Бағалы қағаздар нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:27, курсовая работа

Краткое описание

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Содержание работы

Кіріспе.

I. Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Бағалы қағаздар түсінігі

Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны

Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары



II. Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.

Негізгі және туынды бағалы қағаздар

Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар

Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау



III. Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері

Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу



Қорытынды



Қосымшалар



Пайдаланған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

БҚН.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

   Облигация - иемденуші мен эмитент (шығарушы) арасындағы қарыз қатынастарын куәландыратын бағалы қағаз. Ол қарыз капиталы формасында шығарылады және құйған капиталы үшін белгілі бір процент (сыйақы) ала отырып, облигацияны сатып алушы кредитор ретінде танылып, ал мезгілі жеткен кезде өзінің атаулы құнын алады.

  Облигацияның экономикалық жаратылысы келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

1)          облигация-шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланатын капитал шоғырландыру құралы.;

2)          облигация- онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;

3)          Облигация – ұзақ мерзімдік  борыштық міндеттеме.

  Облигация - бұл екі негізгі элементтен тұратын қарыз куәлігі. Алдын-ала белгіленген уақыт жеткен кезде облигацияда көрсетілген соманы иемденушісіне қайтарып беру- эмитенттің басты міндеті. Сонымен қатар эмитенттің тағы бір міндеті - бұл облигацияны иемденушісіне облигацияның атаулы құнынан белгілі бір процент түрінде белгіленген табыс төлеп тұру.

    Облигациялық қарыз несие құнының қайтарылу қозғалысы туралы қатынастарды білдіреді. Сондықтан да ол өзінің мәні жөнінен банктік несиеге ұқсайды. Қарыз алушыға облигацияның шығарылуы банктік несиеге қарағанда пайдалырақ. Қарызды орналастыратын делдалдық комиссиялық сыйақыны қаржы-несиелік мекемелердің банктік маржа айырма мөлшерлемесінен проценттік қатынас бойынша салыстыратын болсақ, ол анағұрлым төменірек болып келеді. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Ол акционерлік қоғамның ағымдағы және перспективалық мақсаттарын шешу және қаржыны тарту үшін шығарылады. Облигациялардың көптеген түрлері мен жіктелетін  топтары бар. Олар эмитенттер түрлері, айналым мерзімі, облигацияны иемдену тәртібі, облигациялық қарызды алу мақсаты, оны орналастыру әдісі  т.б. бойынша жіктеледі. Облигациялар иесі ұсынушы және атаулы болуы мүмкін. Облигациялар табысты төлеу әдісі бойынша купондық төлем мөлшері нақты бекітілген, құбылмалы процентпен, яғни купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар (табыс қаржы нарығындағы ставаларға байланысты) және купоны нольге тең облигациялар оның иесінің мүддесі бойынша мерзіміне жетпей өтелуі мүмкін. Конверсияланатын облигацияларды акцияға ауыстыруға болады. 

    Облигацияның жіктелімі:

-мерзімі бойынша-қысқа, ұзақ,орта және мерзімсіз облигациялар;

-эмитенттері бойынша-мемлекеттік,корпоративтік, шетелдік облигациялар;

-шығару формасына қарай-құжаттық, құжатсыз облигациялар;

-иемдену тәртібіне қарай-атаулы, ұсынушылықоблигациялар;

-табысты алу тәртібіне қарай-проценттік немесе купондық,процентсіз немесе дисконттық облигациялар;

-өтеу әдісіне қарай-сериялық, бір реттік;

-айналысқа қарай-конверсияланатын,конверсияланбайтын;

-қамтамасыз етуіне қарай- кепілмен қамтамасыз етілген,қамтамасыз етілмеген.

    Облигацияның акцияға қарағанда келесідей айырмашылықтары бар:

-Облигация бойынша процент міндетті төленеді, ал акция бойынша дивидиент тек таза пайда болғанда ғана;

-облигацияны сатып алған тұлға –несие беруші, ал акцияны сатып алған тұлға –қағам иеленушісі;

-облигация бойынша сыйақы төлеу акция бойынша дивидиентті төлеуге дейін жүргізіледі;

-облигацияның сыйақысы қоғамның шығынына жатқызылады және олар салық салынатын пайдаға дейін шегеріледі.

    Эмитент белгілі бір уақытқа капиталды тарту мақсатында негізгі эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарады. Ал, туынды бағалы қағаздарды шығару негізінен эмитенттің болашақтағы тәуекелден сақтану әдісі ретінде қарастырылады. Осы кесте бойынша опцион түрін жекелей қарастырайық. Сондай-ақ отандық бағалы қағаздар нарығында опционның айналысы жүргізілуімен осы құралға деген қызығушылықты арттырады.

    Туынды бағалы қағаздар - биржалық активтің осы бағалы қағаз              негізінде жатқан бағалардың өзгеруімен байланысты туындайтын мүліктік құқықты білдіретін құжатсыздық формасы. Яғни, басқа қағаз арқылы өзінің құнын анықтайтын бағалы қағаз. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстік   келісім-шарттар және еркін айналыстағы опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтары және т.б басқалары  жатады.

Мерзімдік мәмілелердің активтерін жеткізіп салу келешекте ұйғарылғанмен, бірақ олардың орындалуы сол келісім-шартқа отыру кезінде қарастырылады. Мерзімдік мәмілелердің негізіне “кейінге қалдырылған жеткізіп салу” ұғымы кіреді, бұл жағдай келешектегі мәміленің заттарына әр түрлі активтер кіреді. Яғни бағалы қағаздар, банктік депозиттер, индекстер, валюта, бағалы металдар, шикізат тауарлары осы мерзімдік мәмілелердің өзі болуы мүмкін.

    Мерзімді мәмілелер былай бөлінеді:

-Контрагенттердің біреуіне отырған келісім-шартты орындауға немесе орындамауға мүмкіндік беретін шартты мәмілелер (опцион);

-орындауға міндетті нақты мәмілелер (фровардтар және фьючерстер); Фьючерстік өзара шарт деп көрсетілген баға бойынша белгіленген мерзімде келешекте биржа активтерін сату-сатып алу жөніндегі  стандартты  биржалық келісім-шартты атаймыз.

    Форвардтық өзара шарт деп -  тауарды болашақта  алдын-ала белгіленген мерзімде жеткізіп беруге арналған сату-сатып алу жөніндегі мерзімдік мәмілелерді атаймыз.

    Еркін айналыстағы опциондық өзара шарт деп биржа активтерін немесе фьючерстік мәмілелерді бекітілген бағамен  және белгілі бір сыйақымен белгіленген уақытқа дейін сатып алу немесе сату құқығын  беретін стандартты биржалық келісім-шартты айтады.

    Қор нарығының дамуымен  және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың күрделенуіне байланысты мәмілелерді стандарттау қажет. Туынды бағалы қағаздар қор саудасында көптеп қолданылады.

    Опцион.  Опцион негізгі  бағалы қағаздарға қарағанда пайда болуы жақын болса да, қазіргі жағдайда өзінің қызметіне байланысты  өзекті құралға жатқызамыз. Опцион белгілі бір базиске негізделген бағалы қағаз. Оның базисі ретінде нақты тауарлар, шетел валюталары, негізгі бағалы қағаздар болады. Аталған базистердің болашақтағы бағаларынан төмендеуі не жоғарылауынан сақтану үшін қатысушылар  опцион келісімшартына отырады. Опцион мәмілесін  сызба түрінде талдайық. Базис ретінде ең өзекті тауар- мұнайды мысал ретінде аламыз. Айта кететін жағдай, опцион тек қана биржада айналысатын бағалы қағаз болып табылады.

    Компания “А’ тауар биржасында негізінен мұнай сатушысы, ал компания “В” мұнай сатып алушысы ретінде  қызмет етеді. Компаниялардың  қаржылық менеджерлердің немесе сарапшылардың пікірінше, мұнай бағасының болашақ бағасы болжанды.”А ” компаниясының блжамы бойынша мұнай бағасы болашақта төмендеуі, ал “В” компаниясының сарабына сәйкес, бұл мұнай бағасының жоғарылауы туралы пікір қалыптасты.Осы жағдайға сай, компаниялар болжамдалған бағадан сақтану әдісі ретінде опционды таңдады.Опцион келісімшарты кезінде компаниялар болашақтағы мұнай бойынша мәмілеге жүргізуін бекітті. Яғни,қазіргі уақытта олар болашақ мәміленің көлемі мен бағасын бекітеді.. Ал, опцион көрсетілген уақытта мәмілені жүргізеді. Әрбір қатысушыда өзіндік міндеттері мен құқықтары бар.

    Опцион ұстаушысының (немесе опцион сатып алушының ) құқықтары - бұл мәмілені жүргізу кезінде одан бас тарту мүмкіндігі, ал міндеттемесі- бұл опционда көрсетілген сыйақыны төлеу.

    Опцион шығарушының (немесе опцион сатушының) құқықтары-опцион ұстаушысынан сыйақыны талап ету, ал міндеттемесіне –бұл опцион бойынша келісімшартынан бас тарту мүмкіндігінің жоқтығы.

    Опционның опцион пут және колл түрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы - бұл опционды шығарушы мен ұстаушының түрлеріне байланысты. Оны келесі суреттен көруге болады.(2- кесте)

    Колл опцион мен пут опцион мәмілесі қолданылады.Опцион путты керісінше қатысушылардың құқықтары мен міндеттемелері өзгереді. Опцион путты мұнай сатып алушысы сатады. Ол опционда болашақта мұнайды бекіткен бағаға сатып алу міндеттемесін куәландыратын опцион путты шығарады. Сөйтіп, егер мұнайдың нарықтық бағасы қанша өзгерсе де, ол мәміледен бас тартуға болмайды және келісілген бағаға сатып алуға міндеттейді. Ал, опцион путтың сатып алушысы, керісінше өз қалауынша, мәміледен бас тартуға құқығы бар және сәйкесінше бағаға сату құқығына ие.

    Осылайша, дамыған мемлекеттердегі опцион келісімшарты жүргізіледі. Қорытындылай келе, опционның тиімді құрал ретінде рөл атқаруы анық. Бірақ, ҚР-да опционның қолданылмауы бағалы қағаздар нарығының бәсең дамуын айқындайды.

    ҚР-ның туынды бағалы қағаздардың, соның ішінде опционның дамымауына келесілерді жатқызамыз: акция, облигация мәмілелерінің бәсең дамуы, қатысушылардың опцион туралы хабардар болмауы, мемлекеттік реттеудің жеткілікті деңгейде жүргізілмеуін атап өтуге болады.

    Фьючерс- тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.

    Еркін нарықта нақты сатып алушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық заңдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жатады, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық, тоқта, шектеулі.

    Сауда “еркін айқай” тәсілімен жүзеге асады. Опциондық мәмілелерден басты айырмашылығы, мұнда арнайы бекітілген дилер жоқ. Олардың орнында “еденде сауда жасайтындар” деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып сатқаныменопциондық саудадағыдай міндеттемелерді орындамайды. Саудагерлердің кейбіреуі бір жолғы операцияларды жүзеге асыру мақсатында залда бір күндік қызметке құқық алады. Екінші топты брокерлер құрайды, олар қарапайым делдалдық қызмет атқарады.

    Фьючерстермен мәмілені жүзеге асырушы клиенттер екі категорияға бөлінеді:алыпсатарлар және сақтанушылар. Бірінші категория –бұл фьючерсті кейіннен қайта сатып алу мақсатында сатып алушылар, яғнм алыпсатарларды контракт заты қызықтырмайды. Сақтанушылар керісінше, өз қызметінің түріне байланысты берілетін тауарлармен контракты бойынша тікелей байланысты. Мұндағы сатушы жақ бағалы қағаздарың эмитентін білдірсе, ал сатып алушы жақ инвестор болып саналады. Екі жақта өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тырысады. Опционға қарағанда фьючерстік мәміленің айырмашылығығ екі жақта маржалайды, бірақ сыйақы берілмейді.

    Тұрақты табысты бағалы қағаздар фьючерсі-фьючерстердің біршама жауапты түріне жатады. Оның заты кепілденген тұрақты табысты қағаздармен алдағы кезеңде жабдықтау болып табылады. Бұл ілгері уақыттағы мемлекеттің бағалы қағаздары. Фьючерсті сатушы контрактіде көрсетілген саны мен бағасы белгілі бір бағалы қағаздарды сатып алуға өзіне міндеттеме алады. Сатып алушы контрактіде көрсетілген күнге сәйкес және контрактінің шарттарын сақтай отырып, беруге міндетті.

    Басқа да қаржылық құралдар арасында бұл мәмілелердің мәні, кепілденген тұрақты табысты бағалы қағаздардың алып жатқан жағдайынан туындайды. Бұл бағалы қағаздардың атының өзі, инвесторлардың оларды сатып алуға қаражат салуына ешқандай тәуекелге бармайтынын түсіндіреді. Алайда оның позиціиясының бір кемшілігі бар, мұнда инвестор ондай жұмсалымдардан жоғары табыс таба алмайды. Дегенмен де инвестор мынадай артықшылықтарға ие болады:

-жалпыға орта дағдарыс және құлдырау тұсында да оған тұрақты табыс кепілденеді;

-біршама белсенді, бірақ та тұрқты емес нарықта инвестор күтпеген зияндардан сақтандырылады;

-оған қор нарығындағы жағдайға және инвестициялық портфельдің қалыптасуына тұрақты бақылаужасауға уақыт және күш жұмсаудың қажеті жоқ.

    Артықшылықтар мен кемшіліктерді салыстыра отырып, әрбір инвестор нарықтағы ағымды есепке алып, өзінің меншікті жоспарын жасайды, ал соның сомасында тұрақты табыстың бағалы қағаздарға деген сұранысы мен ұсынысы қалыптасады.

    Әрбір бағалы қағаздың номиналдық құны болады және соған сай қайтарылу мерзімі өткенде оны өтейді. Фьючерстік контрактілер:қысқа, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға пайдаланылады. Облигация үшін фьючерстік баға номиналдық құнынан төмен және жоғары да болуы мүмкін.

    Бағалы қағаздар фьючерсін іске асыру уақытында сатушыдан сатып алушыға биржалық опциондық мәмілелер сирек беріледі.Көбіне мәміле екінші жақтыңесебінен бірінші жақтың айырмасына сәйкес төлемдерді өтеумен өтеледі.

    Көрсеткішті мәмілелер –бұл фьючерсжәне опционға негізделетін қаржы операцияларының жаңа облысы.

    Көрсеткішті мәмілелер технологиясы көрсеткіш шамасының теріс өзгерісінің ақша коэффицентіне көбейтілуінен тұрады.Шыққан сома қатынасушы жақтың біреуіне төленеді.Көрсеткішті фьючерстер мн опциондар қандай да бір бағалы қағаздармен қамтамасыз етілуін қаламайды, мәміле тек қана көрсеткіштің жоғары не төмен қозғалуынан түзілетін айырма есебінде төленеді. Мұндай жағдайларда фьючерстерде бұл нарықтық белгілер көмегімен жүргізіледі. (3-кесте)

    Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге крмпания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы нарықта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретін бағалы қағаз.

    Депозитарийлік куәлік – бұл түрлі компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.

    Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезеңнің ішінде эмитенттің акцияларды сатып алуға жеңілдікті құқығын білдіреді. Варранттың кәдуілгі мезгілі 5 – 20 жыл.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы