Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2012 в 17:27, курсовая работа
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Кіріспе.
I. Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.
Бағалы қағаздар түсінігі
Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны
Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары
II. Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.
Негізгі және туынды бағалы қағаздар
Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар
Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау
III. Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері
Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер
Жоспар:
Кіріспе.
I.
Бағалы қағаздар түсінігі
Бағалы қағаздар нарығындағы қор биржасың орны
Бағалы қағаздар нарығының өзге де қатысушылары
II. Бағалы қағаздар түрлері және олардың рейтингтік қасиеттерін бағалау.
Негізгі және туынды бағалы қағаздар
Мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздар
Бағалы қағаздардың рейтингтік қасиеттерін бағалау
III. Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері және олардың халық арасындағы танымдылығы. Елдегі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.
Қазақстандағы бағалы қағаз түрлері
Бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығы
Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу
Қорытынды
Қосымшалар
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар болып табылады.
Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай – ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзгеде құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді және оның өзінің нарығы болуы тиіс.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді.Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжатсыз өмір сүреді.
Инвестициялық бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және т.б)
Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыноктарда есеп – қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды , меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат, лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.
Курстық жұмыс мақсаты – бағалы қағаздар түсінігі мен олардың түрлерін жіктеп, біздің еліміздегі бағалы қағаз нарығын реттеу жолдарын талдап түсіндіру.
Курстық жұмыс міндеті:
1) бағалы қағаздар туралы түсінік қалыптастыру;
2) бағалы қағаздар түрлерін жіктеп көрсету;
3) бағалы қағаздар нарығының қатысушылары жөнінде мағлұмат беру;
4) ҚР- дағы бағалы қағаз түрлерін көрсетіп, оларды мемлекеттік реттеу жөнінде талдау жасау.
Курстық жұмыс құрылымы – курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім III тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
I тарауда жалпы бағалы қағаздар туралы түсінік, олардың атқаратын қызметтері және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары, соның ішінде, қор биржасы және өзге де қатысушылар жөнінде баянлдалды.
II тарауда бағалы қағаз түрлері қарастырылып, олардың қасиеттерін рейтингтік бағалауға арналды.
III тарауда ҚР- дағы қолданылып жүрген бағалы қағаз түрлері, бағалы қағаздардың халық арасындағы танымдылығына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуге тоқталдық.
Курстық жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет – журналдар мақалалары, интернет сайттары қолданылды.
I.Бағалы қағаздар түсінігі және бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.
1.1 Бағалы қағаздар түсінігі
Бағалы қағаз - бұл капиталдың ерекше формасы. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б танылады.Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай – ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. Сонымен қоса, бұл құжаттар нақты объектілерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. ҚР Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз - бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктермен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату - сатып алуға,эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.
Бағалы қағаздар нарық субъектілерінің қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаз арқылы субъектілер ақша-қаражаттарға деген сұранысын, ал осы құралдарға инвестицияланған субъектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауға бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына жатқызылады.
Бағалы қағаздар келесідей қызметтер атқарады:
1) экономика салалары және аялары арасында, мемлекеттер арасында, мемлекет пен халық арасында, әр түрлі халық топтары арасында ақшаны қайта бөледі;
2) иелеріне қосымша құқық береді (капиталға құқық,басқаруға құқық, ақпаратқа құқық және т.б.);
3) капиталға табыстың алуын және (немесе) сол капиталдың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздар келесідей жіктеледі:
-экономикалық белгісіне қарай бағалы қағаздар үлестік, қарыздық,тауарлық және туынды бағалы қағаздар;
-құқықты беру әдісіне қарай олар атаулы, ұсынушылық және ордерлік бағалы қағаздар;
-шығару формасына қарай құжаттық және құжатсыз бағалы қағаздар;
-капиталды тарту мерзіміне қарай олар қысқа,орта, ұзақ және мерзімсіз бағалы қағаздар;
-айналыс территориясына қарай бағалы қағаздар аймақтық, ұлттық және халықаралық қағаздар;
-эмитент бойынша олар мемлекеттік,корпоративтік және шетелдік бағалы қағаздар;
-табыс бойынша бағалы қағаздар тұрақты табысты, бір реттік табыс,бекітілген процент бойынша табысты,өзгермелі процент бойынша табысты бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар нарығы-бағалы қағаздардың шығарылымы, айналысы және өтеу бойынша нарық қатысушылары арасындағы экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы 2 үлкен топтан тұрады-қор нарығы және туынды бағалы қағаздар нарығы. Сонымен қоса, инвестициялау процесіндегі орнына байланысты бағалы қағаздар нарығы алғашқы және қайталамалы бағалы қағаздар нарығына бөлінеді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды шешуге көмектеседі. ҚР-да бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары- бұл эмитенттер (бағалы қағаздарды шығарушылар-мемлекет, кәсіпорындар, банктер), инвесторлар (бағалы қағаздарды сатып алушылар), кәсіби қатысушылар(бағалы қағаздар нарығының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар-брокер, дилер, кастодиан,депозитарий т.б.) және өзін-өзі реттеу ұйымдары жатқызылады.
1.2 Қор биржасының орны мен қызметі.
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Дәлірек айтсақ, биржа – бұл анықталған орында, көрсетілген уақытта және белгілі бір ережелерге сүйенетін жариялық сауданы жүргізетін ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының негізгі ұйымы. Биржа бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына жатқызады.
Ең бірінші рет биржа XVI ғасырда Еуропада пайда болды. Антверпеньде (Нидерланды) – 1531 жылы, Лион, Тулузада (Франция) – 1549 жылы, Лондонда – 1.556 жылы, ал Ресейде 1703 – 05 жылдары құрылды. АҚШ – тың Чикаго қаласында 1848 жылы бірінші тауар биржасы қызмет атқара бастады.
Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып екі топқа бөлінеді.
Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазда алады.
Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мезгілде жүргізіледі: ол айдың ортасы немес аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде, мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның бағалы қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды.Биржаның жіктелімі өзінің алуан түрлілігімен сипатталады. Оны келесі кестеден көруге болады. (1- кесте)
Қазақстандағы негізгі биржа бұл – Қазақстан қор биржасы немесе KASE (Kazakh asset stock exchange). KASE құрылу уақытын – 1993 жылы деп бекітілді. Оның негізгі эволюциясы:
- 1993 жылы Қазақстан банкаралық валюта биржасы құрылды, ол тек қана шетел валютасымен сауда жүргізеді;
- 1994 жылы Қазақстан Банкаралық валюта биржасында бағалы қағаздармен сауда – саттық жүргізді;
- 1995 жылы биржа атауын өзгертіп “Қазақстан банкаралық валюта – қор биржасы ” деп аталды.
- 1996 жылы “Қазақстан қор биржасы” деген атауына өзгертілді;
- 1997 жылы биржада мемлекеттік емес бағалы қағаздармен сауда жүргізілді;
- 1997 жылы KASE- ден Алматылық қаржылық құралдар биржасы (AFINEX) бөлініп шықты.
- 1999 жылдан бастап аталған биржалар қайта қосылып, KASE атауын бекітті.
KASE – нің айналыс объектілері ретінде келесі активтер танылады:
- отандық мемлекеттік бағалы қағаздар;
- эмиссиялық мемлекеттік емес бағалы қағаздар;
- Халықаралық қаржылық ұйымдардың бағалы қағаздары;
- ҚР заңнамасына сәйкес, ҚР – да айналысуға құқықтары бар шетел эмитенттерінің бағалы қағаздары;
- Вексельдер
- Базалық активтері KASE айналысатын туынды бағалы қағаздар;
- Шетел валюталары.
Қор биржада листинг және делистинг процедураларына тоқталайық.
Листинг – бұл эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржа айналысын енгізу операциясы. Листингтік компания – бұл биржа айналысына бағалы қағаздарын жоспарлайтын эмитент.
Листинг операциясы келесідей кезеңдерден өтеді:
-Алдын ала кезең, мұнда эмитент пен оның бағалы қағаздарына талаптарды анықтайды;
-Сараптау, эмитенттің қаржылық жағдайын анықтау арқылы бағалы қағаздарды биржа айналысына жіберу туралы шешім қабылдайды., листингтік компнияға шешім шешім қорытындысын айтады, егер бағалы қағазды айналысқа жібермесе онда оның себебін түсіндіреді.
- листинг бойынша келісу, яғни тараптар арасында міндеттемелер анықталады.
Листинг эмитентке келесідей артықшылықтар береді:
1) компания имиджін көтереді;
2) жеке және институционалды инвесторларды тарту;
3) қосымша эмиссия кезінде жеңілдіктердің болуы;
4) қаржы нарығында танымал болуы.
Ал, инвесторға да листингтен өткен бағалы қағадарды сатып алуда тәуекел деңгейінің төмендігі, активтің өтімділігі секілді артықшылықтар болады.
Листингпен қатар қор биржасы делистинг процедурасын атқарады. Делистинг- бұл қор биржа айналысынан белгілі бір себептермен бағалы қағаздарды шығару операциясы. Делистингті келесі жағдайларда жүргізеді:
- эмитенттің өтініші бойынша;
- эмитент қызметінің тоқтатылуы бойынша;
- листингтік компанияның листингтік талаптардан ауытқуы, сай келмеуі:
- толық емес және жалған мәліметтерді беруі.
Бағалы қағаздармен сауданың ұйымдастырылуы негізі екі тәсілі бар, ал олардың өзі бірнеше түрге жіктеледі.
Жаңадан пайда болған , нарықта сатып алушылар мен сатушылар саны аз кезінде, сондай –ақ бағалы қағаздар көлемі аз кезінде жай аукционның түрі қолданылуы мүмкін. Ал дамыған қор нарықтарды бағалы қағаздармен сауда қос аукцион арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Жай аукционның ағылшын, голландық және жабық түрлері бар.
Ағылшын аукционында нарықта бағалы қағаздарды сатуға ұсынылатын сатушылардың шектелген санының болуы және бір – бірімен бәсекелес сатып алушылар тарапынан жоғары сұраныстың болуы сипат алады.
Голландық аукционда нарықта сатушылар көп, сатып алушылар аз болады. Баға төмендейді.