Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 13:22, реферат
Революцияға дейін өндірісте майдың өндіруі болған.1913жылда осы мақсатпен 97,4% сүт қолданылған. Ал қалған сүттің 2,5% сүзбені және тұтас сүтті өнімді өндірген. Қазіргі уақытта сүт өндірісі келесі бөліктен тұрады:тұтас сүтті, сүзбелі, майдайындағыш және сүт консервалы болып бөлінеді.Тұтас сүт өнімдерге-ішетін сүт,кілегей, қышқыл сүтті сусындар:кефир,простокваша,ацедофилин және т.б.,ірімшік, қаймақ. Оларды негізінде қалалық сүт зауыттарында өндіреді. Технологиялық процесс тұтас сүт өндірісінде жаңа технологиялық процесстің өндіруі де болады.
Тандап алынған құрал-
жабдықтардың жиындық
кестесі
№ | Құрал-жабдықтардың таңдауы мен есебі | Маркасы | Саны | Қуаттылығы |
1 | Таразы | СМИ-500 | 1 | 500л |
2 | Сорап | Г2 0ПА | 1 | 6300л |
3 | Сүт тазалағыш сепаратор | А1-ОЦМ-5 | 1 | 5000л |
4 | Қатпарлы пастерелизатор қондырғысы | А1-ОК2Л-5 | 1 | 5000л |
5 | Кілегей бөлгіш сепаратор | ОС2-Т3 | 1 | 5000л |
6 | Нормалаушы сепаратор | Г9-ОСП-3М | 1 | 3000л |
7 | Кілегей жетілдіру ваннасы | ВСГМ-2000 | 1 | 2000л |
8 | Ыдыстау автоматы | Б2-ОРМ | 1 | 100 ф/ч |
Қортынды.
Мен сүт және сүт өнімдерінің технологиясы пәнінен курстық жобаны орындадым. Курстық жобаның тақырыбы: Қуаттылығы 17тонналы сүт зауытының жобасы. Осы жобаға сүйене отырып, оған арнайы ассортименттерді енгіздім. Олар: Майлығы 3,2% пастерленген сүт, кефир 3,2%, 20% қаймақ, майсыз ірімшік және қоютылған сары су. Осы өнімдерге қарап, шикізаттың қозғалыс кестесін де жасадым. Осы өнімдерінен бір өнімге техно-химиялық және микробиологиялық бақылау кестесін жасадым. Содан кейін әрбір өнімдерге сәйкес формулаларды енгізіп, шығарып есеп өнімін жүргіздім. Таңдалған өнімге сүйене отырып, технологиялық құрал-жабдықтардың таңдауы мен есебін жүргіздім. Ал оған сүйене отырып, таңдалып алынған құрал-жабдықтардың жиынтық кестесін құрдым. Курстық жұмыс МЕСТ пен техникалық нормативті құжаттың талаптарына сүйене отырып орындалды.
Сүт өнеркәсібі өндірісінде нақты міндеттер қойылуда, өнімнің сапасын арттыру мен биологиялық құндылықтарын жақсарту көзделуде. Маңызды шешім ретінде шикізат көздерін кешенді қолдану жатады. Отанымыздың азық-түлікпен (сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99 %, ал ірі қара еті 40-45 % дейінгі деңгейін құрайды. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдер де көбеюде.
Ірі қара шаруашылығының нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады.
Сүт өнімдерінің құрамында алуан түрлі химиялық қасиет бар, ферменттер, микроағзалар орын алады. Ақ өнімдердегі В1 дәрумені жүйке-жүйесі мен мидың әрекетін жақсартады. В2 дәрумені ферменттер қатарынан орын алып, углевод және белокты алмасуда қатысады. Ол жануарлардың микроағзаларында түзіледі. Сүттің құрамында 0,94-тен 1,73 мг/кг дейін орын алады. Дәрумен В12 сүтте 0,10 –нан 0,30 мг/кг-ға дейін бар. Дәрумен РР тұрақты, әрі сүтте 1,50-ден 1,66 мг/кг дейін орын алады, бұл ағзаның тері ауруларына көмек беріп, ферменттер құрамында қышқылдық-тұрақтандыру үрдістерінде жүзеге асады. Ол ағзаны тұрақтандырып, көп сырқаттарға қарсы тұруға шақырады.
С дәрумені кейбір жұқпалы сырқаттарға пайдалы, бауыр, бүйрек ауруларында көмек. Сүтте 9,5-тен 18,0 мг/кг болады. Сүттің химиялық құрамы малдардың тұқымына және жасына байланысты, жыл мезгіліне, жем сапасына, қорщаған ортаның жағдайына қатысты. Сүт пен сүт өнімдерінің қасиеті химиялық құрамға ғана байланысты емес, олардың бөліктерінің физикалық жағдайына да байланысты. Сүттің физикалық жағдайы тығыздығымен, қысымымен, тұтқырлықпен, электрөткізгіштікке, жылу және басқа да қасиеттерге қатысты. Сүт тығыздығы сүттің салмағына қатысты көп жайлардан хабардар етеді, қалыпты сүттің тығыздығы 1,027 –ден 1,032 г/см (куб).
Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлімде жұмыстың жалпы аппараты, яғни өзектілігі, мақсат –міндеті, құрылымы, әдіс-тәсілдері арқау болды. Негізгі бөлімде - Майлылығы 2,5% пастерленген сүт технологиясы.Жоғары әдісімен өндірілетін шаруашылық сары май технологиясы. Жоғары майлылықтағы кілегей алу әдісімен өндірілетін Вологодский сары май технологиясы. Майсыз ірімшік технологиясы. Қоюлатылған сары су технологиясы
Өнімнің
есебі. Технологиялық және микробиологиялық
бақылау. Екінші бөлімде – Жоғары әдісімен
өндірілетін шаруашылық сары майының
ТХБ кестесі тақырыбы қарастырылады. Мен
осы курстық жобаны жобалап, нарықтың
жобасына сай келеді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1.Азық-түлік өнімдерінің тануы. Кузимбаев. Альжанова.А.С.
2.Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы. Гисен.
3.Сүт және сүт өнімдерінгің технологиялық процесі. Нұржанова.А.А.
4.Сүт өнімдерінің технологиясы. Крусь.Г.Н. Чекулаева.Л.В. Шалыгина.Г.А.
5.Құрал жабдық технологиясы. Золотин
6. Уразова Р. Итоги развития пищевой и перебатывающей промышленности за 2003 год и перспективы на 2004 год // Пищевая и перебатывающая промышленность Казахстана. №1. 2004.
7. Рахимбаев
Т.С. О перспективах развития
отраслей переработки
8. Сборник аналитических обзоров рынка растениводческой продукции за 2005 год, 2 ч. Астана, 2006. АО «Казагромаркетинг», исследовательско-аналитический центр.
9. Кәрібаева
А. Сүт өндіру саласының
10. Сатыгүл
С.Ш. Развитие животноводства
в реализации Государственной
агропродовольственной
11. Каримов Ж. К., Төреханов А. Ә., Даленов Ш. Д., Жазылбеков Н. Ә. Ірі қара мал шаруашылығы , сүт пен ет өндіру технологиясы. Алматы, 2005. -274 бет.
12. Бердалиев К. Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001 жыл. – 129 бет.
13. Томбаев
224-227 бет.