Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 07:44, дипломная работа
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi пайданы терең зерттеуiсiз шаруашылықтың тиiмдiлiгiн жоғарылатудың мәселелерін шешуге, қорлардың ең аз шығындары кезінде биiк түпкi қаржылық нәтижелерге жетудегі кәсiпорындардың жетекшiлерiмен мамандарыдың және тағы басқа қызметкерлердiң заттық мүдделiлiктерін және жауапкершiлiктерін күшейтуге ғылыми әдіс-амалдардың мүмкiн емес болуында.
Өтпеген өнімнің қалдықтары келесі себептерге байланысты құралады. Дайын өнімнің бір бөлігі оларды буып-түю, орау, тиеуге дайындау, көлік партиясының көлеміне толтыру, есеп айырысу құжаттарын жазу үшін заңды түрде қоймада жиналып қалады. Осы жерде дайын өнімнің қалдықтарының нормадан тыс мелшерде өсуіне кәсіпорынның қаржы қызметінің көңіл аударуы қажет. Өнім шаруашылық байланыстарының үзілуіне байланысты өткізілмей қалуы немесе басқа себептерге байланысты сұранысқа ие болмауы мүмкін. Бұндай жағдай нақты-заттық нысандағы өнімдер өндіруші кәсіпорында орын алады. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тауар ретіндегі өзінің өзгеше нысанына байланысты қоймадағы өнім қалдықтары бола алмай-ды. Бұл сондай-ақ кейбір салалардың өнімдеріне, мысалы, электроэнергетика, көлік, байланыс салаларына да қатысты.
Көп жағдайда тауарлар сатып алушының жауапты сақтауыд, болады, яғни өнім тиеліп жіберіліп сатып алушыға келіп түседі, бірақ сатып алушы заңды негізде оны төлеуден бас тартады. Төлеуден бас тартуының себебі жабдықтаушының жеткізу шарттарын сақтамағандығынан болуы мүмкін.
Есептеу әдісіне көшу енімді өткізуден түсетін табыс оған келіп түскен төлем сомасының мөлшері бойынша емес, оның тиеліп жіберілген көлемімен анықталуына әкелді. Бұл талдаушылар тиелген тауарлар үшін ақшаның келіп түсуіне көңіл бөлмеуі тиіс деген сөз емес. Тиелген тауарлардың бір бөлігін сатып алушылардың уақытында төлемейтіні белгілі. Бұл жағдайда ақшалар-дың түспеуі жабдықтаушыға байланысты емес. Өкінішке орай бұл жағдай әдетке айналған. Төлемеушілік көлемі азайған жоқ, алайда кәсіпорынға ақша алу бағытында жүмыс жасау керек. Ол үшін сатып алушыға тауарды тиеп беруді тоқтату, оны есеп айырысудың аккредитивті нысанына ауыстыру, төлемсіздікті өндіріп алу бойынша банкке талап қою, коммерциялық несиені толтыру қажет.
Нарық жағдайында тиеліп жіберілген өнімдер үшін есеп айырысудың алдын ала төлеу нысаны да қолданылады. Алдын ала төлем жүргізу төлем мерзімі өткен тиелген тауарлардың қалдығын болдырмайды. Тиелген өнімдер үшін есеп айырысудың бұл нысаны көптеген кәсіпорында қолданылады. Алайда оның кемшіліктері де бар:
• біріншіден бұл нысан жабдықтаушылар үшін тиімді;
• екіншіден, белгілі бір дәрежеде өндірілген өнім сапасын бақылау темендейді, әсіресе егер жабдықтаушы кәсіпорын тауарлар мен қызмет көрсетулер нарығында монополиялық орын алатын болса;
• үшіншіден, тұтынушы төлем жүргізгеннен кейін,тауарды қажетті санынан аз алуы мүмкін (мысалы, тоннамен және басқамен өлшенетін шикізаттар мен материалдар сатып алу жүргізілген уақытта) [5].
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді
Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлімшелері болады. Бірақ белгілі бір мөлшерде бұл жұмыс, инфляциясының әсері және шикізат пен отын-энергетика ресурстарында бағаның өсуімен өзінің маңызын төмендетеді. Бағаның күрт өсуі және кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының жетіспеуі жағдайында өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде табыстың өсімі мүмкін емес.
Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды төмендету. Бұл, әсіресе шикізат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қайта өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай-химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды [6].
Шығарушы салаларда табиғи себептерге байланысты табыс есімін пайдалы қазбаларды шығарудың өзіндік құнын төмендету нәтижесінде қамтамасыз ету өте қиын. Бұл негізінде шығару көлемін өсіру арқылы болуы мүмкін.
Соңғы тұтынушыға бағытталған салаларда сұраныс, өзіндік құн деңгейімен анықталатын өндіріс және өнімді өткізу көлемі шешуші мәнділікке ие болады.
Жоғарыда аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша келесі талдау кестесін құруға болады (Кесте 2 қараңыз).
Жалпы табыстың нақты көлемі жоспарланған көлемінен ауытқуға келесі факторлар әсер етті:
1) өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2) өнім бірлігінің бағасы;
3) өткізілген өнім көлемі (саны);
4) өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер [7].
Жоғарыда аталған факторлардың осы ауытқуға әсерін анықтау керек.
Олардың есебі келесі түрде жүргізіледі.
Кесте 2
Кәсіпорынның жалпы табысын анықтау
№ | Көрсеткіштер | Жоспар бойынша | Нақты өткізілген өнімге жоспар бойынша | Нақты |
1. | Өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыс |
|
|
|
2. | Өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны |
|
|
|
3. | Жалпы табыс (1қатар-2қатар) |
|
|
|
1. Өнімнің өндірістік өзіндік құнының өзгерісінің әсері, өткізілген өнімнің нақты өзіндік құнынан өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспарлы өзіндік құнын алып тастау жолымен мына формула арқылы табылады:
Мұндағы: QiH - өткізілген өнімнің нақты көлемі;
SiH - өнім бірлігінің нақты өзіндік құны;
SiЖ - өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құны.
Осылайша табылған сомада шикізат, материалдар, отын, сатып алынған жартылай фабрикаттар, энергия тарифі бағаларының жоспармен салыстырғандағы өзгерістері бар. Бұл фактор кәсіпорыннан тәуелсіз болғандықтан, ішкі талдау барысында оны дербес фактор ретінде көрсету дұрыс.
2. Жалпы табыстың нақты көлемінің жоспардан ауытқуына қолданыстағы баға өзгерісінің әсері келесі формула бойынша есептеледі:
Мұндағы: РiH және РiЖ - өнім бірлігінің сәйкесінше нақты және жоспарлы бағасы.
Басқаша айтқанда, бұл фактордың әсерінің мөлшері өнім еткізуден түскен нақты түсімнен жоспарланған мөлшерді алып тастау жолымен анықталады.
3. Өткізу көлемінің өзгерісінің жалпы табыс ауытқуына әсерін анықтау үшін алдымен өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу дәрежесін анықтау керек. Табыс көлемі осы факторға тікелей үйлесімді тәуелді болғандықтан, жоспарлы табысты өткізу көлемі бойынша орындалу пайызына көбейту керек.
Арнайы әдебиеттерді оқып-зерттеу, тауар өнімдерін өткізу көлемі және оның құрамындағы құрылымдық өзгерістер сияқты факторлардың табысқа тигізетін әсерін талдау тұрғысында, онда пікір таластары жүргізілетіндігін көрсетті.
Талдау жұмысының теориясы мен тәжірибесінде, өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістердің жалпы табысқа әсерін есептеудің екі тәсілі бар:
1) "өткізілген өнімнің нақты көлеміне жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасын өткізу көлемі бойынша жоспардың орындалу коэффициентіне түзетілген жалпы табыстың жоспарлы мөлшерімен салыстыру арқылы;
2) "өткізу көлемінің өзгеруі" факторының әсер ету соммасын "өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген және алынуға тиісті табысының көрсеткіштері арасындағы айырмадан шегеру арқылы (қалдық тәсілі) [8].
Тәжірибеде екінші тәсіл жиі қолданылады, өйткені бұл фактордың әсер ету көлемін есептеуге дейін өткізу көлемінің өзгерісінің әсерін анықтайды. "Өткізілген өнімнің нақты көлемінің жоспар бойынша" есептелінген, алынуға тиісті жалпы табыс сомасы осы екі факторлардың жиынтық әсерін сипаттайтын болғандықтан, бұл сомадан өткізу көлемін қолданудың әсерін шегеру арқылы өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістерінің пайдаға тигізетін әсерін анықтайды.
Жалпы табысты талдау нәтижелері кестеде көрсетілген (Кесте 3 қараңыз).
Кесте 3
Жалпы табыстың ауытқуына негізгі факторлардың әсері
№ | Көрсеткіштер | Сомасы, мың тг | Жоспарлы табысқа %-бен |
1. | Өткізілген өнімнің өзіндік құнының өсуі |
|
|
2. | Келісілген бағалар деңгейінің өсуі |
|
|
3. | Өнімді өткізу көлемінің артуы |
|
|
4. | Өткізілген енім құрамындағы құрылымдық езгерістер |
|
|
| Жиыны: |
|
|
Жалпы табыстың өзгеруіне әсер етуші негізгі факторларға келесі өзгерістер жатады:
1) өткізілген өнімдердің бағасының өзгеруі;
2) өнімді өткізуден түскен табыстың өзгеруі;
3) өткізілген өнімнің 1 теңгеге шаққандағы шығындарының өзгерісі.
Олардың есепті жылы алынған жиынтық табыстың өткен жылмен салыстырғандағы ауытқуына тигізетін әсерін анықтау үшін, келесі аналитикалық кесте құрастырылады (Кесте 4 қараңыз).
Кесте 4
Жалпы табыстын өткен жылдағыдан ауытқуына факторлардың тигізетін әсерін анықтау үшін қажетті алғашқы мәліметтер
№ | Көрсеткіштер | Өткен жылғы | Есепті жылғы |
1 | Өнімді (жұмыс, қызметті)өткізуден түскен табыс |
|
|
2 | Өткізілген өнімің (жұмыс қызмет) өндірістік өзіндік құны |
|
|
3 | Жалпы табыс (1 қатар – 2 қатар) |
|
|
4 | Баға индексі |
|
|
5 | Өткізілген өнімнен (жұмыс, қызмет) түскен табыс, салыстырмалы бағамен |
|
|
Информация о работе Кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижелерін талдау