Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Содержание работы

Кіріспе.

I. Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Бағалы қағаздар түсінігі

Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны

Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары



II. Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.

Негізгі және туынды бағалы қағаздар

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар

Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау



III. Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері

Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу



Қорытынды



Қосымшалар



Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

БҚН.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

    Бағалы қағаздар бойынша сұрақтардың халық арасында таралуы нәтижесінде мемлекет бірқатар сұрақтарды шешуді қарастырады.Олар:

1.               халық жинақтарын бағалы қағаз арқылы шоғырландыру;

2.               Алматы қаласын қаржылық орталық ретінде дамыту;

3.               қаржылық ресурстардың өндіріс немесе өндірістік емес аяларға бөлінуін қамтамасыз ету.

    Әлемдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай, дамыған, дамушы мемлекеттерде қор нарығының құралдары,, тетіктері дамыған. Қор нарығы дамыған елдерде ресурстарды шоғырландыру мен бөлу үрдісі жылдамдылықпен сипат алады. Олардың қаржылық құралдарға инвестициялау аясы кең. Ал республикамызда бағалы қағаздарды сатып алуды қойып, олардың беделдік дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Бұған негізгі себеп ретінде – бұл бағалы қағаздардың басқа қаржылық құралдарға қарағанда бәсекелестік артықшылықтың болмауын тұжырымдауға болады.

    Қазақстанда бағалы қағаздарға бәсекелес құралдар:

-                   алтын;

-                   коммерциялық банк депозиттері;

-                   шетел валютасы.

    Бүгінгі таңда алтын тауар нарығымен қатар, қаржы нарығы буындарының негізгілеріне айналды. Алтын нарығы тек өндірістік, бұйым аяларында ғана емес, сонымен қоса инвестициялау объектісі ретінде танылуы сипат алады. Бұған мемлекеттің ұстанған саясаты әсер етті.

    Алтынның бағалы қағаздарға қарағанда артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттауға болады.

    Осыайша бағалы қағаз бен алтын арасындағы негізгі кемшіліктері мен артықшылықтарын негіздеуге болады. Соңғы кездері, мемлекет депозит нарығына және жылжымайтын мүлікке бәсеклес құралдар ретінде бағалы қағаздар мен алтынды бекітті. Алтын нарығын дамыту саясатының негізгі бағыттары:

1)               халық үшін алтын үлесі бар ҚР Ұлттық Банктің монеталарын шығару. Аталған орган әр маусым сайын әр түрлі монеталарды шығару сипат алады. Олардың құны әр түрлі және оларды сатып алу кезінде сомма жағынан шектеулердің  болмауы. Ал бағалы қағазды сатып алу кезінде  брокерге 2 мың АҚШ долларын төмен емес сомманы жұмсауды ұйғарады.

2)               Алтынмен байланысты операциялар шектеулерін бірте – бірте  жойылуы;

3)               Алтынды иемдену бойынша  алтынның әр түрлі нысанда сипат алуы. Инвесторға бүгінгі күні алтынның үш нысанын алуға ұсыныс береді. Олар – ҚР Ұлттық Банкі шығарған  монеталар, алтын құймалар және коммерциялық банктердің металдық шоты.(6-кесте)

    Қорытындылай  келе, бағалы қағаз алтынға бәсекелес болу қиындығын аңғарамыз.Мұнда, сондай – ақ  алтынның тарихи жағынан артықшылықты мәртебесін де ескеру қажет.

    Келесідей бағалы қағазға бәсекелес құрал – бұл коммерциялық банктердің депозиті.

    1996 жылғы банктік реформаның салдарынан коммерциялық банктер әлемдік стандарттарға жақындағанын бәрімізге мәлім. Коммерциялық банктер депозиттің әр түрлі шарттарын ұсынып отыр. Республикада бағалы қағаздарға және депозитке ортақ белгі ретінде – бұл егемендік алған уақыттағы қаржылық жүйенің мүлдем жойылуын атап өтуге болады. Мұнда, халықтың депозиттегі ақшалары да, бағалы қағаздарға жұмсаған мекемелер жабылды. Соған қарамастан коммерциялық банктер өзіне халық сенімділігін қайтарды. Бұған әр жыл сайын депозит сомасының көлемі дәлел. Аталған құралдар кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтайық.

    Депозиттердің халық арасында таралуына негізінен ұйымдардың  ашқан филиалдары мен өкілдіктері септігін тигізеді. Брокерде негізінен қабылдау орны біреу болса, банктерде – мыңдаған қабылдау орындарымен көрініс табады.

    Бағалы қағаздарға жұмсағысы келген инвесторларға мамандар былай дейді: “бағалы  қағаздарға бос ақшаны емес, артық ақшаны жұмсау керек”. Осыдан көріп отырғанымыздай, депозитке бос ақшаны жұмсайды, мұнда инвестор уақыт соңында немесе кез – келген  уақытта ақшаны қайтарып алу мүмкіндігі жоғары. Ал бағалы қағазды сату бірқатар уақытты талап етеді. Сондай – ақ әр түрлі нарықтың себептеріне байланысты жұмсалған ақшадан төмен болу қаупі бар. Енді банк депозиті мен алтынды салыстырсақ  (7-кесте)

Депозит ашу барысында инвестордан комиисия төлеуді ұйғармайды, ал бағалы қағазды сатып алу бірқатар комиисиялық шығындарды төлеуді қарастырады.

    Алайда, бағалы қағаздың артықшылығын да көрсетуге болады. Егер депозит бойынша негізгі мақсат ақшаны өсірту болса, бағалы қағаз (акция) ұйым иемденушісінің  біріне айналуға мүмкіндік береді.

    Қазақстандық азаматтар депозитке салумен қатар, ақшаны шетел валютасына жұмсауды қалайды. Валюта инвестициялау құралы ретінде жоғарғы бәсекелестік артықшылыққа ие.

    Бағалы қағаздар күрделі механизм. Оарды түсіну экономикалық- қаржылық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан да, олардың халық арасында білу дәрежесі кең таралмаған. Ал қаржылық нарықтың барлық құрылымдары бәсекелес болуы шарт. Сол кезде ғана мемлекетте аялар, салалар арасындағы тепе – теңдікке жетуі мүмкін.

    Бағалы қағаздарды шетел валютасымен салыстырсақ (8 - кесте)

Мәселені түйіндей отырып, халық арасында бағалы қағаздар танымалдығының төмендегідей келесі факторларды жатқызамыз:

1.                     қолжеткізімсіздігі – бағалы қағазды сатып алу брокерлері бір офистен тұрады. Бағалы қағазды сатып алу үшін бірқатар ақпаратты иемдену керек. Мұнда бағалы қағаздар делдалдарының маркетингтік саясаты дұрыс жүргізілмеуін атап өтуге болады.

2.                     күрделілігі – бағалы қағазды сатып алу бірнеше сатылардан өтуде ұйғарады (брокерге бару, келісім – шарт жасасу, шот ашу, тіркеушімен хабарласу т.б.)

3.                     жаңашылдығы- тарихи жағынан бағалы қағаз басқа құралдарға қарағанда кеш пайда болған. Сондықтан оған сенімсіздік туындайды.

4.                     математикалық амалдардың боуы – бағалы қағаздар бағасына әр түрлі факторларәсер етеді.

5.                     қаржылық сауаттылық дәрежесінің болу міндеттіліг – бағалы қағаздармен байланысты әр түрлі терминдер қолданылады. Сондай – ақ бағалы қағаздың болашақ табыстылығы әр түрлі экономикалық құбылыстар әсерінен қалыптасады.

6.                     шығындылық - әрбір брокерлік мекеме комиссиялық сыйақыны талап етеді. Сондай – ақ бағалы қағазды сауда алаңында сатып алу кезінде Орталық депозитариге сыйақы төлеуді қарастырады. Қаржылық құралдардың ішінен сыйақы  комиссиясы ең жоғары  бағалы қағаздарда.

Аталған себептер бағалы қағаздың қаржы нарығының басқа объектілерге қарағанда кемісті жағдайларын анықтайды. Осыған байланысты, мемлекет осы белгілерді ескеру арқылы халық арасында бағалы қағаздардың танымалдылық мәселесін шешуге көмектеседі деп ойлаймын.

Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

    Бағалы қағаздар нарығы экономикалық жүйеде ауқымды орын алады. Қазіргі уақытта, барлық дүниежүзінде болып жатқан келеңсіз банктік үрдіс салдарынан, бағалы қағаз нарығына аса көңіл аударуына әкелді.

    Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу маңызды. ҚР – дағы мемлекеттік реттеу органдары республиканың даму сатысына қарай өзгерді.

    Алғашқыда, реттеу қызметін ҚР Қаржы министрлігі атқарған. Кейіннен, ҚР – сы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясына қызметті аударған болатын. Бірақ, Үкіметтің қаулысымен, 2001-2004 жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкіә бағалы қағаздар нарығын реттеу органы ретінде өз жұмысын атқарған. Тек, 2004 жылдан бастап, Қр қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын қаржылық қадағалау мен реттеу агенттігі бағалы қағаздар нарығының  жаңадан құрылған реттеуші орган ретінде бекітілді.

    Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу әр түрлі мағынада қарастырылады.

    Тар мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу – бұл бағалы қағаздар нарығының қызмет ету кемшіліктерін жою және қалыпты инвестициялық климатты қалыптастыру мақсатында барлық субъектілерге әсер ету механизмінің жиынтығы болып табылады.

    Кең мағынада, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу - бұл нарықтың ары  қарай дамуына, экономикаға инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге бағытталған, құқықтық мекемелер іске асыратын заңнамалық, атқарушы, ынталандырушы және бақылау сипатындағы шаралар жиынтығы.

    Бағалы қағаздар нарығын дамытуда мемлекеттің негізгі мәселесі оның жеке құрамдас бөлігі – қазақстандық эмитенттердің және басқа да эмитенттердің тартымды қаржы құралдарын қалыптастыру бболып табылады.

    Қазіргі уақытта бағалы қағаздар нарығында тартымды құралдардың жетіспеушілігі өткір мәселе  болып отыр, осының нәтижесінде отандық инвесторлар өз қаржыларын табыстылығы жоғары шетелдік бағалы қағаздарға орналастыруға тырысады.

    Бұл бағыттағы мәселені шешуде алдыңғы қатарлы мемлекеттік кәсіпорындар акцияларының мемлекетік пакеттерін сату бағдарламасын одан ары жалғастыру қажет. Жаңақаржы құралдарының пайда болуын ынталандыру керек.

    Негізгі мәселе қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын көтеру болып табылады, осы мақсатта корпоративтік  басқару нормаларына шағын акционерлік инвесторлардың құқықтарын сақтауға, акционерлік қоғамдардағы төлем тәртібіне ерекше көңіл  бөлінеді. Бұл мәселені шешу үшін:

    Төлем агенттерінің қызметінің орындалу тәртібін анықтау;

    Акционерлік қоғамдарға байланысты нормативтік актілер, ішкі заң нормаларын құрастыру; 

    Қазақстандық қор нарығының ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету қажет.

    Бүгінгі таңда Қаржылық қадағалау жөніндегі Агенттік тарапынан инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда пруденциалдық реттеу тек зейнетақы активтерін басқару компанияларына, банк – кастодиандарға және бағалы қағаздар портфелін басқарушыларға байланысты жүруде. Басқа нарықтың қатысушылары  міндетті түрде  қаржы сараптауларын орындайды.

    Бағалы қағаздар нарығында лицензияланатын кәсіби қызмет түрімен айналысатын барлық қатысушыларға 2007- 2008 жылдары пруденциалдық нормативтер реттеудің негізгі тетігіне айналды.

    Бүгінгі таңда Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының техникалық инфрақұрылымының негізін
Қазақстан қор биржасы, Орталық депозитарий, тіркеушілер, кастодиандар және 1 категориялы брокер – дилерлер құрайды.

    Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің жаңа жолына көшіру нарықта өзгерістерге әкелуі мүмкін. Алайда, жалпылама қадағалауды  орнатуда  Қаржылық қадағалау жөніндегі  Агенттікте қаржы қызметтерін ұсынатын барлық қаржы институттарына бірегей реттеуші органды  бөліп шығару үрдісі басталған.  Бұл орган бағалы қағаздар нарығының субъектілерін ғана емес, сонымен қоса, зейнетақы қорларына , сақтандыру ұйымдарына, екіншідеңгейлі банктерге өз ықпалын тигізе отырып, реттеуші қызметін жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

    Сонымен бағалы қағаздар дегеніміз – жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат болып табылады.

    Бағалы қағаздар нарығы – шаруашылық жүргізуші субьектілер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы нарығының бөлігі. Қаржы нарығының мынадай критерийлері бойынша ажыратылады: бағалы қағаздар түрлері бойынша: акциялар , облигациялар, және т.б нарығы, эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық,  аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т.с.с.

    Осы жазылған жұмыс негізінде мынадай қорытындыға келеміз.

1.                  Акция – АҚ – ның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын, жазбаша куәлік, меншік нысаны, бағалы қағазды білдіреді.

2.                  Акция бағамы әр түрлі көптеген факторлардың ықпалымен қалыптасады. Бір жағынан, ол ссудалық пайызшамасына тәуелді, себеі акция алуға жұмсалған ақшалар, несиеге берілетін ақшалармен ұқсас болып келеді. Екінші жағынан  дивиденд шамасына, АҚ кәсіпкерлік қызметінің нәтижелілігі тікелей әсер етеді.

3.                  Акционерлік қоғам әр түрлі акциялар шығарады және оларды иеленушілеріне қарай артықшылықтар береді. Мәлімдеуші және атаулы акциялар болады. Акциялар жай және артықшылықты болып бөлінеді.

4.                  Облигацияның экономикалық жаратылысыжағынан үш ерекшелігімен сипатталады: 1) облигация шаруашылықты несиелеу үшін пайдаланылатын капиталдарды шоғырландыру құралы; 2)облигация – біршама арзан және оңай сатып алынатын борыштық құрал; 3) облигация- ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме.

5.                  Облигацияны қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларының құқықтарын байланысты жіктейді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы