Кризис в бюджете

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 10:30, курсовая работа

Краткое описание

Мақсатпен байланысты осы курстық жұмыстың жазылуының келесідей міндеттерін көрсетуге болады:
- мемлекеттік бюджетке түсінік беру;
- мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау;
- соңғы екі жылдағы ҚР-ның мемлекеттік бюджет кірістеріне талдау жасау;
- салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерге анықтама беру;

Содержание работы

Кіріспе
1 бөлім Мемлекеттік бюджет түсінігі
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылысы
1.3 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы
2 бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің көздерін талдау
2.1 Салықтық түсімдер
2.2 Салықтық емес түсімдер
2.3 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
2.4 Ресми трансферттік түсімдер
3 бөлім Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және жетілдіру
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Содержимое работы - 1 файл

бюджет кирис коздери.doc

— 235.50 Кб (Скачать файл)

Бюджет кірістеріндегі салықтық түсімдерінде акциздер 2,5% құрайды. Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздер қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі. ҚР-нда акциз мына тауарлар мен қызметтерге салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, алтыннан, платинадан, күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, дизель отыны, жеңіл автомобильдер, ойын бизнесі, лотереялар және т.б. /2/ Акциз мөлшерлемелерін Үкімет пайызбен немесе абсолютті сомада белгілейді. 2004ж. мемлекеттік бюджетке 29 913 млн. теңге акциз түсті, 2003ж. ол 26 986 млн. теңге болды, яғни 2003 жылға қарағанда 2004 жылы осы салықтың түсімі 10,8 %-ға өсті. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында бұл салық түрі бойынша бюджетке 26 454 млн. теңге түсті /Қосымша Б/.

Жер салығы 1992ж. енгізілді. Оны төлеу барлық жер иелері, соның ішінде жалгерлер үшін міндетті (бірқатар жағдайларды қоспағанда) болады. Салық мөлшерлемелері жердің сапасына, тұрған орнына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай сараланған және жер алаңының бір өлшеміне – гектарға, шаршы метрге белгіленген. Коммерциялық мақсаттарда пайдаланылатын жерлерге елді мекендердің базалық мөлшерлемелерінің 2 еседен 10 есеге дейін көбейтілген мөлшерлемелері белгіленген. 2004ж. мемлекеттік бюджетке 6 294 млн. теңге акциз түсті, 2003ж. ол 5 497 млн. теңге болды, яғни 2003 жылға қарағанда 2004 жылы осы салықтың түсімі 14,4 %-ға өсті. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында бұл салық түрі бойынша бюджетке 5 050 млн. теңге түсті /Қосымша Б/.

Жоғарыда келтірілген салықтың түрлерімен қоса мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдеріне келесідей салықтар жатады: мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер, кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар, кеден төлемдері, халықаралық сауда мен операцияларға салынатын басқа да салықтар, мемлекеттік баж, экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары, ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым, теңіз, өзен кемелерін, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым т.б. /4,315/.

 

2.2    Салықтық емес түсімдер

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес салықтық емес түсімдер дегеніміз ҚР-ның Салық кодексінде белгіленген,  негізгі капиталды, байланысты гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша /1/.

Салықтық емес түсімдерге келесілер жатады:

1.      мемлекет меншігінен түсетін түсімдер:

-         мемлекеттік кәсіпорындардың таза кіріс бөлігінің түсімдері;

-         ҚР Ұлттық банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;

-         мемлекет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивиденттер;

-         мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;

-         мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін түсімдер;

-         бюджет қаражатын банк шоттарына орналастырғаны үшін сыйақылар;

-         мемлекеттік бюджеттен берілген несиелер бойынша сыйақылар;

-         мемлекеттік меншіктен түсетін басқа да кірістер;

2.      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;

3.      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;

4.      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;

5.      гранттар:

-         техникалық көмек;

-         қаржылық көмек;

6.      басқа да салықтық емес түсімдер:

-         анықталмаған түсімдер;

-         ҚР-ның қосымша және үстеме баждарды бөлу кезіндегі үлесі;

-         республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешектердің түсімдері;

-         жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің дебиторлық, депоненттік берешектердің түсімдері;

-         бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару;

-         бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару /11,13/.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің ішінде салықтық емес түсімдердің үлесі аз ғана, небары 6,3 % (2004ж.) құрайды, сөйтсе де 2003 жылмен салыстырғанда олардың үлесі біршама өсті, 2003ж. бұл көрсеткіш 4,5 % болды /Қосымша Ә/.

2004ж. мемлекеттік бюджетке 81 500 млн. теңге көлемінде салықтық емес түсімдер түсті, 2003ж. осы шама 44 813 млн. теңге болды, көрініп отырғандай 2003 жылға қарағанда 2004 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің бұл түрі бойынша түсімдер күрт өсті. Олардың өсімі 81,9 % құрады. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында мемлекеттік бюджеттің салықтық емес түсімдері  42 471 млн. теңге болды /Қосымша Б/. Салықтық емес түсімдердің ½  бөлігінен артық соманы құрайтын мемлекет меншігінен түсетін түсімдер басты орын алады. Үлес салмағы бойынша кейінгі орынды басқа да салықтық емес түсімдер  иеленеді (20-25 %).

 

2.3    Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің келесі көзі – негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің ішінде  олардың үлесі өте аз, небары 1,5 % (2004ж.) құрайды, бірақ 2003 жылмен салыстырғанда бұл түсімдердің үлесі аз болса да, өсті, 2003ж. бұл көрсеткіш 1,2 % болды /Қосымша Ә/.  Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сейкес мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

1.      мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті   сатудан түсетін ақша:

-         республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

-         жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдер;

-         азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер;

2.      мемлекеттік материалдық резервтерден тауарларды сатудан түсетін түсімдер:

-         мемлекеттік резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден түсетін түсімдер;

-         мемлекеттік ресурстардан астық сатудан түсетін түсімдер;

-         жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сатудан түсетін түсімдер;

3.      мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда жер учаскілерін өзге құқықтық нысандарда өткізуден түсетін ақша:

-         жер учаскілерін сатудан түсетін түсімдер;

-         ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскілерін сатудан түсетін түсімдер;

4.      мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша /11,15/.

2004ж. мемлекеттік бюджетке 19 096 млн. теңге көлемінде негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер түсті, 2003ж. бұл көрсеткіш  12 502 млн. теңге болды, яғни 2003 жылға қарағанда 2004 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің бұл түрі бойынша түсімдердің өсімі байқалды. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 52,7%-ға артты. 2005 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында мемлекеттік бюджеттің кірістерінің бұл көзі бойынша түсімдер  19 998 млн. теңгені құрады /Қосымша Б/. Оның 14 436 млн. теңгесін, яғни 70%-ын мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан түскен түсімдер құрады.

 

2.4    Ресми трансферттер түсімдері

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ресми трансферттер түсімдері – бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері, яғни облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер.

Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер, ағымдағы нысаналы трансферттер және дамуға арналған нысаналы трансферттер болып бөлінеді.

Бюджет субвенциялары мен бюджеттік алып қоюлар жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады /1/. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сомалар шегінде берілетін ресми трансферттер бюджет субвенциялары, ал керісінше берілетін ресми трансферттер бюджеттік алып қоюлар деп аталады. Жалпы сипаттағы ресми трансферттердің көлемдері абсолюттік түрде жылдар бойынша бөліне отырып үш жылдық кезеңге белгіленеді.

Жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бюджеттік алып қоюларды (бюджет субвенцияларын) есептеу кезінде ескерілмейтін сомалар шегінде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін ресми трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер болып табылады /1/. Ағымдағы ресми трансферттер мемлекеттік, салалық немесе аймақтық бағдарламалардың іс-шараларын орындауға ғана, сондай-ақ қаржы жылы ішінде әкімдердің өтініші бойынша ҚР Үкіметінің немесе облыстық жергілікті атқарушы органның резервінен қаржыландырылатын іс-шараларға ғана беріледі.

Мыналар: мемлекеттік, салалық бағдарламаларда көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен облыстық бюджетке, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне берілетін; аймақтық бағдарламаларды көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру үшін облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін ресми трансферттер дамуға арналған нысаналы трансферттер болып табылады /1/.  

Мемлекеттік бюджеттің атқарылуына келетін болсақ, 2004 жыл бюджеттің сапалы атқарылуымен тіркелді. Бюджетке салықтық және басқа міндетті төлемдер бойынша түсімдердің түспеген сомасы азайды. Бюджеттің кіріс бөлігін нығайту шаралары жүргізілді, айта кетсек, басқару күшейтілді, салықтық органдардың бақылау-экономикалық жұмыстары нәтижесінде өндіріп алу көрсеткіштері арттырылды.

Жалпы республика бойынша мемлекеттік бюджеттің жылдық жоспары 2004 жылы 104,5%-ға орындалды, немесе бюджетке қосымша 55 848,9 млн. теңге түсті. Жоспардағы 1 231 065,1 млн. теңгенің орнына іс жүзінде 1 286 914,0 млн. теңге болды. Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсімі негізінен корпорациялық табыс салығы (383 814 млн. теңге), жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері (135 960 млн. теңге) және импортқа қосымша құн салығының (7 095 млн. теңге) есебінен болды /9/.

Мемлекеттік бюджет кірістерінің жоспарының орындалмауы заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығы,  ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосымша құн салығы, мемлекеттік баж салығы мен консулдық алымдар, су мен орманды пайдаланғаны үшін төлемдер бойынша байқалды. Айта кететін бір жайт, ішкі өндіріс тауарларына салынатын қосымша құн салығы бойынша түсімдердің орындалмауы қайтаруға тиісті қосымша құн салығы сомасының өсуімен байланысты. Ол негізінен ″нөлдік″ ставка бойынша салынатын қосымша құн салығына қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 бөлім Мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыру және жетілдіру

 

Бюджетті қалыптастыру процесі – елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси  дамуын байланыстыратын орталық буынның бірі және биліктің атқарушы және заңнамалық бұтақтарының байланыс өрісі. Мемлекет тәжірибесінен көрінгендей, тұрақты даму мемлекеттік реттеусіз және тиімді басқару институттарын құрмай жүзеге аспайды. Тиімді басқару ережелеріне сәйкес, басқару кұрылымы мемлекеттің мақсаттары мен негізгі міндеттерін бейнелеуі керек /5/.

ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 28 тамызындағы ″Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы″ Жарлығына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы мен қызметтері осы заманға мемлекеттік даму жағдайларына жауап беретін  жаңа сапалы даму сатысына көтерілді. Республикамызда жаңа министрлік – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі пайда болды. Оның құрамына стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттік, таратылған Экономика және сауда министрлігінің бірқатар департаменттері мен басқармалары, сонымен қатар Мемлекеттік табыстар министрлігінің кейбір бөлімшелері кірді. Жаңа министрліктің негізгі міндеті бюджетті және табыстарды жоспарлау болып белгіленді. Ал бұл қызметтің тиімді атқарылуына бюджеттік жоспарлау механизмі жауап береді.

Құрылған ведомствоның мақсаты – мемлекеттің табыстары мен шығыстарын жоспартаумен бірге оларды пропорционалды бөлуді, негізгі экономикалық, саяси бағдарламалармен, инвестициялық жобалармен байланыстыруды қамтитын мемлекеттік бюджетті қалыптастыру. Ерекше атап кететін жағдай, бюджеттік жоспарлау ортамерзімді үшжылдық кезеңге жасалатын болады, бұл мемлекеттік ведомстволардың, мемлекеттік тапсырыты жүзеге асыратын кәсіпорындардың қызметтеріне болжамдылық пен тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Кризис в бюджете