Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:03, курсовая работа
Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.
Кіріспе.....................................................................................................................4
І. Үйсіндер этногенезі
1.1 Үйсіндер туралы этнографиялық ғылыми зерттеулер........................6
1.2 «Жетісу — «жетіге бөлінген усун»...............................................................8
1.3 «Байсын» этнотопонимінің пайда болуы...................................................9
ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
2.1Сарыүйсіндер..................................................................................................18
2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері.....................................................................23
Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................27
1.2 «Жетісу — «жетіге бөлінген усун»
Усундардың хун тайпасын құраған шунвэйлік Лан тайпасының тіліндегі чиди атауы қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігі мен үндестік заңына сәйкес «жеті» болып айтылған, аффрикат ч дыбысы, ж-ға ауысқанда ұяң д дыбысы, т қатаңына, и дыбыстар, е болып өзгеріп жете, ал жете е–і сәйкестігі бойынша жеті болып өзгеріп болып айтылған. Чиди атауының түркі тілдерінде жеті немесе иеті болып айтылуына байланысты Жетісу атауының бірінші компоненті, жеті сөзі мен сан есімі пайда болған. «Цяньханьшу дерегі бойынша усундар: Да-лу, Гян, Хэу, Да-гян, Ду-юй, Да-ли, Кигюнь дейтін бөлікке бөлінсе, ал Далу: Сянда-лу, Цзо да-лу, Ю-да-лу деген үш бөлікке, Гян екіге, Хэу үшке Дагянь екіге, Дали екі Ше-чжун Да-лиге бөлінген). Усундардың осылай жеті бөлікке бөлінуіне байланысты олардың қытайлық чиди атауының түркі тілдерінде «жеті – иеті» болып айтылып «7» деген санның атауына айналған. XIY ғасырдың ортасында дулат тайпасының ықпалы күшті жүрген кәзіргі Оңтүстік шығыс Қазақстан, Қырғызстан аумағында құрылған мемлекет Моғолстанның синонимі ретінде «жете» атауы қолданылған. Сондай-ақ, орта ғасырда өмір сүрген Жамал Каршидің жазбаларында да «жете» атауы кездеседі. Демек түркі тілінде айтылатын Жете (жеті) мен Жетісу атауының арасында үзілмей келе жатқан мағыналық байланыстың сақталуы осында болса керек.
Көне дәуірдегі этностардың саяси-әкімшілік және әлеуметтік құрылымында орын алған тарихи оқиғалар халықтық этнографияда із қалдырып отырады. Мысалы, ортағасырлық мұсылман тарихшысы Ш.Иаздидың, «Зафарнама» деген кітабының кіріспесіндегі, «Түрік халқында не нәрсені болса да тоғызға жеткізетін әдет бар, бұл әдет моғолдардың алғашқы тоғыз ханына байланысты пайда болған салт-дәстүр болатын» дейтін дерек пен Әбілғазы шежіресіндегі «Бұл тайпадан (моғолдан) тоғыз кісі патшалық қылды. Алғашқысы – Монғол хан, соңғысы – Елхан» деген дерек пікірлері дәлелдейді. Монғолдың алғашқы тоғыз ханына байланысты түркілерде не нәрсені де тоғызға жеткізу дәстүрі сияқты жеті бөлікке бөлінген усундардың мемлекеттік құрылымында орын алған тарихи оқиғаларға байланысты қазақтарда да «жетісі» деген этнографиялық әдет-ғұрыптың және «жеті» деген сан есімі бар екендігі белгілі.
Жетісу топонимінің бірінші компоненті, жеті сөзінің этимологиясы мен семантикасы анықталғаннан кейін енді оның екінші компоненті, су атауының төркіні мен мағынасын анықтау қажет. Жоғарыда «су» мағынасын монғол тілінде усун-усу атауының беретіндігін атап өттік. Түркі және монғол тілдерінде су, өзен мағыналарын білдіретін «усун» «этнонимімен аталған этностың «чиди» атауы, түркі тілдерінде «жеті» болып айтылуына байланысты осы этностың антропологиялық типі мен этникалық ерекшелігін анықтайтын қытай тіліндегі «чиди усун» тіркесі, түркі тілдерінде «жеті усу» болып айтылған. «Жетісу» тіркесі түркі тілдері дамуының хун дәуірінде пайда болғандықтан және хун мемлекетінің құрамында түркі және монғол тілдерінде сөйлейтін әртекті этностар болғандықтан бұл тіркестің «усу» деген екінші сыңарының бастапқы «у» дыбысы, айтылуындағы интерференция салдарынан түсіп қалып, бұл атау Жетісу болып айтылған. Осыдан барып Жетісу деген этнотопоним пайда болған. Жетісу атауының төркіні мен мағынасынан көрініп тұрғанындай бұл атау «усун» этносының қытай тіліндегі «чиди» атауының түркі тілдерінің фонетикалық ерекшеліктері мен үндестік заңына сәйкес пайда болған нұсқасы және тек географиялық атау ғана емес, сондай-ақ этнотопоним болып шықты. Сонымен Жетісу этнотопонимінің төркіні мынадай: Жетісу — «жетіге бөлінген усун» мағынасын білдіретін атау.
1.3 «Байсын» этнотопонимінің пайда болуы
«Усун» этносының қытайлықтар тіліндегі «Чидиусун» атауы тек Жетісу этнотопонимінің пайда болуына ғана негіз болмай, сондай-ақ Жиделі Байсын этнотопонимінің пайда болуына да негіз болған. «Усун» аталғандар «Шицзи» дерегі бойынша б.д.д. III ғ. Гансудың батысындағы Гуачжоудан Дуньхуанға дейінгі аралықты, «Цяньханьшу» дерегі бойынша б.д.д. II ғасырдың бірінші жартысында қазіргі Жетісу өлкесі мен Қырғызстан жерін мекендеген. Гуачжоу мен Дуньхуан аралығында және Жетісу мен Қырғызстанда жиде деген жеміс ағашы өседі.
Усундардың сақал-шашының жирен-қызғылт болуы және «усундар» өмір сүрген жерлерде үнемі жиде ағашының өсуі, «усундардың» қытайлық «чиди» атауының түркі тілдеріндегі нұсқасы – жиде атауының жемісі қызғылт түсті ағаштың атауына айналуына себепші болуы мүмкін. Жиде фитониміне есімдерден қатыстық сын есім жасайтын «лі» өнімді жұрнағының жалғануынан, «жидесі көп жер» мағынасын білдіретін «Жиделі» атауы пайда болса керек.
Усундар қасқыр-ит тотемді болған. Қытай ғалымы Лиң Хәннің пікірін дәлел ретінде келтірейік: «Усун көне кездегі еліміздің солтүстігіндегі көшпелі ұлттардың бірі Тотемі — бөрі еді». Усундар қасқыр – ит тотемді болғандықтан оларды борусун, яғни бөрі үйсін деген. Айтылудағы интерференция салдарынан усун атауындағы у түсіп қалып, борсун болып айтылған. Р-ды дыбыстамайтын алғашқы қытайлықтар барсун атауын байсун деп дыбыстаған. Байсун қазақ тілінде байсын болып айтылады. Ордос өлкесін қытайша Вэйчень, түрікше Байсун немесе Байсын деген: «Олар Ордосты Вэйчен (Бейчин – Байшин-Байсын) ұлысы деп атаған.
Бұл үзіндіде Қоңыратбаевтар қытай тіліндегі Вэйчен сөзінен түркі тіліндегі Байшин–Байсын атауын шығарған. Ақиқатында олай емес, керісінше Вэйчин – түркі тіліндегі Байсун–Байшун атауының қытайша дыбысталуы – транскрипциясы. Борсун–Барсун бөрі усун немесе үйсін деген мағынаны білдіреді. Барсун қазақ тілінде Барсын немесе Баршын болып айтылады. Барсун – Барсын-Баршының өзгерген түрі, Байсун — Байсын-Байшын, яғни бұл сөздер төркіндес, мағыналас. Дәл осындай пікірді Ә.Қоңыратбаев та айтқан: «Көк түріктер ескі Бейжинге барғанда, оны Бейжин (Байсын) деп атаған. Бұл екі атау (Баршын – Байсын) түбірлес». Осы тұста екі Байсын деп қос аймақтың географиялық шегіне байланыста айтылған. Ал, Байшын, Бейжин, Байсын түрінде топонимге айналған байсын, яғни үйсін елі ежелгі Бейжиннің солтүстігінен ауа көшіп, Талас өңіріндегі жаңа (батыс) Бейжинді қоныстанады, оны Ә.Қоңыратбаев, – Ақбешін дейді.
Байсын атауы қытай тарихшыларының еңбектерінде де кездеседі. Мысалы: Сыма Цяньнның еңбегіне ғылыми түсініктеме жасаған Р.В.Вяткин мен В.С.Таскин: «Байсын –дословно «сто фамилии», — деп жазады. Демек, Байсынға байланысты келтірілген түсінікте оның ру екендігі айтылады. Ал қытай ғалымы Фань Вэнь-лань: «Байсын это старинные роды, существовавшие со времени системы «отречения от власти». Таким образом, байсын было общим названием аристократии», — деп анық айтады
. Сонымен жоғарыда келтірілген мәліметтерді қорыта келгенде «Байсын» сөзінің төркіні тайпа, халық деген этнонимді білдірсе керек.
Қиыршығыс тайпаларының этногенезін зерттеген ғалым Г.М.Василевич: Этноним бай впервые упоминается китайскими источниками в 694-250г.до н.э. как название одной группы динлинов — Бай ди. Определитель самоназвания (-ди) – бай имеет два перевода: «северный» (по Иакинфу) и «белый» (по Позднееву) — деп жазады да, Ұлы жүз ордасының түп атасы ретінде Байшораны айтады Осы орайда, Солтүстік Қытайда ақсары жирен шашты адамдар – динлиндердің б.д.д. YII-III ғасырларда Минусин ойпаты мен Тува жерлерінде өмір сүргені ғылымда белгілі.
Көне дәуірде усундар мен олардың бір тармағы дулулар Ордос өлкесін мекендеген. Мысалы, дәлел келтірейік: «Как об одном из результатов похода Тоньюкук рассказывает о последнии тюрков в земле Усын (ушын) – бундату (Тон.,19). Название Ушин до последнего времени сохранялось в топонимике северо-западной части Ордоса (к северу от Великой стены)». Осы келтірілген үзіндіде бұрынғы Усын жері дейтін сөздер бар. Б.д. YII ғасырдың соңына таман усундардың ұрпағы дулаттар мен басқа да ұлы жүз рулары қазіргі Жетісуды мекендеген. Ал, б.д.д. II ғасырда усундар Ертістің бастауы мен Шыңжаң өлкесінің солтүстігін мекендеген. Көрнекті түрколог ғалым С.Г.Кляшторныйдың, Ордостың солтүстік-батыс бөлігінің топонимикасында Ушын атауының соңғы кездерге дейін сақталған деген дерегіне сүйенсек, онда Усын мен Ушын — «усун» этнонимінің фонетикалық варианттары. Олай болса, «усундар» бір кездері Ордоста мекендеген. Атақты археолог ғалым С.Киселевтің айтуынша: «В настоящее время можно считать общепринятым, что динлинские племена, наряду с другими, в XY века до нашей эры населяли области между Гоби и Хуанхэ».
Демек, ертеде Гоби мен Ордос аралығын қасқыр – ит және құс тотемді тайпалар мекендеген. Мысалы, көне қытай жазбаларынан деректер келтірейік: “Чи-ди суть древнейшие потомки собак, отсюда и иероглиф ди имеют ключь, означающии собаку”.
«Осы кезде Кунмо жаңадан дүниеге келген еді. Тәрбиешісі оны мамыққа орап, шөп арасына апарып қойып, оған азық іздейді. Қайтіп келсе оны қасқырдың емізіп, аузына ет тістеген қарғаның оның жанына ұшып келіп тұрғанын көреді» — дейді қытай ғалымы Чын Кывей.
Бірінші үзіндіде айтылып тұрған ит жундардың б.д.д. ІІ мыңжылдық пен І мыңжылдықта Гоби мен Ордос аралығында өмір сүргендігі қытай тарихында баяндалған. Ал екінші үзіндідегі усун гуньмосын емізетін қасқыр–қысылғанда желеп-жебейтін усундардың тотемі ал, ет әкеліп беретін қарға-жетім қалған гуньмоны асырап алатын хуннудың шаньюйі. Қасқыр атауындағы бірінші буын қас – қызыл деген мағынаны білдірген. Сонда қасқыр – қызыл бөрі деген мағынаны білдіреді. Қазақ шежіресінде Қызылбөрік, Қызылқұрт сияқты ру аттары кездеседі. Қасқыр-ит тотемді усундар, Аристовтың айтуынша қырғыздармен туыстас. “… в западном Тянъшане и ныне так что аймаки нушиби состояли преимущественно из кыргызов с некоторой примесью дулатовских родов. … что нушиби были усуни. … китайские историки называли их сначала усунями, … к которому принадлежала властвовавшая династия, а во время турковь – аймаками нушиби, …”. Қазақтың энциклопедист ғалымы Ш.Уәлиханов қырғыздардың арасынан өздерін қызыл иттен тарататыны туралы аңыз әңгіме жазып алғаны бар.
Үйсіндердің Ордосты мекендегенін дәлелдейтін екінші бір этнотопономиялық факті, ол – қытай тарихындағы Вэйчен атауы. Жоғарыда біз Вэйченнің түркі тілдерінде «Байсун» яғни Байсын екенін атап өттік. Қытай тарихында Ганмуда оңтүстік хундардың Лю тармағынан шыққан Лю Вэйчен деген кісі атауы кездеседі. Осы Лю Вэйчен Ордостың батысындағы, яғни Ушын дейтін этнотопоним болған өлкедегі хундардың көсемі болған. Лю Вэйчен антропонимі мен Ушын этнотопонимінің Ордостың батысындағы атаулар ретінде Ганмуда тіркелуі, «усундардың» Ордостың батысын мекендегендігін дәлелдейтін ономастикалық және тарихи фактілер болып табылады. Кезінде хұн мемлекетінің даңқын қайта дәуірлеткен қолбасшы Хален баба осы Лю Вэйченнің баласы болатын. Бұл қолбасшылар атақты шаньюи (жоғарғы бас билеуші) Мөденің тікелей ұрпақтары болатын. Қазіргі уақытта шапырашты тайпасының қария әңгімесінде кездесетін Хален баба атауы Сайрам жеріндегі Қарамұрт елді мекенінде сақталынған.
Ордостың ономастикасында «Байсун» – Вэйчен атауы болғанымен бірақ, Жиделі атауы кездеспейді. Ордос ономастикасында жиделі атауының кездеспейтін фактісіне сүйене отырып, Жиделі Байсын атауымен алғаш рет қазіргі Жетісу жері аталған дейтін қорытынды жасай аламыз. Жетісу мен Жиделі Байсын – бір хронологиялық кезеңде, бір территорияда хұн тайпасы Лан – Хэляндықтар тілінде, «усундардың» жетіге бөлінуіне және олардың «Жиделі жердегі Байсын» аталуына байланысты пайда болған егіз атаулар. Жиделі Байсын, қазіргі кезде Өзбекстан жерімен ағатын Амударияның бойындағы жер атауы. Осы фактіге байланысты алғаш рет Қазақстанның оңтүстік-шығысында пайда болған егіз атаудың «Жиделі Байсын» деген сыңарын Амудария бойына апарып жерсіндірген кімдер деген заңды сауал туады?
Қазақтың ғұлама ғалымы Ә.Марғұлан Қорқыт кітабынан мынандай дерек келтіреді: “Оғуз заманында Усун қожа дейтін бір кісі бар еді. Олардың отырған өлкесі – Көкше теңіз”. Сондай-ақ, Өзбекстандағы Жиделі Байсын, Қашқадария, Сурхандария бойын мекендеген аталмыш кітапта Конгур-ат түрінде әліптенген хон-хират, яғни қият тайпасының, Қарақалпақ жеріндегі орта ғасырлық Қият, Нукус қалаларының атауы. Эфталиттар мен хиониттердің тегі туралы бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары арасында екі түрлі көзқарас қалыптасқан болатын. Л.Гумилев және басқалар хиониттерді, сармат-алан тайпасына жатқызса, ал А.Н.Бернштам бастаған кейбір ғалымдар оларды хундар, деп біледі.
Б.д. IY ғасырының ортасында Мауараннахрға келген хиониттер ақ және қызыл бөліктерге бөлінген. Осы хиониттердің “ақ” аталған бөлігі Византия тарихына “ақ гун” атауымен тіркелген эфталиттер ал қызыл аталған бөлігі сақал–шашы жирен түсті «усундар» Осы хиониттердің “қызыл” аталған бөлігі «усундар» екендігін Өзбекстанның Ауғанстанмен шекаралас Сурхандария облысында Байсунтау оронимі мен Байсун қаласының және Жиделі Байсын этнонимінің кездесуі дәлелдейді. Ал хиониттердің яғни хун-көне монғолдар екендігін ерте орта ғасырлардан бері Амудария бойында орналасқан Кият және Нукус қалаларының аттары дәлелдеп тұр. Қият, Хун этнонимінің фонетикалық нұсқасы – Қиян атауының, яғни Эргене конға жасырынған тегі монғол Қиян атауының көшпелі түрі, ал Нукус – Қиянмен бірге Эргене конға жасырынған Негуз. Мауараннахрға келген хионит – Қият пен Нукус, Эргене кондағы Қиян мен Негуз емес, бұлар көне монғолдардың батысқа ауған негізгі бөліктерінің бірі. Қазіргі уақытта Түлкібас ауданында қоныс жайлайтын Нөкіс руы өз шежіресінде Жаныс–Жанбайға қатысты айтылады. Жырау Қазанғап Байболұлы жырлаған «Еңсегей бойлы ер Есім» атты дастанында кездесетін: «Ұлы жүз алты ауыпты, Байсынға деген сөзі бар» –деген өлең жолдарына мән берген ғұлама ғалым Ә.Марғұлан, Жиделі Байсынды ең алғашқы рет арман қылу ұлы жүзді – деп сілтеме жасаған көрінеді.
“Қазақ Совет энциклопедиясы” мен “Қазақстан” ұлттық энциклопедиясында XVI ғ түркі тайпаларының бір бөлігін өзіне ертіп алған Мұхамет Шайбани Орта Азия жерін басып алғанда қазіргі Сұрхандария облысындағы Жиделі Байсын қоңырат тайпасының үлесіне тиіп, жаңа қонысқа ауысқан қоңыраттардың саяси және әлеуметтік өмірінде орын алған тарихи оқиғалар, қазақтың “Алпамыс батыр” жырында эпикалық түрде суреттелді деп жазылғаны бар. Сонда Жиделі байсын, қоңыраттар XVI ғ. барғанға дейін қазіргі Сұрхандария облысында болған топоним болып шығарды. “Алпамыс батыр” жырында қоңырат Байбөрі мен шекті Сарыбай, бірге көшіп-қонып жүріп құда болады .Кіші жүз шежіресі бойынша Әлімнен тарайтын Шекті руы, XІX ғ. Қазалы, Перовск уездері мен Арал теңізінің Солтүстік-батысынан Жем, Жайық өзендеріне, оңтүстік-батысынан Хиуа хандығына дейін көшіп-қонып жүрген. Ал қоңыраттар XIY-XY – ғ.ғ. «Қазақ СССР тарихының» дерегі бойынша Түркістан өңірінен бастап Сыр бойы жоғарылай және Қаратау бөліктерін мекендеген. Қоңырат және шекті этностарының географиялық орналасуынан көрініп тұрғандай бұл екі этнос XY-XYI ғасырларда да, XІX ғасырда да бірге көшіп-қона алмаған.
Информация о работе Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері