Кризис в бюджете

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 10:30, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатпен байланысты осы курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
- мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
- мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
- соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
- салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;

Содержание работы

Кіріспе
1 бөлім Мемлекеттік бюджет түсінігі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылысы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
2 бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің көздерін талдау
2.1 Салықтық түсімдер
2.2 Салықтық емес түсімдер
2.3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2.4 Ресми трансферттік түсімдер
3 бөлім Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Содержимое работы - 1 файл

бюджет кирис коздери.doc

— 235.50 Кб (Скачать файл)

Салықтық және салықтық емес түсімдерді есептеу тәртібі бюджетке төлемдерді төлеу мерзімі олардың қалыптастырудың ерекшеліктерін, бюджетке төлемдердің түсуінің көлемін есепке алу арқылы белгіленеді. Мұндағы басты шарт жалпымемлекеттік қажеттілікке қаражаттардың тұрақты, әрі біркелкі түсуін қамтамасыз ету болып табылады.

Мелекеттік бюджеттің кірістерін басқару процесі Қазақстан Республикасының ″Бюджет кодексімен″ және ″Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер туралы″ кодекстермен, сонымен бірге ағымдағы жылға арналған ″Республикалық бюджет туралы″ Заңмен реттеледі /7,25/.

Жоспарлаудың бастапқы базасы ретінде есеп пен есеп берудің мәліметтері, төлеушілер саны мен салықтық түсімдердің сомасы жөніндегі деректер қолданылады. Халықтан алынатын салықтық түсімдер бойынша жоспарлар түсімнің әрбір түрі бойынша бөлек жасалады. Түсімдердің жоспарын қалыптастыру жөніндегі жұмыс кезең кезеңмен жүргізіледі.

Бірінші кезең – сәйкес салықтың бірнеше жыл бойындағы түсімінің динамикасын зерттеу, төлеушілердің құрамы мен жеңілдіктерді нақтылау.

Екінші кезең – жоспарланатын жыл үшін салықтық түсімдердің сомасын анықтау және оны бюджет құрамында бекіту /5/.

Қосымша құн салығының түсімдерінің сомасын анықтау үшін материалдық шығындарды есепке алмай, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндіріс көлемі , салықтың орташа мөлшерлемесі, жеңілдіктер ескеріледі.

Акциздердің түсімін есептеу акцизделетін әрбір тауар түрі бойынша бекітілген мөлшерлеме, оларды өткізу бағалары мен өндіріс көлеміне байланысты жасалады.

Табыс салығының есебі статистикалық органдардың деректері негізінде өндірістің күтілетін өсуі немесе кемуін, инфляциялық процестерді және басқа да факторларды есепке алу арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің есебін жүргізу кезінде жалақы қоры анықталады.  Бұл жерде төлеушілердің саны, жеке тұлғалардың табысына салынатын салықтың сомасы, оның бюджетке түсу тәртібі және орташа жалақы деңгейіне байланысты салық мөлшерлемесі есепке алынады.

Көлемі макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасына тікелей байланысты салықтар корреляционды талдау барысында анықталады. Бұл талдау салықтың бөлек түрлерінің түсімдерінің макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне тәуелділігін анықтайды. Оның басты мақсаты корреляция коэффициенттерін бағалау жолымен кездейсоқ шамалардың арасындағы байланыстарды анықтау болып табылады /13/.

Салықтың нақты түрінен түсетін түсімдер және әр түрлі макроэкономикалық айнымалар арасындағы функционалдық байланыстардың есебін жүргізу үшін регрессия әдісі қолданылады.

Салықтарды жоспарлаудың құрамды бөлігі салықтық төлемдерді есептеу жөніндегі жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардың уақытында бюджетке түсуі бойынша шараларды дұрыс құрастырылуына бақылау жасау болып табылады /Қосымша Д/.

2004 жылғы бюджет кірістерінің атқарылуы 104,5 % болғанымен, оның атқырылуында бірқатар кемшіліктер байқалды. Әр айдағы жоспардағы көрсеткіштер мен нақты орындалған көрсеткіштердің сәйкес келмеуі, яғни жоспардың  дәл жасалмауы орын алды. Кірістердің негізгі бөлігі салықтың үш түрінен болатыны белгілі – корпорациялық табыс салығы, қосымша құн салығы және табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемдер. Жыл сайын мында тұрақты тенденция орын алып отыр – орындалудың біркелкі еместігі.  Мысалы, 2004 жылдың төртінші тоқсанында түскен корпорациялық табыс салығының сомасы осы жылғы түскен бұл салықтың сомасының 1/3 бөлігін құрады. Оның басты себебі корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің өсуі. Қосымша құн салығына келетін болсақ, бюджетке оның түсімі 2003 жылға қарағанда азайды, сонымен бірге 19,7 млрд. теңгеге аз түсті. Себебі – айналымға ″нөлдік″ ставка салынатын қосымша құн салығы бойынша қайтарылған соманың өсуі. Сонымен бірге мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілетін негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді дұрыс бағаламау нәтижесінде салықтық және салықтық емес түсімдердің төмендетілген көлемін белгіленуі орын алды /3/.

Бюджеттік кірістерді жоспарлаудың жетілдірілуіне бюджеттік бағдарламалау әдісінің енгізілуі үлес қосты. Бұл әдіс мемлекеттің приоритеттерін қалыптастыру мен басқарудың негізін құрайды. Осында бюджеттік жоспарлаудың басты артықшылықтары: қалыптастырылатын бюджеттің негізділігін қамтамасыз ету, бағдарламалардың орындалуына аса назар аудару, транспарентті ақпараттың халыққа ұсынудың мүмкіндігінің ашылуы, есеп берудің артуы /6/.

2005 жылы бюджет кірістері мен шығыстарын жоспарлауды жаңа әдіс бойынша жүргізіле бастады – алдағы үш жылға. Бұл тәжірибе шет елдерде қолданылып келеді, мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыруды жетілдіруде бұл маңызды қадам болып табылады.

Биыл мемлекеттік бюджетті қалыптастыруды жетілдіру бағытында елеулі жұмыстар жүргізіліп, онда бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілдері көрініс берді. Осыған орай Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бағдарламалар әкімшілерімен біріге отырып бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жетілдірілген формасын енгізуді қолға алды. Оның бірінші кезеңінде бағдарламаларды іске асырудың мақсаттарын, міндеттерін барынша сапалы жасау көзделіп отыр, бұл кейіннен бюджет шығыстарының тиімділігін бағалауды жүргізу үшін негіз болады /13/.

Осыған байланысты мемлекеттік бюджеттің кірістерін дәл, тиімді жоспарларды жасау үшін, үкіметке бюджетті қалыптастыру процесін жетілдіру бойынша келесідей  іс-шаралар жүргізу ұсынылады:

-          негізінде мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстары қалыптастырылатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау әдістерін жетілдіру, сонымен бірге уәкілетті органдардға макроэкономикалық болжаудың сапасын арттыру бойынша талаптарды арттыру;

-          уәкілетті органға  бюджетке түсімдердің уақытында және толық түсуін қамтамасыз ету, салықтық басқаруды жетілдіру бойынша, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілдеріне бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру және тиімді орындау бойынша талаптарды қаталдату;

-          бюджеттің кірістері мен шығыстарының орындалуы жөніндегі есеп беруді жетілдіру;

-          Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және жоғары қосылған құны бар тауарларды өткізу үшін ″нөлдік″ ставка бойынша қосымша құн салығын қайтару механизмін жетілдіру;

-          салықтар  және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетке уақытында түспей қалған соманы үшін салықтық борышты мәжбүрлі іс-шараларды жетілдіру жолымен азайту жөнінде нақты әрекеттер қолдану;

-          бюджеттік, индикативті және стратегиялық жоспарлауды үндестіру;

-          бюджеттің барлық деңгейлерінің және бюджетаралық қатынастардың ашықтыған және тұрақтылығын өсіруге бағыттап бюджет жүйесін одан әрі жетілдіру;

-          жоспарлау процестерінің және бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Сонымен, мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар.  Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет – араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті мынадай бөлімдерден тұрады: кірістер, шығыстар, операциялық сальдо, таза бюджеттік несие беру, қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо, бюджет тапшылығы (профициті) және бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану). Ал кірістерінің көздері: салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, ресми трансферттер. Бюджет кірістері арасында салықтық түсімдер ерекше орын алады, олардың үлесі 90-95%. Салықтық емес түсімдер – бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген  мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бұл орайда бюджетті қалыптастыру, кірістер мен шығыстарды жоспарлау мәселелері пайда болады. Бюджетті қалыптастыру процесі – елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси  дамуын байланыстыратын орталық буынның бірі және биліктің атқарушы және заңнамалық бұтақтарының байланыс өрісі. Қазіргі кезде Қазақстанда бюджет кірістерін жоспарлауды жетілдіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, 90-шы жылдармен салыстырғанда бюджетті қалыптастыру процесіне көптеген өзгірістер енгізілді және де олар оң нәтиже беруде. Алайда көптеген мәселелер әлі де шешілмеген. Оларды шешудің мүмкін жолдары бұл курстық жұмыста баяндалған.

Ел  экономикасының негізі болып отырған мемлекеттік бюджеттің алдағы уақытта да осы сарынмен дамуы мемлекетіміздің одан әрі гүлденетіні сөзсіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1.       Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2005. – 128 б.

2.       Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі). – Алматы: ЮРИСТ, 2002. –230 б.

3.       Браун Т. Все посчитает счетный комитет. Казахстанская правда 15.06.2005

4.       Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы:2005.–522б.

5.       Куздыбаева М.С. Процесс формирования бюджета и его характерные черты. Статистика, учет и аудит №3 2004г.

6.       Ли В. Бюджет и межбюджетные отношения: учет интересов финансов регионов. Финансы и кредиты №4 2005г.

7.       Макарова Н.А. Бюджет и бюджетная система Казахстана. – Астана:Парасат Әлемі, 2005.–336с.

8.       Махутова М. Современное состояние государственного бюджета Республики Казахстан. Вестник КазНУ. Серия экономическая №3 2005г.

9.       Сагындыкова М. Исполнение доходной части государственного бюджета за 2004 год. Вестник налоговой службы РК №2 2005г.

10.  Статистикалық бюллетень №1 2005ж.

11.  Статистикалық бюллетень №9 2005ж.

12.  Статистический ежегодник Казахстана. Статистический сборник /Под ред. К.А.Абдиева. – Алматы: Агенство РК по статистике, 2004. – 616с.

13.  www.minplan.kz

14.  www.minfin.kz

 

 

 

 

 

Қосымшалар

 

Қосымша А Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылысы

 

 

 

Қосымша Ә Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің құрылымы

(қорытындыға пайызбен)

 

Атауы

2000

2001

2002

2003

2004

КІРІСТЕР

100

100

100

100

100

Салықтың түсімдері,

соның ішінде:

88,9

86,7

93,2

94,3

92,2

корпорациялық табыс салығы

31,2

26,6

27,8

28,8

32,3

жеке табыс салығы

9,7

10,8

10,3

9,8

8,3

әлеуметтік салық

18,9

19,5

17,8

16,6

14,2

қосылған құн салығы

22,0

25,2

23,4

24,4

20,5

акциздер

3,7

3,4

         3,4

2,8

2,5

жер салығы

1,1

0,9

0,7

0,6

0,5

мүлік салығы

2,8

3,3

3,2

2,9

2,7

Салықтан тыс түсімдер

6,5

9,9

5,6

4,5

6,3

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

4,1

3,4

1,2

1,2

1,5

Ресми трансферттердің түсімдері

0,5

0,0

0,0

0,0

0,0

Информация о работе Кризис в бюджете