Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 12:52, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан экономикасының дамуындағы басым міндеттердің бірі ғылыми және жоғары технологиялық өндірісті құру болып табылады. Осы мақсаттың еліміздің индустриялды-инновациялық даму бағдарламасында басты орынға қойылуы, технологиялар-даму стратегиясының құрамдас бөлігі ғана емес, ол оның өміршеңдігінің шарты екендігінің мойындалуын көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................2
1 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................4
1.1 Инновациялар, инновациялық қызмет, олардың экономикалық мазмұны және мағынасы.........................................................................................................4
1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі...........................................7
1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері..........................................................................................................9
2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ..............................................................................................................11
2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы.................................................................................................................11
2.2 «VITA» АҚ – ның өндірістік - шаруашылық қызметін талдау..................15
2.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін талдау....................16
3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ......................................................................................19
3.1 Соя бұршағын өңдеудің шетелдік технологиясы.........................................19
3.2 ҚР – дағы инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..............................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......... ..........................................25

Содержимое работы - 1 файл

Основной.doc

— 209.50 Кб (Скачать файл)

-         инновациялық инфрақұрылымды құру және дамыту;

-         инновациялық қызмет нәтижелерін дәріптеу және инновацияларды тарату;

-         игеру және іске асыру мақсатында интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беру, иемдену және қорғау;

инновацияларды дайындауға бағытталған басқа қызмет түрлері

 

1 – сурет. Инновациялық қызметтің негізгі түрлері

 

 

1.2 Кәсіпорынның дамуындағы инновацияның рөлі

 

       Қазіргі заман жағдайында кәсіпорынның табысты қызмет етуін инвестиция мен инновациясыз елестету мүмкін емес. Экономика дамуының нарықтық жағдайы әрқашан өзгерістердің тек сандық жағынан емес, сапалық жағынан да даму міндеттерін алға қояды. Бұл өзгерістерді іске асыру үшін ең озық үлгідегі техниканы, технологияны қолдану керек, жаңашылдықтың жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми – зерттеу базаларын үздіксіз дамытып отыру қажет. Ол үшін технологиялық инновацияларды, өнім – инновацияларды, үрдіс - инновацияларды қолдануға болады. Технологиялық инновацияларды қолдана отырып, кәсіпорын өзінің қызметін жаңа технологиялық үрдістерді өңдеу және игерумен байланыстырады. Өнім – инновацияларды қолданғанда, кәсіпорын жаңа өнімдер өндіріп, енгізеді немесе бұрыннан шығарылатын өнімдерді жетілдіреді. Сонымен қатар кәсіпорын болжалды қолданыс аумағы, функционалдық сипаттамалары, конструктивтік орындау, қосымша қызмет белгілері, және де қолданылатын материалдар мен құрауыштары жаңа немесе бұрын шығарылған өнімнен айтарлықтай ерекшеленетін мүлдем жаңа өнім өндіруге ұмтылады. Үрдіс – инновацияларды қолданғанда жаңа немесе айтарлықтай көлемде өзгерген өндірістік үрдістерді өңдеу және игеру талап етіледі. Үрдіс – инновация басқа кәсіпорындардың өндірістік тәжірибесінде бұрын іске асырылған, жаңа немесе жетілдірілген өндіріс тәсілдерін қарастырады.

       Кез – келген басқа ұйымдар сияқты кәсіпорын да өзінің қызметінде үздіксіз дамуды қажет етеді. Егер кәсіпорынның экономикалық саясаты туралы сұрақтарды қарастыратын болсақ, онда ҒТП дамуын кәсіпорын дамуының ең негізгі мәселелерінің бірі деп санау керек. Кәсіпорынның техникалық дамуы – бұл кәсіпорынның нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндірісті ұйымдастыруды, техниканы, технологияны жетілдіру арқылы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған қызметі.

       Өндірістің техникалық деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталады: жаңа техникаларды өңдеу және енгізу; өндірісте еңбек құралдарын(құрал – жабдықтар, тетіктер) қолдану; негізгі және көмекші жұмыстарды механизациялау және автоматизациялау; жаңа технологияларды енгізу, соның ішінде шикізат, материал, отынды максималды үнемдейтін, қоршаған орта қауіпсіздігін және өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін технологиялар.

       Кәсіпорынның инновациялық қызметі ең алдымен шығарылатын тауардың (қызметтің) бәсекеқабілеттілігіне бағытталады. Бәсекеқабілеттілік – бұл тауардың (қызметтің) бәсекелес тауардан нақты қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі бойынша және де оны қанағаттандыруға кететін шығындар бойынша ерекшелігін көрсететін мінездемесі. Екі негізгі элемент, тұтынушылық қасиеттер мен баға – тауардың (қызметтің) бәсекеқабілеттілігінің негізгі құраушылары болып табылады. Алайда  тауарлардың нарықтық келешегі тек өндірістің шығындары мен сапасына байланысты емес. Тауар жетістігінің немесе сәтсіздігінің себебі жарнамалық қызмет, фирма беделі, ұсынылатын қызмет көрсету деңгейі сияқты басқа да (тауарлық емес) факторлар болуы мүмкін.

       Сонымен қатар, жоғары деңгейлі қызмет көрсету үлкен тартымдылық туғызады. Осыған сүйене отырып, бәсекеқабілеттілік формуласын келесі түрде көрсетуге болады:

Бәсекеқабілеттілік = Сапа + Баға + Қызмет көрсету

       Бәсекеқабілеттілікті басқару дегеніміз - аталған құрауыштардың ең ұтымды байланысын қамтамасыз ету, негізгі күшті келесі мәселелерді шешуге бағыттау: тауар сапасын арттыру, өндіріс шығындарын азайту, қызмет көрсетудің үнемділігі мен деңгейін көтеру. Негізінде, қазіргі кездегі «табыс философиясының» негізі - фирма назарын бәсекеқабілетті өнімді өңдеу, өндіру және өткізу мақсаттарына аударуда болып табылады. Бірінші кезекке ұзақмерзімді жетістік пен тұтынушыға бейімделу қойылады. Компаниялардың жетекшілері табыстылық мәселелерін сапа, өнімнің тұтынушылық қасиеттері және бәсекеқабілеттілік тұрғысынан қарастырады.

       Өнімнің нарықтағы орнын, оның өтімділік келешегін, сату стратегиясын таңдауды талдау үшін «тауардың өмірлік циклы» тұжырымдамасы қолданылады.

       Өмірлік циклдың әр түрлі кезеңдерінде тұрған тауарлармен бір мезгілде жұмыс істеу тек ірі компаниялардың қолынан келеді. Шағын фирмалар мамандану жолымен жүруге мәжбүр, яғни өздеріне келесі «ампулалардың» бірін таңдайды:

      Новатор – фирма, көбінесе жаңашылдық мәселелерімен айналысады;

      Инжинирингтік, тауарлардың басқаларға ұқсамайтын модификациясын және дизайнын шығаратын фирма;

      Тар шеңберлі мамандандырылған даярлаушы фирма, көбінесе оңай өнімдердің жаппай шығарылымының субжабдықтаушысы;

      Жоғары сапалы дәстүрлі өнімдер (қызмет) шығарушы.

       Тәжірибе көрсеткендей, шағын фирмалар нарыққа кіру және одан шығу кезеңдерінен өтетін тауарлар шығарылымында белсенді жұмыс жасайды. Мәселе әдетте үлкен фирмалардың жаңа өнімдер шығарылымына алғаш болып бара бермеуінде. Себебі, мүмкін болатын сәтсіздіктің салдары қайтадан пайда болған шағын фирмаларға қарағанда, үлкен фирмаларға ауыр тиеді. Тауар бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету, негізгі мазмұны инновацияларды іздеу және іске асыру болып табылатын новаторлық, кәсіпкерлік тәсілдерді талап етеді.

       Осы тұрғыда атап өту керек, экономикалық теория классиктерінің бірі А. Маршалл кәсіпкерлікті нарықтық экономиканың түпкі қасиеті, негізгі белгісі деп есептеген.

       Инновациялық стратегияның негізгі алғышарты болып шығарылатын өнімнің және технологияның моральды тозуы табылады. Осыған байланысты әр үш жыл сайын кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің, технологияның, құрал – жабдықтар мен жұмыс орындарының аттестациясы жүргізіліп отырылуы тиіс, тауарды өткізу каналдары мен нарық талдануы керек. Басқаша айтқанда, бизнестің рентгенограммасы жүргізілуі керек.

 

1.3 Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері

       Инновациялық қызмет тиімділігін бағалау әдістері мен тәсілдері шығындар мен соңғы нәтиженің өлшемдестігіне негізделеді. Бірақ соңғы нәтиже кәсіпорыннң инновациялық қызметін жан – жақты бағалау арқылы алынуы мүмкін. Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігін бағалау экономикада жалпы қабылданған бағыттар бойынша жүргізіледі:

- кәсіпорынның ғылыми – ақпараттық деңгейі;

- кәсіпорынның техникалық деңгейі;

- инновациялық жобалардың технико – экономикалық тиімділігі.

       Кәсіпорынның инновациялық қызметін бағалау белгілері деп мыналарды санауға болады:

- кәсіпорынның ғылыми деңгейі;

- ақпаратпен қамсыздандырылу деңгейі;

- кәсіпорын мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өңдеулердің бәсекеқабілеттігі.

       Кәсіпорынның инновациялық қызметі шығындық көрсеткіштермен, инновациялық үрдістің динамикасын сипаттайтын жаңару көрсеткіштерімен және де құрылымдық көрсеткіштермен сипатталады. Шығындық көрсеткіштерге кәсіпорын шығаратын өнімнің ғылыми сыйымдылығын сипаттайтын, сату көлемінде ҒЗТКЖ – на жұмсалатын салыстырмалы шығындарды, лицензияларды, патенттерді, ноу – хауды алуға кететін салыстырмалы шығындарды, бастамашыл өңдеу жұмыстарының дамуы үшін фондтардың болуын жатқызуға болады. Инновациялық процестің динамикасын сипаттайтын көрсеткіштерге ТАТ (Turn – Around - Time) инновациялылығының көрсеткішін, жаңа өнімді(жаңа технологияны) өңдеу үрдісінің ұзақтығын, жаңа өнім өндірісі дайындығының ұзақтығын, жаңа өнім өндірістік циклының ұзақтығын жатқызамыз. Жаңару көрсеткіштеріне жаңашылдық - өнімдер мен жаңашылдық – үрдістердің өңдеу мен енгізудің санын, өнім портфелінің(2, 3, 5, 10 жылда шығарылатын өнімдердің салыстырмалы салмағы) жаңару динамикасының көрсеткіштерін, алынған жаңа технологиялар(технологиялық жетістіктер) санын, экспортталатын инновациялық өнім көлемін, ұсынылатын жаңа қызметтер көлемін жатқызамыз. Құрылымдық көрсеткіштерге зерттеуші, өңдеуші және басқа да ғылыми – техникалық құрылымдық бөлімшелердің(бұған сынаушы және эксперименталды зертханаларды қоса) құрамы және саны, ҒЗТКЖ – мен айналысатын қызметкерлердің құрылымы мен саны, уақытша бастамашылдық шығармашылық бригадалардың құрамы мен саны.             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «VITA» АҚ – НЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

2.1 ҚР – дағы өнеркәсіптеріндегі инновациялық қызметтің қазіргі жағдайы

 

Жалпы конъюктура. 2010 жылғы ІI жартыжылдықтағы зерттеу нәтижелері жауап берген 846 кәсіпорынның 106-сы ғана инновациялық қызметті жүзеге асырғандығын көрсетеді.

Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың үлесі кен өндіру өнеркәсібінде сұралған 99 кәсіпорыннан 9% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде осы үлес – тиісінше, 593-тен 15%, электр және су жабдықтау саласында – сұралған 154 кәсіпорыннан 7% құрады.

Аса жоғары инновациялық белсенділік жұмыспен қамтылғандардың саны 250 адамнан асатын ірі өнеркәсіп компанияларына тән, олардың төрттен бірінен астамы жаңа енгізімді жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындар меншікті қаржы ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген, оларда аса жоғары ғылыми -техникалық әлеует, меншікті зерттеу базасы және жоғары білікті персоналы бар.

2010 жылғы ІІ жартыжылдықта өз кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту келешектеріне қатысты респонденттерді бағалауды талдау олардың техникалық және технологиялық жабдықталуын жақсартуға және жетілдіруге аса мүдделі екенін көрсетеді.

Инновациялық циклдің бағыты кәсіпорындардың өз ғылыми техникалық әлеуетін, олардың зерттеу базасын және персоналының біліктілігін ғана емес, сонымен қатар қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін сипаттайды. Сонымен, іргелі зерттеулер және ғылыми-техникалық дайындық іргелі ғылымға үлкен шығындардың шығуын, ғылыми кадрларды даярлауға едәуір уақытты талап етеді, бұл 2010 жылғы ІI жартыжылдықтағы инновациялық циклдің қазіргі заманғы фазасын – тиісінше, инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 19% және 20% -ында анықтады. Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың көпшілігі (61%) өзінің инновациялық қызметінің қазіргі заманғы фазасын “жаңа өнімді (технологияны) игеру” деп анықтады.

Нарықтық экономикаға өту процесінде көптеген сұралған кәсіпорындарда өнімнің негізгі түрлерін өндіру қайта қаралып, жаңа бағытқа ие болды. Сол үшін олар жаңа немесе едәуір жетілдірілген өнім түрлері мен технологияларды әзірлеп, енгізуге мәжбүр болды.  Зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей,  2010 жылғы IІ жартыжылдықта инновацияны енгізудің негізгі мақсаты:

 дайын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (бұл жайында инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 70% -ы хабарлады);

 сұранысты, айналымның өсуін және өнім өткізуді арттыру (52%);

 пайданы өсіру (36%);

 кәсіпорынның беделін өсіру (32%);

 ұжымға және қоғамға қатысты әлеуметтік жауапкершілік (17%);

 бәсекелестік нарықта өміршеңдігін қамтамасыз ету (10%) болып табылды.

Отандық тауар өндірушілер нарығындағы жоғары бәсеке  кәсіпорынды инновация енгізуге мәжбүр етеді. Сонымен, респонденттердің пікірі бойынша, инновация жүргізу уәждемесі өнеркәсіп кәсіпорындарының 76%-ы үшін 2010 жылғы ІI жартыжылдықта сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру, 41%-ы үшін - өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру және 19%-ы үшін – импортты алмастыратын және экспорттық бағытталған өндіріс құру болып табылады.

Саланы технологиялық дамыту деңгейі, біршама дәрежеде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге бөлінетін шығыстардың көлемі бойынша бағаланады. Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 35%-ы 2010 жылғы IІ жартыжылдықта инновацияға 5%-ға дейін қаржы қаражатын, 58%-дан астамы - 5%-дан 25%-ға және 7%-ы - 25%-дан жоғары бөлді.

Мұның өзінде, зерттеу деректері бойынша шығыстардың көп көлемі кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарында (пайданың 19%-ы) және тамақ өнімі өндірісінде (36%) байқалады.

Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың көбі (90%) инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі олардың меншікті қаржы ресурстары болып табылатынын, 4%-ы республикалық және жергілікті бюджет қаражатын, 3%-ы инновациялық қорлар қаражатын және 9%-ы - өзге қаражат көздерін пайдаланғаны туралы хабарлады.

Инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың 44%-ы үшін инновациялық қызметтің негізгі бағыты 2010 жылғы ІI жартыжылдықта қолданыстағы технологияларды жетілдіру болып табылады, сонда 37% және 34%-ы үшін – бұл тиісінше өнімнің (қызмет көрсетулердің) қолданыстағы түрлерін кеңейту және өнімнің (қызмет көрсетулердің) жаңа түрін жасау болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 – сурет. 2010 жылғы II жартыжылдықта инновациялық қызметтің бағыттары(инновациялық тұрғыдан белсенді кәсіпорындардың жалпы санына пайызбен)

 

 

Бұрын шығарылған өнімді жетілдіру

бұрын шығарылмаған өнімді игеру

аталған кәсіпорындарда

салаларда

Қазақстанда

Өнімнің негізгі түрлері

55

57

3

14

Өнімнің басқа  түрлері

23

77

5

14

Информация о работе Кәсіпорынның инновациялық қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері