Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................2
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы.........................................................................................................4
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі...........................................7
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері..........................................................................................................9
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ..............................................................................................................11
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы.................................................................................................................11
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау..................15
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау....................16
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................19
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы.........................................19
3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..............................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... ..........................................25

Содержимое работы - 1 файл

Основной.doc

— 209.50 Кб (Скачать файл)

       Бұл жерде аз энергия жұмсау және түпкі өнімнің сапасының айтарлықтай төмендеуімен бір қатарда экологиялық ластаулардың жоқтығынан туындайтын жоғары үнемділіктің өз орны бар.

       Азықтық мақсаттарға алдын ала соя майын жою арқылы соя ұнын(концентраттар мен изоляттар) өнеркәсіптік алу тәсілі қолданылады. Май химиялық препарат – гексан көмегімен жойылады, түпкі өнімдегі оның іздері адам денсаулығына қауіп келтіруі мүмкін. Бұл үрдісті экологиялық таза үрдістер қатарына жатқызуға болмайтыны белгілі. Алайда, экономикалық жағынан, үлкен масштабты өндірісте майсыздандырылған құрғақ сүт ұнтағы, концентрат немесе изолят түріндегі түпкі өнімнің құндылығын есепке ала отырып, оны экономикалық жоғары рентабельді үрдістер қатарына жатқызуға болады.

       Айта кету керек, суды қолданусыз жүретін «құрғақ» өңдеу технологиясында, «ылғалды» технологиямен салыстырғанда, түпкі өнім сапасының төмендеу тенденциясы және өңдеуге кеткен энергияны азайту тенденциясы(яғни, энергетикалық көрсеткіштерді жақсарту) айқын қадағаланып отырады, мысалға «соя сиыры» көмегімен.

       Соя бұршағының құрамында ауа құрамында болатын, оттегімен тез тотығатын, көптеген биологиялық және химиялық белсенді элементтердің болатындығын ескеретін болсақ, жағдайды оңай түсіндіруге болады(соя сапалылығы үгітілген, уатылған тұқым санымен анықталады). Тұқым қабығының зақымдануы оның тез тотығуы мен майлық компоненттерінің қышқылдануына әкеледі.

       Осымен бір қатарда айта кету керек, қыздырылатын сұйықтықтың жоғары жылу сиымдылығы және соя дәнінің төмен концентрациясы салдарынан, «ылғалды» технологиямен бұршақ өңдеу энергетикалық тұрғыдан тиімсіз болып табылады.

       Аталған қарама – қайшылық «ылғалды» және «құрғақ» технологиялардың артықшылықтарын біріктіру туралы ойға бағыттайды. Яғни, гидромодуьде өңделген, суда жоғары концентрациялы дән қоспасын өңдеу, яғни, оттегінің қатысуынсыз. Бұл мағынада ТЕКМАШ® гидродинамикалық өңдеу технологиясын «құрғақ» және «ылғалды» технологиялардың артықшылықтарын біріктіретін компромисс ретінде қарастыруға болады.

       ТЕКМАШ® технологиясы салыстырмалы төмен энергия тұтынумен(1 кг дәнге 0,5 – 0,6 кВт/сағат), экологиялық ластаудың мүлдем жоқтығымен, 100% - дық өңдеу тереңдігімен, барлық пайдалы заттардың 100% - дық сақталуымен сипатталады. Бұл, технологияны жүзеге асырудың қарапайымдылығымен бір қатарда ұсынылатын технологияның жоғары экономикалық көрснткіштеріне жеткізеді.

 

3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың мақсаты инновациялық қызметтi дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
      Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдаудың негiзгi принциптерi:
      1) инновациялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде ұлттық мүдделердi сақтау;
      2) ұлттық экономиканың бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн инновациялық қызметтiң басымдығы;
      3) мемлекеттiк қолдау алу кезiнде инновациялық қызмет субъектiлерiнiң теңдiгi;
      4) инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаудың экономикалық тиiмдiлiгi және нәтижелiлiгi;
      5) инновациялық қызметтi ұйымдастыру мақсатында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектiлерi мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тұрақты өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн кешендiлiк және жүйелiлiк;
      6) инновациялық қызметтi жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.

       Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
 1) мемлекеттiк инновациялық саясатты iске асыру үшiн ұйымдық және экономикалық, соның iшiнде инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау арқылы инновациялық қызметтi ынталандыру;
2) инновациялық даму басымдықтарын айқындау;
3) инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру және дамыту;
4) мемлекеттiң инновацияларды құруға және енгiзуге қатысуы;
5) отандық инновацияларды сыртқы нарықтарға жылжыту;
6) технологиялар трансфертiн қоса алғанда, инновациялық қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық.

Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мынадай негiзгi нысандарда жүзеге асырылады:
      1) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысу;
      2) ұлттық даму институттарын құру, қызметiн үйлестiру және жұмыс iстеп тұрғандарын одан әрi дамыту;
      3) инновациялық жобаларды бюджет қаражаты есебiнен iске асыру;
      4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында және осы Заңда айқындалған шарттармен инновациялық гранттар беру;
      5) инновациялық қызметтi кадрлық қамтамасыз етудi, соның iшiнде инновациялық менеджмент негiздерiне оқыту арқылы ұйымдастыру;
      6) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн инвестициялар тартуды қамтамасыз ететiн қажеттi ұйымдық, құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау.

Мемлекеттiк органдардың инновациялық қызмет
              саласындағы құзыретi:

1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясаттың негiзгi  бағыттарын әзiрлейдi;
      2) инновациялық қызметтiң басым бағыттарын айқындайды;
      3) инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған мемлекеттiк  бағдарламаларәзiрлеудi ұйымдастырады;
      4) инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған салалық (секторлық) бағдарламаларды бекiтедi;
      5) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi аккредиттеу ережелерiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiтедi;
      6) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар беру және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы есеп беру ережелерiн бекiтедi;
      7) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар алу өтiнiмдерiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама жүргiзу ережелерiн бекiтедi;
      8) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құру үшiн жағдайларды қамтамасыз етедi;
      9) пайдаланылуы ұлттық қауiпсiздiк мәселелерiмен байланысты зияткерлiк меншiк объектiлерiне ерекше құқықтар алу тәртiбiн айқындайды;
      10) инновациялық гранттар беру мақсатында сенiмгер уәкiлдi және оның сыйақы мөлшерiн айқындайды.
     2. Уәкiлеттi орган:
      1) инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметiне инновациялық қызметтiң басым бағыттары бойынша ұсыныстар енгiзедi;
      3) инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламалар әзiрлейдi;
      4) бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар беру және өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн енгiзу жөнiнде қабылданған шаралар туралы есептер беру ережелерiн, инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн аккредиттеу ережелерiн, бюджет қаражаты есебiнен инновациялық гранттар алу өтiнiмдерiне мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама және экономикалық сараптама жүргiзу ережелерiн әзiрлейдi;
      5) мемлекеттiк органдардың инновациялық қызметтi дамыту жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге асырады;
      6) технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердi аккредиттеудi жүзеге асырады;
      7) персоналға және технологиялық бизнес-инкубаторлар мен технопарктердiң кеңсе, өндiрiс үй-жайларына қойылатын талаптарды айқындайды;
      8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      9) инновациялық қызметтi ынталандыру жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi.
      3. Өзге де орталық атқарушы органдар:
      1) өз өкiлеттiктерi шегiнде инновациялық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) өз өкiлеттiктерi шегiнде инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған мемлекеттiк, салалық (секторлық) бағдарламаларды iске асырады.
      4. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      1) өз өкiлеттiктерi шегiнде инновациялық қызметтi дамытуға бағытталған өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлейдi, iске асырады және оларды құқықтық, ұйымдық және өзге де қолдауды қамтамасыз етедi;
      2) инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн құруға қатысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

       Жалпы қорытындылайтын болсақ, қазіргі таңда кәсіпорынның жемісті қызмет етуін инновациясыз елестете алмаймыз. Нарықтық экономика жағдайы әрқашан өзгерістердің тек сандық жағынан емес, сапалық жағынан да даму міндеттерін алға қояды. Бұл өзгерістерді іске асыру үшін ең озық үлгідегі техниканы, технологияны қолдану керек, жаңашылдықтың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми – зерттеу базаларын үздіксіз дамытып отыру қажет. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде «инновация» жаңа өнімдер мен технологияда көрінетін әлеуметтік ғылыми – техникалық прогрестің нақты іске асуы деп түсіндіріледі. Социолизм дәуірінде ұзақ жылдары жаңа енгізілім мәселелері ғылыми – техникалық прогрестің экономикалық зерттеулерімен ғана шектеледі. «Инновация» деген термин Қазақстанда өзіндік және өзінен туынды түсініктерді айқындауға соңғы жылдары кең қолданыла бастады.

       Нарықтық экономика жағдайында инновацияны жүйелі сипаттау әдістемелігі халықаралық стандарттарға сүйенеді. Осыған сәйкес инновация жаңа және жетілдірілген түрінде нарыққа енгізілген өнім, тәжірибеде қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесте көрінетін инновациялық қызметінің соңғы нәтижесі деп анықталады. Инновациялық процесс инновация құру, игеру, тартумен байланысты. Бұл процесс шеңберінде инновацияны өндірушілер пайда алу мақсатында жаңалықтарды құрап, оны тұтынушыларға жеткізеді. Ойдың тууынан басталып, оның коммерциялық іске асуымен аяқталған процесс.

       Мен бұл курстық жұмыста кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдадым.

       Жұмыстың бірінші бөлімінде жаңашылдық, инновация, кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі, кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері сипатталған.

       Екінші бөлімде ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы, «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметі, кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігі қарастырылған.

       Қорытынды, үшінші бөлімде кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдары, соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы және ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау мәселелері жазылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.         «Влияние инновационной деятельности  на развитие предприятия» диссертациялық жұмыс, Бармашова Л. В

2.         «Инновационный менеджмент» учебник 3 – е издание, Ильенкова С. Д

3.         «VITA» АҚ – ның ресми сайты www.vitasoy.ru

4.         www.soyfoods.com

5.         Қазақстан кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі, статистикалық бюллетень, №4 2010

6.         «VITA» АҚ – ның бухгалтерлік балансы мен жиынтық табыс туралы есебі

7.         www.google.kz

 

 

18

 



Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері