Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:03, курсовая работа

Краткое описание

Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................4

І. Үйсіндер этногенезі
1.1 Үйсіндер туралы эт­но­графиялық ғылыми зерт­теулер........................6
1.2 «Же­­тісу — «жетіге бөлінген усун»...............................................................8
1.3 «Байсын» этно­то­­понимінің пайда болуы...................................................9

ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
2.1Сарыүйсіндер..................................................................................................18
2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері.....................................................................23

Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Қазақ аумағындағыҮйсіндер ескерткіштері курстық жұмыс20032003.doc

— 259.00 Кб (Скачать файл)

Қазақ ССР тарихы авторларының пайымдауынша, үйсіндердің күшті тайпалары Жетісу өңірінде біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырларда өмір сүрді, ал лингвист С. Аманжолов «Қыпшаңтар, қырғыздар және қаңлылармен қатар үйсіндер де түріктердің ежелгі тайпасы болып табылады. Олар қаңлы және қыпшақтармен қатар, біздің дәуірімізге дейінгі IVII ғасырларда белгілі бола бастады» деп есептейді. Әрине, үйсіндердің қонысы ол кезде ұзыннан-ұзақ созылып, Жетісудан шығысқа қарай Шығыс Түркістанға дейінгі кең-байтақ жерді алып жатты. Оның үстіне кеңес археологы, профессор Н. А. Бернштам Жетісу тарихы жайындағы өз зерттеулерінде шығыс үйсіндерінің көші-қоны туралы пікірді мүлде жоққа шығарып, Жетісудағы Саң пен Үйсін тайпаларының тұрғылықты екенін алға тартады. Бұл тұжырымды Қазақстан археологтары К. Ақышев пен Г. Кушаев та қуаттайды. Белгілі саяхатшы Г. Грумм-Гржимайло мен Қазақстан тарихшысы 10. Зуев өз еңбектерінде үйсіндердің отаны алыс шығыс жақта болғанын атап өтіп, олар біздің дәуірімізге дейінгі II ғасыр ортасында батысқа қарай ойысып, Жетісуды жаулап алды деседі. Белгілі шығыстанушы С. Малов та Жетісудан шалғай шығыстағы коне түріктің тасқа басқан жазбаларында, Тоныкөк туралы жыр ескерткішінде үйсіндер жөнінде де жазылғанын, Рашид ад-Диннің шежіресінде үйсіндер ордасы туралы хабарлайтынын сипаттайды. Сондықтан бірқатар әдеби деректер үйсіндердің Жетісудан тарайтынына ден қойса да, коне жазуларды да назардан тыс ңалдыруға болмайды. Соған байланысты В. Востров пікірінің жаны бар. «Жетісу үйсіндерінің пайда болуы туралы ойға келсек, үйсіндердің шығыстан шығуы жайындағы көне жазбалар қалай айқын және дәл болса, Жетісу үйсіндері туралы мағлұматтар да сондай. Шынында да бұл өте күшті өніп-өскен ру, нақты айтқанда, еркіп де кең қанат жайған тайпалар одағы болып табылады» деп жазды ол. Қалай дегенде де, біздің дәуірімізге дейінгі III ғасырда үйсіндер Жетісу өңіріндегі Сақтар одағына енді. Бұдан кейін әр түрлі тарихи жағдайлар, өзара шапқыншылық пен қантөгіс соғыстардың салдарынан үйсіндердің әскери-саяси маңызы әсіресе, Жетісуда жужандардың билігі тұсында (б. д. IVVII ғасыры) әлсіреп, Тянь-Шань тауларына қарай ысырылып, біздің дәуіріміздің V ғасырынан бастап, В. Бартольд тұжырымдап, А. Бернштам куәландырғандай, үйсіндер туралы әдебиетте VI ғасырда ешқандай мағлұмат келтірілмейді. Демек, бұл үйсіндер басқа әтносаяси бірлестіктердің, нақтыласақ, Батые түрік қағанаты және одан кейінгі ерте феодалдық мемлекеттердің құрамына кірді. Шығыс Жетісу өңіріндегі археологиялық қазбаларға (Аңтас-2 мекені, Ақтас-1, 4, 6, Ақтау қорымдары) қарағанда, үйсін мәдениеті бұрынғы үйсіндер мекен еткен жердің бәрінде дәуірледі, тіпті X ғасырдан бастап, қытайдың жазбаларында үйсін рулары туралы қайтадан мәліметтер кездесіп отырады. Қазақстандағы уйсіндер елі туралы XV ғасырда араб жићанкезі Мосуди де жазды.

М. Тынышбаев өз еңбегінде V ғасырдан бастап жазба деректерде үйсіндер туралы кездеспейді деген тұжырымға келеді. В. Бартольдтің пікіріне қарсы шығып, Қазақстан аумағында басқалармен қатар үйсіндер және олардың ұрпақтарының бертінге дейін өмір сүріп келгеніне дәлел келтіреді. Біріншіден, шежіре бойынша ежелгі дулулардың тікелей үрім-бұтағы дулаттар сол аймақта өмір сүріп, Ұлы жүз ңұрамына ене, саны көп ру ретінде қалыптасып, мәшћүр тұлғалардың бастауымен түрлі-түрлі тарихи оқиғаларға қатысқан. Бұдан тыс ол XIII ғасырдың ортасында Персияға өткен Құлағу ханның әскерімеи бірге барған мөңғолдардың аузынан жазылып алынған Рашид ад-Диннің «мопғол тарихын» келтіреді. Құлағу ханның сарбаздары Жетісуды көктей өткенде Шағатай әулетіне бағынатын Шу бойындағы үйсіндерді ұшырастырады. Оған қоса Ташкент маңайында XX ғасырдың басында тұрғындары үйсін деп аталатын үйсін қыстағы болғанын атап өтеді. Сонымен, Ұлы жүз құрамыиа кірген бүкіл руларды қазақ шежіресі үйсіндер деп атайды. Біздегі қолда бар мағлұматтарға қарағанда, Ұлы жүзден (Ақарыс, Ақшора, Байшора, Үйсін) Жұман тарайды, одан Кейкі би, одан Төбе би, одан Майқы, Қоғам, Қойылдыр мен Мекрейіл. Ал, Майқыдан Бақтияр, Қырық жүз, Мың жүз, Бақтиярдан Ойсыл мен Үйсін. Ойсылдан Сіргелі, ал Үйсіннен Ақсақал мен Жансақал шығады. Жансақалдан Жалайыр, Ақсақалдан Қараша би, одан Бәйдібек. Бәйдібектің бірінші әйелі Сары бәйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелінен Жалмамбет, үшінші әйелінен Жарықшақ. Жалмамбеттің бірінші әйелі Мапыраштан Шапырашты, екінші әйелі Сыландыдан және үшінші әйелінен Ошақты мен Ысты атты ұлдар тарайды. Жарықшақтан Албан, Суан мен Дулат атты ұлдар өрбиді. Қоғамнан барып Қаңлы, Шанышқылы мен Қатаған өніп-өседі. Ұлы жүз құрамына енетін бүкіл рулардың алтын діңгегі осындай. М. Тынышбаев осы үрім-бұтақпен сәйкестей отырып, бұл руларды басқаша топтауды ұсынады Ұлы жүз үш тармаққа бөлінеді: 1. Үйсін. 2. Жалайыр. 3. Қаңлы. Үйсіндерге Албан, Суан, Дулат, Сарыүйсіпдер және өған қосылатын Шапырашты, Ошақты, Ысты, Сіргелі жатады; Жалайыр оқшау да, Қаңлыға Шанышқылы мен Қатағандәр қосылады. Бұдан байқалғандай, Ұлы жүздің құрамында тарих пен аңызға сүйенсек, ежелгі және бертініректегі үйсіндердің тікелей жалғасы Сарыүйсін тайпасы болып есептеледі. Сарыүйсіндердің шығу тегі туралы И. Казанцев пен Н. Аристов аңыз-әңгімелер келтіреді. Н. Аристов бойынша, Сарыүйсіннің Қалша және Жақып деген екі ұлы бар.

Қазақтың пайда болуына байланысты аңыз соған қатысты. Аңыз айтатындай, Қалша Қадыр деген біреу қазақ даласын көктей өтіп бара жатқан жаулаушының әскербасы болыпты; әбден қалжырап аштан бұралып, шөлден қаталаған кезде, оны аспаннан түскен қаз (ақ қаз) ажалдан құтқарыпты, сөйтсе ол мейірбанды перінің қызы болып шығып, Қалша Қадырмен некелескен екен. Олардың үрім-бұтағы қазақ аталып кетіпті. В. Бартольдтің мәліметі бойынша, Қалша Қадыр тарихи тұлға, бұл татар ханын 1218 жылы бір жағынан Шыңғыс-хан, екінші жағынан Хорезм сұлтанының әскері қуғынға ұшыратады. Үйсіндер мен Сарыүйсіндердің ежелгі татарлармен жақындығыи сөз жоқ мойындамасқа болмайды. Бұл аңызға байланысты С. Аманжолов «Қазақтардың тегінде, жоғарыда көрсеткеніміздей, үйсіндер, демек, қазақ халқы өзінің бергі атасы Сарыүйсін руынан шықты дегенге ишара жоқ» деп нақты атап өтеді. Әрине, Сарыүйсіндер бір ата болғапымен Ұлы жүз құрамына енетін ру, соған қарамастан С. Аманжолов ескертпесінің дұрыстығын атап өткен жөн. Сарыүйсін руының әтникалық құрамы жайында мәлімет там-тұм. Сондықтан әдебиеттегі небәрі кейбір деректермен шектелеміз. Сарыүйсіндер Ұлы жүздің басқа руларына қарағанда, онша көп емес. Мәселен, Н. Аристов XIX ғасырдың 60-жылдарында Сарыүйсіндер Жетісу облысы, Верный уезінің Сарытауқұм болысында 1200 шаңырақ, олардың аздаған бөлігі Сырдария уәлаятының Шымкент пен Әулиеата уездерінде тұрады деп хабарлайды.

1897 жылғы мәлімет бойынша, Сарытауқұм, Мойынқұм, Шу мен Қарақатты өзендерінің бойында тұратындарының түтін саны 1700-ге дейін жеткен, ал М. Тынышбаевтың келтіруінше, 1917 жылы Жетісу уәлаяты Верный уезін 10 мың Сарыүйсіндер қоныстанған. Көптеген авторлар (М. Тынышбаев, С. Аманжолов, В. Востров) Сарыүйсін руы тегінің құрамы туралы айтқанда оның екі ұлы болғанымен шектеледі: Сарыүйсіндердің екі атасы Қалша мен Жақып есімімен аталады. Сарыүйсін руының тегі туралы деректі Алатау округтік басқармасының 1865 жылғы тізімінің негізінде жасаған жұмысында Н. Аристов келтіреді, Сарыүйсіннің Қалша мен Жақып атты екі ұлынан басқа «қазіргі кезде Сарыүйсіндер 1200 шаңырақ, олар Жетісу уәлаяты Верный уезінің Сарыүйсін болысын құрайды, сөйтіп Іле өзенінің оң жағасындағы Күрті өзенінің солтүстігінде Қаратораңғы шатқалындағы Сарытауқұм қонысын Көкімбет (100 үй), Жанай (100 үй), Жолай-Танай (100 үй), ЖанДосай (200 үй), Құлыке-Қырық (200 үй)бәрі 700 үй аталары жайлайды. Бұл Сарыүйсіндердің негізгі тобы, ал жекелеген бөлігі Шымкент пен Әулиеата уездерінде шашырап өмір сүріп жатыр.

Жоғарыда аталғаы Сарыүйсін рулары бұрын Іле өзенінің оң жағын қоныстанып келсе, Түркістан генералгубернаторлығы құрылғаннан кейін Қапал мен Верный уезінің шекарасын Іле өзені бөліп тұрғандықтан, түбі бір туыс Дулаттарға жақындап, сол жағалауға өтті. Сөйтіп, бізге мәлім әдеби деректерді салыстыра қарап, мойындауымыз керек, өте-мөте жадағайлау Қалша мен Жақып атты екі үлкеи атаға бөлінетіп Сарыүйсіндер руы түп-тегін толық жасай алганымыз жоқ. Қалша өз кезегінде екі: Қайқы мен Сопы аталарына жіктеледі, ал Жақып жеті атадан тұрады: Кәкімбет, Жанай, Жолай-Танай, Жандосай, Күлеке-қырық, Баба мен Солтанқұл. Өкінішке қарай, деректердің аздығынан үрім-бұтақтың тұтас кестесін жасаудың мүмкіндігі болмады. Сарыүйсіндердің де ұраны «Байтоқ». Дулаттарға алтыншы атадан баръш қосылады. Сарыүйсіндердің рулық таңбасы астында айқышы бар ( ), төртбұрыш болыпкеледі. Сарыүйсіндердің осы рулық ұраны мен таңбасы бізге белгілі күллі деректер мен ел арасынан жинағаи жазбаларда бір ауыздан мақұлданады. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сарыүйсін руы Іленің оң жағасындағы Күрті өзенінің сағасындағы Сарытауқұм ұшы-қиырсыз өңірін қоныстанған болатын.

Сарыүйсіндердің тұрмыс тіршілігі мен өмір деңгейі Верный уезіндегі өз ата қонысының ауа райына байланысты болып келді. Сарыүйсіндердің Әулиеата уезін жайлаған аздаған тобының қоньгсьг Құлдауыт, Шу мен Талас өзендерінің бойындағы Мойынқұм. Сондықтан Верныйдың да, Әулиеатаның да Сарыүйсіидері негізінен малмен айналысты. Олар қыстауларда қора-қопсы салған емес, қой мен енгкіге сексеуілден ашық шарбақ жасап, өздері киіз үйде тұрып жатты. Түйе, ңой, епгкі, жылқы өсіріп, ірі қара малды аз ұстады. Көші-ңонда түйені, жылңыны пайдаланды, ілуде бірен-саран жарлы-жақыбайлар лауға өгізді жекті. Суды құдыңтардан тартьгп, мүмкіндік болған тұста өзен суаттарын, ал қысты күні қарды тұтынды. Қысқа қарай арнайы жем-шөп әзірлеген жоқ. Егіншілік кәсібімен айналыспады. Там-тұм егін өнімдерін (тары, бидай) көрші диқандардан айырбастап алып отырды. Сарыүйсін руларының (Қалша меп Жақып) қыстауы Күрті өзенінен басталып, Іленің оң жағалауына дейін созылып жатқан Тауқұм, Бұйратқұм, Ұялыкесік, Жиек, Ақкесік, Жусан, Жолбарысты-раңды, Ақтоғай, Қарашеңгел, Көкжиде, Шоқсуат өңіріне орналасып жүрді. Көктем меп күзде Сарыүйсіидер Іле озенінің жағалауын қоныстанып, көп шаруашылық сол жерді жайлады, тек ірі байлар жазғытұрымға қарай қойнау-қойнауға көшіп кететін. 

Мәселен, Сарыүйсіннен шыққан мыңғырған бай Қали Қарой шатқалында 12 мың бас қой өргізді, бірнеше әйел алып, қыстауда бірнеше қора салдырып, тіпті Верныйдың өзінде үлкен әулеті бар үйі бөлды. Оның тоқалынан туған Қазақстан Республикасының халық әртісі Гүлжаћан Ѓалиева Алматыда дүние салған. Қали Орта Азия, Сібір мен Орынбор арасында қоймен сауданы кеңіпен жолға қойды. Қазан төңкерісінен кейін ол бүкіл мал-жанын Кеңестерге өткізіп, отбасымен Қытайға кетіп, сонда қайтыс болды.Қалша руынан тараған кішігірім шаруашылықтар Сарыүйсіндердің оңтүстік шекарасында көктем мен күзде өз отарын Желбұлақ, Айдарлы, Аяққұдық, Қапшағай, Жиек, Күрті, Қаратораңғы маңайында өрістетіп, көбісі осында жайлап, ең ауқаттылары Қараойға дейіи көшіпңонып жүрді. Әулиеата уезіндегі Сарыүйсіндер Құрағаты өзенінің Шуга құятын сағасының сол жағалауына қыстап жүрді. Ал, Сарыүйсіндердің екінші бір шағын тобы бұл уақытта Талас өзені бойында қоныс тепті. Сарыүйсіндердің көктемгі-күзгі қонысы Шу мен Талас, Мойынқұм өңірінде болып, жазда Іле Алатауының альпі шабындыңтарына бауыр басатын. 

Шу мен Таластың Сарыүйсіндері ішінара егіншілікпен айналысты. Негізінен қыстауларға жақын жерде кедей жатақтар қалып, егін салып, тары, бидай мен бау-бақша өсірді. Сарыүйсіндердің өмірінде бәрібір мал шаруашылығы онімдері айрықша маңыз алды. Күллі заттық мәдениеттің нышандарында, азық-түлік, киім-кешек, үй-орман, тұтынатын бұйымдарға дейін үй жануарлары ерекше орын алатын еді. Сонымен, түріктің ежелгі руларының бірі үйсіндер қазақ халқының ғана емес, басқа да түрік хальгқтарының әтникалық тарихында үлкен маңыз атқарды. Бұл жөнінде төңкеріске дейінгі де, одан кейінгі де зерттеушілер дер кезінде жазды. Мәселен, Н. Аристов қырғыз бен өзбек халықтарының құрамында үйсіндер мен сарыүйсіндердің болғанын атап өтсе, М. Тынышбаев үйсіндер қырғыздар, ңарақалпақтар, өзбектер, түрікмендер мен қырым татарлары, қашғарлар мен ауғандықтардың әтникалық құрамында да бар деп есептейді, ал С. Аманжолов үйсіндердің қырғыздар, өзбектер, қазақтар, татарлар, ноғай және тіпті монтолдар арасында болғаны туралы дерек келтіріп, В. Востров үйсіпдер мен сарыүйсіндердің қазақтардан басқа қырғыздар және өзбектердің ішінде болғанын көрсетеді.

                          

                             

 

 

 

2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері

 

Үйсін Дәуірінің Ескерткіштері — ерте темір дәуірінің соңғы кезеңінде Жетісу мен оған жапсарлас өлкелерді мекендеген тайпалардан қалған мұра (б.з.б. 3 — б.з. 5 ғасырлар). Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Шығу (Чигу) қаласы болғаны белгілі, бірақ бұл археологиялық тұрғыдан анықталмаған.

Үйсін дәуіріне қарасты алғашқы бірнеше обаны 19 ғасырдың ортасында В.В. Радлов қазіргі Алматы облысы аумағынан зерттеген.

1920 жылы М.В. Воеводский мен М.П. Грязнов Қырғызстанның солтүстігінде зерттеулер жүргізіп, обалардың сипатын іс жүзінде нақтылады.

1930 жылы А.Н. Бернштамның, 1950 жылы Г.А. Кушаевтың зерттеулері барысында көне үйсіндер мәдениетіне жататын обалардың үлкен шоғыры ашылып, жерлеу ғұрпының, заттық мәдениеттің басты белгілері анықталды және алғашқы ғылыми-теория қорытындылар дүниеге келді

Е.А. Агеева, А.Г. Максимова, Л.Я. Маловицкая жүргізген жұмыстар нәтижесінде құнды деректер алынды.

Үйсін дәуірінің ескерткіштерін талдап қорытындылау, ғылыми тұжырымдар ұсыну ісінде аса көрнекті сақ-үйсін зерттеушісі К.Ақышев еңбектерінің айрықша маңызы бар. Жалпы алғанда Үйсін дәуірінің ескерткіштерінің жерлеу үрдісі, шаруашылығы, тұрмыс-тіршілігі, діни наным-сенімдерінен мол деректер беретін ескерткіштердің ең көп зерттелген түріне обалар жатады. Сонымен қатар қыстақ-қоныстар, қалалық отырықшы орындар тәрізді ескерткіштер де көптеп кездеседі.

Ең аз зерттелген жәдігерлерге тастағы таңбалар, осы кезеңдегі металлургия орындары жатады. Металл бұйымдарынан тұратын археологиялық көмбелер де белгілі. Дөңгелек, сирек жағдайда сопақша пішіндегі обалар топырақтан үйіледі, ал мұның шағын тастардан түзілген сақина-қоршаулары бірнеше түрде орналасады:

        үйіндінің шетін ала;

        үйінді шетінен 1 — 2 м, не одан сәл көбірек қашықтықта;

        үйіндінің астында, оның шетіне жақын;

        үйіндінің бетінде.

Кей жағдайда топырақ оба тұрғызылмай, тас қоршаудың өзі ғана кездеседі. Жерлеу камерасының басты түрі — беті ағашпен жабылатын шұңқыр қабірлер. Мүрде басымен күнбатысқа қаратыла, созылыңқы күйде арқасымен жатқызылады. Қабір ішінде заттардан қыш ыдыстар (әдетте, бір қабірде 1 — 2 ыдыс), бірен-саран қола, темір бұйымдар (пышақ, түйреуіш, т.б.), сырға, білезік сияқты түрлі әшекейлер, айналар, кейде қайрақ, дәнүккіш тәрізді тас құралдар кездеседі. Көп жағдайда қабірге мүрдемен бірге қойылатын арнайы ет тағамы болады. Бұл ең алдымен қойдың құйрық, ұша сияқты артқы жағы. Садақ жебелері, қанжарлар сияқты қару-жарақ тым аз кездеседі, бұл жалпы үйсін обаларына айрықша тән құбылыс.

Ғылымда Үйсін дәуірінің ескерткіштерін 3 арнайы сатыға бөліп қарастыру қалыптасқан:

1. “Қаратал сатысы” 

б.з.б. 3 — 1 ғ-ларды қамтитын алғашқы саты (Қаратал, Қарғалы, Қапшағай-3, Бесшатыр-2, Үңгірқора-1, Қызылеспе, Бесшатыр-2, Өтеген-1, Қалқан-1, т.б. қорымдар) обалары осының алдындағы соңғы сақ кезеңі ескерткіштеріне ұқсас келеді. Қорымдарының саны 5 — 10, кейде одан көп болатын обалар бұл кезеңде көбіне солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасады. Бұл уақыттың аса көрнекті ескерткіштері қатарына Қарғалыдан табылған көне өнер бұйымдарының жиынтығы жатады (алтын тәті, жүзіктер, таутеке мүсіндері, сырға, көптеген жапсырмалар).

Информация о работе Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері