Инвестициялық портфель

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2012 в 09:35, курсовая работа

Краткое описание

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Компанияның инвестициялық портфелін қалыптастыру негізі» деп аталады. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі затталған еңбектің өндірісінің қуаттарын жасақтап,оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз – капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Содержание работы

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА АЛАТЫН ОРНЫ.........................................................................5

1.1 Компанияның инвестициялық портфелінің мәні, экономикалық негізі..........5
1.2 Компанияның инвестициялық портфелінің негізгі қызметтері және принциптері..................................................................................................................9

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОМПАНИЯНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ДАМУЫ ............13

2.1 ҚР-дағы қаржылық инвестициялар портфелін қалыптастыру көздерінің негізі............................................................................................................................13
2.2 Қазақстан Республикасындағы компанияның инвестициялық портфелін қалыптастырудың жетілдіру жолдары....................................................................17

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................27

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая Талга.doc

— 404.50 Кб (Скачать файл)

Осымен қатарласа бәсекелестікті арттыру мақсатында монополияға  қарсы заңнаманы реформалау жүргізіледі, бұл заңнама елдегі “жасырын” монополияны күйретіп, босаған экономикалық тауашаларды отандық және шетелдік компаниялар алуы үшін негіз қалайды деп күтілуде.

2) Салықтық ынталандыру  және шетелдік инвестицияларды  экономиканың жаңа салаларына тарту. Бәсекелестік ортаны арттыру рынокқа қатысушыларға салынатын салық ауыртпалығының деңгейіне тікелей байланысты. Бұл салмақ көп болған сайын бизнес субъектілерінің рынокта жұмыс істеуге қызығушылығы сондайлық аз болады.

Мемлекет бәсекелестік ортаны ынталандыру үшін салықтық және бюджеттік құралдарды белсенді пайдалану ниетінде. Осыған байланысты қосымша құн салығын төмендету, әртараптандыруды салықтық және бюджеттік ынталандыру және экономиканың жаңа салаларын дамыту, бұл салаларға шетел капиталы мен жаңа технологияларды тарту қарастырылуда.

Мысалы, бүгінде “кельт жолбарысы” деп аталатын Ирландия салықтық ынталандырудың арқасында  экономиканың қауырт өсуіне қол жеткізгендердің  бірі болып табылады. Мұнда корпорацияға салынатын салық 65-тен 10 %-ға дейін елеулі түрде төмендетіліп, Еуропа бойынша орташа көрсеткіштен әлдеқайда төмен болды. Мұның өзі экономикаға инвестиция тартып, бәсекелестік ортаны кеңейту үшін негіз қалады. Нәтиже көп күттіре қойған жоқ. Осы таяуға дейін шетелдік инвесторлар айналып өтетін “зүбәржат арал” жалпыұлттық өнімді жыл сайын 10 %-ға дейін ұлғайтып, оның өсу қарқыны бойынша бес жыл қатарынан Еуропада бірінші болып тұрды. Осылайша, баршаға бірдей жағдай туғызған және бәсекелестік ортаны күшейткен ирландиялықтар санаулы жылдарда жалпы экономикалық дамуда қауырт сілкініс жасады.

3) Еңбек рыногында  бәсекелестік ортаны нығайту.  Еңбек рыногына қатысушылардың  кәсіби бәсекеге қабілеттілігін  арттыру үшін әлеуметтік көмек  тетігін мақсатты негізде кадрларды  оқыту мен қайта даярлауға бағыттау көзделеді. Мұнда негізгі міндет жұмыссыздардың жұмыс істеушілер қатарына кіруі болуы тиіс. Мемлекеттің жоғары кәсіби және білікті қызметкерлерді тартуға күш сала отырып, шетелдік жұмысшы күшінің келуін ынталандыру ниеті оның еңбек рыногының бәсекелестігін арттыруға деген ниетінің айқындығын көрсетеді. Бұл шаралардың бәрі жиналып келгенде нарықтық ортаның бәсекелестігін күшейту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін елеулі түрде арттыруы тиіс.

Екінші. Экономиканың мөлдірлігін және экономикалық ортадағы әкімшілік ресімдерді арттыру

Экономиканың мөлдірлігі екі негізгі жәйтті қамтиды. Ең алдымен, бұл экономикалық құрылымдық құпиясыздық, ол жария және көлеңкелі экономиканың арасындағы арақатынаспен айқындалады. Екінші жәйт – экономикалық қатынастарды реттейтін әкімшілік ресімдердің мөлдірлігі, қолжетімділігі және ашықтығы.

Бұл ретте соңғысы  экономиканың жалпы мөлдірлігінің  айқындаушы факторы ретінде көрінеді. Айқын да жолға қойылған ресімдердің  жоқтығы бизнестің дамуы мен инвестициялар тартуға кедергі келтіреді, мұның өзі бүкіл жүйені тежейді. Басқаша айтқанда, мөлдірлігі жоқ жүйе өнімді болмайды, демек оның бәсекеге қабілеттілігі нашар келеді. Әкімшілік ресімдердің барынша мөлдір жағдайын жасаған елдер табысты дамып келеді.

Мәселен, мемлекеттік  саясаттың мөлдірлік деңгейі  бойынша әлемде көшбасшы болып табылатын  Финляндияда мемлекеттік инфрақұрылым әлемдегі озық болып саналады және ол көптеген элементтерді қамтиды. Бұл, ең алдымен, заңның үстемдігі, меншік иесінің  нақты айқындалған құқықтары, бюрократиялық аппарат қызметінің мөлдірлігі мен тиімділігі. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың әлемдегі ең төмен деңгейі Финляндияда деп саналады, ал сот жүйесі мен қолданыстағы заңнама тиімді де әділ бола отырып, бизнесті және салық төлеуді заңды түрде жүргізуге ынталандырады. Соның нәтижесінде қазіргі кезде Финляндия экономикасы әлемдегі бәсекеге ең қабілеттілердің бірі болып табылады.

Бұл тұрғыда ашық экономикалық саясатты іске асыруға байланысты Президент  Жолдауындағы идеялар өте өзекті болып отыр. Мұнда жаңартудың жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бес шешуші бағыты дараланып көрінеді. 

1) Қатаң бюджеттік  және салық тәртібін қамтамасыз  ету жөніндегі шаралар. Салық  тәртібі және тұтастай алғанда  салық мәдениеті мөлдірліктің және елдің бәсекеге қабілеттілігінің шешуші факторы болып табылады. Егер шет елдердің тәжірибесіне қарайтын болсақ, оларда салық заңнамасын бұзу қатаң әкімшілік, тіпті қылмыстық жазаға тарттырады. Бұл бұл ма, салықтан жалтару ұлттық қауіпсіздікке төнген ең елеулі қыр көрсетулердің бірі ретінде қарастырылады.

Мемлекет салық ауыртпалығын азайту түрінде салық режімін  ырықтандыруға қадам жасай отырып, өз кезегінде рынок субъектілері тарапынан ойынның салық тәртібін сақтауды қатаң талап етпек.

2) Табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру. Энергетикалық ресурстарды игеру және пайдалану Қазақстанның экономикалық өсуінің аса маңызды ынталандырғышы ретінде көрінеді. Энергетика секторында аса ірі трансұлттық компаниялар мен Қазақстан инвесторларының мүдделері шоғырланған.

Табиғат ресурстарын  пайдалануға қатысты биліктің ашық саясаты қолайлы инвестициялық  ахуалды сақтауға және нығайтуға  негіз қалайды. Бұл тұрғыда үстіміздегі  жылдың наурызында елімізде болған АҚШ  энергетика министрі С.Бодманның Орталық Азия өңірінің энергетика секторындағы Қазақстанның көшбасшылығын атап көрсетуі кездейсоқ емес. Оның пікірінше, бұған мөлдірлік, тұрақтылық және біздің инвестициялық ахуалдың болжамдылығы негіз болып отыр.

3) Мемлекеттік активтерді  басқару тиімділігін арттыру. Мемлекет рынокты дамыту қисынын негізге ала отырып, бүгінде нарықтық қатынастардың бір субъектісі ретінде әрекет етеді. Ол экономикалық үдерістерге басқа субъектілермен қатар тең құқылы ойыншы ретінде қатысады, мұның өзі тұтастай алғанда рыноктың мөлдір болуына жәрдемдеседі.

“Самұрық” холдинг компаниясының  құрылуын нақ осы тұрғыдан қарастырған  жөн, ол алғашқы кезеңде бес компанияның  – “ҚазМұнайГаздың”, КЕГОК-тың, “Қазақстан темір жолының”, “Қазақтелекомның”  және “Қазпоштаның” мемлекеттік  үлестерін біріктіреді. Холдингтің басты міндеті – компанияларды басқару жүйесін жетілдіру, олардың бюджеттерінің мөлдірлігін арттыру. Қоғам күткен, ал бастысы – экономикалық қажеттілік талап еткен шара іске асты.

4) Көлеңкелі экономиканың  көлемін қысқарту. Капиталға және мүлікке рақымшылық жөніндегі бастама экономиканың мөлдірлігін қамтамасыз етудің аса маңызды сәті болып табылады. Бұл ретте, көлеңкелі экономиканың көлемін ескере отырып, ал ол сарапшылардың бағалары бойынша ІЖӨ-нің 22-30%-ына жетеді, бұл мәселенің мемлекеттегі экономикалық саясаттың тақырыбы болудан гөрі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тақырыбына айналғанын түсіну қиын емес.

Рақымшылық шарасы көлеңкелі  экономиканың көлемін қысқартып, жинақталған ресурстарды экономикалық даму мақсатына толыққанды пайдалануға негіз жасауы тиіс. Осы арқылы мемлекет қазақстандық бизнеске рыноктың рухы мен нормаларына сай келетін нақты да айқын ойын тәртібін ұсынды.

5) Жеке меншікті және  келісім-шарттарды қорғау тетіктерін  күшейту. Елдің нарықтық дамуының шешуші белгісі жеке меншікті және бизнес субъектілері қабылдаған келісім-шарттық міндеттемелерді қорғау болып табылады. Жолдауда жеке меншікті қорғауға жәрдемдесетін сот-құқықтық тетіктерді күшейтуге арналған арна нақты көрсетілген [1.2б].

Өз кезегінде мемлекет рынок субъектілері өздерінің келісім-шарттық міндеттемелерін сақтауы үшін экономикалық, әкімшілік, тіпті қылмыстық қудалау тетіктерін қоса алғанда барлық тетіктерді пайдалануды мақсат етіп отыр. Бұл тұрғыда мемлекеттің өзі нарықтық жағдайларда өзіңді қалай ұстау керектігінің үлгісін көрсетуде. Ол тәуелсіздіктің елең-алаңында шетелдік инвесторлармен жасасылған келісім-шарттар аясында өз мойнына алған міндеттемелерді орындауға кепілдік береді.

Әлемнің ең күшті деген  елдерімен тең жағдайда сөйлесе  алатын Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру және нарық жүйесінің мөлдірлігін қамтамасыз ету негізгі факторлар болуы тиіс. Бұл міндеттерді шешу Президенттің биылғы Жолдауының басты мақсаттарының бірі болып табылады.

 

1.3 ҚР-ғы шетелдік инвестициялық  саясаттың дамуы мен оны      жетілдіру жолдары

Кез келген мемлекетке шетел  инвестицияларының келуі және олардың  тиімділігі инвестициялық жағдайдың  қолайлығымен түсіндіріледі. Жалпы еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық  климат нашар болған сайын күрделі  қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсініп емес,керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт,бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық,өндірістік комплексін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді.Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық экономиканың  даму деңгейі болып саналады.

     

1 кесте - Қазақстандағы инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар

 

Фактор атауы

Негізгі әсер(0-ден 7-ге дейін)

әсер ету белгісі.

1.Бюрократия.

2.Елдегіқаржы-салық режимі.

3.Құқықтық инфрақұрылым.

4.Қаржы нарығы.

5.Бөлу арнасының етіспеушілігі.

6.Саяси тұрақсыздық.

7.Айырбастау бағамын  реттеу.

8.Заң шығару тұрақсыздығы.

9.Бұқаралық ақпарт  құралдары.

10.Коррупция.

6,7

3,6

3,1

4,6

1,3

3

2,8

3,9

2,9

6,1

-

+

+

+

-

-

-

-

+

-

Қайнар көзі: Ихданов.Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.- Алматы: Экономика, 2002,153б.


 

Мемлекетке қолайлы  инвестициялық климат жасау - бұл  әртүрлі шаралардың кешені:

1.Мемлекет нарығының әлеуетті сипаттамасы;

   2.Табиғи және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

   3.Экономикалық реформалардың жағдайы мен оның жүзеге асырылуы;

   4.Инвестициялық қызметке арналған заң шығарушы базасы;

   5.Нарықтық инфрақұрылым мен валюталық нарықтың дамуы;

   6.Банктік жүйенің тұрақтылығы;

   7.Саяси климаттың тұрақтылығы мен бағыттылығы.

Шетелдің инвесторлары көбінесе жоғарыда айтылған барлық көрсеткіштер бойынша зерттеп, жоспарлап, шешім қабылдайды. Инвестициялық климат пен инвестициялық тәуекел бір бірімен тығыз байланысты. Егер инвестициялық жағдай қолайлы болса,онда инвестициялық тәуекел аз болады. Ал егер инвестициялық жағдайы нашар болса, онда инвестициялық тәуекел жоғары болады. Мемлекеттің әлеуетті нарықты сипаттайтын көрсеткіш-жалпы ұлттық өнім. КСРО кезінде біртұтас нарықтың әләуетін көп уақыт өте қарастырды және ол инвесторларға негізгі түрткі болып отырды. КСРО ыдырағаннан  кейін әлеуетті инвестор жеке  мемлекеттердің  нарығында жаңа бағыт жасау керек болды. ЖҰӨ көлемі бойынша - Ресей, Белоруссия, Қазақстан, Түркіменстан алды болды. Демек, әлеуетті инвестор үшін Қазақстан нарығы сипаты бойынша тартымды болды. Инвесторлардың көбі Қазақстанның азиаттық өнім нарығына жақын болғанын маңызды артықшылығы дейді [2.5б].

Қазақстан өзінің табиғи байлығымен жақсы қамтамасыз етілген - шикізат және энергия. Қазақстан территориясы (2,7млн.кв.км) ЕЭО (2,3 млн.кв.км) кіретін мемлекеттердің территориясынан үлкен. Сонымен қатар территорияның қолдануының қарқындылығы салыстырмалы түрде аз. Қазақстан әлемдегі шикі мұнай мен газдың ең ірі өндірушілердің бірі, бірақ үлкен иеленбеген территориялар бар және керекті инвестициялар болған кезде оның барлығы қолданылуы мүмкін. Біздің мемлекетіміз дүниежүзінде қоңыр көмір шығару бойынша екінші, тас көмір шығару бойынша үшінші болып тұр.

Асыл түсті және қара металдардың кен орны алдыңғы 15-20 жылда шығарылатынның потенциалды  бағасы 245,7 млрд. АҚШ доллар немесе жылына 2,4 млрд.АҚШ доллар. Ал, эксплутациондық шығындар 160-180 млрд.доллар болып табылады. Отын-энергетика комплексі кен орнының потенциалды бағасы:көмір бойынша-685,5 млрд.,мұнай-222,5 млрд.АҚШ доллар. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, біздің кең-байтақ жерімізде 7 триллион доллардың минереалдық шикізаты шоғырланған. Мұнай өндіруден 2015 жылға қарай 180 млн.тоннаға жетуді межелеп отырған елімізде қазір жыл сайын оның 50 млн.тоннасы өндірілуде. Яғни, Қазақстан - ресурстарына бай, инвестиция салуға тұрақтылығы басты кепілдік бола алатын ел. Нақты деректерге арқа сүйесек, ҚР-ның ішкі қаржы ресурсы мен шетелдік капиталды қоса есептегенде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 19%-ке өсіп, 119 млрд.теңгеге жетті. Сөйтіп, инвестицияның 8,4%-і өңдеуге, 11,1%-і көлік және байланысқа, 56,6%-і тау-кен өндірісіне жұмсалды. Мұның ішінде шетел инвестициясы 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 25,1% болып,  299,5 млрд.теңгені құрап отыр.

Информация о работе Инвестициялық портфель