Лизинг және оның экономикадағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 16:49, реферат

Краткое описание

Лизинг - кәсіпорынға өндірістік құралдарды атып алмай –ақ және олардың меншігінде болмай-ақ қол жеткізетін негізгі құралдардың жылдамдатылған жаңартуының бір әдісі.
«Лизинг» терминінің өзі ағылшынша «to lease» етістігінен аударғанда, «жалға беру» немесе «арендаға алу» дегенді білдіреді. Лизингтің қаржы –коммерциялық, құқықтық,техникалық аспектілері бар.Анықтау анализі кең және қысқа «лизинг» түсінігін келесі белгілері бойынша көрсетуге мүмкіндік береді:

Содержание работы

1. Лизинг жәнеоның экономикалық орны.
Лизинг тусінігі,концепциялары.

2. Лизингтің нысандары мен түрлері.

3.Әлемдік экономикадағы лизинг дамуының тәжирибесі.

4. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизимін жетілдіру жолдары

5.Қорытынды.

Содержимое работы - 1 файл

Лизинг және оның экономикадағы орны.doc

— 169.00 Кб (Скачать файл)

     Лизингпен сонымен бірге инвестициялауға  құралдары бар сақтандыру компаниялары, инвестициялық банктер және кез  келген мемлекеттік ұйым айналыса алады.

     Ресми лизингтік болып табылмайтын  фирмалар да  бар, бірақ негізгі қызметке қосымша ретінде арендалық операциялар туғызады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           4. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін  жетілдіру

                                                                                                              жолдары

     Кәсіпкер  өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингке алу банктік  несие есебінен сатып алуға қарағанда  неғұрлым тиімді болса,ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алуы үшін сенімді несиелік тарихы болмаса.Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатынклиенттермен қосымша тәуекелділікке бара отырып, жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді.Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.

     Еліміздегі  лизингтік қызметтер нарығында  бүгінгі күні қалыптасып отырған  жағдайларды ескере отырып, біз лизингтік  қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды  бөліп қарастыруды ұсынамыз.Яғни,осы ұсынылатын механизмді қолдану арқылы лизингтік қатынасқа қатысуша субъектілер белгілі бір жетістіктерге қол жеткізуі мүмкін.Ол үшін ең алдымен лизингтік қызметтер нарығын белгілі бір сегменттерге бөліп қарастыру керек.Оны төмендегі суреттен көруге болады:

     1-белгі  
Лизингтік қызметтер

Нарығының сегметтері

          ІІ-белгі
Лизингтік келісімдер

СегментN1-шағын

СегментN2-орта

СегментN3-ірі

Лизингке алушылар

СегментN1-шағын

СегментN2-орта

СегментN3-ірі

 

            Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері

     Лизингтік қызметтер нарығы сегменттерінің бір  белгісі ретінде лизингтік келісімдердің  алынуына,оның осы сегменттегі сұраныс  ерекшеліктерін анықтайтындығы,ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың  алынуына,олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.

     Лизингтік компаниялар құрылғыларды тиімді басқаруды  ұйымдастыру арқылы өз тәуекелдіктерін  төмендете алады.Яғни лизингтік  компания өз  қасиетіне  тән емес қызметтерді  де өзіне жартылай алуы  мүмкін. Ол үшін лизингтік компания лизингтік келісімді бекіту үшін қажетті көптеген экономикалық  және қаржылық  ақпараттарға талдау жүргізу жұмыстарын өзі атқару қажет. Бірақ осындай схема бойынша әрбір жобаны таңдай әрбір лизингтік компания үшін де қымбатқа түсетіні белгілі.Сондықтан лизингтік компания өз шығындарын  азайту үшін халық  шаруашылығының перспективті  салалары мен  бағыттарын үнемі  қадағалап отыруы қажет.Содан кейін ол белгілі бір жеткізушіні таңдайды және сол  құрылғыларды пайдалану арқылы өндірісті жүргізудің, дамытудың перспективтілігін толық есептемейді.Осындай жұмыстар атқарылғаннан кейін лизингтік компания белгілі бір құрылғыларды лизингке беру үшін  конкурс жариялауы керек.Лизингтік қатынастар механизмін жетілдірудің мұндай жолын лизингтік компаниялардың қосымша қызметтерін дамыту  стратегиясы деп те атауға болады.

     Қорыта  айтқанда,лизингтік компаниялардың  қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі  арқылы біз лизингтік  қатынастарды жетілдіруге  ешқандай ерекше жаңалық енгізген  жоқпыз.Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары  қаржыландыру құралы  ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизингтік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігін құптаймыз.Себебі, бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға  кедергі жасайтын  негізгі мәселені шешуге  көмектеседі.

     Әсіресе шағын кәсіпорындар біліктіліктерінің  жеткіліксіздіктерінен жобаның  инвестициялық мүмкіндіктерін  тиімді бағалай алмайды, бұл  жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті  тудырады.Сондықтан да лизингтік компания инвестициялық жобалларды  таңдау және бағалау  процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп  саналады.Яғни,олар шағын кәсіпорындардың тәуекелділіктерінің біраз бөлігін  өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда  басқаларға  беруі қажет.

     Лизингке  алушылардың келесі бір типі орта және ірі кәсіпорындар болып табылады.Осы  екі топты бір сегментке біріктіру  себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге  деген сұраныстарының ұқсастықтары  әсер етті.Айырмашылықтары тек  қаржыландыру  мөлшерінде  болуы  мүмкін.Нарықтың осы  секторында  жұмыс істеу  лизингтік  компаниялардан  өте көп  мөлшердегі  қаржылық  ресурстарды  және  арнайы қаржылық схемаларды  құруға  қабілеттіліктері  бар біліктіктері жоғары  мамандарды  талап етеді.Осы  сегменттерде лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша лизингтік холдингті дамыту болып табылады.

     Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын  жоғарыда көрсеткендей белгілі бір  белгілері  бойынша сегменттерге бөліп  қарастыру ,лизингтік қатынастар механизмін  жетілдіруге  мүмкіндіктер  береді. Осы лизингтік келісімдерді қандай сегментте болсын жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   

                                                 5. Қорытынды      

Лизинг  инвестицияларды тартуға қабілетті, икемді және көп үміт күтерлік экономикалық иінтірек болып келеді, отандық өндірісті  көтеруге мүмкіндік жасау, капиталды ел экономикасының маңызды саласына тарту, шағын бизнеске нақты қолдауды қамтамасыз етеді және т.б.  Ресейдегі орасан зор потенциал осының көрінісі.    

Үкімет, лизингке қолайлы жағдай саясатын декларациялар  соңғы жылдары  берік нормативтік база дайындады. өкінішке орай, заңмен анықталған барлық жеңілдіктер, орындарда нұсқаулықпен бекітілген және ал нақтылап алғанда орындалмайды.     

Қорытындыда атап өту керек, лизинг несиені арзан  ауыстыру болып табылмайды. Негізгі  қаражаттың жабдығын қаржыландырудың белгілі артықшылығы бар, бірақ несиелеудің машықтары мен қаржылық ағындарды бағалау, қамтамасыз етілмеген несиедегі сияқты өте қиын. Басқа сөзбен айтқанда жетерлік қаражатсыз, бірақ жоғары тиімді жобамен істі бастау үшін, лизинг алушы үшін негізгі жағымды сәт жоғалады (соның ішінде шағын бизнес үшін),  сондай-ақ, лизингте банктер кепілзатты талап етеді (лизингтік мәміленің объектісі жоба үшін бағалы болуы мүмкін, бірақ  банктің шығынан жабу үшін, таратушылыққа сол шарада ие емес)    

Осылайша, лизинг банктің «өз» клиенттерінің инвестициялық жобаларына қызмет көрсетудің тиімді құралына айналды. Бірақ Ресейдегі лизингтің потенциалы өте жоғары және мемлекет де және лизингтік компания да орасан зор жұмыс жасады.    

Менің ойымша, біздің елімізде көлемінде  келесі элементтері бар кешендік бағдарлама жетіспейді:    

- өз  қатарына: кәсіби мамандардың дайындығын, ұсынатын қызметтердің ақпараттық  жариялауды қосатын, кең дамыған  лизингтік қызметтің нарық инфроқұрылымы  табылып, құрылушы еді;    

- лизингтік мәмілердің ұзақ мерзімдік несиеленуінде (3 жылдан аса) банктің кең спектрлі жеңілдігін ұсыну;    

- лизингте 100 пайыздық кепілзаттан сақтану  үшін, кепілдік жүйесін дамыту (мәселен,  сақтандыру);    

- қабылданған  шаралармен қатар (халықаралық  лизинг келісім-шарттарындағы валюталық бақылаудың болмауы), лизинг көлемінде шетелдік инвестицияларды тарту бойынша шаралар кешенін күшейту.    

Осындай бағдарлама коммерциялық банктерді  күмәнді, қауіп-қатерлі пайданы қысқа  мерзімнің ішінде алудың орынына  сенімді пайда алу үшін ресейлік экономиканы қаражатты ұзақ мерзімдік инвестициялауға бағыттауға итерер еді.    

Бағдарламаның осындай түрі Ресейді лизингтік  шудан бөліп отыр.     

Қызмет  көрсету лизингі немесе операциялық  лизинг негізгі қаражатын ғана емес, сондай-ақ оның пайдалануын да қаржыландыруды қамтамасыз етеді, ал лизбэк пен қаржылық лизинг қаржыландыруды ғана қамтамасыз етеді және несие көмегімен қаржыландырудың баламасы болып табылады.     

Лизинг  «баланстық есептен тыс» қаржыландыру болса, фирмалар егерде олар, қарызға алудан гөрі, лизингті пайдаланса, үлкен қаржылық левериджке ие болады. Бұл лизингтің артықшылығының бір себебі. Бірақ салықтар негізінен қаржылық лизингтің өсуінің басты себебі болып табылады. Лизинг салықтық жеңілдіктерді негізгі қаражатты пайдаланушыдан капиталды жабдықтаушыға беруге мүмкіндік береді және егерде бұл жақтар әртүрлі салықтық шарттарда болса, онда олар лизингтік келісімнен пайда таба алады. Қазір, қандай да мүмкіндік тиімді және іс жүргізу пайдалы болып отырғанда, мұндай салықтық және экономикалық жағдайдың қатаңдығында, аз шығынға ие болу өте маңызды, біздің елде де лизинг нарықтағы аса перспективті және тиімді нұсқасы деп қаралуы қажет.  
  
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                          Әдебиеттер тізімі 

              1. Финансовое управление компанией / Общ. ред. Е.В.Кузнецовой. – М.: Фонд «Правовая культура»
              2. Финансовые и инвестиционные показатели деятельности американской фирмы. – М., 1991.
              3. Черников Г.П. Фондовые биржы. – М., 1991.
              4. Федоров Б.Г. Англо-русский толковый словарь валютно-кредитных терминов. – М., 1992.
              5. www.bta.kz
              6. www.zakon.kz
              7. www.lising.kz
              8. www.rambler.ru
              9. www.yandex.ru
              10. www.esep.kz
              11. www.natonalbank.kz
              12. www.kazstat.kz
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ  КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ  ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Экономика» кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

                                 

                          Тақырыбы: Ислам банкі 
 
 
 
 
 

                                                                              Орындаган: ЭП-08-3 тобының студенті 

                                                                                                   Сейтмағанбетова.Г.

                                                                               Тексерген: аға окытушы

                                                                                                   Утебалиева.Д. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Актау 2010 ж.

Информация о работе Лизинг және оның экономикадағы орны