Лекции по «Қылмыстық құқық»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Декабря 2011 в 20:16, курс лекций

Краткое описание

Қылмыстық құқық жеке қылмыс саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қылмыстық құқық – жалпы құқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы ұғымдардың жиынтығын қосылып, қылмыстық құқық деген түсінікті білдіреді.

Содержимое работы - 1 файл

poea8720.doc

— 189.00 Кб (Скачать файл)

         Жалған қорғану – қорғанудың әртүрлі объективтік жағдайларға байланысты  істеген қатесі  болып табылады.

          Жалған қорғану - қоғамға  қауіпті  әрекет. Жалған қорғануды  жүзеге  асырған адм кінәлі деп танылады., қылмыстық  жауаптылыққа тартылады.

          Егер қажетті қорғануды өзінің  қателігін байқамаса, онда ол  келтірілген зиян үшін жауап  береді.

          Аса қажеттілкте қауіп құқықтық  норма  қорғайтын белгілі бір   мүддеге немесе мүдделерге төнеді.  Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын екі мүддеге зиян келеді. Мұндай жағдайда  келтірілген зиян мөлшері тойтарылған зиян мөлшерінен кем болу керек.

         Орынды тәуекел  35 бапта қаралған.  Ол, бойынша, пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін тәуекел кезінде заңмен  қорғалған құқықтық мүдделерге  зиян келтіру қылмыс болып табылады.

        Егер адам өміріне, денсаулығына  қатер төһндірген экологиялық  апатқа, өзге де зардаптарға апарып  соқтырса, тәуекел орынсыз деп  саналады.

         Күштеп немесе психологиялық мәжбүрлеуде күштеу белгілі бір әректті істеуге мәжбүрлеу, яғни  бұрында жәбірленушіге күш қолданып, оның еркінен тыс әрекеттер орын алады.  

             
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        № 11-шы тақырып

           Қылмыстың істелу сатылары  

         Қылмысты істеу сатылары – қасақана істелетін қылмсықа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі өтетін кезеңдерді айтамыз.  
 
 

          Қылмысты  істеу сатылары

 

      Қылмыс  істеуге 
Қылмыс  істеуге оқталу
Аяқталған

 қылмыс

     
 
 

              Тікелей ниетпен қылмыс құралдарын  немесе  бейімдеп  жасау, қылмсықа  қатысушыларды  іздестіру, әзірлеу немесе  бейімдеп жасау  үшін өзге де тыс қасақана жағдайлар жасау, егер  бұл қылмыс  адамның еркінен тс жағдайларға байланысты аяғына дейін  жеткізілмесе, ол қылмыс қылмысқа дайындалу деп аталады. (24 бап, 1 тарау).

            Қылмысқа дайындалу белгілері: 

1. дайындық іс-әрекеттер  жасау;

2. қылмысты тек  тікелей  қасақаналық жолмен  істеу;

3. қылмыс құрамын  толық орындауға дейін  үзіліп  қалу;

4. қылмыс адамның  еркінен тыс жағдайларға  байланысты істемеу.

           Тікелей қылмыс жасауға бағытталған  іс-әрекет адамға байланысты еес  мән-жайлар бойынша ақырына дейін   жеткізілмесе, қылмыс жасауға оқтау деп аталады.

        Бітпеген аяқталу деп кінәлінің  қылмысын  аяқтауға қажетті деп санаған барлық іс-әрекет толық емес, жарым-жартылай орындау болып табылады.  Кінәлінің істеген іс- әрекетінде қылмыстың барлық  белгілері болса, онда  қылмыстың аяқталған қылмыс дейміз.

           Кейбір жағдайларда қылмыс  істеудің  даярлық сатысында – ақ аяқталған қылмыс құрамына жол беріледі. Кінәлі адам кінәсін өлтіру үшін  заңсыз атылатын  қару  сатып алса,  оның  әрекетінде  кісі өтіруге  даярланғандық (Қ.К. 96 бабы) және қаруды заңсыз  сақтау, алу,  алып жүру, жасау, өткізу (Қ.К 251 бабы) сияқты  аяқталған қылмыстың  құрамы бар.

           

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                              № 12-ші тақырып

                              Қылмысқа  қатысу  

        Қылмысқа қатысу 27,28,29,31 баптарда қаралған.

      Қылмысқа  қатысу – екі немесе одан да көп  адамның қасақана қылмыстық  әрекетті істеуі. Қылмысқа қатысудағы  басты шарт – барлық  қатысушыларға  қылмысты орындаушының  істейтін  қылмысының  мәнін  сезе отырып, іртүрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өзгенің  қылмыстық әрекеттерін біріктіру.

  

          Қылмысқа қатысушылар

 
 

ұйымдастырушы
    орындаушы
  азғырушы
Көмектесуші

      
 

 
Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға  басқа адамдарсен бірге тікелей қатысқан адам.

      Ұйымдастырушы – қылмысты ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен  адам, сонымен бірге ұйымдасқан  қылмыстық топ құрған немесе қылмыстық қауымдастық (ұйым) құрған тікелей басшылық еткен адам.

      Айдап салушы дегеніміз – басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен  нмесе өзге де жолмен  қылмыс жасауға  көндірген адам.

      Көмектесуші адам – кеңестерімен, нұсқауларымен , ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар  берумен инее қылмысты жасауға кедергілерді жоюмен қылмыстың жасалуына көмектескен адам.

      Қылмысқа  қатысу заттай (материалдық) интелектуалдық көмектесу жолымен орын алуы мүмкін. Қалай болғанда да қылмыстық әрекетті  жүзеге асыру, ізін жасыру осы көмектесуші адам арқылы жүзеге касады.

                              № 13-ші тақырып 

                              Қылмыстың көптігі 

      Қылмыстың көптігі – қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі ескірмеген  немесе сатылмағандығы жойылмаған жағдайда  бір адамның екі немесе одан да көп қылмыстарды істеу.

      Белгілері: 1. бір адамның екі, одан да көп  қылмыс жасауы.

                          2.ол қылмыстардың әрқайсыс жеке  – жеке құрам болып 

табылатын қылмысты істеуі.  
 

          Қылмыстың көптігі
 
Қылмыстың бірнеше реет жасалуы

  
 
 
 
 
 
 
 

              Қылмыстық кодекстің белгілі  бір  бабында немесе Ерекше  бөлім  бабының  бөлігіндее  көрсетілген 2 немесе олан да  көп әрекетті істеу қылмыстың  бірнеше реет жасалды деп табылады.

            Кінәлі істеген іс-әрекетен де екі немесе  одан да көп  қылмыстың құрамы болса, онда ол қылмыс жиынтығы болып саналады.

            Қасақана жасаған қылмыс үшін  сотталғандығы бар адамның қасақана  қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы  деп аталады (13 бап, 1 тармақ).

           Адам бірнеше істеген қылмысы  үшін  сотталғандық атағының бар  – жоғына  қарамастан  тағыда  қылмыс  істеуі фактілі қылмысты  қайталануы деп саналады.

         Сотталғандық атағы жойылмаған  немесе одан  арылмаған адамның   жаңа қылмыс істеуі рнсми қылмыстың қайталау болып табылады.

         Ресми қайталану жолы, арнаулы,  жай,  күрделі, пенитенциалдық, қауіпті,  аса қауіпті болып бөлінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                  № 14-ші тақырып

                                        Жазаның түсінігі мен түрлері  

              Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу  шараларының бірі болып табылады. Сондықтан – ақ ол мемлекеттің  қылмыспен күрес жүргізу құралдарының  бірі ретінде қолданылады. 

             Қылмыстық жаза жария  түрінде  ашықтан – ашық тағайындалады. 

      Сонымен қатар, қылмыстық жаза  заңда көрсетілген  нақты қылмысты жасаған кінәлі  адамға ғана қолданылады. Яғни, бұл  жерде жаза адамның кінәлі түрде  іс-әрекетінің  қылмыстық – құқылық  зардабы болып табылады.

      Жазаның мақсаты - әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталған адамды түзеу, жаңа қылмыстарды істеуден алдын – ала сақтандыру.

      Бұл мақсат қылмыстық құқықтың жалпы міндеттері арқылы белгіленеді. 

      Жазаның түрлері (негізгі жазалар):

  1. айыппұл салу;
  2. белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналыысу құқығын айыру;
  3. қоғамдық жұмыстарға Тарту;
  4. түзеу жұыстары;
  5. бас бостандығынан айыру;
  6. әскери қызмет бойынша шектеу;
  7. қамау;
  8. тәртіптік  әскери бөлімде ұстау;
  9. бас бостнадғынан ұстау;
  10. өлім жазасы қолданылуы мүмкін (39 бап, 1 тармақ).
 
 
 

                                    № 15-ші тақырып

                                        Жаза тағайындау

      Жаза  тағайындауда кінәлінің  жеке –  дара жауапкершілік принципін негізгі  басшылыққа алады. Сотталушының нақты  қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда  сот оған жазаны, істеген қылмысы 8-ші, 3-ші  жауаптылық қараған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай жаза тағайындайды. Яғни қылмыстың ерекшелігі мен кінәлінің жеке тұлғасы есепке алынады.

      Жаза  тағайындағанда жалпы негіздер  ескеріледі (52 бап).

  1. Қылмыс жасауға  айыпты деп танылған адамға әділ  жаза

тағайындалады.

  1. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі  және қылмыстардың алдын алу

үшін қадетті  және жеткілікті жаза тағайындалады.

  1. Жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамның қауіптілік

дәрежесі, айыптың жеке басы, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез – құлқы, жауаптылық пен жазаны  жеңілдететін,  ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған  жазаның  сотталған адамның  түзелуіне және оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайының ықпалы ескеріледі.  

      Жаза  қылмыстың ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте тағайындалады. Яғни сот жаза тағайындағанда Кінәлінің  істеген қылмысы үшін жазаның  мөлшерін, түрін сол  баптың  санкциясы  көрсеткен шектен шықпай  тағайындауға  міндетті. Сондықтан да, әзіл жаза тағайындаудың  алғы  шарты іс - әрекетті дұрыс саралау  болса, бұл яғни іс-әрекеттің белгілерінің нақты  қылмыс құрамы белгілеріне дәлме – дәл сай болуын анықтау өте қажет.

      Сонымен қатар, сот жаза тағайындалғанда қылмыстық заңның 5 бабында кһрсетілген шарттрды еске ала отырып, кінәліге белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға құқылы. 

                                    № 16-ші тақырып

                  Қылмыстық жауапкершілік пен  жазадан босату  

      Қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлері:

- шын өкінуіне  байланысты  қылмыстық жауаптылықтан  босату;

- қажетті қорғану  шегінен асқан кезде қылмыстық  жауаптылықтан бостау;

- жағдайдың өзгеруіне  байланысты  қылмыстылық жауаптылықтан  бостау;

- ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстылық жауаптылықтан босату;

Информация о работе Лекции по «Қылмыстық құқық»