Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:52, курсовая работа
Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................2
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы.........................................................................................................4
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі...........................................7
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері..........................................................................................................9
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ..............................................................................................................11
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы.................................................................................................................11
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау..................15
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау....................16
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................19
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы.........................................19
3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..............................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... ..........................................25
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.....................
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы......................
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі..........................
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері.................
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.......................
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы.......................
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау..................15
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау....................16
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.......................
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы..................
3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... ..............................
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.
Қазақстанның технологиялық дамуының қазіргі деңгейі, көп жағдайда осының алдындағы КСРО құрамында дамығандығымен және тәуелсіздікті алғаннан кейінгі алғашқы онжылдықтағы экономиканың дағдарысты күйімен анықталады. Қазақстанның Одақ құрамында дамуы бүгінгі күндегі Республикадағы барлық өндіріс түрлері бойынша аяқтаушы циклдың жоқтығына, өндірістің негізінен ескірген техникалық негізде жүргізілуіне, технологиялық және өндірістік құрылымы дамыған және жекелеген дамушы елдердің деңгейінен артта қалуына алып келді және осы ретте технологиялық әртектілігімен сипатталынады. Тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруінің алғашқы он жылындағы міндетін, жалпы мағынада, нарықтық экономиканың институционалдық негізін орнату стратегиясы ретінде сипаттауға болады.
Қазақстандық ғалымдар қазіргі күнде еліміздің технологиялық дамуының екі жолын көрсетеді. Оның біріншісі шетелден алдыңғы қатардағы технологиялар мен ноу-хауды алу, ал екіншісі - өзіндік ғылыми-технологиялық қуаттарды дамыту. Осы орайдағы индустриалдық-инновациялық стратегияға сәйкес ғылыми-технологиялық дамудың негізгі бағыттары биотехнология, ядролық технология, космостың технологиялар және жаңа материалдарды жасау болып табылады.
Қазақстандағы кәсіпорындарды модернизациялау стратегиясы технологиялық дамудың әлемдік үрдістерін ескере отыра, жоғарыда көрсетілген екі мүмкіндікті де пайдалануды ескеруі тиіс. Технологияның даму заңдыылқтарын білу модернизациялану барысындағы елдің технологиялық дамуының дұрыс стратегиясын құруға мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың өзектілігі – инновациялық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен индустриялық-инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, кәсіпорынның инновация және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту.
Курстық жұмыстың негізгі міндеті – кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық қызметіне және инновациялық қызметінің тиімділігіне талдау жасап, инновациялық қызметінің тиімділігін жетілдіру жолдарын анықтау.
Курстық жұмысымның тақырыбын кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігі мәселесіне арнап отырмын. Бұл тақырыпты алу себебім тәуелсіз еліміздің болашағына апарар жол осы инновациямен тығыз байланысты деп ойлаймын. Қазіргі жаһандану процесінде әлемдегі дамыған елдерден қалып қоймас үшін ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілеттілігі жоғары деңгейде болуы шарт. Ал ұлттық экономиканы көтеретін мемлекеттік саясат пен отандық кәсіпорындардар. Мемлекеттік саясат дұрыс бағытпен келеді, ал отандық кәсіпорындардың саясаты дәстүрлі сипат алған. Саясаттың дәстүрлі емес жолы да бар, ол – жаңашылдық, яғни ғылыми тілмен айтқанда инновация. Міне, осы инновация дегеніміз не, кәсіпорынның инновациялық қызметінің мәні мен мазмұны неде, кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері қандай, инновациялық тиімділікті арттыру жолдары деген сипаттағы сұрақтарға жауап іздеп көреміз.
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы
Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу немесе өндірістік қызметтің өнімі, кез – келген құбылыс, оны пайдалану адам өмірінің нақты өмір сүру сферасында белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді.
Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып қоғамға бұрынырақта белгісіз болған өнімдерді тұрақты іздеу мен жасап шығару болып табылатын, шығармашылық қасиеті бар тұлғалар қызметінің қорытындысы.
Жаңашылдық болып мыналар табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология, ұйымдастырушылық нысан, тәжірибелік құрал, идея, қызмет түрі, материалды объект, өнертабыс және т.б.
Инновация – қандай да бір тиімділікке қол жеткізетін, адам өмірінің барлық сфераларына енгізілген жаңашылдық.
«Инновация» термині латынның «innovate» деген сөзінен бастау алады, негізгі мағынасы жаңарту және жақсарту дегенді білдіреді.
ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында инновацияның мағынасы кеңірек сипатталады. Заңға сәйкес «инновация - өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік объектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми – техникалық қызметтің нәтижесі» деп түсіндіріледі.
Инновация – инновациялық қызметтің, инновациялық үрдістің нәтижесі, оның барысында әртүрлі қызметтер жүзеге асырылады, мысалы: ғылыми – техникалық зерттеулер, өндіріс, маркетинг және менеджмент. Оның «пайдалы инновациялық тиімділігін» анықтау пайдалы функциясы арқылы жүзеге асырылады – ол инновацияның жаңашылдықтан, белгілі бір ашудан ерекшелігі. Егер өнертабыстар инновацияларға айналмаса, олардың әлеуметтік немесе экономикалық құндылығы болмайды. Инновация XIX ғасырда пайда болды деп саналады. Бастапқы кезеңінде ол кейбір элементтердің бір жүйеден екінші жүйеге ену түрінде болды. Инновация заңдылықтарын үйрену тек XX ғасырдың басында ғана қолға алынды.
1911 жылы австрия, кейін американ ғалымы болған Йозеф Шумпетер «Экономика теориясының дамуы» еңбегінде инновация туралы ұғымды ғылыми айналымға енгізді.
Инновациялардың атқаратын функциялары мыналар:
- адамзат ақыл – ойынан туындаған ғылыми нәтижелерді қолданысқа енгізу;
- қызметтің, еңбектің ғылыми сыйымдылығын арттыру;
- тұтынудағы өзгерістерге өндірістің құрылымын сәйкестендіру;
- қоғамның жалпы қажеттіліктері мен қоғамдағы әрбір адамның жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру сапасын арттыру;
- өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа өндіргіш күштерді тарту;
- бәсекелі нарыққа төтеп беретін жаңа және тиімді өнімдерді, қызметтерді, жұмыстарды жасау.
Инновациялардың жіктелуіне келетін болсақ, олар бірнеше белгілері бойынша жіктеледі.
Жаңалық деңгейіне байланысты инновациялар келесі категорияларға бөлінеді:
- базистік инновациялар – нарықта бұрын болмаған өнімдердің, қызметтердің, жұмыстардың пайда болуына мүмкіндік береді;
- жақсартылған инновациялар – нарықта бар тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың параметрлерін жетілдіруге бағытталған;
- кешенді инновациялар - әлемдік тәжірибеде сынақтан өткен жетістіктерді жинақтай отырып, әртүрлі салалар мен өндірістердің мүмкіндіктерін бірге пайдалануға ықпал етеді (мысалы, ұялы телефондарды сөйлесу құралынан басқа фотоаппарат, радио, есептегін құрал, плеер және басқа да мақсаттарда пайдалануға болады);
- радикалды инновациялар – жаңа ғылыми идеялар мен ізденістерге негізделеді, жаңа салалар мен бағыттардың қалыптасуына алып келеді (ғылымдағы жаңа бағыттар - гендік инжинерия, биотехнология, нанотехнология, жәндіктерді клондау және т.б.).
Қазіргі нарықта базистік инновациялардың пайда болуы күрделірек болып саналады, сондықтан да инновацияны жасаушылар жақсартылған инновациялар мен кешенді инновацияларға көбірек мән береді. Ал радикалды инновациялар терең ғылыми зерттеулерді қажет етеді және ол үрдіс ұзақ уақыт бойы жүреді, сонымен қатар, бірнеше ғылыми орталықтар мен зертханалардың, тәжірибелік, өндірістік орталықтардың, қаржы топтарының қатысуымен ғана белгілі бір нәтижеге қол жетуі мүмкін.
Инновациялар пайдалану аясына байланысты келесідей жіктеледі:
- ғылыми инновациялар – жаңа ғылыми бағытты қалыптастыруға немесе қандай да бір салада ғылымның жетістіктерін пайдалануға ықпал етеді;
- ұйымдастырушылық – басқарушылық инновациялар – ұйымда бұрыннан қалыптасқан басқару әдістерін, еңбекті немесе өндірісті ұйымдастыру формаларын, шешімді қабылдау жүйесін жаңартуды көздейді;
- әлеуметтік инновациялар - әртүрлі әлеуметтік топтарда қарым – қатынасты өзгертумен, еңбек жағдайы мен еңбекке ынталандырудың жаңа әдістері мен тәсілдерін қолданумен және осы бағыттағы басқа да іс - әрекеттерді жақсартумен байланысты;
- технологиялық (өндірістік) – ғылыми – техникалық жетістіктерді өндіріс пен тұтынуда пайдаланып, қолданыстағы техника мен технологияны, технологиялық әдістер мен тәсілдерді өзгертуге және жаңартуға бағытталады. Технологиялық инновациялар, өз кезегінде, инновациялық өнім (жаңа, жаңартылған немесе жақсартылған өнімдерді дайындауға қатысты) мен инновациялық үрдіске (өндірісте шығарылатын өнімдер мен қызметтерді дайындауда жаңа технологияларды қолдану) бөлінеді;
- экологиялық - қоршаған ортаның ластануын азайтатын, зиянды қалдықтарды тазалайтын, шикізатты қалдықсыз өңдейтін, қоқыстарды өңдейтін инновациялық үрдістерді қамтиды;
- саяси – мемлекеттің әлеуметтік, халықаралық, сыртқы, ішкі бағыттағы іс – әрекеттерін жетілдірумен және оның халық үшін тиімділігін көтерумен байланысты;
- мемлекеттік – құқықтық – жаңа мемлекеттік институттар, демократиялық құқық, заңдық актілер, мемлекеттік басқару тәсілдері, әділетті сот жүйесі түрінде көрініс табады;
- рухани саладағы инновациялар – білімде, мәдениетте, ғылымда жаңа жүйелер мен ізденістердің, туындылар мен жетістіктердің пайда болуы.
Таралу аясына байланысты инновацияларды төмендегідей жіктейді:
- жаһандық – бірнеше мемлекеттерде немесе әлем деңгейінде өзгерістердің пайда болуына алып келетін инновациялар;
- ұлттық – бір мемлекет деңгейінде қолданысқа енгізілген, тиімділігі негізделген жаңа жүйелер, үрдіс, құбылыс және т.б. инновациялар;
- аймақтық – белгілі бір аймақтың ерекшелігіне байланысты маңыздылығы бар инновациялар;
- нақты – қандай да бір кәсіпорын, мекеме, ұйым деңгейінде қолданылатын инновациялар.
Инновациялардың пайда болуы инновациялық қызметтің қалыптасуы мен жетілуіне негіз болады. Инновациялық қызметтің мазмұны ғылыми зерттеулерде әртүрлі сипатталады. ҚР «Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Заңында «инновациялық қызмет – инновацияларды өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізу арқылы пайдалану» деп көрсетілген.
Инновациялық қызметке келесідей қызмет түрлерін жатқызады:
- қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми білімдерді енгізу;
- экономикалық айналымда жүзеге асырылатын жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты), жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдісті дайындауға бағытталған ғылыми – ізденушілік, жобалық, тәжірибелік – конструкторлық және технологиялық жұмыстарға қызмет ету және орындау;
- инновациялық өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды) өткізу нарықтарын ұйымдастыру;
- технологиялық жарақтану мен өндірісті дайындауды жүзеге асыру;
- жаңа технологиялық процестерді, тауарларды сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткізу;
- жаңа немесе жетілдірілген өнімді (қызметті, жұмысты) өндіру және инновациялық жоба нормативтік ақталу мерзімі жеткенге дейінгі оның бастапқы кезеңінде жаңа немесе жетілдірілген технологияны қолдану;
Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері