Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 23:03, курсовая работа

Краткое описание

Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

Содержание работы

Кіріспе.....................................................................................................................4

І. Үйсіндер этногенезі
1.1 Үйсіндер туралы эт­но­графиялық ғылыми зерт­теулер........................6
1.2 «Же­­тісу — «жетіге бөлінген усун»...............................................................8
1.3 «Байсын» этно­то­­понимінің пайда болуы...................................................9

ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері
2.1Сарыүйсіндер..................................................................................................18
2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері.....................................................................23

Қорытынды..........................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Қазақ аумағындағыҮйсіндер ескерткіштері курстық жұмыс20032003.doc

— 259.00 Кб (Скачать файл)


 

                                                            

 

Жоспар

 

Кіріспе.....................................................................................................................4

 

І. Үйсіндер этногенезі

1.1 Үйсіндер туралы эт­но­графиялық  ғылыми  зерт­теулер........................6

1.2 «Же­­тісу — «жетіге бөлінген усун»...............................................................8

1.3 «Байсын»  этно­то­­понимінің пайда болуы...................................................9

 

ІІ.Ұлы жүз үйсіндері. Үйсін дәуірінің ескерткіштері

2.1Сарыүйсіндер..................................................................................................18

2.2 Үйсін дәуірінің ескерткіштері.....................................................................23

 

Қорытынды..........................................................................................................26

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Кіріспе

 

       Б.з бұрынғы бірінші мыңжылдықтың басында мал шаруашылығы мен егіншіліктің едәуір дәрежеде қарқынды дамуы, кен өндірісінің жолға қойылуы сол қоғамдағы өндіргіш күштің дамуын басып озды. Темірді пайдаланып үйрену, одан әр түрлі еңбек құралдарын жасау да өндіргіш күштердің даму қарқынын күшейте түсті. Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар санының өсуі мен өндірістің даму деңгейі арасында теңсіздік пайда болды. Мал санының өсуі дәстүрлі шаруашылыққа айналды.

       Адамдардың негізгі тұрмыс тіршілігі мен әл-ауқаты мал өнімдеріне байланысты болғандықтан жаңа өндірістік қатынастар қажет болды. Бұл жағдайдан шығудың сол кезде екі түрлі жолы бар еді. Біріншісі, егіс көлемін бірнеше есе көбейту және мал басын одан әрі көбейте отырып, малдың қыстық шөбін көбірек дайындау. Бірінші жолды таңдауға Қазақстан жерінің табиғаты мен климаты сәйкес келмеді, яғни суармалы егіншілікті дамытуға суландыру жүйелері жеткіліксіз болды және оны дамыту мүмкін болмады. Екіншісі, малды қысы-жазы далада жаятын интенсивті көшпелі мал шаруашылығы еді.

      Қазақстанның кең-байтақ аумағы жері мен табиғат ерекшеліктері де көшпелі мал шаруашылығын өркендетуге ыңғайлы болатын. Еуразия далаларын мекендеген тұрғындардың тарихи тәжірибесі көрсеткендей, бұл ұлы далада тек көшпелі өмірмен ғана тіршілік етуге болатындығы дәлелденген еді.

     Қола дәуірінің соңғы кезеңінде басталған көшпелі мал шаруашылығына ауысу ежелгі Қазақстан тайпаларының тарихи дамуының жаңа кезеңімен байланыстырылды. Осылайша шаруашылықтың үрдісі дамуы нәтижесінде б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың басында Қазақстан аумағында алғашқы көшпелі тайпалар пайда болды. Көшпелі мал шаруашылығына көшу далалар мен шөлді аймақтарды мекендеген тайпалар өмірінде сол кездегі жағдаймен салыстырғанда ірі экономикалық алға басушылық еді. Б.з. бұрынғы бірінші мың жылдықтың алғашқы ғасырларында Қазақстанның кең байтақ далалары мен шөлейт жерлерінде жартылай көшпелі мал шаруашылығы шаруашылықтың басым және негізгі түрі болып орнықты.
       Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан жеріндегі тайпалар мен халықтардың ежелгі тарихын зерттеуде жазба деректердің елеулі рөлі бар. Осы мәліметтерге қарағанда, Қазақстан жерінде тұрған ежелгі тайпалар темірден заттар жасауды игеріп, қуатты тайпалы одақтар құрған. Темірді игеру өндіргіш күштер дамуындағы ірі төңкерістердің бірі болып табылады.
       Андрон мәдениетінің Нұра кезеңінен бастау алған мал шаруашылығы Алакөл-Атасу кезеңінде малды көшіп жаюға ауыса бастады. Яғни, Қазақстан жеріндегі көшпелі мал шаруашылығын б.з.д.1 мыңжылдықтың басында қалыптаса бастады деп айтуға толық негіз бар. Бұл кезде қолға үйретіліп өсірілген малдардың ішінде жылқы, түйе және қой түлігі көбейіп, жыл маусымына немесе жайылымға қарай жиі көшу дағдыға айналды. Жоғарыда аталған үш түліктің көшпелі шаруашылыққа төзімді екені белгілі. Ал сиыр малы ұзақ көшке ілесе алмайды және қыста тебіндеп жайыла алмайды. Сиыр малы отырықшы халықтарда ғана көптеп өсірілді. Аталған үш түліктің көшпенділер қоғамында, одан бертін келе көшпелі қазақ қоғамында, олардың тіршілігінде орасан зор маңызға ие болғандығы халық ауыз әдебитеінде, тұрмыс салт жырларында және т.б. көрініс тапқан. Қазақтар өз балаларын жақсы көріп еркелеткенде «ботақаным», «құлыным», «қошақаным» деп те атайды. Ал, «бұзауым», «лағым» деп айту дөрекілеу естіледі.
       Еуразияның ұлы даласын мекендеп қана қоймай, осы даланың ұлан-байтақ кеңістігін еркін билеген, оның табиғи байлығын, географиялық орналасуын көшпелі шаруашылыққа икемді пайдалана білген тайпалар көшпенділердің ұлы өркениетін де жасай білді. Әсіресе жылқы малын көлікке де, тағамға да, тұрмысқа да тиімді пайдаланған көшпелі тайпалар осы түлікке қатысты ұлы жаңалықтар да ашты. Мысалы, ат әбзелдері мен жылқы малынан алынатын тағамдар кейіннен басқа өркениеттерге де таралды.
      Көшпелілер өркениетінде жерге жеке меншік болған емес. Жер бүкіл тайпаның, қауымның меншігі болып саналды. Көшіп-қону мен жайылымдарды тайпа басшылары реттеп отырды. Байлық пен бедел мал санының, әсіресе жылқы санының көптігімен өлшенді.

       Көшпелілер өркениетіне баға беруде көпке дейін моноцентристік, еуроцентристік және шовинистік көзқарастар басым болып келді. Бұл көзқарастар бойынша Еуразияның далаларын мекендеген көшпелілерге «жабайы», «тағылық» тұрмыста өмір кешті және мәдениет пен білімнен, өркениеттен мақұрым қалғандар ретінде баға берілді. Тіпті «көшпелілер өркениеті» деген термин қолданылмады да. Бұл көзқарастар көшпелілер мәдениетін шала білгендіктен және азиялық өркениетті менсінбеушіліктен туған еді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жоғарыда аталған көзқарастарға батыл соққы берілуде. Көшпенділер мәдениетінің әлемдік өркениеттің құрамды бір бөлігі болғандығы көптеген тарихи, археологиялық ескерткіштермен, еліміздің танымал тарихшылары мен мәдениеттанушыларының еңбектерімен дәлелденуде.

     Қолдарына көп мал жинаған бай-шонжарлар өз тайпаларымен бірге жайылым жерлерді үнемі ауыстырып отырған, олар қоғамдағы ықпалды күшке айнала отырып, далалық және шөлейт жерлерді интенсивті түрде игере бастаған. Осы заманда мал және жайылым жерлер үшін тайпалар арасында жиі-жиі соғыстар болды. Бұл соғыстардан әскер және тайпа басшылары байыды. Әскер басшыларының беделі артып, олар бейбіт уақытта да халықты билеп отырды. Маңызды мәселелерді шешу үшін ақсақалдар кеңесі құрылды. Тонаушылық соғыстардың жиіленуі және шаруашылықтың дамуы бірнеше тайпалардың бірігуін қажет етті. Осылайша экономикалық және саяси себептерге байланысты тайпалық одақтар құрылды.

 

 

 

 

І. Үйсіндер этногенезі

1.1 Үйсіндер туралы эт­но­графиялық  ғылыми  зерт­теулер

Ресейдің XIXғ. соңғы ши­­ре­гімен XX  ғасырдың бі­рін­ші жар­ты­сындағы белгілі сая­хат­шысы әрі этнографы Г.Е. Грумм-Гржи­май­ло мен түркі тай­палары ту­ра­лы  терең  эт­но­графиялық  ғылыми  зерт­теу жүр­гізген орыстың екінші бір эт­нографы  Н.А.Аристов, б.д.д. 1 мың­жылдық пен б.д. 1 мың­жыл­дығының басында Оңтүстік Сі­бірді мекендеген ақ-сары шаш­ты, көк көзді европа нәсілді дин­­линдердің батыс тармағы мен Қазақстанның көшпелі тай­па­ларының араласуынан қып­шақ­­тар пайда болған дейтін бол­жам айтқаны бар. Сондай-ақ, совет тарихшылары М.И. Ар­та­монов пен Л.Н. Гумилев өз ең­бек­терінде  қыпшақтар, батыс дин­линдердің ұрпақтары деген пі­кірлер келтірген. Евразияны б.д.д. 1 мыңжылдық пен б.д. 1 мың­жылдығына мекендеген бүкіл түр­кі тілдес этностар қыпшақтар, де­ген  зерттеушілер де жоқ емес (М.Аджи). Ал түркі тайпаларының эт­никалық тарихын өндіре зерттеп жүр­ген Қ.Салғараұлы осы ежелгі тү­рік халықтарының су бойын жай­лағандарын, оғыздар, далалық ай­мақтарды мекендегендерін, қып­­шақтар деп екіге Қ.Салғараұлы, өз кон­цеп­ция­сы­­ның, «далалық аймақтарды ме­­кендегендер, қыпшақтар» дей­тін негізгі көзқарасын немесе бас­­шы идеясын одан ары дамыта көш­­пелі мал шаруашылығымен ай­­налысқан бүкіл түркілерді, қып­­шақтарға жатқызып ал қып­шақ­тарды, географиялық ор­на­ла­­суына қарай дүниенің төрт құ­­быласына сәйкестендіре: шы­­ғыс жақтағыларын – көк, ба­тыстағыларын – ақ, оң­түс­тік­тегілерін – қызыл, сол­түс­тік­те­гілерін – қара қыпшақтар, деп төрт­ке бөледі. Ол Сыма Цян­ның, Ши­цзи–і мен әулеттік та­рих­тардағы жунди, ди аталған эт­нос­тар­ды қытайдың солтүстігін жай­ла­ған ертедегі түркілер деп та­уып, ал бұл түркілерді, қытай та­рих­­шыларының «байди»  «чиди» «жун­­ди» деп бөлек-бөлек атауына бай­­ланысты дүниенің төрт құ­бы­ла­сына сәйкес көк, ақ, қызыл, қа­ра деген түстік атауларымен атал­­ған ежелгі қыпшақтар дейтін қо­­рытындыға келген.

«Чиди» атауы, солтүстіктегі қы­­зыл көшпелілер, ал «байди» ақ ди мағыналарын білдіреді (Би­чу­­рин Н.Я. Собрание сведений о на­­родах, обитавших в Средней Азий в древние времена. Ал­маты. 1998, том1.с.217). Ертедегі қы­тай­лықтар, өздерінің «жун» жә­не «ди» деген көршілерін антро­по­логиялық типі мен эт­ни­калық ерек­шеліктері ұқсас бол­ған­дық­тан» «жунди» дейтін бір атау­мен атаған

        Қы­­тайлық жинақтауыш атау­лар­дың синологтар анық­та­ған ма­ғынасынан көрініп тұр­ған­дай бұл атаулар, дүниенің төрт құ­быласының түстік атау­лары емес. Олай болса, Қ.Сал­ға­ра­ұлы­ның  «жунди» және «ди» атал­­ған этностарды қытайдың сол­­түстігін мекендеген ертедегі түр­­кілер, ал бұл түркілерді дү­ние­нің төрт құбыласына сәй­кес­­тендіріле түстік атауларымен атал­­ған ертедегі қыпшақтар дей­тін қорытындысы шындыққа ке­ле бермейді. Сондай-ақ,  Қ.Сал­ға­­раұлы  «усун» атауының ма­ғы­­на­сын, у – қара, сун – ұрпағы, яғ­­ни усун, қараның ұрпағы деген ма­­ғы­наны білдіретін атау деп бе­реді. Қазақстандық си­нолог Ю. Зуев усун атауының ма­ғынасын қар­ғаның ұрпақтары, деп береді. Дә­лірек айтсақ, «ие­рог­лифическая эти­мология зна­ков у-сунь значит по­томки Во­рона»

Ю.Зуев ертедегі Үндістан мен Қы­тай  мифологиясында  ару­­на   жә­не Чи-у атты қы­зыл қар­ғалардың күн­ді бей­не­лей­тін­­дігін, ал Ал­тай­дағы шор хал­­қында «қызыл қар­ға» деген сү­­йек – атаның бол­ғандығын ар­гумент ретінде кел­тіріп, усун атауының «қара қар­ға­ның ұр­пақтары» емес күнді бей­не­лей­тін «қызыл қарғаның ұр­пақ­та­рының «мағынасын біл­ді­ре­тіндігін дәлелдейді. Сондай-ақ хал­қымызда айтылатын «қар­ға тамырлы қазақ», Алматы об­лы­сында «Қарғалы» деп ата­ла­­тын жер атаулары кездесуі кез­­дейсоқтық емес. Олай бол­са, Қ.Сал­ғараұлының усун – «қа­ра­ның ұрпағы»  мағынасын  біл­ді­ре­тін атау дейтін пікірі қай­шы­лық­­ты. Бір ескерер нәрсе, сөздің не­­месе атаудың мағынасы, оның төр­­кіні – этимологиясы, яғни ал­ғаш­­қы мағынасы емес. Өйткені, әр­­бір тілдің лексикасындағы сөз­дер­­дің сол тілдің тарихи даму ба­­рысында бірнеше мағынаға ие болатындығы тіл ғылымынан бел­­гілі. Сол себепті, сөздің төр­кі­­ні – этимологиясы мен оның ма­­ғынасы – семантикасын бір-бі­рі­мен шатастырмау керек. Қытай та­рихына тіркелген «усун» ата­уы­ның «қарғаның ұрпақтары» дей­­тін мағынасы, бұл атаудың төр­­кіні, яғни алғашқы мағынасы емес, кейін пайда болған екінші ма­ғынасы. Усун атауының  осы ма­­ғынасы, кейін пайда болған екін­­ші мағына екендігін түркі тіл­­деріндегі «су ағатын арна» ма­ғы­­на­сын білдіретін сөз  «ус, өзен, су» мағынасын беретін суғ, суб, ус және монғол тіліндегі осындай ма­­­ғынаны білдіретін «усун» «усу» атауларының төркіндері дә­лел­­дейді.

«Усун»   этнонимі   қазақ    ті­лі­­нің грам­матикасы бойынша жү­р­ген эво­люциясы барысында «усун», түр­кі және монғол тіл­де­­рінде тек «су» дейтін ма­ғы­на­ны ғана емес, сон­дай-ақ «өзен» де­­ген мағынаны да білдіретін атау. Осыған дәлел кел­тірейік: «За­падно-сибирские в верх­неенисейские топонимы с этим ком­понентом имеют тюркс­кое проис­­хождение и фор­мант ус яв­­ляет­ся стяженной фор­­мой древ­не­тюркского геог­­ра­фи­ческого тер­­мина угуз или огуз (<онгуз>) «ре­­­ка». Қытайда қызмет жа­са­ған қазақтың  тарихшы ғалымы Нығ­­­мет  Мыңжан да Үйсін тай­па­сы­ның таң­баларының бі­рі  (ағын су) фор­ма­сында кез­де­се­тін­дігін ай­тады.

Өзен, су мағыналарын біл­ді­ре­­тін ус, усу, усун, атауларынан кө­­рініп тұрғанындай бұл атау­лар мен қытай тарихындағы «усун» ата­уы­ның төркіні бір, яғ­­ни алғашқы ма­ғынасы бір. Егер­­де өзен, су ма­ғыналары біл­ді­ретін ус, усун атау­лары мен қы­тай тарихындағы усун ата­уы­­ның төркіні, яғни ал­ғаш­қы мағынасы бір болса, он­да усун атауының қытай та­ри­хы­на тір­кел­ген «қарғаның ұр­пақ­та­ры» дей­тін мағынасы ке­йін пай­да бол­ған екінші ма­ғы­на. Ма­те­ма­­тикалық логикаға құ­рыл­ған, ма­­тематикалық дәлдікпен дә­лел­­дейтін ғылыми танымның де­дук­­циялық әдісі арқылы «усун» ата­­уының қытай тарихындағы «қар­­ғаның ұрпақтары» дейтін ма­ғын­асы, бұл атаудың төркіні, яғ­ни ал­ғашқы мағынасы емес, ке­йін­гі екін­ші мағынасы екендігін дә­лел­­дейді. Осы дәлелдеуге  сүйене оты­­рып, Қ.Салғараұлының усун – қып­шақтардың солтүстік бө­лі­гі­­нің, яғни қарақыпшақтардың эт­­никалық атауының қытай ті­лін­де­гі калькасы дейтін жорамал пі­кі­­рі шындыққа жанаса бермейді. Жасалған осы тұжырымды нықтай түсетін эт­­нологиялық аргумент пен фак­ті, ол – б.д.д. IIғ. мен б.д. ал­ғаш­қы ғасырлары аралығында усун атал­ған этнос мекендеген тер­ри­то­рияның қазіргі кездегі «Же­ті­су» атауының этимологиясы мен се­­мантикасы.

«Цяньханьшу»-да усундар­дың антро­пологиялық типі: көк көз­ді, жирен, яғни қызғылт шаш­ты, ақ­құба болып берілсе, ал олар­­дың астанасы, Чигу – Қызыл қор­­ған дейтін атаумен берілген. Усун аталғандардың ша­­шы жирен-қызғылт болуы, ал  астанасы Чигу-Қызылқорған бо­­лып аталуы бізге усундар, қы­тай­­ша чиди-қызыл көшпелілер атал­­ған этностардың бірі болған дей­­тін тұжырым жасауға негіз бе­­реді. Осы чиди атауы, чилэ, ал чи­лэ, тиелэ немесе тэлэ болып өз­­геріп, осы тэлэ аталғандармен б.д.д. III-II жылдықтары Сол­түс­­тік Қытайда және б.д.д.1 мың­жыл­­дықтың екінші жартысында Ми­­нусин ойпатын, Саян тау­ла­рын мекендеген көк көзді, жи­рен шаш­ты, дөң мұрынды дин­лин­дер­дің антропологиялық типі бір екен­дігі Гумилев пен  Грумм-Гржи­майлоның  зерттеулерінде дә­­лелденген. Мысалы: Л.Гумилев бы­­лай жазады: «к степной группе ди относится: теле, усуни и за­го­доч­ные бай-ди» (. Егерде усундардың антро­­пологиялық типі ақсары шаш­ты, қызғылт сақалды, дөң мұ­­рынды теле-динлиндермен бір болса, онда «усундар», чиди атал­­ған этностардың бірі болған.

Информация о работе Қазақ аумағындағы үйсіндер ескерткіштері