарды. Сөйтіп, XIX ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзде «камқоршылық абсолютизм системасы» деп аталатын система қолданылды. Бүкіл шеп 6 қамқоршылыққа: Гурьев, Орал Орынбор, Орск, Троицк, Михайловск камқоршылықтары болып бөлінді.

   Сот системасында үлкен өзгерістер белгіленді. Ірі істердің бәрі әскери соттардың немесе Шекаралық комиссияның қарауына көшті. Тек елеусіз қылмыстар ғана халықтық әдет- ғүрыптар бойынша талқылана алатын болды. Патша әкімші лігі жергілікті өкімет органдарын , соның ішінде билер сотын да полицейлік-жазалау органдарына айналдыруға тырысты . Оларға қамауға алу, дүре соғып жазалау, Сібірге жер аударып жіберу өкілдіктері берілді.

      1844 жылы патша үкіметі «Ереже» шығарды, бұл ереже бойынша байырғы халық төлейтін міндеткерліктер: шеп бойындағы және ішкі жақтағы тұрғындарға қызметкер болып жалданып, қырдан басқа жерде болатын қазақтарға берілетін билеттер үшін төленетін алым, билеттердің мерзімін ұзартып  алғаны үшін ақшалай айып төлеу және міндеткерліктер енгізілді.

      50-ші жылдардың басында «Ереженің» Орынбор даласына  арналған жаңа нұсқасы шықты, алайда жобаның талқыланылуы ұзаққа созылды да, 1844 жылғы «Ереже» өзгеріс енгізілмей 1868 жылға дейін қолданылды.

    XIX ғасырдын. басында сұлтандар экономикалык жағынан неғұрлым күшті және саяси тұрғыдан неғұрлым ұйымдасқан феодалдық топ болды да, патша өкіметі өз саясатын жүргізуге соларды тірек етті. Алайда бертін келе, XIX ғасырдын. бірінші ширегінде сұлтандарды феодалдық праволарынан айыру толқуларға апарып соғуы мүмкін деп қауіптеніп, патша үкіметі оларға басқарудың орта буынында ғана әкімшілік билік берді де, облыстардағы жоғарғы билікпен басқаруды өз қолдарында ұстады.

     Алайда XIX ғасырдың екінші ширегінде-ақ сұлтандардың экономикалық және саяси ықпалы құлдырай бастады. Қазақ даласын басқару аппаратын қайта қүру сүлтандардың феодалдық праволарын шектеуге, оларды патша өкіметіне кызмет ететін чиновниктерге айналдыруға бағытталған еді.

 

                                                                                                                           Ф-ОБ-001/035

  XIX ғасырдың бірінші жартысында ру шонжарларының да — билердің, старшиндардың, ру билеушілерінің , праволары шектелді. . Патша әкімшілігі оларды өз бақылауына алды. Орыс сот ісінің енгізілуі билер сотының ықпалын күйретті, өйткені ерекше маңызды істердін, біразы жергілікті соттардың қарауынан алынды.

     Сұлтандар институты ықпалының кұлдырауына байланысты  XIX ғасырдың  ортасына таман батырлардың да маңызы құлдырады, Қазақстандағы саяси жағдайдың тұрақтануы бұл әлеуметтік категорияның күні бітуіне бастады .Батырлар қазақ , жүздерінің шекаралық аудандарында ғана ықпалын сактады , бүл жерлерде руаралық барымта және Хиуа, Қоқан, Бұхара  феодалдарымен  қақтығыстар  тоқтамаған  болатын.

   Нақ осы себептерден төленгіттер институтының да күні өтті. Биліктен айрылған сұлтандарға жасақшы төленгіттердің, салық жинаушы төленгіттердің қажеті болмай қалды да, олар көшпелілердің негізгі бұқарасымен бірте-бірте сіңісіп кетті. Олардың біразы   Ішкі Ордада және Орта жүзде өз алдына рулық бөлімдер құрды . Аздаған теленгіттер ғана сұлтандардың үй-ішінде қызметшілер ретінде қалып қойды .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                              

 

 

 

 

     Ф-ОБ-001/035

III .Қорытынды

     Қорыта  келгенде XIX  ғасырдың  20-40 жылдары  қазақ  халқының  тарихындағы аса  ауыр  , қайғылы  кезеең екеніне зерттеу  обьектісін қарастыру арқылы  көз жеткізуге  болады .1822 жылы  және 1824 жылы                 « Сібір және  Орынбор қырғыздары  туралы  »  режелер  бойынша , Орта  жүзбен  Кіші  жүзде хандық  билікті  жою еді , және  жері округтерге  бөлінген  болатын .

       Тарихи  жағынан  қазақ жеріндегі  хандық  мемлекет  қазақтарының  мүддесін  қорғап  келді , өйткені  хандық  уақытта  осы  аумақты  өзге этностар  көп  болған жоқ .Сондықтан  да  қазақ  даласындағы  басқару  ережелерінің  жобасы  жөніндегі  комиссияның   түсіндіктемесінде :                       « Басқару  ісіне  қойылған хандар  Ресейге талай  рет  опасыздық  » жасады , оның  үкіметке зиянына Гению көз  жеткізіп , хан  қызметі  жойылды делінген .

       Бұдан  кейінгі  орыс саясаты  1824 жылы  хандық  биліктің және  одан  кейінгі 1844  жылы басқарушы  сұлтандардың  жойылуынана  1865 жылы  Ресейге Үлкен  Орданың  қосылуы , ресей  үкіметінің  Қазақ  даласында  хандық билікті  жойып , роулық  бірлікті әлсіретуін халықтық  және шынайы бейбітшілікті  жойды .  

       Әскер  шебінен 10  шақырымдай алқапты қазақтардың мал  жаюына тыйым  салды . Реформалар Арқа даласында орыс  басқыншыларының  саяси тұрғыдан бекініп , бұдан  әрі Қазақстанды толық  жаулап алуына жағдай  жасады . Патшалық  Ресей  саясаты  тұтас  хандықты  бөлшектеп  басқаруға  бағытталды . Халықты  орыстандырып , рухани  тұрғыда  мешеу ету  көзделіп , елдің  байлығын  тонап-талау еді . Бұндай  арам-пиғылды  әркеттер  « Жарғыда» өте  шебер бүркемелейді . Ал  былайша  « Жарғы» елге  игілік  әкелетін етіп  көрсетілді . Бұл  қазақтардың « Жарғыны» қабылдаттыру  үшін  ойластырылған  « Қулық  саясаты» еді . Үндеуде патша  әкімшілігі   « Қазақтың  қамын ойлайтын  қамқоршы» ретінде  көрінуге тьырысты . Неше  түрлі өңге  енгізіліп  жарияланған үндеулерден  кейін , « Жарғыны» қабылдаған  сәтте , патшалықтың  әкімдері Арқа  халқы « Жаңа  ержені » өз еріктерімен  қабылдады  деп  жар сала бастады . « Зылмия н  саясаттының » торына  ішкен  бойда , қайта  бас  тартуға болмайтыны  туралы арнайы  баптарда айтылған .

         Патшаның 1822  және 1824  жылдардағы реформалары , басқарудың жаңа  жүйесі­­ ­-өлкеде отарлау  режимін түпкілікті  орнықтырды .  Нәтижесінде қазақ елі  өзінің еркіндігі  мен  тәуелсіздігінен және  де шұрайлы суы  мол жерлерінен  айырылды .

 

  

 

                                                                                                    Ф-ОБ-001/035

                                            IV.Сілтемелер

1.Көшік Рысбай « Қазақстан Республикасының  тарихы   » Алматы    2005 ж.103-105  беттер .

2. Д . А . Рахымқұлов « Жаңа  ж»әне қазіргі  замандағы  Қазақстан  тарихы» Алматы 2005 ж . 37-38  беттер .

3. « Қазақстан  тарихы» 5  томдық . Алматы 2005 ж . 3  том .

4. Қ.Р.О.М.М.374-қ . 1-т . 785-іс . 1п .

5 . Броневский С. Записки о  киргиз-кайсаках  Средней  Орды // Отвечественные  записки 1830г . с .192-193 .

6 . Ақтаев С . « Жаңа  ереже» деген  не?//Ақиқат 12.58 б.

7 . Красовский . Аталған  еңбегінде . 173б.

8 . Указ о  сведенив  дествие  Устав о  сибирских  казахах //материалы  по  истори и  политического  история  Казахстана . т .1-А.А. , 1960-С.90-109 .

9 . Маданов Х . « Ұлы  дала  тарихы» Алматы 2004 ж . 127-128 беттер .

10 . Ғ . М . Қарасаев .// « Хабаршы» 2004 ж . ( 3) .58-60  беттер .

11 . Ш . Уәлиханов « Сібір  қазақтары  Уставы» Алматы 2005 ж . 45-49  беттер .

12 .Артықбаев Р . « Қазақстан  тарихы» Алматы  2005 ж .

13 . Қазақ  ССР  тарихы  Алматы 1982 . 3  том . 167-171.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                         

 

 

 

 

 

        Ф-ОБ-001/035

V .Пайдалаған  әдебиеттер

1.Көшік Рысбай « Қазақстан Республикасының  тарихы   » Алматы                 2005 ж.103-105  беттер .

2. Д . А . Рахымқұлов « Жаңа  ж»әне қазіргі  замандағы  Қазақстан  тарихы» Алматы 2005 ж . 37-38  беттер .

3. « Қазақстан  тарихы» 5  томдық . Алматы 2005 ж . 3  том .

4.Қ.Р.О.М.М.374-қ . 1-т . 785-іс . 1п .

5 . Броневский С. Записки о  киргиз-кайсаках  Средней  Орды // Отвечественные  записки 1830г . с .192-193 .

6 . Ақтаев С . « Жаңа  ереже» деген  не?//Ақиқат 12.58 б.

7 . Красовский . Аталған  еңбегінде . 173б.

8 . Указ о  сведенив  дествие  Устав о  сибирских  казахах //материалы  по  истори и  политического  история  Казахстана . т .1-А.А. , 1960-С.90-109 .

9 . Маданов Х . « Ұлы  дала  тарихы» Алматы 2004 ж . 127-128 беттер .

10 . Ғ . М . Қарасаев .// « Хабаршы» 2004 ж . ( 3) .58-60  беттер .

11 . Ш . Уәлиханов « Сібір  қазақтары  Уставы» Алматы 2005 ж . 45-49  беттер .

12 .Артықбаев Р . « Қазақстан  тарихы» Алматы  2005 ж .

13 . Қазақ  ССР  тарихы  Алматы 1982 . 3  том . 167-171.

3

 



Информация о работе Орынбор қырғыздары туралы Жарлық