Лекции по «Қылмыстық құқық»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 20:16, курс лекций

Краткое описание

Қылмыстық құқық жеке қылмыс саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық – жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың жиынтығын қосылып, қылмыстық құқық деген түсінікті білдіреді.

Содержимое работы - 1 файл

poea8720.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

- рақымшылық  немесе кешірім жасау актісі  негізінде  қылмыстық жауаптылықтан  босату.

Заң бойынша  кінәлі – деп танылған адам жаза   өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан  басталу немесе оның жазаның жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.

      Ал, жазадан босату:

  1. ауруына байланысты;
  2. жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен ауыстыру;
  3. жас балалар мен жүкті әйелдер жазасын өтеуді кейінге қалдыру;
  4. айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны  өтеуден босату;
  5. рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде жазадан босату.

      Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны  одан әрі, өтеуден  босатудың бір – бірінен айымашылығы  оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. 
 
 
 
 
 

                                    № 17-ші тақырып

            Кәмелетке толмағандардың қылмыстық  жауапкершілігі

      Қылмыстық кодексте жасы толмағандардың қылмыстық жауаптылықты жеке дараланып, арнаулы бөлімінде көрініс тапқан.

      Оларға  тағайындалатын жаза түрлері басқаларға қарағанда (ересектерге) жеңіл болады. Соны мен қатар жасы толмағандарға қылмыстық шаралардың ауыр түрлері өлім жазасы мен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмайды. Оған қоса статус ерекшеліктеріне  қарай мүлікті тәлкілеу, бас бостандығынан немесе әскери қызметінен шектеу жазалары да тағайындлады.

      Қылмыстық кодекс (79 бабы) бойынша  кәмелетке  жасы толмағандарға:

А) айыппұл;

Ә) белгілі бір  қызметпен айналысуы құқығынан  айыру;

В) түзеу жұмыстары;

Г) қамау;

Д) бас бостандағынан  айыру;

тағайындалады.

      Кәмелетке толмағандарға жеңілдететін мән-жайлар ретінде жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтықта ескеріледі..

      Әділ  жаза деп кәмелетке толмағандардың түзелуіне тікелей әсер ететін жазаны айтамыз. 
 
 
 
 
 
 
 

                                    № 18 тақырып

                  Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шаралары

  Заң бойынша, қылмысты  есі дұрыс емес адам жасаса, оларға медициналық мсипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

      Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек  сот арқылы мемлекеттік шара ретінде  тағайындалады. Мұндай  шара жаза  болып саналмайды, себебі, мұнда жазаға тән  белгі- түзеу белгісі жоқ. Керісінше, сот үкімімен емес, сот қаулысы бойынша тағайындалады.

      Сондықтан, мұндай адамдар сотталғандар қатарына жатпайды, оларға қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан  қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады.

      Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан  оны қолданылудың негізі мен мақсаты, мазмұны, заңдылық зардабы бойынша  ажыратылады.

      Медициналық сипаттағы шараларынң түрі заң бойынша төртке бөлінеді:

  1. емханалық мәжбүрлеп  қадағалау және психиатрда емдеу;
  2. жалпы үлгідегі психиатриалық стационарлық емдеу;
  3. мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
  4. интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық  стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындау.

            Заңның негізгі мақсаты – медициналық сипаттағы шаралар қолдануға мұқтаж адамдарға адамгершілік тұрғысынан қарап, олардың азаматтық қасиеттерін сақтау, оларды  емдеу, олардың азаматтық  қасиеттерін сақтау, олардың психикалық жағдайын жақсарту, олардың жаңа қылмыстар істеуін болғызбауды қамтамасыз ету болып табылады.

Информация о работе Лекции по «Қылмыстық құқық»