Ағымдағы шаруашылық субъектілерінің капиталын құрудың проблемалары және оны шешу жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2011 в 13:40, курсовая работа

Краткое описание

Капиталдың оңтайлы құрылымын анықтау үшін онда қаржылық тәуелділіктің оңтайлы деңгейі барлығынан және осы өндірістік секторға тән іскер тәуекел дәрежесіне үлкен тәуелді болатындығынан бастау керек. Нақты бір компанияның қызметін есепке алған, өйткені бір сала компанияларында капиталдың оңтайлы құрылымдары әр түрлі болуы мүмкін. Компанияның операциялық қызметінің салалық ерекшеліктері оларды есепке алу капитал құрылымын мақсатты түрде қалыптастыруға мүмкіндік беретін факторлардың бірі болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе бөлім
1.Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау.
1.1.Компания капиталының құрамы мен оның тиімді құрылымын анықтау тәсілдері.
1.2. Компания капиталының құнын анықтау әдістері.
2.Компания капиталының құрылымын оңтайландыру.
2.1.Компания капиталын оңтайландыруда қаржылық тұтқаны пайдалану.
2.2.«Батыс Транзит» АҚ тәжірибесі шегінде компанияның капиталының құрылымына талдау.
3.Ағымдағы шаруашылық субъектілерінің капиталын құрудың проблемалары және оны шешу жолдары.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Содержимое работы - 1 файл

Компания капиталының құрылымы мен құнын анықтау 27.doc

— 406.50 Кб (Скачать файл)

      екіншісі – компанияның құны оның келешекте басқара алатын, табыстылық мөлшерлемесі бойынша дисконтталған, компанияның барлық активтерінің жиынтық тәуекелін ескеретін ақша ағынымен анықталады.

      Компания  акцияларының нарықтық құны мен меншікті акционерлік кпаитал арасында айырма артқан сайын акционерлердің молшылығы да арта түспек.

     Компания  құнын жасауға бағытталған әрекеттерді төмендегідей топтарға бөлуге болады:

      • қолда бар активтерден ақша ағынын көбейту әрекеттері;
      • келешекте ақша ағынының өсуін арттыру әрекеттері;
      • ақша ағынының өсуі орташа нарықтықтан асқан жағдайда, кезеңнің ұзақтығын уақытша арттыру әрекеті;
      • капитал құнын азайту әрекеттері (қаржыландыру шығындарын азайту).

     Сату  көлемін арттыру және өндірістік шығындарды азайту түрінде ақша ағындарын арттыру мақсатына жету әдістерінің бірі косылу және жұтылу (М&А) болып табылады. Сондықтан қосылу мен жұтылуға қол қоймастан бұрын, әдетте алдымен осындай бірігулер нәтижесінде пайда болатын құн жасау немесе синергетикалық әсерлер жасау мүмкіндіктерін қарастырады өндірістік үнемділікке қосымша компаниялар қосылуы кезінде өндірістік масштабтағы үнемділік болуы мүмкін. Мұндай үнемділік өндіріс көлемінің өсуіне байланысты орташа шығындар азайған кезде байқалады. Үнемділікті горизонталь біріккен бірлестіктер, яғни қызметтерін (бизнес бағытын) бір ғана өндіріс процесінде жүзеге асыратын компаниялар қосылған кезде, өндірістік қуаттары мен операцияларының жарыса жүргізілуіне жол бермеу есебінен жақсы жүзеге асыруға болады. Вертикаль біріккен компанияларда (яғни, қызметтерін өндіріс процестері кезеңдеріне тікелей байланыста жүзеге асыратын компанияларда) шығынды үнемдеу осылайша бір ізді циклге біріктіру және өндіріс пен өнім өткізудің бірізді кезеңдеріне бақылау жасау есебінен қол жеткізіледі.

      Қатысушылардың  жауапкершілігін анықтаумен қатар жарғылық капиталдың қосымша кызметі бар, ол серіктестіктің өндірюістік базасын және оның айналымдық қаржысын қапыптастыру көзі болып табылады Шын мәнінде корпоративті процедуралар мен салық салу тұрғысынан серіктестіктің жарғылық капиталына қажетті материалдық базаны және өзге активтерді беру серіктестік мүлкін толықтырудың оңтайлы тәсілі болып саналады.

     Сондықтан серіктестікке қатысушылардың өзі жарғылық капиталдың мөлшерін арттыруға ықылас білдіреді, бұл олардың серіктестік жауапкершілігі бойынша жауапкершілік деңгейін арттырады. Қазақстандық тәжірибеде бұндай жағдайдың таралуы қисынды. Қатысушылар кәсіпорын жұмысының алдын-ала нәтижелерін көре отырып және алдағы перспективаға сене отырып айналымды арттыруға шешім қабылдайды.

     Жарғылык капиталды арттыру процедурасы көп қадамды және күрделі емес, әсіресе оның бастаушыларында мақсаттарға, іске асыру механизміне, өзара құқықтар мен міндеттемелерге қатысты түсінушілік пен ақылдасушылық ең бастысы - толық өзара сенімділік болса Бұл процедура серіктестікте бір ғана қатысушы болса мүлдем қарапайым.

     Серіктестік қатысушылары жарғылық кпаиталды өзінің капиталымен тәуекелдеп арттыратындай  шешім қабылдаса,келесі жағдайларға  ие болмақ:

1)қатысушылар екеу я одан да көп;

2)қатысушылар арасында толық сенімділік жоқ (олар экономикалық, маркетингтік немесе өзге мақсаттармен серіктес болды). 
           Жарғылык капиталды арттырудың процедуралық сәттерінде мұқият тоқталайык. Аталған процесстің қатысушыларының мүліктік ыкыластары жағдайы жарғылык капиталды арттыру процедурасының қыр-сырын дұрыс түсіну деңгейіне тікелей тәуелді болатынын келесі талдаудан байқауға болады.

     ҚР  «Шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңы бойынша, 07.08.2008 ж. соңғы өзгертулері мен толыктыруларымен (әрі карай - ЖШС туралы Заң). жарғылык капиаталды арттыру процедураларын кыскаша келесідей көрсетуге болады.

1.Қатысушылардың жалпы жиналысында жартылық капиталды арттыру туралы шешім қабылдау.

2.Мемлекеттік тіркеуін іске асырған органға жалпы жиналыспен жарғылық капиталды арттыру туралы шешім қабылдағаннан кейінгі үш ай ішінде шешім қабылданғаны жайында хабарлау (әділет органында серіктестік жарғысының өзгеруін тіркеу).

     Бірінші сатының (шешім қабылдау) жеке реңктері жарғылык капиталды арттырудың қатысушы таңдаған тэсіліне тәуелді (тәсілдер тізімі ЖШС туралы Заңның 26 б. 2 п. анықталған):

1)серіктестіктің барлық қатысушыларының қосымша үйлесімді салымдары;

2)серіктестіктің жеке капиталы есебінде. оның ішінде резервті капиталының есебінде жарғылық капитал көлемін арттыру;

3) қалған қатысушылар келіскен жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салымдар салуы;

4) серіктестік  құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

     Бұл жерде жарғылық капиталды арттырудағы бар катысушылардың қарым-қатынасын талдағанымыздықтан, бірінші және үшінші тәсілдерді зерттеуге тоқталайық.

          Жарғылық капиталды аталған тәсілдермен арттырудың ұтымды нәтижесі ретінде жарғылық капиталға қосымша салымдардын толық сомасын нақты енгізуді және серіктестік жарғысынын, өзгеруін әділет органдарында тіркеуді атауға болады.

     Тәжірибе көрсеткендей, бұл процедураның жиі үзілу себебі серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысы салымның бәрін немесе едәуір бөлігін енгізбеуінде.

     Бұндай орындамаушылықтың салдарына ЖШС туралы Заң 26 б. 6 п баяндалған жалғыз норманы арнайды.

     Егер жарғылық капиталды арттыру орындалмаса қатысушы немесе серіктестікке кіруге ықылас білдірген, өз салымын салған үшінші жақ серіктестіктен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (толық бөлімі) (әрі қарай - АК) 353-бабына сәйкес салымды қайтаруды және тұрақсыздық айыбын төлеуді немесе шығынды өтеуді, оның ішінде салым ретінде енгізілген мүлікті пайдалану мүмкіндігін жоғалту нәтижесінде жіберілген пайданы өтеуді талап етуге құқылы.

     Сәйкесінше, ЖШС туралы Заң жарғылық капиталды  арттыру бойынша процедураның орындалмауының бір жағын ғана қадағалайды - қосымша салымдарды енгізу бойынша міндетті атқарған қатысушылардың ең төменгі ықылас деңгейін камтамасыз ету.

     Осылайша,ЖШС  туралы Заң бұл сураққа бір  қырынан ғана қарайды, жарғылық капиталды арттыру орындалмауымен бзйланысты қатысушылар мен серіктестікке қандай шара қолдануға болатынын нақтыламайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ

      Қорыта  келгенде, компанияны қаржыландыру саясатын дұрыс қалыптастыру үшін нақты компанияның капитал құрылымының оңтайлы мәндерінің аймағын анықтау қажет. Мұндай аймақты іздеу оңтайлы капитал құрылымының сандық жане сапалық талдау тәсілдерімен байланысты Нақты компанияның капитал құрылымын сандық бағалау қаржы саясатын жасау кезінде ескерлуі тиіс макро және микро факторларды анықтауды қажет етеді. Талдаудың бұл түрін сандық бағалаумен ■- компания үшін қарыз және меншікті капиталдың оңтайлы арақатынасын белгілеуге мүмкіндік беретін қаржылық улгілермен толықтыру керек.

      Компания  қызметінің нәтижелілігі пайдаланылатын капитал құрылымына айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Капитал құрылымы дегеннің өзі өз қызметінде пайдаланатын меншікті және қарыз құралдарының арақатынасы компанияның нарықтық құнын барынша арттыруға мүмкіндік беретін басты факторлардың бірі болып табылады.

      Компания  капиталының құрылымын оңтайландыру бойынша курстық жұмыстың ұсыныстары мынадай:

1)Капитал тартуда оңтайлысын қабылдау  үшін сауатты қаржы менеджерлерін тарту;

2)Инвесторларды қызықтыру үшін жобаларды жасау кезінде қайталанбаған және әлемдік стандартқа сай етіп жасау;

3)Бағалы қағаздар эмиссиялағанда эмитент өз репутациясын тәуекел деңгейін төмендету үшін қолдану;

4)Тапқан пайдасын айналымға көп салудың орнына, кпаитал құрылымын күрделендіруге жұмсау, себебі кпаитал құны инвестицияларды көптеп тарту үшін маңызды

5)Әр кәсіпорын капитал құру барысында модификацияланған теорияға сүйенгендері абзал.

      Осылайша, компания капаиталын құру барысында  ең оңтайлы нұсқасын таңдау, оның әрі  қарайғы өмір сүруінің алғы шарты  болып табылады. Яғни кәсіпорынның құны оның болашақтағы табысымен  анықталады, демек капитал құрылымынан тәуелсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 
 

  1. «Қазақстан  өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау  қарсаңында. Қазақсатанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің  қатарына кіру стратегиясы» ҚР-ның  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан 2006жыл,2 наурыз.
  2. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму стратегиясы // 2003жыл,17 мамыр
  3. Сергеев .Экономика педпиятия.:Учеб – М,2003
  4. Кәсіпорын экономикасы. Под. ред.  В.М. Семенова, - М., 1998 ж.
  5. Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, - М., 1998 ж.

    6.  «Жамбылгипс» АҚ-ның мәліметтері  бойынша.

  1. Экономика предприятия. В.Я. Горфинкеля В.А. Швандара. Москва 2000
  2. Экономика учебная.А.П. Казанов.Москва 1999 г.
  3. Экономика предприятия С.Т. Купешова
  4. Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.
  5. Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.
  6. Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.
  7. Окаев О., Дюкова Е.М. Нарық жағдайындағы өнеркәсіптік кәсіпорын экономикасы. Алматы, 1994 ж.
  8. Хамзин С.К. Құрылыс өндірісінің экономикасы. Алматы:«Баспа», 2002 ж.
  9. Бухгалтерлік есептің Қазақстандық үлгілері және оларға методикаалық ұсыныстар. Бөлім 1. Журнал. Алматы: «Бико», 2002 ж.

Информация о работе Ағымдағы шаруашылық субъектілерінің капиталын құрудың проблемалары және оны шешу жолдары