Инвестициялық портфель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая Талга.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

-инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

-жеңілдіктері мен  артықшылықтары жүйесін белгілеу;

-Қазақстан Республикасының мүддесін  инвесторлар алдында көрсетуге  өкілетті, біріңғай мемлекеттік  органның болуы.Заңда тікелей  инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

Бұл қолдаудың мақсаты-экономиканың басым секторларында тауар өндірісін,жұмыс  пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамассыз ету үшін қолайлы  инвестициялық климат жасау болып  табылады.

Мемлекеттік тікелей қолдаудың  ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің бірқатарын шешу қажет:

—Жаңа технологияларды,алдыңғы қатарлы техника мен ноу-хау енгізу;

—Жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

—Отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру;

—Экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

—ҚР-ның шикізат базасын  ұтымды және кешенді пайдалану.

—Менеджмент пен маркетингтің қазіргі әдістерін енгізу;

—Жаңа жұмыс орындарын құру;

—Жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың,олардың мамандық деңгейін жоғарылатудың жүйесін енгізу;

—Өндірісті күшейтуді қамтамассыз ету;

—Қоршаған табиғи ортаны жақсарту.

Басқарупроцесі үшін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие.

Соның ішінде,жеңілдіктер  жүйесі:бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша Қазақстан Республикасының  берген кепілдері,сондай-ақ,келісім  шартқа отыру мен оны бұзудың  шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Тікелей инвестицияларды  қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган,инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады.Ол Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру;инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамассыз ету;инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

«Тікелей инвестицияларды мемлекеттік  қолдау туралы»заңды дамытуға байланысты ҚР Президенті 1997ж сәуір айының 5-ші жұлдызында тікелей отандық пен шетел инвестицияларын тарту үшін ҚР экономикасын басым секторларының тізімі жөнінде жарлық шығарды.Бұл секторларға жататындар:

—Өндірістік инфрақұрылым (жолдар,көлік,көпірлер,электр және жылу станциялары,телебайланыс топтары);

—Өңдеуші өнеркәсіп (халық тұтынатын тауарларды,өндіріс құралдарын өндіру);

—Астана қаласының объектілері;

—Тұрғын үй,әлеуметтік сала мен туризм объектілері(денсаулық сақтау,білім беру,спорт,мәлениет,туризм объектісі);

—Ауыл шаруашылығы;

Инвестициялар бойынша ҚР-ның мемлекеттік комитеті белгілеген,ең маңызды өндірістерге салынатын инвестициялар,инвестициялық жобаны жүзеге асырудың бүкіл кезеңінде мемлекет тарапынан ынталандырылатындығы мен қолданатындығы жарлықта бекітілген.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижелі пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілі жұмсалған мүліктік және интелектік құндылықтардың барлық түрлері,капиталдың ел ішіндегі және шетелдік экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестициялар нақты  және қаржы инвестициялары болып  бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құралға  жұмсалымы. Қаржы инвестициялары-мемлекеттен  басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық  қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Бірінші жағдайда, инвестор,өзінің өндірістік капиталының көлеміне-өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Екінші жағдайда,инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.

Сонымен қатар инвестициялар  тікелей және жанама болып бөлінеді. ҚР-ғы  «Тікелей инвестицияларды  мемлекеттік қорғау» заңы бойынша  тікелей инвестициялар - республиканың  тәуелсіздік кепілдігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен  грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар,басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялар қоржыныда жетекші ролге ие болып отырған меншіктік инвестицияларға және қайталама өтімді резервтер дейтін,яғни өтімді активтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.

Инвестицияның негізгі  түрлері:

- Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың,мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі жағдайында қолданылады;

Инвестициялардың бұл сыныптамасы тәуекелдік деңгеймен байланысты - венчурлық инвестициялар.

Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды  бір бөлігі өзінің өндірістік экономикалық потенциялын сақтау және әрі қарай  дамыту. Кәсіпорынның бұл саладағы  іс-әрекеті инвестициялық іс-әрекет деп аталады. ҚР-ның нақты инвестицияларды  мемлекеттік қолдау туралы заңы бойынша инвестициялық іс-әрекетке инвестицияларды атқаруға байланысты кәсіпкерлік іс-әректі жатады.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар,тапсырыс берушілер,жұмысты орындаушылар,инвестициялық  іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалар жатады.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жобалар формасын қабылдайды. Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен экономиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған - жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  2. инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
  3. жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
  4. жер учаскесін алу немесе жалға алу;
  5. келісім құжаттарын дайындау;
  6. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру;
  7. объектіні қолдану,экономикалық көрсеткіштердің монитоингі.

Инвестицияның тағы бір  түрі қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың  бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындары,кәсіпорындағы  үлестік қатысулар, басқа да борыштық міндеттемелер, нарық экономикасындағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.

Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық  операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары жайлы операция.

Коммерциялық тәжірибеде мұндай инвестицияның түрлері:

- табиғи активтерге  инвестициялар;

- ақша активтеріне  инвестициялар;

- материалдық емес  активтерге инвестициялар.

Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар, қызмет ету уақыты бір жылдан асатын әр түрлі машиналар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне - басқа  да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық  жатады. Мысалы, банкіде-депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер,қарыздар,кепілдер.

Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларын қайта  жеке оқыту және біліктіліктерін  жоғарлату арқылы,сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнімге сертификат алу,жерді қолдануға  құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:

- Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.Олардың негізгі мақсаты жабдықтарды ауыстыру,персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын, өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау;

- Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты-өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту;

- Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталған.

Жалпы инвестициялардың ішкі және сыртқы көздері болады. Инвестицияның  ішкі көздерін жинақтар құрайды, яғни алынған табыстардың тұтынылмаған көздері жатады. Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп,ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық субъектілері жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп,ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда «жинақшы» мен инвестор сәйкес.

Инвестицияның сыртқы көздері:

1.Шетелдік тікелей  инвестициялар - ҚР-ның дербес  кепілдіктеріне байланысты және ҚР-на берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.

Шетелдік тікелей инвестициялар  шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны:

а)Халықаралық валюта қоры

б)Халықаралық қайта құру және даму банкі

2.Шетелдік портфельдік  инвестициялар.Жалпы шикізатқа байланысты  компанияның акциясын сатып алу.

3.Мемлекеттік және  мемлекеттік емес ұйымның гранттары.

4.Шетелдік несиелер  мен қарыздар. Олар көбінесе Қазақстанға  халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды  5-7 жылға дейін береді. Олрдың қатарына Ислам даму банкін, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Оңтүстік Корея сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.

 

1.2 Мемлекеттің экономикалық және инвестициялық – құрылымдық саясатын қалыптастыратын факторлар

Біз Қазақстан табыстарының өлшемі деп санауға дағдыланған экономикалық өсу, қалай десек те, макроэкономикалық есептеулерге жақсы болғанымен, нақты өмірді бейнелеуге келгенде біржақтылық танытады. Мәселен, оған қарап кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық қалай қысқарғанын, тұтыну себеті қаншалықты өскенін тіпті түсінуге болмайды.

Сондықтан да, соңғы жылдары Елбасы қазақстандықтарды бағалаудың жаңа терминіне – елдің бәсекеге қабілеттілігіне үйретуге баса назар аударып келеді. Ал Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев даму болашағына деген жүйелік көзқарасты – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын жұрт назарына ұсынды.

Қазақстан әу бастан-ақ осы  заманғы нарық экономикасын құруға күш салғаны белгілі. Мұның өзі  халықаралық қоғамдастықтан лайықты бағасын алды. Біздің еліміз ТМД кеңістігінде алғашқылардың бірі болып өзінің сипатына қарай нарықтық мемлекет деп танылды. Сонымен бірге сапалық серпілісті және әлемнің бәсекеге ең қабілетті елдерінің деңгейіне көтерілуді қамтамасыз ету үшін бәсекелі рыноктың базалық жағдайлары – бір медальдің екі жағы секілді бәсекелестік орта мен мөлдірлік әлдеқайда күшейтілуі тиіс. Президент Жолдауында да, іс жүзінде, экономикалық сипаттағы барлық шаралар да осынау өзекті екі арнаның төңірегіне топтастырылған.

Бірінші: Қазақстан рыногында салауатты бәсекелестік ортаны қамтамасыз ету үшін жағдай жасау.

Бәсекелестіктің жоқтығы  нарықтық өрістің бұзылуына және бағалар мен тарифтерді белгілеуде монополистердің өктемдігіне соқтыратынын тәжірибе көрсетіп берді. Сонымен қатар бәсекелестік өрісін кеңейту рынокты әлдеқайда икемді әрі тұтынушының, яғни қатардағы азаматтың мүддесіне жұмыс істейтіндей етіп қалыптастырады.

Бұл тұрғыда мемлекет пен қатардағы азаматтардың мүдделері үйлесетінін айтқан жөн. Рынок халықтың мұқтажы мен қажетін қанағаттандыруға неғұрлым қабілетті болған сайын әлеуметтік инфрақұрылымға салмақ соғұрлым аз түседі. Сайып келгенде, мұның өзі экономикалық өсу үшін негіз қалайды.

Бұл алдағы кезде Бүкіләлемдік сауда ұйымына өтуімізге байланысты өте өзекті мәселе болып табылады. Егер біз қазірден бастап өркениетті бәсекелестіктің нормалары бойынша өмір сүруге үйренбесек, онда ертеңгі күні бәсекелестік өріс кеңейген жағдайда тиісінше тиімді іс-әрекет жасай алмаймыз.

Президент Қазақстан  рыногында бәсекелестік өрісті айтарлықтай кеңейтуге тиісті тұтас шаралар кешенін белгіледі. Бұл шараларды шешуші үш нақтылы бағыттың төңірегіне топтастыруға болады.

1) Монополиясыздандыру  мен шағын және орта бизнесті  дамытуды ынталандыру. Кәсіпкерлік бәсекелестік ортаны кеңейтудің шешуші факторы болып табылады. 2006 жылғы 1 ақпандағы мәліметтер бойынша елімізде 582,8 мың адам жұмыс істейтін 158,7 мың шағын бизнес кәсіпорны және 186,3 мың шаруа қожалығы болды.

Мемлекет шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыратын тетіктердің әрекет арнасын кеңейтуді көздеп отыр, ол қазірдің өзінде елдің бүкіл ІЖӨ-сінің үштен біріне жуығын өндіреді. Бүкіл осы жұмысты Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры үйлестіретін болады.

Информация о работе Инвестициялық портфель