Лизинг және оның экономикадағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Ноября 2011 в 16:49, реферат

Краткое описание

Лизинг - кәсіпорынға өндірістік құралдарды атып алмай –ақ және олардың меншігінде болмай-ақ қол жеткізетін негізгі құралдардың жылдамдатылған жаңартуының бір әдісі.
«Лизинг» терминінің өзі ағылшынша «to lease» етістігінен аударғанда, «жалға беру» немесе «арендаға алу» дегенді білдіреді. Лизингтің қаржы –коммерциялық, құқықтық,техникалық аспектілері бар.Анықтау анализі кең және қысқа «лизинг» түсінігін келесі белгілері бойынша көрсетуге мүмкіндік береді:

Содержание работы

1. Лизинг жәнеоның экономикалық орны.
Лизинг тусінігі,концепциялары.

2. Лизингтің нысандары мен түрлері.

3.Әлемдік экономикадағы лизинг дамуының тәжирибесі.

4. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизимін жетілдіру жолдары

5.Қорытынды.

Содержимое работы - 1 файл

Лизинг және оның экономикадағы орны.doc

— 169.00 Кб (Скачать файл)
 

      - қаржылық (капиталдық) лизинг (Financial lease)      

- қайтару  (sale and lease bask     

- үлестік  лизинг (leveraged lease)     

- тікелей  лизинг (direct lease)     

- сублизинг  (sub- lease)    

Осындай келісімдердің барлық барлық түрлері  екі базалық лизингтің басқа түрі – жеделдік не қаржылық болып табылады. Қазақстан Республикасында «Лизингтер туралы» заң лизингтің негізі үш түрін реттейді: жеделдік, қаржылық және қайтарымдық (мәні жағынан, қаржылық лизингтің бір түрі).

     Жеделдік (сервистік) лизинг –  бұл ағымдағы жалдау туралы  келісім. Мұндай келісімнің мерзімі жалға алған активтің толық өтелімі кезеңінен аз. Осылайша, келісім-шартпен қарастырылған жалға алу ақысы активтің толық құнын жаппайды, ол оны лизингке бірнеше рет тапсыру қажеттігін тудырады.

      Жеделдік лизингтің маңызды белгісі –лизинг алушының келісім-шартты мерзімінен бұрын өтеу құқығы. Осындай келісімдер жалға тапсырылатын жабдықтың ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді бекіту бойынша әртүрлі қызмет көрсетуді қарастырады. Осыдан келіп, лизингтің жиі қолданылатын – сервистік атауы шығады. Сонымен қатар көрсетілген қызметтер құны жалға беру бағасына кіреді не жекелей төленеді.      

Жеделдік  лизингтің негізгі объектілеріне тез ескіретін жабдықтар (компьютерлер, көшірме және көбейту мащиналары, оргтехниканың әртүрлі түрлері және т.с) және техникалық күрделі, әрқашан сервистік қызмет көрсетуді талап ететін (ауыр және жеңіл көліктер, әуелайнерлері, темір жол және теңіз көлігі).      

Жеделдік  лизинг шарты жалгер үшін өте тиімді екенін байқаймыз. Соның ішінде, жалға  алуды мерзімінен бұрын тоқтату  ескірген жабдықтан уақытында құтылып, оны ең жоғары технологиялық және бәскелесу қабілеті бар жабдыққа айырбастауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, қолайсыз жағдайлар туғанда жалгер аталған қызметті тез тоқтата алады, сәйкес жабдығын иесіне мерзімінен ерте қайтаруға, өндірісті тарату мен қайта құру туралы шығындарды азайта алады.       

Бір жолғы  жобаларды немесе тапсырмаларды  жүзеге асырғанда жеделдік лизинг одан әрі қажет болмайтын сатып  алуларды және жабдықты одан әрі ұстаудан босатады.     

Лизинг  беруші не жабдық жасаушы көрсететін әртүрлі сервистік қызметті пайдалану, одан әрі қажет болмайтын жабдықты сатып алудан, және кейін ұстау қажеттігінен босатады.     

Жеделдік  лизингтің кемшліктері: лизингтің басқа нысандарына қарағанда жалға алу төлемі өте жоғары; аванастар мен алдын ала төлеу талаптары; жалға алуды мерзімінен ерте тоқтатқан жағдайда айып төлеу туралы келісім-шартарда тармақтың болуы; мүлік иесінің қауіп-қатерін жартылай төмендететін және орына келтіруге шақырған басқа да жағдайлар.     

   Қаржылық (капиталдық) лизинг жалға алушы салатын төлем есебінен жалға алған жабдықтың толық өтелімін қарастыратын ұзақ мерзімдік келісім. Мұндай келісімдер жалға алудың мерзімінен ерте тоқтатылу мүмкіндігін болдырмайтындықтан, кезеңдік төлем мөлшерін дұрыс анықтау жабдық иесіне жабдықты сатып алу мен ұстауға кеткен шығында толық орнына келтіруді, сондай-ақ пайдалылықтың талап етілген нормасын қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл нысанында мүлікті орнатуға және ағымдағы қызмет етуге кеткен барлық шығындардың толық өтелуін жалгерге қамтамасыз етеді. Көбіне мұндай келісімдер жалгердің келісім-шарт мерзімі өтіп кеткен соң мүлікті арзан немесе қалған бағасымен алуды қарастырады (мұндай баға таза символикалық болуы да мүмкін, мысалы, 1 доллар).

                           

                      2. Лизингтiң нысандары мен түрлерi     

Осы Заңмен лизингтiң мынадай негiзгi нысандары  мен түрлерi реттеледi.   
      1. Лизингтiң нысандары:      

1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.      

2) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды.   
      2. Лизингтiң түрлерi:      

1) қайтару  лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол  бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады;      

1-1) қайталама  лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде  қалған лизинг нысанасы, лизинг  шарты тоқтатылған немесе бұзылған  жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;     

2) банк  лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда  лизинг берушi банк болып табылады;      

3) толық  лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол  бойынша лизинг нысанасына техникалық  қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады;      

3-1) сублизинг  - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын  лизинг шарты бойынша лизинг  берушiден алынған және лизинг  нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына  және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;     

4) таза  лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол  бойынша лизинг нысанасына техникалық  қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады.  
                              Лизинг нысанасы     

1. Үйлер,  ғимараттар, машиналар, жабдықтар,  құрал-саймандар, көлiк құралдары,  жер учаскелерi және кез келген  басєа да тұтынылмайтын заттар  - лизинг нысанасы бола алады.      

2. Бағалы  қағаздар мен табиғи ресурстар  лизинг нысанасы бола алмайды.    
      3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.   
      4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.     

Мұндай  лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.

Лизинг  қызметiн жүзеге асыру  режимi    

Осы Заңға  сәйкес жүзеге асырылатын лизинг қызметiне Қазақстан Республикасының инвестицияларды  туралы заңдарында көзделген инвестициялық қызметтi жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық тәртiбi қолданылады.      

 Қазақстан  Республикасының кеден заңдарында  белгiленген тауарларды уақытша  әкелу мен уақытша әкетудiң  кеден тәртiбi қолданылатын лизинг  нысаналарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.    

 Осы  Заңды бұзғаны үшін жауапкершiлiк          

 Осы  Заңды бұзу Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген жауаптылыққа  әкеп соғады. 

3) Қайтарымдық  лизинг (№3 сызба) 

Қайтару лизингі екі келісімдер жүйесі, онда жиесі жабдықты басқа жаққа, сонымен бір уақытта оның сатып алушымен ұзақ мерзімдік жалгерлік туралы келісім жасай отырып, меншікке сатады. Сатып алушы ретінде бұл жерде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтау немесе лизингтік компаниялар шығады. Мұндай операцияларды жүргізу нәтижесінде тек жабдықтың меншігі ғана өзгереді, оны пайдаланушысы өзінің билігіне қаржыландырудың қосымша қаражатын алып, бұрынғы болып қала береді. Инвестор болса, мәні жағынан,  меншік құқығын қамтамасыз ету ретінде оның мүлкін ала отырып, бұрынғы иесін несиелейді. Мұндай операциялар көбіне іскерлік төмен түсу жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында жүргізіледі.  
  
       
Үлестік лизинг –  мәміледе үшінші жақтың қатысуын қарастыратын, көбіне ол ретте банк, сақтандыру компаниясы немесе инвестициялық компания шығатын, қаржылық лизингтің тағы да бір түрі. Мұндай жағдайда лизингтік компания алдыни ала кейбір жабдыққа ұзақ мерзімдік жалгерлікке келісім-шарт жасап, заемдық қаражат есебінен жартысын төлеп,оны меншікке алады. Алынған заемды қамтамасыз ету ретінде сатып алынған мүлік пайдаланылады (оған жөнелтпе құжат рәсімделеді және сәйкес бөлігі жалгерге төленуі мүмкін болашақ жалгерлік төлемдерді жалгер тікелей инвесторға төлеуі мүмкін. Мұнда лизингтік фирма, жабдықты өтелімдеу мен қарыздық міндетемені өтеу үдерісінде пайда болған салықтық қорғаныстың артықшылықтарын пайдаланады.  Лизингтің бұл нысанының негізгі объектісі – пайдалы қазбалар орыны, кен өндіру саласы үшін жабдықтар және т.б.сияқты қымбат тұратын активтер.      

Тікелей лизингте жалгер лизингтік фирмамен талап етуші жабдықты сатып алу  және оны кейін оған жалға беру туралы келісім жасайды.Көбіне жалгерлік  туралы келісім тікелей жасаушы-фирмамен (яғни, тікелей) жасалады. Лизинг жағдайында өз өнімін ұсынатын ірі өндіруші болып, ІВМ, Хеrox, GATX, сондай-ақ көптеген авиациялық, кеме жасау және автомобиль компаниялары болып табылады. Мәселен, әлемдік автомобиль нарығының лидерлері – «Даймлер-Крейслер» және ВМW концерндері, ол арқылы өз өнімдерін көп елдерге өткізетін, жетекші лизингтік компаниялардың құрылтайшысы қатарында.          

Сублизинг – сублизинг келісімімен рәсімделетін, лизинг затын пайдалану құқығы жолын  үшінші тұлғаға беруге байланысты пайда  болған қатынастардың ерекше түрі.      

Сублизингте, сублизингті жүзеге асыратын тұлға, лизинг затын лизинг берушіден келісім бойынша қабылдайды және оны сублизинг келісімі бойынша лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді. «Лизинг туралы» Федералдық заңға сәйкес лизинг алушы үшінші тұлғаға лизингтік төлемдерді төлеу бойынша өз міндеттемелерінің жолын үшінші тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.       

Лизинг  затын сублизингке бергенде лизинг берушінің жазбаша түрдегі келісімі міндетті түрде болуы керек.      

Халықаралық лизингің бір түрі болып саналатын, халықаралық сублизинг, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Халықаралық сублизингтің айрықша ерекшелігі болып лизинг затын сублизингтегі әрекет ету мерзіміне ғана Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізу болып табылады.

                                Лизбэк (Sale and Leasebask)    

Лизбэк  келісімі бойынша, жерге, ғимаратқа  немесе жабдыққа ие фирма, қаржылық мекеме меншігіне сатады және онымен бір  уақытта белгілі бір мерзімге, белгілі бір шартпен бұл меншікті (Leasebask) жалгерлікке беру жөнінде келісім жасайды. Бұл фирма үшін ақшалай қаражатты жұмылдыру үшін қажет. Қаржылық мекеме болып сақтандыру компаниясы, коммерциялық банк, маманданған лизингтік компания немесе, тіпті жеке инвестор да бола алады. Атап өту керек, сатушы немесе жалгер сатып алушы төлеген, сатып алынған зат құнын бірден алады.      

Бірақ осы кезде сатушы меншікті пайдалануға  құқығын сақтайды. Несиемен (заем) ұқсастық   жалгерлік төлемді төлеу тәртібін толықтырады. Жылжымалы мүлік есебіне несие алғанда қаржылық мекеме несиені өтейтін және несие берушіні оның инвестициясына пайданың бекітілген нормасын қамтасыз етуге жететін, тең төлемдер сериясын алушы еді. Лизбэк туралы келісім бойынша жалгерлікке төлем осылайша бекітіледі. Инвестордың сатып алу бағасын қайтару және оған қоса инвестициялау бойынша қамтамасыз ету үшін төлемдер мөлшері жеткілікті. 

             Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру 

Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру бойынша шаралар кешеніндегі  лизингтің орыны     

Қазіргі кезде нарықтық қатынастар жағдайында инвестициялық қызметті реттейтін нормативтік құжаттардың кешені жасалды. Кәсіпорынның негізгі қаржылық ресурсы болып пайда мен өтелім болады. Пайда мен өтелімдік есептеулер есебінен инвестицияларды қалыптастыруды құқықтық реттеумен қатар, инвестициялық жобалар және т.б бойынша орталықтандырылған ресурстарды конкурстық орналастыру сияқты, инвестициялық белсенділікті ынталандыруға жаңа тәсілдер енгізілуде.      

Жүйе  астының өзгеруінің өтуі жолымен  барлық жүйеге өзгеріс енгізуге мүмкіндік жоқ болғандай, инвестициялық қызметті белсенділендірудің қандай бір факторын дамыту жолымен инвестициялық салаға мағыналы өзгеріс жасау да мүмкін емес. Бұл жерде пайдалы нәтижелерге кешендік тәсіл негізінде ғана қол жетеді. Бірақ Өкiмет Қазақстан Республикасында  инвестициялық базаны дамыту үшін бірқатар қадамдар жасауда және онда лизингке маңызды орын берілуде. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 234-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының өкiметi қаулы етеді:     

1. Қоса  берiлiп отырған қаржы лизингi шарттары бойынша қаржы лизингіне  беру мақсатында лизинг берушi  әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын негізгі құралдар тiзбесi бекiтiлсiн.     

2. Осы  қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап  күшіне енедi.

Қазақстан Республикасы Өкiметiнiң 2004 жылғы 28 сәуiрдегi N 475 қаулысы бекiтiлген      

Қазақстан Республикасының Заңы. 2000 жылғы 5 шілде N 78-ІІ15 «лизингті дамыту бойынша шаралар туралы» қаулы қабылдады, онда әртүрлі министрліктер мен ведомстваларына (МИД, МНС, ГТК, МВЭС және т.б) қызметтің осы түрін дамытуға бағытталған әрекеттердің белгілі қатары ұйғарылады. Сондай-ақ 1998 жылы 3 қыркүйекте №1020 «лизингтік операцияларды жүзеге асыруға мемлекеттік кепілдіктерді бекіту жөнінде» қаулысы қабылданды. Қазақстаннның инвестициялық қызметке байланысты заңдылық базасында, лизингке көп көңіл аударыла бастады, бірақ тәжірибе жүзінде ол инвестициялық ауа-райына толық тәуелді, экономиканың нақты секторының дамуына байланысты.      

АҚШ-та 90 жылдардың соңында, мәселен, инвестициялардың жалпы көлемінде лизингтік операциялардың үлес салмағы 35 пайыздан асты. Жапонияда, өз кезегінде, лизингтік операциялардың жылдық өсуі 25-40 пайызды құрайды.

Информация о работе Лизинг және оның экономикадағы орны