Кризис в бюджете

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 10:30, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатпен байланысты осы курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
- мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
- мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
- соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
- салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;

Содержание работы

Кіріспе
1 бөлім Мемлекеттік бюджет түсінігі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылысы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
2 бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің көздерін талдау
2.1 Салықтық түсімдер
2.2 Салықтық емес түсімдер
2.3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2.4 Ресми трансферттік түсімдер
3 бөлім Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Содержимое работы - 1 файл

бюджет кирис коздери.doc

— 235.50 Кб (Скачать файл)


35

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономикалық факультет

 

 

«Қаржы және несие» кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Мемлекеттік бюджет кірістері және олардың көздері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                      Орындаған: Касенова Д.

Ф-31к тобының студенті

Жетекші: Куанышева Л.С    

 

 

АСТАНА 2005

 

Мазмұны

бет

Кіріспе

 

3-4

1 бөлім

Мемлекеттік бюджет түсінігі

5-14

1.1

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі

5-7

1.2

Мемлекеттік бюджеттің құрылысы

8-10

1.3

Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы

10-14

2 бөлім

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің көздерін талдау

15-24

2.1

Салықтық түсімдер

15-19

2.2

Салықтық емес түсімдер

19-21

2.3

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

21-22

2.4

Ресми трансферттік түсімдер

22-24

3 бөлім

Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және жетілдіру

25-29

Қорытынды

30-31

Қолданылған әдебиеттер тізімі

32

Қосымшалар

33-35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

              Мемлекетік бюджет дегеніміз мемлекет пен қоғамдық өндіріс қатысушылары арасында қоғамдық ұлттық өнімді мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражат қорларын ұйымдастыру мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру, ұдайы өндірісті қеңейту мақсатында қолдану жолымен қоғамдық өнімді қайта бөлу процесінде туындайтын ерекше экономикалық қатынастар.  Жалпы қоғамдық өнімді бөлудің дербес сферасы ретінде бюджеттің болуы қоғамдық құрылыммен анықталады. Қай мемлекетте болса да бюджеттің болуы шарт және оның мәні кірістері мен шығыстарының құрылымдарымен ашылады. Бүгінгі таңда қазақстандық бюджет ұлттық экономиканы басқарудың маңызды құралы болып табылады. Бәрімізге белгілі, қандай да бір реформаны жүргізу экономикаға, әлеуметтік салаға және инфрақұрылымды дамытуға елеулі қаржы жұмсауды қажет етеді. Және де осы реформалардың негізгі ауыртпалығы республиканың қаржы сферасына түседі, өйткені қоғамдық өмірдің барлық салаларын: халық шаруашылығы, әлеуметтік қорғау, білім, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық, қорғаныс және басқаруды қамтитын экономикалық реформаларды жүргізуге қажетті мемлекеттің ішкі, сонымен бірге сыртқы қаржы ресурстарын қаржы сферасы ғана жұмылдыра алады. Яғни бюджеттің маңыздылығы, ең алдымен, салықтар, басқа да міндетті төлемдер, салықтық емес түсімдер ретінде мемлекет меншігіне түсетін ақша қаражаттарының мемлекеттік бюджетке түсуінен көрінеді. Міне, сол себептен бұл курстық жұмыс мемлекеттік бюджет кірістері мен олардың көздерін талдауға және олардың қалыптасу мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтауға арналады. Осыған байланысты бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі мемлекеттік бюджетін, оның құрылысын, құрамы мен құрылымын біліп, бюджеттің кірістер бөлігін талдау және оларды қалыптастыру процесінің  қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру жолдарын табу.

Мақсатпен байланысты осы курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:

-         мемлекеттік бюджетке түсінік беру;

-         мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;

-         соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;

-         салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;

-         мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастырудың қазіргі кездегі процесіне баға беріп, оны жетілдіру жолдарын көрсету.

Жұмыстың тақырыбын толық ашу үшін жоғарыдағы міндіттердің әрқайсысын жеке-жеке орындау керек.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде мемлекеттік бюджеттің мәні жазылған, оның құрылысы, құрамы мен құрылымына сипаттама берілген.

Екінші бөлімде 2003-2004 жылдардағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасалған.

Үшінші бөлімде ҚР-нда мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыру бағаланды және оны жетілдірудің мүмкін жолдары көрсетілген.

Курстық жұмыс жазылу барысында келесідей оқу-әдістемелік құралдар, әдебиеттер қолданылды: ″ҚР-ның Бюджет кодексі″, ҚР-ның Салық кодексі″, Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.″Қаржы″ оқулығы, ″Статистика, учет и аудит″, ″Сатистический бюллетень Министерства Образования″, ″Финансы и кредиты″ журналдары, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім Мемлекеттік бюджет түсінігі

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі

 

              Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.

              Мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар және халық арасында пайда болатын қаржылық қатынастар бюджеттік  қатынастар деп аталады. Қаржы қатынастарының негізгі бөлігі ретіндегі бұл қатынастардың ерекшелігі олардың, біріншіден, қоғамдық өндіріс процесінде пайда болуынан, және, екіншіден, орталықтандырылған қаржы ресурстарының қалыптастыру, бөлу және пайдалануға бағытталуынан көрінеді.

              Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен қосарлана жүреді.Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

              Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1.      мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2.      құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономикалық секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;

3.      қоғамдық өнімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз байланыста болады /7,21/.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс-қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалады.

Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің құны қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жұргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекеттік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанның жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10%-ы және жалпы ішкі өнімнің 20%-ы бөлінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет бөлгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау және пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды.

Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамудың қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің ұнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінен көрінеді /7,24/.

Мемлекеттік бюджеттің сан-қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен  бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары – салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша  қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.

Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).  

Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.

Мемлекеттік бюджет негізгі қаржы категорияларын кіріктіре отырып (салықтар, мемлекеттік несие, мемлекеттік шығыстар) қандай да болмасын мемлекеттің қаржы жүйесінің басты құраушысы болып табылады және қазіргі қоғамда маңызды экономикалық, сонымен бірге саяси рөлді атқарады.

1.2 Мемлекеттік бюджет құрылысы

 

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болу керек. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы – бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.

Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді .

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

-         мемлекеттік, федералдық немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

-         федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та – штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері);

Информация о работе Кризис в бюджете