Лекции по «Қылмыстық құқық»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 20:16, курс лекций

Краткое описание

Қылмыстық құқық жеке қылмыс саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық – жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың жиынтығын қосылып, қылмыстық құқық деген түсінікті білдіреді.

Содержимое работы - 1 файл

poea8720.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ  АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ 
 

Заң факультеті

Қылмыстық құқық  және қылдмыстық іс-жүргізу кафедрасы 
 
 
 

Орсаева Р.А. 

лекциялық курс 

«Қылмыстық құқық» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Өскемен, 2008 ж

                              № 1- ші тақырып

      Қылмыстық құқық пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері  

      Қылмыстық құқық жеке қылмыс саласы ретінде  адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

      Қылмыстық құқық – жалпы құқық жүйесінің  негізгі бір саласы және пән болып  табылады. Осы ұғымдардың жиынтығын  қосылып, қылмыстық құқық деген  түсінікті білдіреді.

      Құқық саласы  ретінде қылмыстық құқық  заң шығарушы органдар қабылдаған қылмыс пен жаза,  қылмыстық жауаптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен  шарттары, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады.

      Қылмыстық құқық нормалары мазмұнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Біріншісі – қылмыстық құқық ережелері,  принциптері мен институттарын белгілеу арқылы қылмыс пен жазаны анықтайды.

      Екіншіден – қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және жаза тағайындайтын жаза түрлерін, шегін белгілейді.

      Қылмыстық құқық пәні қылмыс істеуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді.

      Қылмыстық кодекстің 2-ші бабынада қылмыстық міндеттері белгіленген, яғни

  1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды

мүдделерін, меншігін, ұйымдардың құқықтары мен заңды  мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан  Республикасы конститутциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қорғау, қылмыстардың алдын  – алу болып табылады.

  1. Міндеттерді  жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негізі

белгіленеді, жеке  адам, қоғам немесе мемлекет үщін қауіпті  қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады.

      Қылмыстық құқық міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне   тікелей байланысты, Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі қылмыстан сақтандыру  болып табылады.

      Қылмыстық құқықтың принциптері - заң шығарушыға, ғылымға, құқық қорғау және қолдану органдары мен адамдарға қылмыспен күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі, міндетті ережелердің көрінісі.

      Қылмыстық құқық принципі бірнеше түрге  бөлінеді:

  1. заңдылық
  2. азаматтардың заң алдындағы теңдігі
  3. жауаптылықтан құтылмайтындық принципі
  4. жеке кінәлі жауаптылығы қағидасы
  5. кінәлі жауаптылық
  6. әділеттілік принципі
  7. ізгілік принципі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              № 2-ші тақырып

            Қылмыстық заңның түсінігі, құрылысы, маңызы. 

      Қылмыстық заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес  Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады.

      Қылмыстық заң кеңістіктегі күші қылмыстық  кодекстің 6-бабындағы (аумақтық) және 8 бабындағы (қылмыскерді ұстап беру туралы халықаралық шарт)  принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қылмыстық кодекстің 4-бабында іс-әрекеттің  қылмыстылығы және жазаланушылығы сол  іс-әрекет жасаған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамға қауіпті әрекет жүзеге асырылған уақытта, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс істелген уақыт деп саналады. Яғни зардаптың қашан болғанына байланыссыз істелген іс-әрекеттің  уақыты болып іс-әрекеттер жүзеге асырылған жыл, ай, күндер және сағаттар есепке алынады.

      Іс-әрекеттің  қылмыстылығын белгілейтін, жазаны күшейтетін немесе кінәлінің жағдайын басқа түрде нашарлататын қылмыстық заңның кері күші болмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              № 3-ші тақырып

                    Қылмыстың түсінігі  мен белгілері 

      Қылмыс түсінігі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген.

      Қылмыс  қоғамға қауіпті әрекет пен әрекетсіздік. Әрекет  адамның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, әрекетсіздік – адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар мен арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындауы.

      Қылмыс  белгісі төрт түрге бөлінеді. Яғни

- құқыққа қайшылық,

- қоғамға қауіптілік,

- кінә,

- жауаптылық (жазаланушылық).

      Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым  салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп айтамыз.

      Қылмыстық сапалық белгісі оның қоғамға   қауіптілігі болып табылады. Бұл  белгі қылмыстық материалдық  мәнін білдірумен бірге қандай іс-әрекеттер  қылмыс болып табылатынына түсінік  береді.

      Қоғамға қауіптілік – объективтік белгі.

      Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс - әрекеттің  өзінің тікелей ерекшелігіне, уақытына, орнына, тәсіліне, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Қылмыстық қоғамға  қауіптілік дәрежесі қылмыстық заңда көрсетілген санкция бойынша анықталады.

      Кінә - заң қорғайтын объектілерге әрекет пен әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақаналық немесе абайсыздықпен қол сұғушылықты білдіреді. Тікелей немесе  жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп аталады.

      Егер  адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға  қауіпті екенін ұғынып , оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуының мүмкін екенін немесе болжай қоймайтын алдын ала білсе, ол зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс болып саналады.

      Адам  өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, зардаптардың болуы  мүмкін екенін алдын ала білсе, ол зардаптардың болуын тілемесе, бірақ саналы түрде жол берсе, ол қылмыс жанама ниетпен жасалған қылмыс болып саналады.

      Менмендікпен  немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп аталады.

      Қылмыстың зардабы ауыр болғанына қарамастан, оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің  белгілі   бір тұрі болмаса, ол қылмыстық  жауапқа жазаға  тартылмайды.

      Қылмыстық жауаптылық (жазаланушылық) – қылмыстық міндетті белгісі. Себебі, қылмыстың өзі қылмыстық заң жазамен қорқытып тыйым салған әрекет пен әрекетсіздік болып табылады.

      Яғни  қылмыс істеген кез келген адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып жазаланады.

      Қылмыс  санаттарына келсек, қылмыстық кодекстің 10 бабы бойынша, қылмыстар, онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінеді.  
 
 
 
 
 
 

                              № 4-ші тақырып

            Қылмыстық жауапкершілік және оның негізі 

      Қылмыстық жауаптылық мемлекеттік заң шығарушы орган арқылы қылмыстық қатермен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі әрекет үшін белгіленеді.

      Қылмыстық жауаптылық –қылмыстық құқылық норманны бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті  іс-әрекеттің көрінісі, қылмыс істелмесе  жауаптылықта болмайды.

      Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны  жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.

      Қылмысытқ жауаптылқтың екі бөлігі бар. Ол

- мазмұны

- заңдылық.

      Мазмұны – теріс қылыққа моральдық  саяси баға беріп мінез және  мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын  бетіне басу.

      Заңдылық  – қылмыс істеген адамға қолданылатын күштеу шаралары.

      Қылмыстық жауаптылық негізгі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3 бабында көрсетілген. Бап бойынша, қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсызда істеген адамға тағайындалады.

      Қылмыскер – қылмыстық – құқықтық қатынастың объектісі болса, мемлекет қылмыскерді  жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады,  сақталған  адамдарды түзеу  мақсатын жүзеге асырады.

      Қылмыстық жауаптылық болу үшін тек қана қоғамға  қарсы әрекет пен әрекетсіздік орын алуы керек. 
 
 

                              № 5 –ші тақырып 

                  Қылмыс  құрамы және оның маңызы 

      Қылмыс  құрамы деп – қылмыстың заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің  және олардың белгілерінің жиынтығын айтады.

      Қылмыс  құрамы элементтері деп қылмыс құрамы  жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз.

      Қылмыс  құрамының белгілеріне төрт элемент жатады. Олар;

  1. қылмыс  объектісі
  2. қылмыстың объективтік жағы
  3. қылмыс субъектісі
  4. қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыс құрамына мұқияттылықпен  таңдап алынған  түрлік  белгілер кіреді.

      Түрлік  белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтық.

      Түрлік  белгіге жатпайтын тек қана жекелеген  қылмысқа  тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан, олар қылмыс құрамынан  тысқары болсада, оның  қылмысты саралау үшін маңызы болмайды.

      Қылмыстық заңды дұрыс қолданудың маңызды  шарттарының бірі қоғамға қауіпті  іс-әрекеттерге заңды дұрыс қолданып, іс-әрекет пен әрекетсіздікке  қылмыстық заң нормасының талабына  сай баға беріп саралау болып табылады. Саралау – адамға қоғамға  істеген  қауіпті іс-әрекетін  қылмыс құрамының белгісі бар бапқа дәлме – дәл жатқызу болып табылады.

      Жалпы қылмыс құрамының маңыздылығы зор. Себебі, қылмыстың субъектісі, субъективтік жағының қылмыс құрамын қарап, дәрежесі, тәсілін  анықтау – сол арқылы  жаза  тағайындау  маңыздылығы ерекше. Сондықтан да, қылмыс құрамын толық білмей қылмыстың қылмыстық құқықтың ерекше бөліміндегі нақты қылмыстарды саралау мүмкін емес.

                              № 6-ші тақырып

                              Қылмыс  объектісі  

      Кез келген қылмысты ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

      Қылмыс  объектісі дегеніміз қылмысты қол  сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша  қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз. Әрбір істелген қылмыс белгілі бір  жағдайда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе келтіру қаупін туғызады. 

      Қоғамдық  қатынастар қоғамдық қоғамдық экономикалық формацияларында байланысты пайда  болады, дамиды, жетіледі. 

          

              Қылмыс объектісі

     Жалпы 
Тікелей

Информация о работе Лекции по «Қылмыстық құқық»