Коммерциялық банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:49, реферат

Краткое описание

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе
Коммерциялық банктердің мәні, олардың жіктелуі
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Содержимое работы - 1 файл

реферат.docx

— 49.20 Кб (Скачать файл)

барлық  мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, онын, ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;

банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;

банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын  бекіту;

еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғалары- мен келісімдер (контрактілер) жасасу. 

Ревизиялық  комиссия — банк қызметіне қаржылык есептің дұрыстығы  жағынан бақылау  жасаушы орган болып табылады. 

Несивлік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган. 

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:

несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу нысандарын анықтайды;

несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

Қызмет  бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет  бөлімі, әкімшілік-шарушылық  бөлімі жәнет.с.с. кіреді. 

Ал банктің функционалдык құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады. Мысал ретінде Банк ЦентрКредит АҚ-ын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. 

    1. Коммерциялық  банктердің қызметтері мен операциялары
 

     Коммерциялық банктердің  екінші дәстүрлі-базалық  қызметі-экономиканы  және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік  қызмет көрсету  аясындағы маңыздыларға  және банкінің  актив операцияларына  жатады. Соның арқасында  банктер несиелік  институттарға қатысты  болады. 

     Несиелік операциялар  – бұл несие  беруші мен қарыз  алушының арасындағы  біріншінің екіншісіне  төлемділік, мерзімділік  және қайтарымдылық  шарттарында белгілі  ақша қаражаттары  сомасын ұсынуы  бойынша қатынастар. Банктің несиелік  операциялар активті  және пассивті  болады. Активті несиелік  операциялар банктер  мен қарыз алушылар  қарыз ұсынғанда,  ал пассвтер, банк  қарыз алушы ролінде,  ал клиенттер –  несие беруші ролінде  болғанда пайда  болады. Сәйкесінше  несиелік операциялардың  екі нысаны болады: қарыздық және  депозиттер.  

     Коммерциялық банктің  несиелік операцияларын  әртүрлі белгілері  бойынша жіктеуге  болады: мерзімі бойынша  – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден  5 жылғам дейін)  және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз  ету түрлері бойынша  – қамтамасыз  етілмеген және  қамтамасыз етілген;  банктің роліне  байланысты –  активтік және  пассивтік қарыздық  операциялар; несиелендіру  мақсатына байланысты  – негізгі капиталды  арттыруға, айналым  капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға  арналған қарыздыр. 

     Банктердің несиелік  операциялары, банктердің  және клиенттің  өзара қатынастары,  қарыз берудің  барлық шарттары  реттерліп жасалған  несиелік келісімшарттар  негізінде жүзеге  асырылады. Несиелік  келісімшарттың шарттары  коммерциялық банкпен  жүргізілетін несиелік  саясаттың әрбір  нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың  құрамдас бөлігі  болып пайыздық  саясат болып табылады. 

     Лизингтік операциялар.  «Лизинг» ағылшын  тілінен аударғанда  жалға беру деген  ұғымды білдіреді.  Лизингтік операция  деп ұзақ мерзімді  пайдаланатын заттарды (ғимарат,  машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға  беру.  

     Лизинг бірнеше  қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі  қорларға ақша  жұмсау, яғни қаржыландыру  формасы. Лизинг  алушының өз қаражаттарын  бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған  қаражатсыз өзіне  керекті мүлікті  пайдалануға мүмкіндігі  болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:

    1. Жедел лизинг  анағұрлым қысқа  мерзімге беріледі. Оның объектісі  болып моральдық  төзу қарқыны өте  жоғары машиналар  мен құрал –  жабдықтар.

     2.Қаржылық лизинг  анағұрлым ұзақ  мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар  мен құрал –  жабдықтардың амортизациялық  тозу мерзімімен  сәйкес келеді. Бұл  жерде мәміле аяқталмай,  күшін тоқтата  алмайды. Онда  мүлікті лизинг  алушымен сатып  алыну мүмкіндігі  көрсетілген. 

     Қалдық құны бойынша  лизинг пайдалануда  болған құрал жабдықтарды  жалға беру. Сондықтан  лизинг объектісі  бастапқы құнымен  емес, қалдық құны  бойынша бағаланады.

     Факторингтік операциялар  – клиентпен төленбеген  қарыздық талаптар  бойынша төлемді  талап ету құқын  басқаға беру. Факторингтің  мәні – банктер  өз клиенттерінен  төлем құжаттарды  пайыздық ақы үшін  сатып алу. Бұндай  мәміле келісімшартпен  жүзеге асады.  Ол келісімшартта  сатып алынған  қарыздың сомасы  және пайыз көрсетіледі.  Бұл пайыз көрсетілген  қызмет үшін қарыздың  қандай мөлшері  алынатынын көрсетеді. 

   Халықаралық факторинг  туралы Конвенцияға  сәйкес, келесідей  төрт белгі қанағаттандырылғанда  ғана факторинг  операциясы болып  саналады.

- қарыздық талаптарды  алдын ала төлеу  формасында несиелеудің  болуында;

- жабдықтаушымен бухгалтерлік  есеп жүргізу мен  өткізу есебінен;

- жабдықтаушы қарызын  инкассалау;

- несиелік тәуекелден  жабдықтаушыны сақтандыру; 

     Факторингтік келісімнің  бірнеше типі бар.  Толық қызмет ету  туралы келісім  әдетте факторингтік  компания мен жабдықтаушы  тұрақты, ұзақ  қатынаста болатын  болса, қолданылады.  Толық қызмет ету  мыналарды қамтиды:  күмәнді қарыздардың  пайда болуынан  толық қорғау, несиені  басқару, сатуды  есептеу, белгілі  бір мерзімге төлем  формасындағы несиелеу.

     Регистік құқы  бар толық қызмет  етудің алдыңғысынан  айырмашылығы –  факторингтік компания  жабдықтауды көрсететін  несиелік тәуекелді  сақтандырмайды. Бұның  мәні компания  егер төлем құжаттары  төленбесе, оларды  жабдықтаушыға қайтарып  бере алады.

     Трасталық операциялар.  Коммерциялық банктер  өздеріне сенімді  тұлғаның қызметтерін  қабылдап, өздерінің  жеке және корпаративті  клиенттері үшін  әр түрлі  қызметтер  орындайды. «Траст»  - сенім дегенді  білдіреді. Капитал  иесі өз капиталын  басқа тұлғаға  оның мүддесін  қорғап отырып, иелік  етуге сенім білдіріп  тапсырады, яғни  траст деп банктердің, басқа қаржылық  институттардың мүлікті  және капиталды  басқарумен байланысты  көрсетуін айтады. Бұл операциялар  келісім негізінде  жүзеге асады,  ол келісім трасталық  деп аталады. 

     Коммерциялық банктер  трасталық операциялармен  қасымша табыс  алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар,  фирмалар және  олардың ақша қаражаттарын  басқару үшін, ірі  клиенттермен байланыс  орнату үшін айналысады.

     Трасталық қызметтер  үшін комиссиондық  төлемақыны әрбір  операцияға дифференциалды  түрде қояды: агенттік  қызметтер үшін  келісімді түрде,  басқаларына заңмен  немесе сот шешімімен  қойылады. 

Инвестиция  дегеніміз – бұл  халық шаруашылығына  мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта  құру және кеңейту, сол  сияқты пайда алу  мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей  инвестиция – бұл  қаражаттарды тікелей  өндіріске, құрал  – жабдықтарды  сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік  инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.

     Коммерциялық банктердің  инвестициялық қызметінің  мақсаты -  қаражаттардың  сақталуын қамтамасыз  ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті  қамтамасыз ету.

     Бағалы қағаздар  – бұл арнайы  түрде рәсімделген  қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген  құқты жүзеге асыру  үшін сол бағалы  қағаздарды ұсыну  қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және  коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

     Қордық бағалы  қағаздар, әдетте  эмиссияның массалық  сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп  мөлшерде эмиссияланады  және акционерлік,  немесе облигациялық  қорда белгілі  бір үлеске ие  екенін растайды.

     Олар негізгі және  көмекші болып  бөлінеді. Негізгі  қорлық бағалы  қағаздар негізгі  мүліктік құқық  немесе талапқа  негізделген (акция,  облигация), ал көмекші  бағалы қағаздар  қосымша құқтар  мен талаптарды  білдіреді(купондар, талондар).

     Мәлімдеуші бағалы  қағаздар – бұл  мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық  анықтамалар  және т.б. Оларды  сату және иесінің  құқтарын растауы  үшін тек мәлімдеу  керек. 

     Бағалы қағаздармен  операциялар жүргізуге  коммерциялық банктерде  мынадай құрылымдар  ұйымдастырылады:  ірілерінде –  департамент немесе  басқарма басқарма, орташалары мен  кішілерінде –  инвестициялық немесе  қор бөлімдері.  Олар банктердің  инвестициялық саясатын  банк есебінен, немесе  клиент тапсырмасы  бойынша жүргізеді,  сол сияқты кәсіпорындардың,  ұйымдардың, ведомостволардың  бағалы қағаздарын  шығарып сата алады,  клиенттің бағалы  қағаздар портфелін  сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

     Бағалы қағаздар  нарығы – бұл  қаржылық нарықтың  анағұрлым дамыған  бөлігі, оған ақша  және капитал нарықтары  кіреді. Республикамыздың  қаржы нарығы, бағалы  қағаздар нарығымен  қоса, инфляция қарқынының  өсуіне байланысты  қиындық көріп  жатыр. Нарықта  айналыста жүрген  бағалы қағаздарға  деген қызығушылық  та төмендеп тұр.  Жалпы айтқанда, Республикамызда  банктердің инвестициялық  қызметі алғашқы  даму самтысында.

     Коммерциялық банктер  пайда табу үшін  басқа эмитентердің  бағалы қағаздармен  сауда – саттық  операцияларды жүргізеді.  Берілген опрерациялар 

бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс  алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық  коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып  келеді. Банктер коммиссиондық  төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді  және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың  есебін жүргізеді  және бағалы қағаздармен  басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.

     Кеңес беру қызметі.  Коммерциялық банктер  өздерінің клиенттеріне  банктік мекеменің  ерекшеліктеріне  байланысты, экономика  және қаржы, инвестициялау,  несиелеу, есеп айырысу,  есеп жүргізу және  есеп беруге байланысты  кеңес беру  қызметін  көрсетеді. Бұл  қызмет көрсетулер   банктер  

тарапынан  пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне  қатысты толық  түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді  тартуға да байланысты көрсетіледі.

     Ақпараттық қызмет  көрсету. Қазіргі  кездегі телекоммуникациялар,  компьютерлік байланыстарды  игере отырып, банктер  жеткілікті түрде  коммерциялық немесе  коммерциялық емес  ақпараттарды да  иеленеді. Сонымен  қатар, банктер  клиенттерге әр  түрлі  қызметтер  көрсете отырып, олардан  түрлі мәліметтер  алады. Ақпарат  алудың басты көзі  басқа банктермен  және ірі ақпараттық  агенттіктермен өзара  ақпараттар алысу  болып табылады.

     Уақытша бос ақшалай  қаражаттарды жинақтау  – коммерциялық  банктердің алғашқы  дәстүрлі-базалық  қызметі. Бұл банктің  пассиві меншікті  капиталы мен тартылған  қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы  – банктің несиелік  ресурстарының маңызды  және ажырамас  бөлігі, бірақ ол  оның барлық ресурстарының  тек 10 %-ын құрайды. 

     Басқа кәсіпорындармен  салыстырғанда барлық  міндеттемелер коммерциялық  банктерге меншікті  капиталдың тартылған  ресурстарға өзара  қатынасында өз  міндеттерін жүзеге  асыруға және дұрыс  қызмет етуіне  мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті  капитал банк қызметін  бастау үшін қажет.  Сонымен қатар,  офисті, жабдықтарды  сатып алу және  еңбекақыны төлеу,  сондай-ақ банктің  қорғаныс кепілдік  қоры, осы сипатты  меншікті капитал  маңызды, сөзсіз  міндетті қор болып  табылады, банктің  тұрақтылығы мен  оның жұмысының  тиімділігін қамтамасыз  ету үшін банктік  қаражаттар құрылымында  оның ролі өте  жоғары.

     Дәстүрлі түрде  осы қаражаттардың  негізгі бөлігін  депозиттер құрайды.  Депозит пен банктің  кленттерінің жинақ  салымдарынан басқа  мерзімді және  мерзімсіз салымдарының  барлығын түсіндіріледі.  Банктердің ақшалай  қаражаттарды   салымдарға   тарту    және    оларды    пайда  табу  мақсатында 

орналастару  жұмыстары депозиттік операциялар деп  аталады. Осылардың  негізінде   коммерциялық  банктердің  несиелік  ресурстарының негізгі  бөлігі

Информация о работе Коммерциялық банктер