Коммерциялық банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:49, реферат

Краткое описание

Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе
Коммерциялық банктердің мәні, олардың жіктелуі
Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Содержимое работы - 1 файл

реферат.docx

— 49.20 Кб (Скачать файл)

Жоспары:

Кіріспе 

  1. Коммерциялық  банктердің мәні, олардың жіктелуі
  2. Коммерциялық банктердің қызметін басқару құрылымы
  3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
 
 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Қазақстанның  алдыңғы қатарлы  коммерциялық банктері өзінің табыс базасын  кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең  ауқымды операциялар  мен қызметтер  көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде  есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы  клиенттер және банктің  өзі үшін минималды  шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті  қызметтерге қолайлы  бағаларды пайдалануды  білдіреді.

    Коммерциялық  банктер өз клиенттерінің  ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі  депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан  өтімділікке деген  клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

    Банк  операцияларының  тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен  ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі  экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне  жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып  отыр.

    Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында  өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын  кеңейтіп, жоғары пайдаға  қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін  шығаруға, жаңа қызметтерді  ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер  де жаңа қызметтерді  ендіруге және бұрынғы  қызметтерді жетілдіруге  үлкен назарын  аударып отыр.

    Жаңа  қызметтерге пластикалық  карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі  қаржы нарығының  құрылуы жатады.

    Біздің  еліміздегі қазіргі  банктік институттар  аталған жаңа қызметтерді  атқара бастады. Клиенттің  заказы бойынша маркеингтік  зерттеуді, валюталық  операцияларды, басқа  да қызметтерді, соның  ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық  консультациялық, қор  және т.б. жүргізеді.

    Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін  жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде  клиенттер қажеттіліктерін  толықтай қанағаттандыруға,     жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын 

жақсартуға, банктік қызметтер  спектрін кеңейтуге  және олардың өзіндік  құнын төмендетуге  жағдай жасау.

     Жоғарыда аталған  көптеген мәселелердің  шешу жолдарын  табу үшін оған  терең үңіліп,барлық  тақырыпшаларға жеке  – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,  кешенді түрде  қарастыру қажет.  Банктік қызметтердің  дамуы мен перспективалары  – біздің еліміздегі  арнайы ғылыми  түрде аз зерттелген  мәселе болса да, банк саласында  қызмет атқарып  жүрген көптеген  экономисттердің  көкейінде жүрген  маңызды сұрақтардың  бірі.  
 
 
 
 
 

1 . Коммерциялық банктердің мәні, олардың жіктелуі 

Коммерциялық  банктер - жеке клиенттердің (ағымдағы есепті жүргізу, коммерциялық несиелерді ұсыну  және т.б.) салымдары  түрінде тартылған  негізгі түрде  ақша капиталдары  мен сақталған  ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік  мекемелер; кредиттік  жүйенін негізгі  звеносы.

Қазіргі коммерциялық банктер  — бұл тікелей  кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа  қызмет ететін банктерді  білдіреді. 

Коммердиялық  банктер деп, бұл  жерде Қазақстан  Республикасындағы  екінші деңгейдегі банктер  туралы айтылып отыр. 

Коммерциялық  банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдың  қалыптасуына қарай:

мемлекеттік;

акционерлік;

жеке;

пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының  турлеріне қарай:

әмбебап, яғни экономиканың барлықсалаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

халықаралық;

мемлекетаралық

ұлттық;

аймақтық;

4. Салалық белгісіне қарай:

өнеркәсіптік банктер;

сауда банктері;

ауыл шаруашылық банктері;

құрылыс банктері;

басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

филиалсыз;

кеп филиалды. 

Акционерлік банктердің жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден қүралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар. 

Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға күқык береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне коғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағлайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға косқан өз үлесін алуға құқық береді. 

Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе кұрылтайшылары өздерінетиісті үлес шегінде ғана оның міндетгемелеріне жауап береді. 

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық нысанындағы  байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және занды тұлғалар есебінен кұрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін. 

Қазақстан Республикасындағы  банктік жүйеде 01.01.2009 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам нысанындағы банктер, соның ішінде екі банк кана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан Даму банкі мен Тұрғын үй құрылысы банкі, ал шетел капиталының қатысуымен (100 - 10 банк, 50% — аса - 6 банк) құрылған банктерде саны - 16, онын ішінде еншілес банктер— 11. 

Банктік сектордың кұрылымыБанктік  сектордың кұрылымы 

2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009

Екінші  деңгейдегі банктердін саны, с.і: 

55 47 44 35 34 35 34 33 35 37

— жарғылық капиталға 100% мемлекеттің қатысуымен 

1 1 2 2 2 1 1 1 1 1

ЕДБ-дің  филиалдар саны 

426 418 400 368 355 385 418 324 352 379

Есеп айырысу-кассалық бөлімшелер саны 

1065 964 1020 1005 1023 1106 1312 1489 2028 2167

ЕДБ-дің  шетелдегі өкілдіктерінің саны 

2 5 7 9 10 11 17 22 17 14

ҚР-ғы бейрезидент-банктердің өкілдіктерінің саны 

17 15 12 13 20 18 18 23 26 31

Жеке  тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық  кепілдендіру жүйесінің  қатысушы-банктерінің  саны 

12 18 19 22 29 34 33 32 33 35

Кастодиандық  қызмеггі жүргізуге  арналаған лицензиясы бар банктер саны 

10 10 10 10 10 9 11 9 10 10 
 

90-жылдың  басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, 95-жылдың орта кезінен бастап, 2000 жылғадейін Халықаралық стандартқа өтуі барысында банктеріміздің саны бірден кысқарды, әрине бұл құбылысты, олардың интенсивтік немесе сапалық өсуімен байланыстыруға болады. 

2009 жылдың 1 қаңтарына Қазақстандағы жұмыс жасайтын банктер саны 39 құрады, соның ішінде Алматы қаласында 32 банк, 31 филиал және 284 есеп айырысу-кассалық бөлімдер қызмет етеді. 

Жалпы банктердің 90%-ының бір ірі қалада болуы банк капиталының республиканың өзге өңірлерде дұрыс бөлінбеуіне ықпал етуін көрсетеді. Банктердің тек Алматы қаласында шоғырлануы, оның бұрынғы астана, қазіргі қаржы орталығына айналу себебіне байланысты болып отыр. 

Біздің  ойымызша, банктердің қатарында бүгінгі күні өңірлік банктер жетіспейді, қазіргі банктердің өңірлерде филиалдарын ұстауы аймақтардың экономикалық жағынан толық қамтамасыз ете алмайтыны сөзсіз, сондықтан ендігі жерде өңірлердің ез банктерінің ашылу мәселесін шешу қажет. 

Халықаралық сарапшылардың бағалауынша 15 млн. халқы бар  ел үшін 33 банк көптік жасайды екен. Банктердің кептігі банктердің бәсекелестігін арттыра түсетіндігін ескерсек, Үкіметтің «үлкен үштіктің» банк нарығын монополияландыруы туралы айтылған сыны орынсыздау сияқты көрінеді. Әсіресе «үлкен үштіктің» банктік қызметтер нарығын монополияландыруы, олардың банктік топ құруымен тікелей байланысты болып отыр. 

Қазақстан Республикасында бүгінгі күні мынадай банктерден кұралған 9 банктік топ қызмет етуде:

«Қазкоммерцбанк»  АҚ,

«ТұранӘлемБанкі»  АҚ,

«Қазақстан  Халык Банкі» АҚ,

«Темірбанк» АҚ,

«ЦентрКредитБанкі» АҚ,

«НұрБанк» АҚ,

«Каспий Банкі» АҚ,

«АБН  АМРО Қазақстан Банкі» ЕБ АҚ,

«АСҚ  Банкі» АҚ. 

Еншілес банктердің немесе шетелдік банктердің қызмет етуінің біздің банктік сектордың дамуы үшін оң және теріс әсер етуі мүмкін. Оң жағы ондай банктердің болуы бәсекелестікті тудыра отырып, банктің қызметтері мен операцияларының сапаларын арттыруға ықпал етеді. Яғни жаңа технологиялармен жұмыс жасауға ынталандырады. Ал теріс әсері бүгінгі күні олардың көбі, шетелден қарыз алуға жатысты бар мүмкіндіктерін пайдаланып, банктердің сыртқы қарыздарының өсуіне ықпал етуде. 

2003—2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк секторы экономикалық өсу, халықтын, табысының, нақты сектор кәсіпорындарының несиелік қабілеттілігінің есуі жөне халықаралық капитал нарығындағы қаржы ресурстарынын, арзандауы жағдайында дамыды. Осы факторларға байланысты банктердегі халықтың салымдарының және банктердің жиынты0 активтерінің көлемінің өсуі негізделді және банктердің жоғары несиелік белсенділігі мен жалпы банк 0ызметі ауқымының өсу үрдісі айқындалды. 

Отандық банктердің сыртқы экономикалық қызметін кеңейтудің бір жолы болып шетелдерде және ТМД елдерінде өкілеттіктері мен еншілес банктерін ашу болып табылады. Бүгінгі күні отандық банктеріміздің 14 өкілдіктері республикамыздан тысқары жерлерде қызмет етуде. 2005 жылы «АСҚ банкі» АҚ-ның Ресей Федерациясында және «Альянс Банк» АҚ-ның Қырғызстанда еншілес банктері ашылды. Осындай тәсілмен, 2006 жылы Қазақстанның 4 коммерциялық банкінің көрші мемлекеттерде орналасқан 5 еншілес банкі пайда болды.

2009 жылғы 1 тамыздағы  жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктерінің қаржылық көрсеткіштері

мың теңгемен

Банктің атауы Активтер Оның ішінде заемдар           Міндеттемелер Меншікті капитал

«КАЗКОММЕРЦБАНК»  АҚ 2 493 408 621 2 546 948 940 2 234 252 444 259 156 177

«БТА  Банк» АҚ 2449 863 696 2 595 393 642 3 471 703 200 -1 021 839 504

Информация о работе Коммерциялық банктер