Орынбор қырғыздары туралы Жарлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Краткое описание

Осылайша 1822 жылы орыстың ірі заңгері әрі мемлекет қайраткері , Сібір генерал–губернаторы М.М. Сперанский мен Орынбор генерал- губернаторы Г.К.Эссенмен бірге жарғыны дайындауға кіріскен болатын . Бұл қазақтарды басқарудағы ең маңызды заңдардың бірі болып саналады . Патшалық Ресей саясаты тұтас хандықты бөлшектеп басқаруға бағытталды .

Содержание работы

I.Кіріспе.......................................................................................................................................... 4
II .Негізгі бөлім
I тарау . Кіші жүз және Орта жүз қазақтарын басқарудың әкішілік басқарудың жаңа жүйесінің жасалуы
1.1.1822 жылғы « Сібір қырғыздары туралы Жарлықтың» мазмұны мен іске асырылуы........................................................................................................................................7
1.2.Хандық билікпен сот жүйесіндегі өзгерістер....................................................................15
II тарау .1824жылғы « Орынбор қырғыздары туралы Жарлықтың» жүзеге асырылуы
2.1. Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер……………..........................18
2.2. Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы.............................................................................20
III. Қорытынды....................................................................................................................... .. 24
IV.Сілтемелер...............................................................................................................................25
V.Пайдаланған әдебиеттер.........................................................................................................26

Содержимое работы - 1 файл

1824 жылғы жүзеге асырылған «Орынбор қырғыздары туралы Жарлық» .DOC

— 161.00 Кб (Скачать файл)

     Сперанскийдің қазақ  халқын Сібірдегі  халықтарға ( бурят , тунгус, якут , остяк т.т.б.) теңеуі  дұрыс  емес . Себебі , географиялық орналасу  территориялары бойынша , сібірдегі  ұсақ  халықтардың  өзіне тән  халық  шаруашылығы , саяси  құрылысы  және  әдет–ғұрыптары  болған еді . Ал  қазақтардың бұл  халықтармен  айырмашылығы , әрине жер  мен  көктей өзіндік  ерекшеліктері  болды . Сондай-ақ , қазақтар  Жарғыдағы  кіріспеде айтылғандай тек қана «көшпенді » әрі « бұратана» болған жоқ . Шығыс  Дешті қыпшақ  өлкесіне  және ондағы  үйір–үйір жылқы , тобын  түйе , қой  мен  сиырға бай  ата-бабаларымыздың дәстүрлі  шаруашылық түріне  сай көшпелі  ғұмыр  кешкені  рас (5).

      Арқа даласындағы сыртқы округтар  құрылысы « Жарғыдағы» , « Бөліну» атты бірінші  бөлімінде айтылды . Округтар 15-20,   болыстар 10-12  ауылдан, ауыл 50-ден 70-ке  дейінгі  үйлерден  тұрды . Патша  өкіметі біртұтас  хандықты осылайша  бөлшектеп  қазақ  мемлекетіне  сатылы , басшылығы  мол  бюрократиялық  орыстық басқару  жүйесін зорлықпен  енгізді . Әрбір  құрылған  округтер  территориясы  шектеулі  болғандықтан  халық  еркін  көшіп-қонып тұра алмады .

 

                                                                                                                      Ф-ОБ-001/035

      Жарғының  келесі  бөлімі « Басақарма»  деп аталады . Ол  үш  бөлімге  бөлінген : 1. Басқарма құралы ; 2. Сайлау  тәртібі ; 3. Шен  сыныбы .

      Округтық  басқарма  төрағасы–аға  сұлтан  тек  ақсүйектерден тағаайындалу керек  деп  айтылды . оның  қарамағына алқалық  қазылар ретінде  екі құрметті қазақ  пен екі  орыс  тағайындалуы  тиіс  деп көрсетілді .

     Сперанский  округ  басындағы аға  сұлтандық  лауазымды қазақтың  беделді тобына бөлінгенімен  шын мәнінде мұндағы  бүкіл  саяси билікті орыстардың  қолында қалдырды . Аға  сұлтан басқаратын  округтік приказдың  басқарма  құрамы  төмендегідей  болды : Ауылды  басқару–старшынның  қолына берілетін  болды , ол  болысты – сұлтан  басқарып, бұл ауыл  мен  болыстардағы барлық  сот  істерінде төрелік  айту билердің  билігіне қалдырылатын  болып шешілді . Округтік  приказ құрылып , оны басқарушы  аға сұлтанды  сайлауды тек  болыстардың құқығына бөлді .

     Мұндай  бюрократиялық апарат қазақ  қоғамының  табиғи дамуына  тежеу салды . Патшалық  Ресей  үшін  тұтас  хандықты  жойып , оны  осылайша бөлшектеп  басқару  әлдеқайда  тиімді  бөлді .

       Ел  арасындағы болмашы  істерді шешуге аға  сұлтан  өзі тікелей  қатысса , ал  саяси  маңызы  бар  істерді приказ талқылайтын  болды (6).

       Жарғының  үшінші  бөлімі–« Полициялық  міндет» деп  аталды  және ол  екі  бөлімшеден  құралды . Бірінші  бөлімше дуандық  басқарма бойынша  қарастырылған   .  Ел  тыныштығын  өз  қол  астындағы адамдардың жағдайын  жақсарту аға   сұлтанның құзырына   берілді .

     Аға  сұлтанның өкіметілігін  мықтап тұрып  тежеген приказ міндеті  мынадай  болатын  болды:

1. Бұйрық халықты  жаппай апаттан сақтауға ондай  жағдайға тап  болса , қажетті  көмек  көрсетуге ;

2. Ағарту  ісінің еңбектің  және шаруашылықтың тиімділігі  жөнінде  қолдану ;

3. Тонау , барымта және  үкіметке бағынбаушылықты  алдын–алу ;

4. Заң  тәртібін бұзушылыққа  жол  бермеу ;

5. Заң бұзушылар  қамауға  алынсын , ал  егер  бүкіл  болыс  болып көтерілген жағдай  туа  қалса  болыс басшысына хабарласып , соның бұйрығымен әрекет етіп  қарулы қақтығысқа дайын  болсын  делінген .

   Бүкіл  қылмыстық  істер дәстүр бойынша  билер кеңесінің шешімімен  жазалық әділ түрлері қолданылатын  еді (7).

 

                                                                                                                          Ф-ОБ-001/035

    Аталған тараудың  шекаралық және желіге  жақын дуандар  жөнінде арнаулы бөлімдері  болды , алғашқы  бөлімде орыс  әкімшілігінің  қазақ  жерінде  өз  үстемдігін жүргізе  бастау  әрекеттері  сөз етілді . Шекарадағы  жерлер облыс  басшылығының үкімімен өз  шама  шарқынша белгіленіп , қазақтардың  белгіленген жерден  әрі  қарай көшіп  қонуына үзілді-кесілді тиым  салынды .

      Қазақ  жерлері барған  сайын тарылып , жергілікті  халықтың басты  байлығы –жері өрескел түрде  орыстар меншігіне  айнала  бастады .

     Жарғының « Болыстық  басқарама»  деп аталатын  екінші бөлімі сұлтандар  туралы баптармен  ашылады . Болыс  сұлтаны бүкіл  болыс жұртының қолдануымен сайланады . Оны  болыс бастығы бекітеді . Болыс  сұлтаны өз  қалауымен  яғни  өз  жақын  туысы  немесе өз  ұлын  бірдей көмекші  етіп  алуға құқылы  болды . Аға  сұлтандардың  билігі  мұрагерлік жолмен  жалғаспайды . Болыс  сұлтандардың соңында  мұрагері болмай  қалған  жағдайда халықтың  көпшілік  дауысымен  өзге  сұлтан тағайындалатын  болды .

Болыс  сұлтандары он  екі  кластық шеніндегі  шенушілік болып   есептелінді . Олар  дуандық  бұйрыққа тікелей  тәуелді  болды . Сондықтан , соттау ісі  мен жазалау  үкімін   шығаруда  ешқандай құқы  болған  жоқ . Бір  сөзбен  айтқанда бұл  істерде патша  әкімшілгі  сұлтандарды өзінің шабарман қолшоқпарына  айналдыруды мақсат  тұтқаны көрініп  тұр . Жарғыда  сұлтандар округтық  приказға ел  ішіндегі  дау-жанжалды  дер  кезінде жеткізіп  тұруға және  приказдан әскери  көмек сұрауға міндетті  деп  жазылды . Басқаша  айтқанда , кейбір сұлтандар шынында патшалық әкімшіліктің «көзі» мен                    « құлағы» іспетпес еді .

          Шаруашлық  паказы  атты –төртінш  тарау үш  бөлімшеден  тұрады :

1.      Қаржы  бекіту ;

2.      Шығын  және  есеп  беру тәртібі ;

3.      Мекеме  құрылысы .

    Болыстардағы  істер  үшін , дуандық бұйрық  кеңсе қаржысын  тағайындайды . «Жарғыда» кедейлерге  көмек  беру , аурулар  үшін оқу  құралдары  үшін  қаржы  бөлінсін  делінді . Қазақ  даласындағы құрылыс үшін де  бір мезгілде қаржы  бөлу  туралы  айтылды . « Жарғыдағы» ақша  қаражатының бүкіл  қозғалысын  бақылап  отыру бұйрықтың жанынан әдеттегі тәртіппен тігінді  журнал арқылы  кітап жүргізу шешілді . Сұлтандар  мен страшындар  қазына  қажетіне жұмсалған  қаржы жөнінде жай  ғана есеп  береді . Соманы баулы кітапқа жазу тәртібі есеп  берудің  жалпы ережелерімен  іске  асырылады  делінді .

 

Ф-ОБ-001/035

   Үшінші  бөлімшеде мекеме  құрылыстары  жөнінде  айтылды . Дуандық  бұйрық  мүшелері кеңсе шенеуліктері  мен тілмәш  аудармашыларға  арнайы үй салынуы  керек делінді . Сондай-ақ 150-200  адамдық ауруханалар  да салунуы  көзделді . Мұның  бәрін іс  жүзіне асыру облыс бастығының  құзырында  болды . Жарғыда  белгіленген мекеме  құрылыстары үшін  қаржы  бөлінбеді . Қаржы бөлінген  жағдайда да  ол қазақтардың  отаршылыққа қарсы  көтерілістерін  басып  тастауға  бағытталған әскери  күш жасағына  жұмсалып жатты . Жарғыда  заттай салық  жинау  да жазылды . Әрбір округке  жаңа заңдылық  енгізілгеннен  бастап , мұндағы  халық алғашқы  бес  жылда барлық  салық  түрінен босатылады  деп  басталды . Патшалықты  ерекше қызықтырған елден  мал  салығын жинау мәселесі  еді . Салықтың түтін  салығы , жөндеу  салығы , баж  салығы , жылдық  ясак салығы түр-түрлері  енгізілді .

      Әрі  қарай  аурухана , мектеп құрылыстары  үшін мұнда  бұл жылдары қазақтар  өз еріктерімен заттай , малдай , ақшалай  көмек көрсетеміз  десе , әкелінген  заттар қабылданады делінген . Егер мал  басымен жиналған болса , оның керегінше сол  жерде пайдаланып , ал қалғаны ақшаға өткізілетің  етілді . Бес жылдық  мерзім аяқталған  соң , жыл  сайын жүз  бас  малдан біреуі  салық ретінде жиналады  деп ,  тонаушылық  саясаттың бастамасы  заңдастырылды . Салық  ретінде түйе  қажет  етілмеді . Ал  жылқы малымен казак  поляктарын  толық  қамтамасыз көзделініп , « Жарғыда» облыстық басқарма  әр жыл  сайын қаншалықты  деңгейде әскерге жылқы  қажет екенін біліп  отыру керек , сосын соншалықты  жинау керек  деп , ашықтан-ашық қарапайым  халық  меншігіне арсыздызпен қол  сұқты . Салық жинау тәртібі болыстықтардан  бастайтын  болды . Мал  жинау мезгілі– жаз  айы  болып  белгіленіп , тіпті жиналатын  малдың сапалылығына  дейін ескерлді , яғни  жылқы малы  қолдануға  жарамды  болып , ал  өзге  мал түрлерінің  ауру болып  шықпауы қадағалансын  делінді .

       Ал  жер  мәселесіне байланысты « Жарғының» мына  пунктеріне  ерекше  назар  аударсақ:

172.  Егіншілікпен айналасуға талап білдірген әрбір  қазаққа адам  басын  он  бес десятина  жер бөлінсін.

173.Округтік  приказ, бұл  жерлердіңбостан-босқа қалып  қалмауынқадағалап  отырды.

174.Егер бес жыл  ішінде бұл  жерлерге ешқандай құрылыс  салынбаса  немесе  егін егілмесе , онда  жер  тартып  алынып , екінші  біреуге  берілуі  керек.

175. Бұл  жерді  алуға  ниет білдіргендер  көп  болса , онда  билерден тұратын  үш  куәгердің  көзінше жеребе салып , шешім қабылдау  керек . 

 

                                                                                                      Ф-ОБ-001/035

176.Бір рет  көшіп-қонуға ниет білдірген жағдайда  алынатын жерге  осындай әдіс-тәсіл қолдануы  керек.

177.Округ  ішіндегі ешкімге  арнайы бөлінбеген жерлер бос  деп  есептелінсін .

178.Сұлтандарға шаруашылық  орынның үш пропорциясы , ал  старшынға екі пропорция  жер  бөлінсін ,–деп  талдай  келе , нақ осы бес  пункт  патшалық  үкіметтің қазақтардың  жерге деген  ұлттық меншігін ешқандай  да  мойындамағанын  көрсетеді (6) .

       Жарғының  келесі тарауы  медицина бөлігі , карантин, рухани  және  халық  ағарту  бөлімі , қамқорлық мекемелер орнату  мәселелеріне  арналған . « Медициналық бөлімінде» әрбір  округке небәрі екі-ақ дәрігер  бөлінген, ауруханалар  салынған , ауруханаларға  кедей  қазақтар  қоғамның есебінен  ем  қабылдай  алады  делінген . Медицина  қызметкерлері  қазақтар  арасында оспа ауруына  қарсы егу  жүргізілуі  керек және округ  бойынша разъездерді аралап тұруы  тиіс , деп  көрсетілген  еді . Алайда ,  бұл шаралардың  бәрі  де , әрине іс  жүзіне аспай сөз  жүзінде қалды .

      « Карантин» малдың  жұқпалы  аурулардан  алдын-алу  секілді қауіпсіздену  шаралары  жөнінде  сөз  болды . Бекітілген заңдылық  бойынша егер желі сыртындағы  мал  тобы ауруға  шалдықса даланың  ішкі  аймағына  хабарлау , ал  егер  бір  округ ішінде  мұндай  жағдай туа  қалса , онда  келесі  округтерге  хабарлау арқылы  сақтандыру  көзделеді . Сөйтіп , қазақтарға қауіпті деген  жайылым  орнын  өзгертуге хабар  беретіндігі  де осы баптарда  арнайы ( 236-242)сөз  болды .

      « Рухани және  халықтық  ағарту бөлігі  бойынша құрылым»–деген бөлімшеде,                   М .Сперанскийдің  елді  отарлаудың сорақы жолы–христиандандыру  жайында айтылады (243). Қазақтардың  барлығын  христиан  дініне  енгізу  керек деп ашықтан-ашық жазды . Христиан  дінін ел  арасында  үгіттеп , олардың  дінді  қабылдауына барлық  әрекеттер  істеу керек ,–делінді . Христиандардың  тағы бір  әдісі , ол – кез  келген округте  жүзге жуық  адам христиандырылған  уақытта , облыс  бастығы  сол  жерге шіркеу  орнатып , шіркеу  қызметшілерін , шырағдан  шақыртуға тиіс болды . Бұлардың  бәрі іс  жүзінде  асырылған  еді. « Қайырымдылық  мекеме » деп аталған  бөлімшеде  әрбір  дуан бұйрығы барлық мүмкіндікпен халықтың  жағдайының   нашарлап  кетпеуін  қадағалап  тұруға  тиісті , ол  үшін үй-жайсыз , тұрмысы  ауыр  адамдарды , қоғамдық  мекемеоер  аурухана , мектеп  т.с.с.  және  тұрмысы жоғары  қазақтарға жалшылыққа  орналастырып , бір  жағдайын  жасауы керек  деп  қамқорсынды .

       Тағы  бір айта  кететін мәселе қазақтарды  өзге  әлеуметтік топқа  өткізу мәселесі  көптеген салықтық жеңілдіктер  негізінде іске  асыру  көзделді . Бас  еркіндігі  жоқ  адамдар бұдан  былай  өзгелерге сатылмайтын , біреуге  мұрагерлікке  қалдырылмайтын 

                                                                                                                                  Ф-ОБ-001/035

болды . басқаша  айтқанда , « Жарғының» басты  бірден-бір ерекшелігі , қазақта  құлдықты  жойды .

       Жарғыны  іске асыру « тәртібі» жарияланды . Бұл  атау  төрт  бөлімнен құралған . Бірінші  бөлімше : « Жалпы ереже», екінші  тармақ « Жаңа тәртіпке» болыстарды  қабылдау , үшінші « Жаңа құрылымның  тәртіпке түспеген  болыстарға көзқарас» , төртіншісі « Желінің жылжуы»деп  аталды . Жарғыда  бекітілген    заңдылықтарды  іске асыру  үшін ең  алдымен , бұл  жөнінде халық  арасына  үндеу-үгіттеу жүргізу  алға  тартылды . Әрине , үндеуге « Жарғының»  негізгі  мақсаты ашық  жарияланған  жоқ . Халықты  алдау « Орта  жүз қазақтары Ресей үкіметінің  Ерекше қамқорлығы мен қолдауына ие  болды , деп  жариялансын» деген  секілді  сипат  алған  болатын .

       « Жарғыны»қабылдаған  жағдайда , « Сібір  қазақтарының  өзге қазақтардың  құқықтарынан айырмашылық болмайды » деп  иландыруға  тырысты . Бұл Орта  жүз қазақтарының « Жарғыны »  қабылдаттыру үшін ойластырыған бір  саясатының  көрінісі  болатын (8).

          

                

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Ф-ОБ-001/035

1.2 .Хандық  билік пен сот  жүйесіндегі өзгерістер

      1822 жылы « Сібір қырығздары  туралы Жарғы» қабылдағаннан  соң , қазақ  даласына одан  әрі  өңдеп , көптеген  қалалар  мен  бекіністер         салынып , одан  әрі  құрылыс  жұмыстары  жүргізіле  бастады . Казак гарнизондары біржола  орнықты . Сөйтіп 1824 жылы  көкшетау  мен  Қарқаралы ,  1826 жылы Баянауыл , 1827 жылы  Ақмола , Көкпекті , 1846 жылы  Атбасар  станцияларының  іргесі  қаланды . Жаңа  аумақтарға  қоныстану  үшін  бұрынғы  әскери шеннен  казактар  және Орынбор , Саратов , Харьков губернияларынан  шаруалар көшіп  келді . Барлығы  4 мың  адам . Ал ,  1846 жылы  әскер  саны  30 мыңға  дейін  өскен .

Информация о работе Орынбор қырғыздары туралы Жарлық