Орынбор қырғыздары туралы Жарлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .

Содержание работы

I.Кіріспе.......................................................................................................................................... 4
II .Негізгі бөлім
I тарау . Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
1.1.1822 жылғы « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен іске асырылуы........................................................................................................................................7
1.2.Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістер....................................................................15
II тарау .1824жылғы « Орынбор қырғыздары туралы Жарлықтың» жүзеге асырылуы
2.1. Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер……………..........................18
2.2. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.............................................................................20
III. Қорытынды....................................................................................................................... .. 24
IV.Сілтемелер...............................................................................................................................25
V.Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

1824 жылғы жүзеге асырылған «Орынбор қырғыздары туралы Жарлық» .DOC

— 161.00 Кб (Скачать файл)


                                 Ф-ОБ-001/035

Жоспар

I.Кіріспе.......................................................................................................................................... 4

II .Негізгі  бөлім

I  тарау . Кіші жүз  және Орта  жүз  қазақтарын  басқарудың әкішілік  басқарудың жаңа  жүйесінің  жасалуы

1.1.1822  жылғы « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны  мен  іске  асырылуы........................................................................................................................................7

1.2.Хандық билікпен  сот жүйесіндегі өзгерістер....................................................................15 

II тарау .1824жылғы « Орынбор қырғыздары  туралы Жарлықтың» жүзеге  асырылуы

2.1. Кіші  жүздегі  жер  мәселесі  мен басқарудағы  өзгерістер……………..........................18

2.2. Кіші  жүзде хандық  биліктің жойылуы.............................................................................20

III.   Қорытынды....................................................................................................................... .. 24

IV.Сілтемелер...............................................................................................................................25

V.Пайдаланған  әдебиеттер.........................................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                         

 

 

 

 

 

      Ф-ОБ-001/035

Кіріспе

     Тақырыптың  өзектілігі .

       XIX ғасырдың  20–шы  жылдарында патша  өкіметі  қазақ  қоғамындағы ескі   патриархалдың  басқару  жүйесін жоюға  бағытталған өзінің  саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол  жеткізгеннен кейін  хандық  билікті , рулық жиналыстарды  толықтай жоюға  кірісе  отырып , басқарудың  жаңа  формасын құра  бастады . Дәлірек  айтсақ осы кезеңнен  бастап патшалық Ресей саясатының  қазақ жеріндегі жаңа кезеңі  басталды . Өйткені  XIX ғасырдың  екінші онжылдығында Орта жүз  және кіші жүз  жерлерінде  басқару  реформасының  жүргізілуіне өте  қолайлы жағдай қалыптасқан еді . Дәл осы  уақытта қазақ  жүздерінің ханы  қайтыс  болды . Осы жағдайды  пайдалана білген патша  өкіметі қазақ  жеріндегі хандық  билікті толықтай жою  үшін , жаңа басқару реформасын жүргізе бастады .

    Курстық жұмыстың мақсаты:

    1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және  Орынбор қырғыздары  туралы Жарғысының » мәнін  ашып  көрсету.

     Курстық жұмыстың  міндеттері :

      Кіші  жүз  және Орта  жүз  қазақтарын  басқарудың  әкімшілік  жаңа  жүйесінің мәнін  ашу ;

      1822ж– 1824жылдары қабылданған « Сібір және  Орынбор қырғыздары  туралы Жарғысының » мазмұны  мен  іске  асырылуының  тарихи  маңызын  зерттеу ;

      Хандық  билікпен  сот  жүйесіндегі  өзгерістеріне  назар  аудару ;

      Бұл жарғы бүкіл Орта жүзбен Кіші жүздерді түгел қамтыды.Ереженің басты қозғаушы күші қазақтың шұрайлы суы мол жерлерін отарлау еді. Сонымен қатар негізгі міндеті жұмыстың ішіндегі Жарғылардың негізгі тараулары мен пунктерінің мәнін ашып оларға сәйкестік беру.

         Осылайша 1822 жылы  орыстың ірі  заңгері әрі  мемлекет  қайраткері , Сібір   генерал–губернаторы М.М. Сперанский  мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны  дайындауға кіріскен болатын . Бұл  қазақтарды басқарудағы ең  маңызды заңдардың бірі  болып саналады . Патшалық  Ресей  саясаты  тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға          бағытталды .

                Жарғының  басты мақсаты:

      Қазақстанның солтүстік-шығыс  өңірінде әкімшілік , сот , саяси басқаруды             өзгерту ;

 

Ф-ОБ-001/035

      Рулық–феодалдық тәртіптерді әлсірету ;

      Орта жүздегі хандық билікті  жою;

      Кіші  жүздегі хандық  билікті жою.

        Осылайша халықты  орыстандырып , рухани  тұрғыда мешеу  ету көзделіп , елдің  байлығын  тонап–талау болатын . Мұндай  арам–пиғылды әрекеттері « Жарғыда» баяндалмайды . Ол  негізінен « Жарғы » елге  игілік әкелетін етіп  көрсетіледі . Бұл  қазақтардың « Жарғыны» қабылдаттыру үшін  ойластырылған « Қулық  саясатының» бірі  болатын . Жарғыда  патша  өкіметі « Қазақ  халқының қамын  ойлайтын қамқоршы»ретінде  көрінеді .

       Патшаның басқарудағы жаңа  жүйесі–өлкеде отарлау режимін орнықтырды . Нәтижесінде қазақ халқы еркіндігінен айырылды . Ата-бабалардан  мұра  болған  жерлерін  күшпен тартып  алып , әскери бекіністер  салына  бастады .1824ж–Қарқаралы , Көкшетау , 1825ж–Құсмұрын ,            1826ж–Баянауыл , 1831ж–Аягөз , 1832 ж Ақмола округтері құрылды .

     Курстық жұмыстың  тарихнамысы:

   Ресей империясы  отарлық  саясатты  іске асыру , стратегиялық  маңызы  бар бағдарламаларды іске орындау  үшін арнайы экспедицияларды  құрды . Патша өкіметі жасақтаған И . К.Кириллов , В.Н. Татищев , В.А.Урусов , И.И.Неплюев сынды  орыс  шенеуліктерібасқарған экспедициялар  қазақтар  туралы өздеріне  тиімді  мәліметтерді жинақтап , жаулап  алудың жолдарын  іздестірді . 1822 жылығы « Сібір  қырғыздары  туралы  Жарғы» бойынша Орта жүзде , 1824 жылғы « Орынбор қырғыздарын басқару  туралы Жарғы » бойынша Кіші  жүзде билік  жойылды . патша  өкіметінің  әкімшілік–құқықтық  реформалары өзінің  тиімді  нәтижесін береді : Қазақ  халқын  еркін  билеп , отарлық  қанауды және ұлттық  езгіні күшейтуге , бір руды бір  руға  қарсы  қойып , « Бөліп  ал  да билей  бер» саясатын  нақтылы  әлеуметтік іс–тәжірбилерде  іс  жүзінде  асырған .

           Аталған  ережелердің сол  кезеңдегі отаршылыдық сипаты  туралы Н.Ә.Назарбаев былай  деп көрсетті : «1822жылғы Сібір қырғыздарының1824жылғы  Орынбор қырғыздарының  басқару ережелері  жүз  жылға  дейін жалғастырылған  көшпелі  халықтың  шұрайлы жайылымдық жерлерін алудың бастамасы  болған .

                 Далалық аймақтарды жапай қоныстандыру  дәстүрлі көшпелі  мал  шаруашылығының  таралуына , жергілікті  халықтың едәуір бөлігінің  негізгі кәсібі  болған мал  шаруашылығына орасан  зор нұқсан  келтірді .

 

  Ф-ОБ-001/035

      Патша үкіметінің  қоныстандыру саясатының  нәтижесінде қазақ ұлтының этникалық  территориясы тарылды ».

       Көптеген зерттеуші–ғалымдар патшаның отарлау саясатын  жүргізуде осындай ережелер шығарғаны туралы  көптеген қолжазбалары куә  бола алады .

        Курстық  жұмыстың  құрылымы:

     Курстық жұмыс кіріспеден екі  тарау  мен қорытындыдан сілтемелермен пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен  құралған .

 

 

   

 

 

 

 

 

                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     

 

           Ф-ОБ-001/035

I– тарау. Кіші  жүз  және Орта жүз  қазақтарын  басқарудың  әкімшілік  басқарудың  жаңа  жүйесінің  жасалуы 

1.1. 1822  жыл « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен  іске  асырылуы

     Патшалық  Ресейдің  билеуші  тобының  Қазақстанның  кең  байтақ  жерін  өзіне  қаратып алу  арқылы империяның  шеңберін  ұлғайтудағы  стратегиялық  мақсаты  орындалды . Енді өкімет  оны басқару  үшін жаңа  жүйе  жасауға кірісті , оның  түпкі мақсаты–аумақтық–әкімшілік  жүйені қайта  құру  арқылы  мұндағы  жалпы  халықтың ықыласымен  хан  сайлап  келген  қазақ  халқын осынау демократиялық  тарихи дәстүрінен  айыру               еді  (1) .

     Дәлірек  айтсақ  оны кезеңнен  бастап  патшалық Ресей  саясатының  қазақ  жеріндегі  жаңа  кезеңі  басталды . Өйткені  XIX  ғасырдың  екінші онжылдығында  орта  жүз  жерінде басқару  реформасының  жүргізілуіне өте  қолайлы  жағдай  қалыптасқан  еді ( 2).

      Абылай  қайтыс  болғаннан  кейін  оның  ұлы  Уәли  Орта  жүзге  хан  болып  көтерілді , ол  өле-өлгенше  Ресейге  адал  болуға  ант  берді . Хан  өзінің  қоластындағыларға  ерекше  қаталдық  пен  озбырлық  көрсетті . Оның  мұндай  әрекеті  халық  арасында  наразылық  туғызды . Орта  жүздің  қазақтары 1795 жылы II Екатеринаға  хат  жазып , ханды  тағынан  тайдыруды  өтінді (1) .

         Уәлидің  билігін  әлсіретуге  тырысқан өкімет 1815 жылы Бөкейдің  екінші  хан етіп  тағайындады . 1819 жылы  Бөкей , 1823 жылы Уәли  хан  қайтыс  болды .

         Осы  жағдайды пайдалана  білген  патша өкіметі Орта  жүз жеріндегі  хандық  билікті толықтай  жою  үшін , жаңа  басқару реформасын  жүргізе бастады (2) .

     Олардан  кейін Ғұбайдалла  хан  болуға  тиісті  еді , бірақ  өкімет  оны  Сібірге              айдады , өйткені  ол  Орта  жүз  жерінде әскери  бекіністерінің салынуына белсенділікпен  қарсылық  көрсетті . Одан  кейін  аз  уақыт  тақта оның  әйелі  Айғаным  отырды .

     Бірақ  жаңа ханды  бекіту  патшалық  самодержавинің  жоспарында  жоқ  болатын , оның  ойы  басқаша еді , өзінің  түпкі  мақсатына жетуді  көздеді . Ықпалы  шамалы  хандар патша  өкіметі  саясатының  жүргізілуін  қамтамасыз  етпегенімен  ғана  қоймай , сонымен  бірге  өздерінің  бөлшектенушілік  ниеттерін  күшейтті .         Патша  хандық  биліктен  уақытша  бас  тартып , ру  басылары  арасынан  әлеуиеттік  тірек  табуға  әрекеттенді , XVIII  ғасырдың  аяғында  басқару  жүйесінде  реформа  жасамақ  болды . Бірақ  оны  жүзеге ойдағыдай  нәтижесін  бермейді ,  хан  билігі  қалпына келтірілді ,  алайда  бұл  да  ұзаққа  бармады .

       1822  жылы Сібір  екіге  бөлінді : бас  басқармасы  Иркутскіде  болатын  Шығыс  және 

    Ф-ОБ-001/035

Орталығы  әуелі  Тобылды , ал 1839  жылдан  бастап  Омбыда  болған  бөліктерге бөлінді . Батыс  Сібірге  қазақ  даласының  қоныстанған  жерлерінің  бір  бөлігі  кірді . Ол « Сібір  қырғыздарының  облысы» деп  аталды да 1822  жылы оған  арналып « Сібір қырғыздары  туралы  Жарғы » шығарылды . «Жарғы» бойынша  қазақ  даласы  сыртқы  және ішкі  округтерге ,  тиісінше–округтер болыстар  мен ауылдарға  бөлінді .

     Патша  әкімшілігі  Жарғыға сүйене  отырып , жаңа  басқару апаратын  құрды . Округтер   Омбы   облыстық  басқармасына бағынды , округтерді  приказдар  басқарды . Оның  төрағасы аға  сұлтан  болды  да оған  тағайындалатын ресейлік екі  заседатель мен  сайланып  қойылатын  екі  құрметті  қазақ  еді (1) .

         Аға сұлтанды  тек  сұлтандар  ғана  сайланатын , ол  Ресей  қызметінің  майоры шенінде  болды  және жергілікті  басқарманы басқаруға  қойылатын  шенеулік  саналды . Болыстарды  болыс  сұлатандары басқарған , оларды  қайта  сайлау тек Омбы  облыстық  басқармасының  келісімімен  ғана  жүргізілетін  еді (2).

            1824  жылы « Орынбор  қырғыздары  туралы Жарғы» қабылданып , Кіші  жүзде  хандық  билік  жойылды . Патша  өкіметі  жергілікті  жерде  өз  саясатын  жүргізуде  сұлтандарды тірек  етті . Алайда XIX  ғасырдың  екінші   жартысында-ақ  сұлтандардың қазақтар  арасындағы экономикалық  және  саяси  ықпалы  құлдырай  бастайды . Батырлар  қазақ  жүздерінің  шекаралық  аудандарында  ғана ықпалын  сақтады , бұл  жерлерде руаралық барымта және хиуалық , қоқандық , бұқаралық феодалдармен қақтығыстар тоқталмаған  болатын. 

     Патшаның     1822  жылы    1824  жылдардағы  реформаларды , басқарудың  жаңа  жүйесі–өлкеде отарлау рехимін түпкілікті орнықтырды . Нәтижесінде Кіші жүз  және Орта жүз  қазақтарын  басқарудың әкімшілік жаңа  жүйесін енгізіліп , қазақ  елі өзінің еркіндігі  мен  тәуелсіздігінен  айырылды (1) . 

  XIX ғасырдың  20–шы  жылдарында патша өкіметі  қазақ  қоғамындағы  ескі патриархалдық  басқару  жүйесін жоюға бағытталған өзінің  саясатында айтарлықтай жетістіктерге қол  жеткізгеннен  кейін  хандық  билікті , рулық жиналыстарды толықтай жоюға кірісе  отырып , басқарудың  жаңа формасын құра  бастады (4) . 

    Жаңа  реформаны  әзірлеуді  патша сол  жылдардағы  белгілі  либералдық пиғылдағы қайраткер , өз  дәуірінің аса  білімді тұлғаларының  бірі     М. М.Сперанскийге жүктеді (3).

      Осылайша 1822  жылы  22–маусымында орыстың ірі  заңгері әрі  мемлекет қайраткері  М. М.Сперанскийдің  басшылығымен орта  жүз жерін басқару  үшін «Сібір  қазақтары  туралы Жарғыны» дайындап  оны қолданысқа енгізді . Бұл  реформа орта  жүз  жеріне жаңа  саяси әкімшілік басқару  жүйесін енгізді . 1822 жылғы орта  жүз  жерінде    

                                                                                                                  Ф-ОБ-001/035

жүргізілген «Сібір  қазақтары   туралы жарғы» XIX  ғасырдың  60–жылдардың  ортасына дейін  Сібір  ведомствасына қарайтын қазақтарды  басқарудағы  ең  маңызды заңдардың  бірі болып  саналды .

        1822  жылғы жарғы  бойынша орта  жүздің әкімшілік  құрылымы : округтеге , болыстарғы  және  әкімшілік ауылдарғы  бөлінді . ауыл  төменгі әкімшілік  жүйесі  болып болып  саналғандықтан оның  құрамына  50–70 шаңырақ кірді . 10–12 ауылдан , округ 15-20  болыстан  тұрады . Округтік  приказдарға–аға  сұлтанмен , болыс–болыс  сұлтанымен , ауыл старшынымен  басқарылды  (4) . 

       М . М . Сперанскийдің  орта  жүз  жерінде  жүргізілген  реформасына дейін  де старшын  ұғымы  қазақ  даласында қолданыста  болған . М.М.Сперанскийдің  дайындаған « Сібір  қырғыздарының  Жарғысы» , кіріспеден , он  тараудан және 319  баптан тұрады . Құжаттың  мақсаты–мұраты  кіріспесінде–ақ айқындала  бастала  бастайды . Онда « Сібір  қазақтары көшпенді бұратаналар  тобына  жатады және  олармен  тең  құқылы  »–делінген . Әрі  қарай « Сібір бұратаналары туралы  Жарғының» мына  баптарымен ортақ  деп жазылады . :

1. «Көшпенді  бұратаналардың құқығы  туралы ;

2. Қадірменді бұратаналар  туралы ;

3. Заңдар  мен әдет–ғұрыптары  туралы ;

4. Бұратаналарды басқару  туралы міндеттің жалпы  негіздері».

Информация о работе Орынбор қырғыздары туралы Жарлық