Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:03, курсовая работа
Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.
Кіріспе.....................................................................................................................4
І. Үйсіндер этногенезі
1.1 Үйсіндер туралы этнографиялық ғылыми зерттеулер........................6
1.2 «Жетісу — «жетіге бөлінген усун»...............................................................8
1.3 «Байсын» этнотопонимінің пайда болуы...................................................9
ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
2.1Сарыүйсіндер..................................................................................................18
2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері.....................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................27
Олай болса, аталмыш эпостағы қоңырат Байбөрі мен шекті Сарыбай бірге көшіп-қонып жүрген дейтін дерек қайдан алынған? Бұл сауалға жауап беруге шекті этнонимінің этимологиясы жәрдем береді. П.Пелльо қытай тарихындағы чжиси этнонимінің чигил деп транскрипциялаған. Осы транскрипция бойынша чигил этнониміндегі бірінші атау чи – “қызыл” деген мағынаны білдіретін хун тайпасын құраған Ландықтар тіліндегі атау, “г” – Орхон түркілерінің сөз соңын г, ғ, к, қ дыбыстары мен аяқтайтын тілдік құбылысы бойынша “чи” түбіріне жалғанған қосымша. Сонда бұл этнонимнің түбірі чиг деген атау болып шығады. Ерте ортағасырларда Енисейдің жоғары ағысын чик деген этнос мекендеген. Қарлықтар, Қашқар мен Жетісуға ауып келгенге дейін алғашқыда Саян-Алтай тауларын қоныстаған. Ал Енисей, Саян тауларынан бастау алатындығы белгілі. Егерде Енисей, Саян тауларынан бастау алып, оның бойын “чик” аталған этнос мекендесе, ал қарлықтардың алғашқы қонысы Саян-Алтай таулары болып, олардың чигил этнонимінің түбірі чиг атауы болса, онда чик пен чигил этностардың арасындағы генетикалық байланыс бар. Олай болса, чигил этнонимінің түбірі – чиг. Осы “чиг” түбіріне ел, халық мағынасын білдіретін “ел” терминін қосарлап айтудан чигел немесе чигил этнонимі пайда болған. Чик этниміне “ел” терминінен бөтен есімдерден қатыстық сын есім жасайтын “лі” өнімді жұрнағының жалғауынан қазақ тілінде Шекті этнонимі пайда болған, “ч” дыбысы, ш-ға ауысып, л – д – т сәйкестігі бойынша “л”, “т” болып айтылғанда қысаң и, ашық “е” болып өзгерген. Чигил мен чекл Шекті этнонимдердің төркіні бір екендігін және осылай аталған этностың XI ғ. бірінші жартысында Шу, Талас бойын мекендегендігін М.Қашқари еңбегінде кездесетін Чекл тайпасы туралы дерек дәлелдейді.
С.Ақынжановтың монографиясында осы “шары” аталған қыпшақтардың бір бөлігі Шу мен Талас бойын қыстаған. Осы шарыларды шығыстан келген күн-қидандар ығыстырған кезде жергілікті қарлықтардың бұлақ және чигил-шекті дейтін руларын өздеріне бағындырған қыпшақтар, оларды өздерімен бірге ертіп алып оғыздардың Сыр бойындағы қоныстарына шабуыл жасаған. Қыпшақтармен бірге Сыр бойына ауып келген шекті тайпасы, қоңыраттардың III-IY ғасырлардан бастап қалыптаса бастаған батыс тармағымен тек XI ғ ортасында немесе екінші жартысында ғана бірге көшіп-қона алған. Келтірілген аргументтер мен тарихи-этнологиялық фактілерден көрініп тұрғандай Алпамыс батыр жырындағы “қоңырат Байбөрі мен шекті Сарыбай екеуінің бірге көшіп-қонып жүріп құда болатын“ сюжет XI ғасырда пайда болған.
Қоңыраттардың б.д.д. II ғ. қалыптаса бастаған батыс тармағы б.д. 87 ж. Батыс Монғолияда Сяньбилерден жеңілген солтүстік хундардың, яғни хиониттер мен эфталиттердің құрамында Тарбағатайға, одан кейін Батыс Жетісу мен Сыр бойына қоныс аударған бөлігі. Дәлірек айтсақ, Өзбекстанның аталмыш өлкелерін мекендейтін қоңыраттар ІҮ ғасырдағы хиониттердің ұрпағы. Ал, қазақ тайпаларында кездесетін қоңыраттар – Эргене қондағы Қияннан тараған ұрпақтың бір тармағы.
XIII ғ. Шыңғысхан әскерімен бірге Орта Азияға келген қоңыраттардан бөтен оларға дейін Сыр бойын мекендеген қоңыраттардың болғандығын дәлелдейтін фольклорлық және этнологиялық факті ол – Алпамыс пен оғыздардың ауыз әдебиетіндегі Бамсы Бейректің бір кейіпкер екендігі. Егерде Алпамыс пен Бамсы Бейрек бір кейіпкер болса, онда “Алпамыс батыр” жыры мен Қорқыт ата кітабындағы Бамсы Бейрек туралы әңгіме, бір эпос және қоңыраттардың Сыр бойындағы батыс тармағы мен Батыс Жетісудағы оғыздардың арасында саяси мәдени байланыс болған.
Бичуриннің пікірінше, оғыздар б.д. II ғасырда батыс Жетісуда қалыптасып өз алдына автономды дамыған. Демек, Орта Азияға келген хундар яғни жоғарыда айтылған хиониттер мен усундардың батыс бөлігінің араласуынан оғыз тайпасы пайда болған. Хиониттермен араласқан усундар, яғни оғыздар Жиделі байсын атауын Өзбекстан жеріне апарғаны жөнінде жоғарыда баяндадық. Орхон түркілеріне жататын ашина, ашидэ, ұйғырлардың руна ескеркіштері мен ауыз әдебиеттерінде Алпамыс пен Бамсы Бейрек туралы дерек кездеспейді. Егерде Орхон түркілерінің жазба және ауыз әдебиеттерінде Алпамыс пен Бамсы туралы дерек жоқ болса, онда Батыс Жетісудағы оғыздар, Орхон түркілері емес, олардың батысқа ауған бір бөлігі.
Енді Түргеш қағанатының негізін қалаған қағанның қытайлық Учжилэ атауының түркілік транскрипциясының этимологиясына тоқталайық. Учжилэ, қытай тілінде Юйчжилэ болып та айтылғандығына мән берген Ю.Зуев, бұл атаудың түркілік транскрипциясын Иузлик деп береді.
Бұл атаудың түркілік транскрипциясы Усчилэ/Йусчилэ (Ө.Панзарбектің кеңесі) деп те айтылады. Усчилэ Йусчилэ, ус-йус және чилэ деген екі атаудан құралған. Н.Я.Бичурин атап көрсеткендей чилэ атауын оңтүстік қытай тарихшылары телэ деп қате айтқан. Ал “Тугю-Түркүл” атты зерттеуде біз “ч” дыбысының “т” болып та дыбысталғандығын, яғни чилэ, тилэ болыпта айтылғандығын дәлелдедік . Олай болса, Усчилэ (Йусчилэ, Устилэ) Йустилэ болып та айтылған. Йустилэ, “с-з” және “и-е” сәйкестері бойынша Йузтеле болып айтылған. Йузтеле, йуз және теле деген екі атаудан құралған.
Атақты түрколог ғалым В.В. Радлов: “Весь последний отрывок относится к Гуззамь или Узамь…, то Гузы /Узы может быть все равно что «юзь»,… — деп жазады. Демек “йуз” сөзінің төркіні, “гуз” немесе “огуз” атауы болып шығады (К вопросу об уйгурах. СПб. 1897.с.117). Оғыздарда “жүздік” (сотня) деп аталған әскери бөліктің болғандығын айғақтайтын дерек А.Н.Кононовтың аудармасындағы Әбілғазының, Түркімен шежіресінде келтірілген. “Оғұз-огуз” этнонимінің бастапқы о-дыбысы айтылмай “ғұз–гуз” болып айтылғандығын араб-парсы дерек көздерінен белгілі. Олай болса, “ йуз” – жүз сөзінің төркіні, “оғұз” этнонимінің “ғұз-гуз” дейтін нұсқасы. Йуз-жүз сөзінің төркініне жасалған талдаудан көрініп тұрғандай бұл атау оғыздардың қатысуымен немесе оғыздардың этнонимімен байланысты пайда болған. Йузтеле атауындағы теле, 487 ж. Фуфулоның көсемі Афучжилоның басшылығымен Монғолиядан Ертістің жоғарғы ағысына қоныс аударып келген ұйғырлардың бір бөлігінің атауы. Сонда Йузтеле, оғыздар мен теле-ұйғырлардың атауларын біріктіріп айтудан пайда болған антропоним емес, күрделі лақап атау болып шығады.
“Синьтаншу” дерегі бойынша Учжилэ Суйле-Суябтың солтүстік-батысында өмір сүріп күш жинаған. Шу бойындағы Суябьтың солтүстік-батысы, Талас өзенінің орта ағысы “Қорқыт Ата кітабы” мен Әбілғазының «Түркімен шежіресінің» дерегі бойынша оғыздар Сыр бойына ауысып келгенге дейін Алмалық қаласы, Шу мен Талас өзендерінің бойын, Көкше теңіз-Ыстық көл төңірегін мекендеген. Ал араб дерек көздерінде YIII ғ. екінші жартысында Сырдың орта ағысын жаулап алғанға дейін оғыздардың Шу бойында Ескі Гузия деп аталған астана қаласының болғандығы туралы дерек кездеседі. Келтірілген тарихи деректерден көрініп тұрғандай оғыздардың алғашқы отаны – Батыс Жетісу, ал астана қаласы Шу-Суяб бойындағы Үлкен Орда, яғни Ескі Гузия болған.
Сары түргештердің, яғни теле-ұйғырлардың көсемі Учжилэ Йузтеле Талас бойындағы оғыздардың әскери күшімен Шу бойын жаулап алып, Үлкен Орда немесе Гуз Орда қаласын салған. Сары түргештердің тегіне оғыздардың қатысқандығын түргеш этнонимінің төркіні дәлелдейді. Түргеш, “түр” және “геш” дейтін екі атаудан құралған, түр атауының фонетикалық варианты – тур, ал тур, “Тугю–Түркүл” атты еңбекте дәлелдегендей мықты, күшті деген мағынаны білдіретін термин. “Геш” атауының фонетикалық нұсқасы – гуз, ал гуз, “огуз” этнонимінің бастапқы о дыбысы түсіп қалған нұсқасы. Олай болса, түргеш мықты, күшті “гуз–огуз” мағынасын білдіретін этноним. Батыс Жетісудағы оғыздардың “оғуз” атауымен шығыстағы Селенга бойындағы ұйғырлардың тоғыз руы, “тоғыз огуз” болып аталуы әбден мүмкін.
Оғыздар, б.д.д. I ғ. екінші жартысында Чжичжи Шаньюймен еріп келген және б.д. I ғасырының соңында Орта Азияға ауып келген солтүстік хундар мен жергілікті «усундардың» араласуынан пайда болған этнос екендігін “огуз” этнонимінің төркіні дәлелдейді. “Оғуз,” оғ және уз дейтін екі атаудан құралған, оғ-жебе, ру-тайпа мағыналарын білдірсе, ал уз – жоғарыда дәлелденгендей “усун” этнонимінің түбірі. Сонда “ғуз,” «усундардың» бір тайпасы болып шығады. “Оғуз”, Модэ шаньюйдің мұсылман тарихшыларының еңбектеріндегі баламасы, ал Модэ, хундардың шаньюйі болғандықтан оғыздардың этногенезіне солтүстік хундар араласқан, осылар Модэ-Оғыз туралы аңызды жаңадан қалыптаса бастаған тайпаның арасында тартқан дейтін қорытынды жасай аламыз. Қытай тарихындағы Модэнің мұсылман тарихшыларының еңбектеріндегі “Оғуз” екендігі дәледенген. Олай болса оғыздар – Орхон түркілері емес, Батыс Жетісудағы жергілікті “усундар» мен ауып келген солтүстік хундардың, яғни хиониттердің араласуынан пайда болған жаңа этнос. Йуз-жүз, гуз, йузтеле атаулары мен түргеш, оғыз этнонимдерінің төркіндеріне жасалған талдаудан көрініп тұрғандай Юйчжилэ — Йузтеле — оғыздардың “гуз-йуз “ атауы мен теле-ұйғырлардың “чилэ –теле” атауын біріктіріп айтудан пайда болған осы екі этносты бейнелейтін жинақтауыш лақап атау.
Ал осы қорытынды негізінде қоңыраттардың батыс тармағы б.д. III-IYғ.ғ. тек Сыр бойына ғана емес, сондай-ақ ақ және қызыл хиониттер мен бірге Амудария бойындағы қазіргі Сұрхандария облысында тараған, яғни М.Шайбанимен бірге келген қоңыраттарға дейін Жиделі Байсынды қоңыраттардың батыс тармағының бір бөлігі қоныстанған дейтін қорытынды жасай аламыз. М.Шайбаниге еріп келген көшпелі өзбектер арасындағы қоңыраттар Жиделі Байсынды өз үлестеріне тигендіктен емес, сол жерде бұрыннан қоңыраттар болғандықтан соларға қосылып бірге мекендей бастаған. Жасалған осы қорытындыларға байланысты аталмыш эпостарды, тек фольклорлық тұрғыда ғана емес, сондай-ақ тарихи-этнологиялық тұрғыда да зерттеу керек деп есептейміз.
Қытай тарихындағы “усун”, “чиди”, “чилэ”, түркі тілдеріндегі жеті–йеті, жиде, су, ус, өзен, монғол тіліндегі усу–усун атаулары мен Манас, Бамсы, Алпамыс эпонимдерінің Учжилэ-Юйчжилэ-Йустеле лақап атауының, йуз–жүз сан есімінің, чик, чигил, шекті, “гуз-оғуз” этнонимдердің, Жетісу, Жиделі байсын этнотопонимдердің төркіндері мен мағыналарын анықтауға, тарихына, этнографиясына, олардың қатысумен Орта Азияда жүрген этногенетикалық процестерге, әдеби-мәдени байланыстарға жасалған зерттеу мен талдау “усун”-дардың қыпшақтардың антропологиялық этнографиялық, этногенетикалық, географиялық тұрғыдан алған да өзгеше бөтен этнос екендігін дәлелдеп берді. Осы дәлелдерге сүйене отырып “усундар», қыпшақтар емес дейтін қорытынды жасай аламыз. Олай болса Қ.Салғараұлының “усун”-қара қыпшақтар деген болжам пікірінің ғылыми негізі шындықтан алыс. Әлеуметтік топта халықтық сана, шежіренің қоғамда алатын орны туралы ғалым Н.Әлімбаев теориялық тұрғыдан кезінде дәлелдеген.
Сонымен, жоғарыда айтылған деректерді қорыта келе, б.д.д. ІІІ-І мыңжылдықтарда европа нәсілді көшпелі тайпалар жунди, байди, ди, чиди немесе олардың жалпы атауы динлин тайпалары қыпшақтарға қатыстығы жоқтығы байқалады. Өйткені қыпшақ, дәлірек айтқанда сары қыпшақ атауы тарихта б.д.д. 201 жылы алғаш пайда болған. Сонымен қатар, көне қытай деректерінде жун мен үйсіннің тегі бір екендігі баяндалады. Айталық, қытай тарихшысы Су Бейхәйдің “… у-сұнның шыққан тегі – сәй-жұң” деп айтуы терең ой салады. Қытай жылнамаларындағы көне үйсіндердің лауазымдары жөнінде жапон ғалымы Бәй-ниау-кужи өзінің «У-сұндар жөнінде дерек» атты мақаласында у-сұн мемлекетінің билік атауында кездесетін «ми» (күн би, күн бег, гун-мо, улуғ, тарқан) иероглифі түрік тіліндегі «би» мағынасында, бұл – Елбасы деген ұғымдарды танытқан деп айтады.
Осы усунь елінде қалыптасқан биліктің кейінгі мирасқорлары түркі тілдес тайпалардың басын біріктіріп, біздің заманның ҮІ-ҮІІІ ғасырларында көне Түркі қағанатына билік жүргізді. Бұл биліктің басында ашина түрктер тұрды.
Көрнекті түрколог ғалым Алтай Аманжолов усунь этнониміндегі ус түбірін көне түркінің ус немесе ас сөзімен салыстырады. Бұл сөздердің мағынасы Махмұд Қашғаридің сөздігінде «бүркіт» деп берілген. Бүркіт атауындағы бүрк – буруг атауына ут көптік қосымшасы жалғануы нәтижесінде кірігу-фузияға ұшыраған бург, яғни бөрі. Көне түрктік Тоныкөк ескерткіш жазуында айтылатын турк есір бодун – «түрк бүркіт халқы» деген тіркес (есір сөзі тува тіліндегі эзир – «бүркіт» сөзімен төркіндес) ашина билеуші тайпаның баламасы. Сонымен бірге Күлтегін ескерткішіндегі мәрмәрдан қашалған мүсіннің тәж маңдайшасында бүркіт кескіні тегін бейнеленбесе керек.
ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
2.1Сарыүйсіндер
Көптеген тарихи деректемелер бір ауыздан үйсіндердің қазақтардың ғана емес, күллі Орта Азия аймағындағы басқа түркі халықтарының әтникалық тарихында үлкен маңыз атқарған Жетісудағы көне түрік руларының бірі екенін айтады. Жетісу үйсіндері туралы тұңғыш мәліметтер біздің дәуірге дейінгі II ғасырдағы қытай жазба деректерінде кездеседі, олардың түтін басы сол кездің өзінде 120 мыңға жетіп, 630 мың адам және 188 800 әскер шығара алатыны шежіреге түскен. Бұның бәрі олардың үлкен де күшті халық болғанын көрсетеді, тіпті олармен қытайлар да, ғұндар да есептесіп отырған. Қытай императоры үйсіндермен үнемі елшілік алмасып келді. Бірде Үйсін әміршісі (Гуньмо) Шын еліне жаңа елшілік жіберіп, Қытай ханшасын айттырып, оған қоса 1000 жылқы беруін талап етеді.
Оның тілегі орындалып, ханша үйсін-дердің қартайған патшасына тоқалдыққа ұзатылады, ал оның бәйбішесі ғұн билеушісінің қызы еді. Өмірде басқа әдет-ғұрыптарда тәрбиеленген ханша далада құса болып, киіз үйде тұрып, ет жеп, сүт ішетін қарт патшаға тигеи мұңын шағыгг. тағдырын өлецге қөстьт. Бұдан біз Үйсін әміршісінің патшалармен неке байланыстары, олардың ғұндармен тығыз тізе қосып, ңатар ғұмыр кешуін көреміз. Олардың озара соғысып, бірақ бейбіт күндері неке одақтарын жасауға дейін келісіп, патшалар отбасы араласқаны және олар көбінесе саяси сипат алатыны аян. Бичуриннің дерегі бойынша, үйсіндер әуелгіде Булунцзир өзенінің алқабында Дун-Хуан мен Унлян-шань маңында көшіп-ңонып жүрді. Бұл өлке Жетісудан недәуір шығысқа қарай жатыр, біраң Қазақ ССР тарихы 1-томының авторлары ңазіргі археология мен палеантропология жетістіктеріне сүйеніп, сақтар мен үйсіндердің тамырластығын дәлелдеп, күмәнді сейілтіи, Жетісудың кең-байтақ жері олардың ата жұрты деп есептейді. Ңытай деректері бойынша, Жетісу үйсіндері туралы біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдан бастап мағлұмат жетіп отыр, әйтсе де бұл бұған дейін үйсіндер болмады деген сөз емес.
Информация о работе Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері