Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:52, курсовая работа
Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................2
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы.........................................................................................................4
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі...........................................7
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері..........................................................................................................9
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ..............................................................................................................11
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы.................................................................................................................11
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау..................15
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау....................16
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................19
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы.........................................19
3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..............................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... ..........................................25
1 – кесте. Өнімді жаңарту деңгейі(инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың жалпы санына пайызбен)
2010 жылғы ІI жартыжылдықта кәсіпорындар басшыларының пікірлері бойынша инновациялық қызметтің негізгі түрлері мыналар болды:
жаңа енгізімді енгізу (бұл жайында инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 69% -ы хабарлады);
жобалау-конструкторлық жұмыстар (18%);
ғылыми- зерттеу жұмыстары (8%);
республикалық мақсаттардағы және өңірлік ғылыми-техникалық бағдарламаларға қатысу (5%);
“ноу-хау”, технологиялар және өнеркәсіп меншігінің басқа түрлерін сатып алу (2%);
ғылыми-техникалық қызмет көрсетулер (6%);
инновациялардың басқа түрлері (20%).
2010 жылғы IІ жартыжылдықта сұралған өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметінің негізгі нәтижесі ретінде кәсіпкерлер:
шығарылатын өнім сапасының артуын (инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 51%-ы);
сату көлемінің артуын (ішкі нарықта - 47% және сыртқы нарықта – 18% );
пайданың өсуін (59%);
пайдалылықтың өсуін (37%);
өнімнің өзіндік құнының төмендеуін (29%);
өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуын (33%);
қызметкерлердің еңбек жағдайының жақсаруын (21%);
еңбек өнімділігінің артуын (23%);
оның ішінде импорттық жабдықтарды, материалдарды пайдалану есебінен (14%);
инновациялық өнімге тұрақты тапсырыс берушілер санының өсуін (13%);
ғылыми-техникалық қызметкерлердің нақты жалақысының өсуін (25%) санады.
2010 жылғы IІ жартыжылдықта инновациялық қызметті шектейтін факторлар ішіндегі басым фактор, инновациялық тұрғыдан белсенді өнеркәсіп кәсіпорындарының басшыларының пікірі бойынша: «меншікті қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі» (инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 62%-ы), «білікті қызметкерлердің жеткіліксіздігі» (7%), «үлкен коммерциялық тәуекел» (8%), «инновациялық қызметтің дамуын ынталандыратын заңнамалық базаның жоқтығы» (4%) және «жоғары салықтық мөлшерлемелер» (9%) болды.
Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 9% және 3%-ы үшін шектеуші фактор – «кредиттер мен қарыздардың жеткіліксіздігі» және «бюджеттік қаражаттардың жеткіліксіздігі», 9% және 11%-ы үшін тиісінше «тапсырыс берушінің төлем қабілетсіздігі» және «мемлекеттік қолдаудың жоқтығы» болды.
Ағымдағы жай-күйді бағалау. 2010 жылғы ІІ жартыжылдықта инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындар басшыларының көпшілігі (69%) инновациялық қызмет жағдайын “қанағаттанарлық” деп, 27%-ы «жақсы» және 4%-ы (салыстыру үшін: 2010 жылғы І жартыжылдықта бұл жайында тиісінше 83%, 12% және 5%-ы хабарлады) «нашар» деп бағалады. Мұның өзінде, инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 76%-ының жағдайы 2010 жылғы I жартыжылдықтағы деңгейде қалды, 21%-да - жақсарды және 3%-ында - нашарлады.
Инновациялық қызметтің келешектері. 2011 жылғы І жартыжылдықта 2010 жылғы ІI жартыжылдықпен салыстырғанда инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындар саны орта есеппен 8%-ға өседі деп күтілуде. Мұның өзінде, 2011 жылғы І жартыжылдықта 2010 жылғы ІI жартыжылдықпен салыстырғанда кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындар саны тиісінше 4% және 11%-ға өседі, электр және су жабдықтау саласында инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындар саны өзгермейді.
Мұның өзінде, инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындар басшыларының жартысынан астамы (64%) инновациялық қызмет жағдайын 2010 жылғы ІI жартыжылдықтағы деңгейде қалады деп, 35%-ы - 2011 жылғы I жартыжылдықта жақсарады және 1%-ы нашарлайды деп күтеді.
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау
«VITA» холдингі 1991 жылдың желтоқсанында құрылған. «VITA» өндірістік холдингі ТМД мен алыс шетел нарықтарына өнімнің келесідей түрлерінің өндірушісі және жабдықтаушысы болып табылады:
өсімдік майы, сарымай және маргарин, майонез;
сояны қайта өңдеу өнімдері(соя ұны, текстурат);
крахмалды сироп, қант;
сүт өнімдері.
Негізгі сауда маркалары: - «Иртыш», «VitaSoy», «ВитаРос», «Almpro», «VitaMilk», «Ак-Суу Кант». 2007 жылы жылдық өткізілген өнім көлемі 200 млн. Доллардан асып кетті. Қазіргі таңда холдинг құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украинаның 30 қаласында орналасқан 4 өндірістік комбинат, 2 сауда үйі және де еншілес қызмет көрсететін кәсіпорындар кіреді.
№ | Көрсеткіштер | өлшем бірлігі | 2009 ж. | 2010 ж. | Ауытқуы | |
+, - | % (+,-) | |||||
1 | Өнімді сатудан түскен табыс | Мың теңге | 13403268 | 3915882 | -9487386 | 29,21587482 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | Мың теңге | 10527360 | 3644744 | -6882616 | 34,62 |
3 | Жалпы табыс | Мың теңге | 2875908 | 271138 | -2604770 | 9,42 |
4 | Кезең шығындары | Мың теңге | 11102838 | 2235321 | -8867517 | 20,13 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге | -10310338 | -3019713 | 7290625 | 29,28 |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | Мың теңге | 1382081 | 511258 | -870823 | 36,99 |
7 | Салық салғанға дейінгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге | -13037075 | -4399232 | 8637843 | 33,74 |
8 | Таза табыс | Мың теңге | -13037075 | -4399232 | 8637843 | 33,74 |
9 | Негізгі құралдардың орташа жылдық құны | Мың теңге | 30729822 | 29018356 | -1711466 | 94,43 |
10 | Айналым құралдарының орташа жылдық құны | Мың теңге | 4039699 | 548757 | -3490942 | 13,58 |
11 | Сату рентабельділігі 8/1 | % | -0,97 | -1,12 | -0,15 | 115,49 |
12 | Өндіріс рентабельділігі 8/(9+10) | % | -0,37 | -0,14 | 0,22 | 39,68 |
13 | Өнім рентабельділігі 8/2 | % | 1,23 | 1,20 | -0,03 | 97,46 |
14 | Қор қайтарымдылығы 1/9 | Тг | 0,43 | 0,13 | -0,30 | 30,93 |
15 | Қор сыйымдылығы 9/1 | Тг | 2,29 | 7,41 | 5,11 | 323,21 |
16 | Қормен қарулану 9/17 | Мың теңге | 24045,24 | 29520,19 | 5474,95 | 122,76 |
17 | Персонал саны | адам | 1278 | 983 | -295 | 76,91 |
2 – кесте. «VITA» АҚ – ның технико – экономикалық көрсеткіштері
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау
1990 жылы жобалық қуаты күніне 30 тонна болатын өсімдік майын гидратациялайтын қондырғы, өсімдік майын ағарту, өзге қоспалардан айыру(рафинация), дезодорация, вентаризация мен азотация жұмыстарын атқаратын қондырғылар (жобалық қуаты күніне 50 тонна) іске қосылды. Өнімділігі сағатына 11500 бөтелке болатын өсімдік майын автоматты түрде өлшеп құятын желі қондырылды. Өсімдік майына бөтелкелер мен оған қақпақтар француз және жапон өндірушілерінен алынған жабдықтарда жасалады.
2001 жылдың желтоқсанында компания кең ассортиментте және әр түрлі қазіргі заманғы орамда(упаковка) өзінің майонез өндірісін(өндірістік қуаты жылына 2000 тонна майонез) ашты.
2003 жылы соя сүтін және соя сүтінің негізінде қышқылсүтті(кисломолочные) өнімдер өндіретін цех қолдануға берілді. Сонымен қатар, компания әлемде кең тараған соя және сафлор шикізатынан азықтық тағамдар дайындаудың жаңа технологиясын дамытумен айналыса бастайды.
«VitaSoy» жобасының аясында ТМД елдерінде ең алғашқы және үлкен, сояны терең кешенді түрде өңдеумен айналысатын кәсіпорынның ашылуы мен этапты құрылысы жүзеге асырылды.
Құндылығы жылына 6000 тонна соя болатын, сояны жартылай майсыздандырылған(
2002 жылы құндылығы жылына 30000 тонна тұқым болатын, зәйтүн дақылдарының тұқымын өңдейтін цех іске қосылды, қызмет көрсететін және транспорттық инфрақұрылым, инженерлік желі және коммуникациялар салынды. Азықтық соя ақуызын(белок) орайтын(фасовка) жүйе және соя сүтін және соя сүті негізінде қышқылсүтті өнімдер өндіретін цех іске қосылды.
2005 жыдың екінші жартысында қуаты жылына 140000 тонна соя болатын, қолданылатын технологиялар деңгейі бойынша ТМД төңірегінде бірінші, сояны терең кешенді өңдеу арқылы майсыздандырылған соя өнімдеріне айналдырумен айналысатын экстракционды зауыт қолданысқа берілді. Экстракционды зауыттың іске қосылуы жылына 27000 тоннаға дейін соя майын, 70000 тонна мал азықтық шрот, 6000 тонна жартылай майсыздандырылған азықтық соя өнімдері, 30000 тонна «ақ күлтеше» (азықтық белоктық концентрат) өндіруге мүмкіндік берді.
2006 жылдың шілде айында Ресейдің Дзержинск қаласында «Wenger manufacturing inc» (АҚШ) компаниясының құрылғылары негізінде қуаты жылына 19000 тонна текстураланған соя протеиндері болатын, ТМД – да ең ірі текстураланған соя өнімдерін шығарушы болып табылатын «ВИТА-РОС» экструзионды зауыты іске қосылды. Бұл зауыттың шикізаты болып Алматыда шығарылатын, соя ақуызының(белок) концентраты «ақ күлтеше» табылады.
2005 жылы қуаты күніне 250 тонна сүт және өнімділігі күніне 70 тонна сарымай және өсімдік – сарымай майлары болатын, Қырғызстандағы Токмок қалалық сүт зауыты(қазіргі атауы «Елимай») пайдалануға берілді. Зауытты қайта құрған кезде(реконструкция) майлар мен маргариндерді орап және қаптайтын «BENHIL Multipack» фирмасының толық автоматтандырылған құрылғысы қондырылды.
2006 жылдың қазан айында өнімділігі жылына 2000 тоннаны құрайтын құрғақ сүт цехы, сүзбе цехы (1000 тонна/жыл), 2007 жылдың маусым айында қатты және жұмсақ ірімшік(сыр) цехы(1500 тонна/жыл), қаймақ пен қойылтылған сүт өндіруші желі іске қосылды.
2007 жылдан бері зауытқа шикізат жеткізу өзіндік, қазіргі заманғы құралдармен жарақталған 30 сүт қабылдау пункттер желісі арқылы жүргізіледі.
2007 жылдың наурызында «Vita Industry» аумағында жалпы өнімділігі жылына 35000 тонна май болатын, Францияның SIDELI фирмасының озық құрылғыларымен жарақталған, бөтелкедегі өсімдік майын шығаратын зауыт іске қосылды. Бұл зауыт толық өндірістік циклды қамтиды, яғни, шикізатты өңдеуден жоғары сапалы өсімдік майын шығаруға дейін.
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, соя дәнінің құрамы 35-40% ақуыз, 18-28% май, 22-35% көмірсу, соның ішінде 3,3-13,5% сахароза, Е, В1, В2, В3 дәрумендері, аминокислота мен микроэлементтердің бай құрамынан тұратыны анықталған. Шөптегі(жасыл масса) және дәндегі экстрактивті заттектің мөлшері тиісінше 15,41 және 26,45%, күлдің мөлшері тиісінше 2,21 және 5,24%. Майдың жоғарғы сапасы, сонымен қатар майлы қышқылдардың қолайлы қосылысы: олеин қышқылы – 22,5%, пальмитинді қышқыл - 16,3%, линолен қышқылы - 6,9%, стеаринді қышқыл - 5,2%, майды тек азықтық мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар жоғары сапалы маргарин өндірісі мен консерві өнеркәсібінде де пайдалануға мүмкіндік береді.
Қытай, Жапония және АҚШ елдерінде соя өнімдерінің ферментирленген түрлерімен қоса, ферментирленбеген түрлері де қолданылады. Бұлардың дәнін алдын – ала ингибиторларды(трипсин, химотрепсин) және өзге де аллергендерді инактивациялау үшін арнайы термиялық өңдеуге жібереді.
Соя өнімдерін қолдану – адам денсаулығын сақтау мен жақсартудың оңай, арзан және сенімді жолы. Соядан өңделген өнімдер құндылығы ең жақсы соя бұршақтарының ақуыз емес(небелковый) артықтарын жою арқылы алынатындығында. Соя майының(липид) құрамына адам ағзасында болатын процестерде маңызды рөл атқаратын қанықпаған майлы қышқыл кіреді.
Соя етін немесе соядан жасалған өнімдерді қолдану холестерин көлемін төмендетуге, жойылған энергияны тез компенсациялауға, бұлшық ет көлемін көбейтуге көмектеседі, семіру мен жүрек аурулары тәуекелін мейлінше төмендетеді.
Соя өнімдерінің артықшылықтары:
Қарапайым жағдайларда ұзақ уақыт сақтау;
Тез дайындау;
Жануар етімен салыстырғанда арзанырақ.
Соя өнімдерінің нәрлілігінің арқасында оларды әскерилерге, оқушыларға және спортшыларға қолдануға болады. Диеталық немесе профилактикалық тамақтану кезінде оларды мақсатты түрде күнделікті рационға қосады.
Сонымен, соя тұқымын кешенді түрде пайдалану тек өнім ассортиментін кеңейтуге ғана емес, сонымен қатар адам ағзасы үшін өмірлік маңызды нәрлі заттардың дефицитін азайтуға жәрдемдеседі.
Бұрыннан белгілі соя бұршағын өңдеудің технологиясын талдай отырып және оларды өңдеудің тереңдік факторын қоса отырып, ұсынылатын өңдеу үрдісі сапасын сипаттайтын көрнекі материал алуға болады. Ол үшін эталон(үлгі) ретінде қытайлық немесе канадалық конструкциядағы «соя сиыры» көмегімен өңдеу үрдісін аламыз.
Бұл үрдісте алдын – ала ылғалдандырылған және жақсылап шайылған соя бұршағы (әдетте ылғалдау үрдісі кезінде су бірнеше рет ауыстырылады) майдаланады, сумен сұйылтылады және 100°С – қа дейінгі температурада бумен қыздырылады. Үрдіс сапалы соя сүтін және тұнба алумен сипатталады. Бұл азық – түліктер бүкіл елемге белгілі, ал «соя сиыры» деп аталатын қондырғылар кең таралған.
Қазіргі кезде ең көп тараған болып табылатын соя дәнін колоидты диірменде тартатын инфрақызыл термоөңдеу әдісі энергияны аз жұмсауымен(1 кг бұршаққа 0,7 – 1 кВт/сағат шамасында) және салыстырмалы үнемділігімен сипатталады.
Соя өңдеудің әлемде ең көп тараған әдісі экструдер көмегімен өңделіп жатқан ортада жоғары қысым жасаудан тұрады. Бұл кезде соя бұршағының температурасы 100°С – тан жоғары көтеріледі, бұл соя құрамындағы зиянды қосылыстарды залалсыздандыруға көмектеседі. Дегенмен, жоғары қысым әсерінен майдың көп бөлігін жоғалту орын алады, ал пайда болған шрот дәрумендерін жоғалтады, және ашық ауада тотығу нәтижесінде өз қызметіне тән жартылай қаныққан май қыщқылын тез жоғалтады.
Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері