Инвестициялық портфель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая Талга.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

Инвестиция кәсіпорындар мен өндіріс орындарына,жекелеген  кәсіпкерлерге көп жылға берілетін  капитал екендігін білеміз. Қай  мемлекетте де экономикалық реформалауды жемісті жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен тиімді пайдаланудың маңызы зор. ҚР-да 1994 жылдың 27 желтоқсанынан бері «Шетелдік инвестициялар туралы» Заң жұмыс істейді.Ол ел экономикасына шетелден инвестиция тартудың бірден бір құқықтық-экономикалық негізі. Ал енді айрықша құқық пен жеңілдіктер жүйесіне жол ашқан,кәсіпкерлік белсенділіктің ортақ шарттарын айқындап берген «Шетелдік инвестицияны мемлекет тарапынан қолдау туралы»Заң 1997 жылы 27 ақпанда өз күшіне енген болатын. Мұның сыртында Елбасымыздың Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен басқа да өзге төлемдер туралы» Заңға өзгертулер енгізіліп, ол республикамыздағы инвестициялық ахуалдың құқықтық бағасын жетілдіре түсуде.

Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-ауқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптеп келтіруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы «Өзенмұнайгаз»кәсіпорны мен Өзен қаласы әкімшілігі арасында 2000-2004 жылдарға арналған екіжақты келісімшарт негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды  қаржыландыру  көздері анықталып, іске асырылды. Осы келісім ауқымында балалар үйі және барлық спорттық ғимараттар жөндеуден өтіп,қала іргесіндегі Теңге ауылында жаңа мекетеп салынды. Инвестициялық саясат елдің экономикалық стратегиясының басты элементі бола отырып, оның мақсаттарымен, міндеттерімен сиптталады. Шетел инвестицияларын тарту мынандай мақсаттарға жетудің негізгі шарты болып табылады:

- Мұнай саласын жабдықтаудың базасымен қамту,оны өңдеу мен өндіруді алдыңғы қатарлы технологины қолдану;

- Мұнай-газ кешенінің мекемелерінің өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жобаларының жүзеге асуы;

- Мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттаудан валюталық түсімдерді дамытуды қамтамасыз ету.

1998-2008 жылдар бойынша шетелдік инвестицияның үлестік салмағының артуы Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында әсіресе байқалып отыр. Негізгі капиталға инвестиция салу мұнай-газ секторының объектілері шоғырланған облыстарда байқалады: Қызылорда-69%, Маңғыстау-64%, Павлодар-64%. Бес жыл ішіндегі қаржы-экономикалық аймақтар шетелдік инвестициялардың негізіне Маңғыстау (82%) мен Ақтөбе (94%) облыстарындағы шикі мұнай мен табиғи газды өндіру бойынша объектілердің  құрылымына шығындалғанын көрсетеді.

Қазақстан Республикасына инвестиция салуға қызығушылыққа саяси  тұрақтылық пен шикізаттың және табиғи ресурстардың байлығы себеп болып  отыр. Шетелдік инвестицияларды мұнай  өңдеу өнеркәсібінде пайдалануды  талдау барысында, саланың тартымдылық деңгейі және жобалардың экономикалық перспективалары бойынша орташа разрядқа жататыны анықталды, сондықтан шетел инвесторлары осы бағытта инвестициялау шараларын жүргізуге сақтықпен қарайды. Мұнай өңдеу мекемелерінің шетелдік инвесторлары үшін перспективаларының жағымсыз болуы технологиялық қондырғының моральдық және физикалық тозуы, өндірілетін өнімнің төмен сапасы, экологиялық жағдайды нашарлатушы жоғалулар әсерімен

Ал Қазақстан Республикасындағы  инвестициялық іс-әрекетті шетел тәжірибесі негізінде жетілдіру мәселесіне тоқталар болсақ, жалпы шетел капиталының ағымы және оны тиімді мемлеткеттік реттеу экономикаға оң әсер етеді. Инвестициялар экономикасы  орташа және төменгі даму деңгейі дамушы елдердегі, оның құрамына Қазақстан да енеді, жеке кәсіпкерлікті нығайтуға мүмкіндік береді. Қаржы құралдарын мобилизациялау мемлекеттің экономикалық дамуы мен отандық тауар өндірушілердің әлемдік нарыққа шығуына, өндірістің түрлі саласына жаңа технологиялар тартуға мүмкіндік тудырады. Алайда республика экономикасына шетел капиталының ассимиляциясы жолында кедергі келтіретін жағдайлар бар: экономикалық және шаруашылық жағдайдың тұрақсыздығы, құқықтық базаның және нарықтық жағдайдың жетілмегендігі. Ішкі инвестициялардың өсуіне қарамастан, Қазақстан экономикасында шетел инвестициялары маңызды рөл алады, өйткені олардың негізгі бөлігі қолда бар қуаттарды қайта қалыпқа келтіруге емес, жаңаны құруға салынады. Бұл жағдайда шетел инвестициялары республика экономикасын ынталандыру бойынша қарастырылады, әсіресе кері тенденцияны кеңейту жағдайында негізгі бағыт ретінде. Шетел инвестицияларының ішкі инвестициялардың өсуі мен дамуының катализаторы болады. Әсіресе, бұл тура инвестицияларға қатысты, себебі олармен бірге Қазақстанға тек ақша емес, әлемдік нарықтарда компания-инвесторлармен жинақталған тәжірибе кіреді [3.3б].

Бюджеттен тыс  инвестициялар үшін мемлекеттік  приоритеттер мен сәйкес жеңілдіктер  жүйесі мемлекеттік қаржыландыру орнын  басуы керек. Аталған мәселе бойынша  макро деңгейде бірнеше аспектілерді бөлуге болады:мынадай жағдай қалыптасқан,инвестициялық іс-әрекетте приоритеттер мен жеңілдіктер жүйесі жаңа құрылып жатқанда, мемлекеттік қаржыландыру интенсивті төмендеуде. Инвестиция салу туралы шешім қабылдануының негізгі шарты инвестициялық жобаның тиімділігін шынайы бағалау.Бұл секілді мәселелер өзінің инвестициялық саясатын өзін-өзі қаржыландыру мен өзін-өзі қайтару принципі негізінде құрайтын кәсіпорындар деңгейінде де,жобаны жүзеге асыруға қаржы бөлуші инвестициялық институттар деңгейінде де, сонымен қатар ғылыми және өндірістік бағдарламаны қаржыландыру мен қолдауға бюджеттік ассигнация бөлуші органдар масштабында пайда болады.

Инвестициялық климатты жақсарту мен шетел және отандық инвесторларды эконмикаға тарту үшін келесі шарттар бекітілген:

- Республика деңгейінде бақылау үшін арнайы банктік шоттарды амортизациялық шегерімдерді орналастыру бойынша талаптарды шешу жолымен, өндірістік қорларды мақсатты инвестициялауға амортизациялық шегерімдерді қолдану процесіне қатаң мемлекеттік бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

- Халық жинақтарын міндетті сақтандыру жүйесін бекіте отырып, халықтың банктік жүйеге сенімін арттыру шараларын жүргізу арқылы ішкі жинақ потенциалын жүзеге асыру;

- Инвестициялық климатты жақсарту және шетел инвесторларының ағымын ынталандыру мақсатында жергілікті сот органдарының шешімдерін орындалуын қамтамасыз ету, келісімшарт міндеттемелерін сақтау, отандық және шетел инвесторларына тең жағдай жасау;

- Үкімет деңгейінде ұлттық мүддені сақтау және кәсіпорынның негізгі капиталына инвестиция міндеттемелерін бақылау шараларын заңды түрде бекіту;

- Әрі қарайғы экономикалық даму мен ынтымақтастық үшін нақты секторды несиелеу аясында коммерциялық банктерге өзінің белсенділігін арттырудың жарамды тәсілдерін табу қажет;

- Инвестициялық белсенділікті арттыру үшін қор нарығының дамуын жүзеге асыру;

- Есептеу тәсілінің қарапайымдылығы мен ашықтығын және аймақтың өмірін қамтамасыз етуші факторларды алушы рейтингтік бағаның ортақ жүйесін әзірлеу;

- Аймақтың инвестициялық әлеуетін жетілдіру, яғни әлеуетті инвестициялық ресурстар жиынтығын жетілдіру.

Елдің өнеркәсіптік құрылымын  модернизациялау аясындағы макроэкономикалық  саясаттың негізгі мақсаты –  қарқынды инвестициялық үрдіс үшін жағдай жасау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өзінің өнеркәсіптік құрылымын аз уақыт ішінде модернизациялаған елдер (Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань, кейбір Батыс Европа елдері) жалпы ұлттық өнім құрамындағы  инвестицияның жоғары үлесімен ерекшеленді. Өнеркәсіп құрылымын модернизациялау мақсатында инвестицияны ынталандыру АҚШ-та 60 жылдардың басында да, 80 жылдарда да жүргізілді.

Оңтүстік Шығыс Азия елдері мемлекеттің инвестициялық  үрдіс қарқынына әсер етудің келесі тетіктерін белсенді пайдаланды: мемлекеттік  инвестициялар, тек инфрақұрылымға ғана емес,сонымен қатар басқа да салаларға; инвестициялардың салықтық ынталандырушылары; құрал-жабдықтың импортына кедендік баж жеңілдіктері арқылы бағаны  түсіру; пайыздық мөлшерлемеге әсер ету және оларды  нарықтық   деңгейден  төмен  ұстау [4. 2б].

 

2 ҚР-ғы ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ

 

2.1 ҚР-ғы инвестициялық қызметтің қалыптасу деңгейі

Инвестициялық қызмет –  шаруашылық жүргізуші субъектілер  жүзеге асыратын табыс алу және меншік капиталын өсіру мақсатындағы қаражат  жұмсалымы. Инвестициялық қызмет ерекше маңызды мағынаға ие, себебі экономиканы толығымен, оның басқа да салалары, шаруашылық субъектілерінің тұрақты дамуына негіз болады.

Инвестициялық қызметтің  субъектілері болып инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты жүзеге асырушылар, инвестициялық қызметтің объектісін пайдаланушылар, сонымен қатар жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық қызметтің қатысушылары. Тапсырыс берушілер инвесторлар және инвестор инвестициялық жобаны жүзеге асыруға уәкіл етілген кез келген заңды және жеке тұлғалар, соның ішінде шетел азаматтары және де мемлекет немесе халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және муниципалдық органдар, инвестициялық қызметтің объектісі арналған шетелдік мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін. Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның іске асырылуы практикалық түрде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық сферада іс-әрект жасайды.  Инвестициялық сфера құрамына қосылады:

- Капиталды құрылыс сферасы, яғни салалардың негізгі және айналым өндірістік қорларына инвестицияның салынуы;

- Инновациялық сфера, яғни ғылыми-техникалық өнім және интелектуал- дық потенциялдың жүзеге асырылуы;

- Қаржылық капиталды айналдыру сферасы.

Инвестициялық қызмет «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң, «ҚР Президенті Жарлығын өзгерістері мен толықтырулары туралы» Заң күшіне ие, «Бюджетке төленетін салық және басқа міндетті төлемдер туралы», «Шетел инвестициялары туралы» Заң және «Банкроттық туралы», «Коннцессия туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР –ның инвестициялық қорлары туралы» және де басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Айтылып кеткен заңдар және нормативтік актілермен сәйкес Қазақстандағы  шетел капиталын тартудың негізгі мақсаттары:

  1. Экокномиканы инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету,өзінің ішкі ресурстарының жеткіліксіздігінен;
  2. Үздік технологияларды тарту, ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын енгізу және өндірісті басқару, «ноу-хау»;
  3. Қазақстанның  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын күшейту, әлемдік шаруашылық жүйесінде өз экономикамыздың интеграциялық процесін жандандыру;
  4. Серіктестер мен шетел инвесторларының қазақстандық экономиканы экономикалық ынтымақтастық бойынша сенімді қамтамасыз ету.

Жүзеге асыру процесінде шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесі экономикалық - әлеуметтік мәселелерді шешу қажет:

  • экономикадағы құрылымдық өзгерістерге және нарықтық қатынастардың дамуына  жәрдемдесу;
  • өндірісте бәсекелік сфераны дамыту;
  • экспорттық потенциялдың өсуі мен дамуы, шикізат бағытын жеңу, экспорттық экспасияны күшейту, өз позициясын ішкі нарықта нығайту;
  • ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату және жаңа техника мен технологияға негізделіп, бәсекеге қабілетті үлесті үлкейту;
  • өндірістік және өндірістік емес тұтынуға шығарылған өнімнің дайындылығы жоғары дәрежедегі толық және аяқталмаған технологиялық циклдардың жасалуы;
  • депрессивті,алыстағы,экологиясы нашар аудандарға жәрдемдесу;
  • жаңа жұмыс орындарын жасау.

Қойылған мәселелерді  шешу келесі шарттарды қажет етеді:

  • Алдағы 10 жылдағы Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларының қажеттілігінің болжамын жасау және нақты құйылуын жүзеге асыру;
  • Шетел инвесторлары үшін инвестициялық тәуеклдің минимизациясына бағытталған тұрақты режимді құру және заң арқылы бекіту;
  • Тікелей және қоржындық инвестициялардың құйылуына тиімді стимул жасау;
  • Шетел инвестицияларын реттеуге бағытталған қажетті және тұрақты құқық негіздерін жасау;
  • Жүзеге асырудың ұйымдастырушылық механизімін жасау, бағдарламалық іс-шараларды іздеу және жетілдіру [5. 1б].

Осы мәселелерді шешу, менің ойымша, елімізде тартымды инвестициялық  климатты жасауға және шетел инвесторларының  инвестициялық қызметін күтуге мүмкіндік  береді. Егер де инфляцияның төмендеуі, макроэкономикалық тұрақтылық жүзеге асырылса ғана бұл нақты факт болады. 2007 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі – қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд.теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2% құрады.

Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемі 2005 жылғымен салыстырғанда 10,6% -ке (2005 жылы- 44,7%-ке, 2004 жылы – 48,5%;2003 ж -33%-ке) өсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі кәсіпорындардың үлесі – 47,0%-ды құрады, бұл 2005 жылғы көрсеткіштен 9,6 проценттік пунктке артық.Тұрғын үйлерге салымның үлесі 0,6 проценттік пунктке өсіп, 408% құрады. Машиналарға, жабдыққа,құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 проценттік пунктке төмендеді.

Негізгі капиталға жұмсалған  басқа шығындар 131 млрд теңгені құрады, оның 89,7 проценті геологиялық барлауға жұмсалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктің жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2005 жылмен салыстырғанда 0,5 проценттік пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың  үлесінің 0,6 проценттік пунктке өсуі, басымды экономика салалары: көлік – коммуналдық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық – өнеркәсіптік кешенді қолдау және инфрақұрылымды дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік сектордыдамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылады. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты [6.5б].

 

2.2 Инвестициялық саясаттың қажеттілігі мен өткізу кедергілері.

Инвестициялық саясаттың  мәні өте зор. Мұндай саясатты қалыптастыру қалдықсыз технологияларды кеңінен  ендіре отырып,елдің табиғи байлықтарын  тиімді игеру мүдделеріне де негізделеді. Бұл, республиканың экспорттық әлуетін арттыру - шетелдерге барлық жағынан әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дайын өнім шығруға мүмкіндік беруі қажет. Сол арқылы экономиканың, оның ішінде өнеркәсіптің шикізаттық бағытын жою мүмкін болар еді.

Информация о работе Инвестициялық портфель