Орынбор қырғыздары туралы Жарлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .

Содержание работы

I.Кіріспе.......................................................................................................................................... 4
II .Негізгі бөлім
I тарау . Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
1.1.1822 жылғы « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен іске асырылуы........................................................................................................................................7
1.2.Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістер....................................................................15
II тарау .1824жылғы « Орынбор қырғыздары туралы Жарлықтың» жүзеге асырылуы
2.1. Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер……………..........................18
2.2. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.............................................................................20
III. Қорытынды....................................................................................................................... .. 24
IV.Сілтемелер...............................................................................................................................25
V.Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

1824 жылғы жүзеге асырылған «Орынбор қырғыздары туралы Жарлық» .DOC

— 161.00 Кб (Скачать файл)

      Жыл  өтіп , далада  жаңадан  көптеген бекіністер  мен  қамалдар бой  көтерген  сайын казактардың  саны өсе  берді . Ең құнарлы , шөбі  шүйгін жерлерде  ғана бекіністер  мен  қамалдар салынған  болатын (9).

      Ресейдің әкімшілік–аумақтық  басқару  нысанына  жақын  басқару  нысанының  болмауы , Шыңғыс  ұрпақтарының хан  билігінің  сақталуы  үкіметтің  іс-қимылын әлдеқайда  тежеп отырды . 1817  жылы  Бөкей  хан ,  ал екі  жылдан  соң Уәли қайтыс болды . Петербург  бір жақты  қадамға –Орта жүзде  енді хан  тағайындамауға және  оның  үстіне ,  оларды « Бүкіл  әлемді Ұлы тітіркентушінің »–Шыңғыс  ханның заманына  барып тірелетін ертедегі ғұрып  бойынша  сайлануға бел  байлады . Ресей билігі  таралған  аудандар жоғарғы билеушісіз  қалып , нақты  биліктің қандай  нысаны  да  болмаған ерсі  жағдай орын  алды . Хандық  ықпалды сұлтандармен  көзбе-көз келіспей , іс  жүзінде жоғарғы  жақтан  жойып  жіберіледі .

         Жаңа  реформаны әзірлеуді  патша сол  жылдардағы  белгілі  либералдық  пиғылдағы  қайраткер , өз  дәуірінің  аса білімді  тұлғаларының бірі  граф  М.М.Сперанскийге  жүктеді . Оның  сан  қырлы қызметінің  өзегі Орта  жүзде дәстүрлі  хан мемлекеттілігін жойған  жаңа заң актілерін енгізу  болды .        Ал  зерттелген аудандарды неғұрлым толық  зерттеу және  жинақтап  көрсету  үшін  М.М. Сперанский « Сібір  жерлерін  мәлім  етуді»

ұсынды . Бұл  жазбаны  жасауға болашақ  декабрист Г.С. Батюшков белсене  қатысты .

       1822 жылғы  22 маусымда « Сібір губернияларына  арналған мекемлер»,                                « Бұратаналарды  басқару  туралы Жарғы» , « Қырғыз-қайсақтарды» басқару  туралы  жарғы , этаптар  туралы жарғы , жер  міндеткерлігі туралы  ережелер ,  астық қорлары , шаруалар  мен бұратаналар  арасынадағы боыршкерлік міндеттемелер  туралы ережелер үшін  негіз  болған 10  заңды  бекітті .

    

 

                                                                                                                               Ф-ОБ-001/035

   Орта  жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті  таратып , хан  атағын мүлде  артық  деп  жойып  жіберген үкімет Сібір  қазақтары  туралы  жарғыға  сүйеніп , басқарудың  жаңа нысанын  енгізді .

      Өзгерстер  қазақ  руларының  әкімшілік-аумақтық  құрылымдарына  қатысты болды: даладағы жаңа  ұштаған–округ ,  болыс , ауыл бұрынғы  рулық  басқару жүйесін іс  жүзінде жоқ  етіп  жіберуге  тиіс  еді .

     Округтердің  жекелеген бөлімшелерін  басқарудың жаңа  тәртібі  белгіленді :ауылдарды–ауыл старшындары , округтерді аға  сұлтандар басқаратын  болды . Бұл  өзгерістер  ерте кезден  бері әкімшілік пұрсаттылықтары  болған  Шыңғыс  ұрпақтарының ықпалын  әлсіретуге  тиіс  болатын .

       Үкіметтің  жергілікті номадтары  туралы саясатында  оларды егіншілікке ынталандыру  « бақташылық  өмірді» жою ,  олардың  жер  жыртуғакөшуін  көтермелеу маңызды  бағыт  болды . Отыршылыққа көшкендерге 15  десятинаға дейін  жер  учаскесін  бөліп  беруге  рұқсат  етілді , сұлтандар  үшін « үш  есе» ,  ал  старшындарға « екі  есе»жер  бөлуге мүмкіндік  берді        ( 10). Отаршылдық  үкімет орындары  осы  арқылы Ресейдің  ықпалын  әлсіреткен,  хан  билігінің  қалдықтарымен күресті  қиындатқан  барымтаны , руаралық ,  хан  билігінің  қалдықтарымен күресті  қиындатқан  барымтаны ,  руаралық  қырқысты  жоюға  тырысты . Жарғымен  міндеткерлік  пен салықтардың  жаңа  санаттары  енгізілді . Бұл  орайда М. Сперанский  мен  оның  төңірегінділер әдейі  бесжылдық жеңілдік  белгіледі  немесе көшпелі  халықтың  барлық  санаттарын  барлық  алымдардан  босатып , мұндай  бетбұрыс  бұрынғы  феодалдық жүйе  бойынша  міндеткерлік атқаруға : көшпелі  аудандарда  зенет  пен  соғым , егіншілікті  аудандарды  ұшыр төлеуге  дағдылынаған халық  наразылығының алдын  алуға ұмтылысқа  байланысты  болса  керек .

        Жарғы бірқатар  үш  санатқа:қылмыстық , талап-араздылық және  облыстық  басқарамаға  шағымдар  бойынша сараланған  сот  жүйесіне түзетулер  енгізді . Құлмыстық  істерге мемлекеттік опасыздық , тонау  , барымта , белгіленген  билікке көрінеу  бағытшылық  жатқызылады :   оның  үстіне  барлық талап-арыз  істері  билердің  қатысуымен ауылдар  мен  болыстарда талқыланады . Жарғыда  тұтас  алғанда « Қазақ  ғұрыптары                мен  заңдары  бойынша» дәстүрлі  билер сотының  мәні  сақталды:ол  былай  тұрсын билер  істерді: «негізсіз  шешкен» жағдайда  оларды  жауапқа  тарту көзделді , оның  үстіне  көшпелілердің  төменгі  сот  сатыларының шешімдеріне  шағым  жасау  құқығы сақталды . Мұның  өзі  қатардағы номадтарды шариғатты  жергілікті 

 

                                                                                                                       Ф-ОБ-001/035

түсіндірушілер  тарапынан  жасалуы  мүмкін озбырлықтан  біршама қорғады , ережеде  көшпелілердің сұлтандар жөнінде  де шағым рәсімдеуіне жол  берілді .

        Мұндай  жағдайларда соттың  істі  қарауы облыстық басқарманың  отырысына көшірілді . Аға  сұлтандарға , округтік  приказдық  заседательдеріне ,  сұлтандарға , болыстардың  басқарушыларына  жалақы  төлеу , кешегі  жоғарғы  текті Шыңғыс  ұрпақтары мемлекеттік  қызметшілер  санатына  көшіріліп ,оларға  империяның  сол  кезде  қолданылған заңдарын  тарату  жөнінде айтылды (11).   

         Ресей  армиясының  майоры шені  бар  жоғары  лауазымды адамды  сайлау  рәсімі  мейлінше салтанатты  түрде  сұлтандардан , билерден , ақсақалдардан  басқа көшпелілердің қалың  бұқарасының қатысуымен  өткізілді .

         Даланы  басқару  ережелерінде қазақтар  арасындағы  сот жүйесі  де толықтай  қайтадан  қаралды.1822 жылғы ереже  бойынша  қырғыздар  арасындағы сот  істері  үш топқа  бөлінді:

а) қылмыстық ;

б) іздестіру  және басқаруға  қарсы  наразылық  деп  көрсетілген .

         «... Қырғыздар  арасындағы  қылмыстық  істерге:

1.            сатқындық ;

2.            кісі  өлтіру ;

3.            тонау  мен  барымта ;

4.            үкімет тлаптарына  бағынбау» жатқызылады (10).

     Яғни  жергілікті  халықтың жасаған  ұсақ  қылмыстары  билер шешімі  арқылы анықталатын  болды . Соынмен  Орта жүзде хандық , феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы , бір  жағынан  қазақ  қоғамының өзінде  ішкі  рулық талас-тартыстардың жалғасуы  салдарынан, екінші  жағынан ,  патша  үкіметінің  әскери–әкімшілік әрекеттерінің  нәтижесінде болды . Территориялық-әкімшілік  шаралардың қабылдануының  алғашқы кезеңінен-ақ аталған  өңір  халқы бұл  ережелердің  қанаушылық  мәніне ашық  наразылық білдіре  бастады. Тарихи  құжаттар осы  наразылықтардың XIX ғасырдың 20–30 жылдарынан-ақ бастау  алғандығын  дәлелдейді    « Хандық  билікті жою , даланы округтерге  бөлу » ,– деп  жазады .

      Ш . Уәлиханов , –Сібір басқару  жүйесін енгізу ,... осы арқылы  мүлдем  жаңа  билік биліктің  орнатуы  күтпегендей...наразылықсыз  болмай   қалмады .

      1825 жылы Қасым сұлтан , одан  әрі оның  балалары  Саржан мен Кенесары наразылық білдірушілердің басшылары  ретінде 1846 жылға  дейін қарудың  күшімен басылған  көтеріліс ұйымдастырды . Баянауыл қырғыздары  да  көтеріліске  қатысты (25). 

                                                                                             Ф-ОБ-001/035

II тарау . 1824 жыл « Орынбор қырғыздары  туралы Жарлықтың  »                             жүзеге  асырылуы                                                                                                       

      2.1. Кіші  жүздегі  жер  мәселесі  мен басқарудағы  өзгерістер

     Қазақ мемлекеттілігінің жүйесімен  күресудің келесі кезеңі  кіші  жүзде хан  билігінің  жойылуына  әкелетін  ресейлік басқарудың жаңа  жүйесін  енгізу әрекеттері  болды .

       Кіші жүзде  Нұралыдан  бастап хандарын  патша  әкімшілігі тағайындап  отырды . Олардың  қызметтік  патша  шенеушіліктері бақылап  отырды , халық  сайлануы  толығымен  жойылды . Патша  үкіметі  сайланған  хандардың жеткілікті  беделі  болмады , халық  көтерілістері  жиі  болып  отырды . Ол  өлкенің  өндірістік күштеріне  кері  әсер  етті және  хан  беделінің халық  алдында  төмендеуіне  әкелді . Жантөре  хан  өлімінен  кейін  үкімет  оны  мұрагері  етіп , Айшуақтың  ұлы Шерғазыны тағайындады , ол Әбілқайыр тегінен  ең  дарынсыз , қабілетті жоқ  басшы  еді . Ал  халық  жиналысы Кіші жүз  ханы  етіп белсенді қайраткер Арынғазы сұлтанды  тағайындады . Ол бірнеше  жыл  билік атқарған  уақыттында , билікті  орталықтандыруға үлесін  қосты . Бірақ  патша  үкіметі хандық  билікті әлсіретіп  жойығысы  келді . 1821 ж Арынғазы  сұлтан Петербургке келіссөз келген  кезде тұтқындалып , Калугаға жер  аударылды .Бұл  беделді  ханнан  құтылу  кейін  Кіші  жүзде  хандық билігін  жоюға бағытталған  шара  еді .

       1822 жылы  Орынбор  генерал-губернаторы П.К.Эссен « Орынбор  қырғыздары  туралы  Жарғының» жобасын талдап  жасады . Бірақ  ол Азиялық комитетке тек  1824 жылы  ғана  қаралып , қабылданды . Осыған  байланысты  хандық  билікті  жою   туралы шешім  қабылданды , Кіші  жүздің соңғы  ханы Шерғазы Орынборға шақырылды  және ай  сайын                150 рубль  күміспен  жалақы тағайындалып , қарапайым  қызметке қалдырылды , өмір  сүруге  қалдырылды .

      Кіші  жүз  үшке  бөлінді: Батыс–негізгінен Байұлы , Орта–Жетісужәне  жартылай Әлімұлы , Шығыс–Әлімұлы , қыпшақтар  мен  арғындар . Билік  басындағы  сұлтан–правительдер  Орынбор  шекаралық  комиссиясының  құрамына  еніп , 4  заседатель көмекшісі  болды . Комиссия өз  қызметі  бойынша губернатор алдында  есеп беріп  отырды .

        Әр  сұлтан–правидельде  офицер басқаруымен казак  әскерлері болды  және  ставкалары  казак  станциялары  мен  бекіністерде орналасты .

        1831 жылдан  бастап , дистанция болыстар ұйымдастырыла  бастады , дистанция  ішіндегі ауылдарды старшындар  басқарды .

         Кіші  жүзде XIX ғасырлардың ортасында 54 дистанция  ашылды: батыс бөлігінде- 8 , орталығында- 20 , шығысында– 28 . Дистанциялық  жүйе кіші  жүздің  оңтүстігінде

                                                                                                            Ф-ОБ-001/035

таралмады , яғни  Арал  маңы , Қарақұм , Сырдария , Александровқа  бекінісінің  территориясы екі  тәртіппен  қалды . Кіші  жүздің  әкімшілік  қызметкерлерін шекаралық  комиссия  ұсынысымен Орынбор  генерал-губернаторы тағайындады , оның  сайлау  жүйесі  болған  жоқ . « Жарғының» енгізілуі халықтық  сот , яғни  әдет-ғұрып  бойынша  ісі жүргізуді  және Ресейлік  мемлекеттік  басқару  жүйесіне толық  бағыныштылықты  бекітті . Жоғарғы  дәстүрлі биліктің  негізін  бұзды , сонымен  қоса көшпелілердің билік-басқаруға құрметімен сенімін  төмендетті .

        Қазақстанның  солтүстік шекарасында « Жарғының» қабылдауына  байланысты жаңа  бекіністер  шебі  салына  бастады . Және аванпостар даланың  ішкі  жақтарында да  пайда  болды . Олар  казак  әскери  гарнизондар  мен  толықты , ол үшін  кейде үкімет  орыс шаруаларын  күштеп казактарға айналды . XIX ғасырлардың    20–жылдарынан бастап Қазақстанның солтүстік және  орталық  аймақтары Ресей бодандығын  мойындауға  мәжбүр болды . Дегенімен  ішкі мәселелердегі аздаған тәуелсіздік  бұл кезеңді вассалитет кезеңі  деуге  болады .

 

 

 

                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Ф-ОБ-001/035

2.2. Кіші жүзде хандық  биліктің жойылуы

       1822  ж .  Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен жарғы  жобасын жасаған  болатын . Бірақ бұл  жарғы негізінен 1824  жылы ғана қабылданған . Сол  жылы жүзде  хан өкіметін  жою  ұйғарылды . Кіші жүз  билеуші-сұлтандар басқарған бірнеше бөлікке  бөлінді . Сондықтан бөліктер территория тұрғысынан  да , халқының саны  жағынан  да  біркелкі           болмады . билеуші-сұлтандар  іс  жүзінде  Орынбор  шекаралық  комиссия  чиновниктері болды . Шекаралық  комиссияның жанынан  кеңестер  мен  приказдар  ұйымдастырылмады . Билеуші-сұлтандар билігнің  күшеюімен мемлекеттік  қызметте  жоқ сұлтандардың маңызы  төмендеді , мұның  өзі қазақ  аристократиясының өктемдігін  әлсіретті . Шекаралық  комиссия  құрамына председатель ,  төрт  кеңесші , ауқатты  қазақтардан төрт  заседатель енді . Шекаралық  комиссия  міндеттері: қырда  тәртіпті  сақтау , қазақтардан  шыққан  жергілікті  чиновниктер  мен  қамқоршылардың әрекеттерін  бақылау , салықтар  жинау , сот  істері , медицина жағынан  бақылау  болды . Шекаралық  комиссия  өзінде  губерния  басқармасының функцияларын  біріктірді .

       жергілікті  әкімшіліктің  құрамына жүздер  бөліктерінің  билеуші-сұлтандары , дистанциялар  мен  жергілікті жерлердің  бастықтары  енді . Билеуші– сұлтандарды  Орынбор  әскери  губернаторы ,  ал  қалған  шендегілердің  бәрін–Шекаралық  комиссия тағайындады . әрбір  билеуші  сұлтанның  жанында 100-200 адамнан әскери  команда  болды . Билеуші-сұлтандардың  ордалары казачьи  станциялары  мен бекіністерде  орналасты . Билеуші-сұлтандар лауазымына тек  сұлтандар  ғана қойылды . Батыс  және  Орта  бөліктерді Әбілхайыр  мен Қайып хандарының  әулеті  биледі . Билеуші-сұлтандардың  алғашқы  кезде көмекшілері  болып бұлар  да  сұлтандардан қойылды.Олар билеуші-сұлтандар  мен  шекара бастықтарының  тапсырмаларын  орындауға ,                            « тыныштықты» қадағалап  отыруға , « қаскүнемдерді» ұстап , жақын  маңдағы шепті бастыққа  жеткізуге ,  ұсақ-түйек  істер  жөніндегі таластарды  талқылауға , ал  қылмысты  істер бойынша айыптырылады . Шекаралық комиссияға  шепке  жіберіп отыруға  міндетті болды .

        1831 жылға дейін  үш  бөліктің қазақтары  шартты  түрде шепке  жақын  жердің қазақтары  және  қырдың  қазақтары  деп бөлінді .  1831 жылдан  бастап өздерінің  қоныстары  мен  шекара өңіріне  іргелес жатқан  халық  арасында әкімшілік  учаске  дистанциялар ұйымдастырылды . Дистанцияның  ішінен неғұрлым шағын басқару бірліктері — әрбір форпосты мен отрядта қарама-қарсы орналасқан старшындықтар (жергілікті жерлер немесе ауылдар) құрылды. Дистанциялар құрылымы кейіннен қырдағы ауылдарға да тарады. 1839 жылы мұндай бөлу Жаңа шепке қарама-қарсы орналасқан

Информация о работе Орынбор қырғыздары туралы Жарлық