Банктік емес несиелік мекеменің ағымдағы жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 23:53, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Содержание работы

Кіріспе……………………………………………………………………..3
І.Банктік емес несиелік мекемелер түрлері
1.1 Инвестициялық және иновациялық қорлар………………………….5
1.2 Сақтандыру қорлары…………………………………………………..9
1.3 Жинақтаушы зейнетақы қорлары…………………………………...12
1.4 Қор биржалары……………………………………………………….15
1.5 Кредит серіктестігі…………………………………………………...17
ІІ. Банктік емес несиелік мекеменің ағымдағы жағдайы.
2.1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары…………………………………..35
2.2. Сақтандыру компаниялары…………………………………………49
ІІІ. Қорытынды…………………………………………………………...55
IV. Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………….56

Содержимое работы - 1 файл

Банктік емес кредиттік ұйымдар флешкадагы.doc

— 521.50 Кб (Скачать файл)

ЖЗҚ салымшыларының  мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатымен мыналарға тыйым салынады: өндірістік қызмет, зейнетақы активтерін кепілге коюға, акциялардан басқа қағаздар шығаруға, сақтандыру қызметіне.

Қадағалау жөніндегі-агенттік белгіленген пруденциялық нормативті міндеттемелерін ЖЗҚ  сақтауға міндетті. ЖЗҚ меншікті капиталы мыналар есебінен құралады:

  • Акционерлер мен құрылтайшылардың жарғылық капиталына салған салымдарынан;
  • Комиссиялық сыйақыларынан.

ЖЗҚ меншікті капиталы – оның міндеттеме сомасының  шегерілімін шығарғандағы ЖЗҚ активтерінің құны. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                           1.4 Қор биржалары

Қаржылық  қолдауды қосқанда ресурстардың бөлінісі жаңа экономикалық шарттардың формасына сәйкес экономикада қайта құруды міндет  етіп қойып отыр. Нарық қатынасы дамыған елдерде қаржы ресірстарын тиімді түрде қайта бөлу қор биржалары арқылы жүзеге асады.қор биржасы – құнды қағаздардың қалыпты айналымы  үшін қажетті жағдайлардың жұмысын қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының барынша толық мәні экономикада төмендегідей қызметтерді орындау кезінде көрінеді:

  • Қор нарығында биржалық делдалдармен  бағалы қағаздарды сату жолымен ауқытша жинақталған және қорланған еркін ақшаларды жұмылдыру және шоғырландыру;
  • Ел үкіметінің шығындар мен  өндірісті қаржыландыруы және кредиттендіруі;
  • Жалған капиталдың қалыптасыу және ұсыныс  пен сұраныстың деңгейіндегі көрінетін бағаларды белгілец, құнды қағаздармен  болатын операцияларды шоғырландыру.

Қаржылық  ресурстарды қайта бөлу мен жұмылдыру, шоғырландыру процесінде қызмет етуші  қор биржасы экономиканың маңызды  буындарының бірі болып табылады. Ол қаржылық және өндірістік капиталдың арасындағы делдалы ретінде алға шығып және экономикалық дамудың қозғаушы бірден бір күші болып табылатын инвестициялық процеске ықпал жасайды

Қор биржасы  өзінің қызметін келесі принциптерге сай құрады:

  • Брокер және клиентпен арадағы жеке сенімділік, өйткені биржадағы мәміле ауызша жасалып, кейін заңды түрде рәсімделеді;
  • Биржада жасалатын барлық мәмілелер туралы жариялық пен ашықтық;
  • Сауда мен есепке алу дәрежесін белгілеу жолымен қаржылық делдалдар қызметін аудитрлар мен қор биржасы әкімшілігі тарапынан қатаң реттеулер.

Баға  белгілеуге рұқсат етілген құнды қағаздары мен акционерлік қоғамның экономикалық жай-күйін биржа мұқиятназарда ұстап отырады. Бейнелеп айтқанда қолын осы компаниялардың қан тамырына қойып, тамыр соғысын қадағалап отырады. Ал қажет болған жағдайда (экономикалық жағдайының  шұғыл түрде нашарланғанда немесе тоқырағанда) бағалы қағаздарын тізімнен шығарып дели-стинг рәсімін қолдануы мүмкін.

ТМД елдері қор биржасының тәжірибесінде листинг  рәсімі біртіндеп болса да еніп келе жатыр. Бағалы қағаздар инвесторлардың сеніміне кіруі қазіргі кезде маңызды мәселенің бірі. Себебі, кәсіпорындарды жаппай акционерлік қоғамға айналдыру алдында инвесторлардың салынғанжұмсалымдардың сенімділігіне кепілдеме беріп және бағалы қағаздар нарығындағы қаржылық күйреу тәуекелін азайту өте маңызды.

Барлық  күрделі жағдайларда, инвестициялық процестегі қор нарығының атқаратын рөлі арта түседі. Бұл ең алдымен кәсіпорындарды көптеп ( жаппай) акцияландырумен байланысты. Өйткені олардың көп бөлігі қаржыландыру үшін күрделі қаржы ресурстарының салымын қажет етеді. Өндіріс пен инфрақұрылымдарға шетелдік инвестиция үшін, қор нарығы арқылы жүзеге асатын барынша қолайлы жағдайдың негізі жасалады.

Сонымен қатар бюджеттен тыс түрлі  қорлар қалыптасады. Қаржының жинақталу  шамасына қарай олар құнды қағаздарға инвестиция жасайды. Осы және басқа факторлар инвестиция үшін қаржыларды жинақтау ретінде қор нарығының әоуетінің арту мүмкіндігінің салынуын көрсетеді.

Қазақстандық  бағалы қағаздар нарығын келешектегі  дамуы үшін ресурстардың құрылу мәселесін  ғана қамтымай (материалдық база, адамдарды оқыту, заң шығару ісін құру, ақпараттық және технологиялық базасы т.б.) бағалы қағаздар нарығын  ұзақ мерзімді дамытудың саясаты керек. Сонымен қатар нарыққа қарай жылжыған кезде туындайтын басқару мәселелері мен макроэкономикалық талдау шешімдері қажет.

Соншама, осы бағдарламаның әрекеті мемлекеттік  шеңберде, оның қаржылық саясатында қалыптасатынын күту, әрине қиындау. Мемлекеттік  қазыналық мүддесінің әлсіздігі  мен оның құрылымдарының арасындағы қайшылықары бұл міндеттің шешілуіне  мүмкіндік бермейді. Сондықтан, атап айтқанда  қаржылық тұрақтылыққа барынша толық жәрдемдесу үшін және республикада жаңа өндірістің кеңеюінің бастау алуы мен ұзақ мерзімді биржалық мүдделерінің,  брокерлік фирмалардың және т.б келісім әрекеттерін қамтитын жаңадан құрылып жатқан бағалы қағаздар нарығының стратегиясына кәсіби қатысушылар бірлестіктерінің дербес өнімдерінің маңызы зор., 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.5 Кредит серіктестігі

Кредит  серіктестігі – банк болып есептелмейтін өзінің қатысушыларына кредиттеу мен қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметін және банк операцияларының басқа түрлерін “Кредит серіктестері жөніндегі” ҚР заңымен анықталған Ұлттық банкінің лицензиясы негіздемесінде жүзеге асыратын заңды тұлға.

Кредит  серіктестігі коммерциялық ұйым болып  есептеледі, қызметін жауапкершілігі шектеулі серіктестік сияқты ұйымдық –құқықтық нысандарда құрады және жүзеге асырады.

КС-нің мүлігі оған меншік құқығымен жатады және оның қатысушыларының міндетті салымдары мен қосымша жарналарынан, КС алған табыс есебінен, сондай –ақ Заң бойынша тыйым салынбаған басқа көздерден қалыптасады. КС- ге басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуға тыйым салынған.Кредит серіктестігіне қатысушылар болып өкілдікті, атқарушы органдар мен сот билігі, жарғылық капиталының елу пайызынан астамы мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар,  сондай-ақ офшорлық аймақта оны тіркеудің мемлекттік заңнамасына сәйкес тіркелген компания мәртебесі бар заңды тұлғалардан басқа кем дегенде үш жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Кредит  серіктестерінің Қазақстан Республикасы аумағында, сондай-ақ одан тыс жерлерде де филиалдар, өкілдіктер мен еншілес серіктестіктер құруға құқығы жоқ.

КС-ні ҚР-ның реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі міндетті пруденциялық  нормативтер мен басқа орындалуы міндетті нормативтер мен лимиттерді, сондай-ақ жүйелі қаржы және бухгалтерлік есеп берулердің нысандарын, тәртәбін, мерзімділігі  мен мерзімдерін белгілейді.

Кредиттік серіктестіктер, қоғамдар, одақтар  Еуропада ХХ ғасырдың екінші жартысында, АҚШ-та алғаш рет ХХ ғасырдың басында пайда болды. ХХ ғасырдың аяғында олар әлемнің 90 елінде жұмыс істеп, 95 млн адамды біріктірді. Сонымен, 55 мың кредиттік одақтың тұтастай активінің көлемі 4,3 трлн АҚШ долларынан артып отыр. Канада, АҚШ, Ирландия, Австралия, Оңтүстік Корея мен Тайванда кредиттік одақтар барынша кең дамып отыр.

Кредиттік серіктестік туралы ең негізгі міндетті орындайтын іс жүзінде барлық жерде  қолданыстағы арнаулы заң бар:

  • Өзара көмек көрсету үшін бірігетін кредиттік серіктестіктердің, коммерциялық емес ұйым ретіндегі одақтардың, азаматтардың мүдделерін қорғау;
  • Кредиттік одақтарды бақылау және жол берілген қызмет түрлерін белгіленген шектеу арқылы одақтың кредиттік жарнашыларының өз мүдделерін қорғау.

1994 ж  кредит серіктестігі, қоғам, одақтардың  қызметтерінің негізгі принциптерін бекіткен Дүниежүзілік кеңес құрылды. Олар төмендегідей:

  • КС (кредиттік серіктестік) демократиялық институттар болып саналады;
  • Мүшеліктің еріктілігі мен ашықтығы. КС мүшелерінің барлығының мүдделерінің сақталуы,  қызмет көрсетуді пайдалануға келісімі мен  өзіне тиісті міндеттемені қабылдауға әзір екендігі. Сонымен, нәсіліне, ұлтына, дініне және тұтынатын наным сеніміне қарап кемсітуге жол бермейді;
  • Бизнестің немесе жинақ ақшасының салынған мөлшеріне қарамастан КС істері бойынша дауыс бергенде бірдей құқықты пайдаланады. Осының барлығы, яғни бақылау мен басқарудың демократиялығына байланысты. Кредит серіктестігі (КС) – өзінің қатысушыларына қызмет көрсететін кредиттендіру мақсатымен құрылған банк болып табылмайтын заңды тұлға. Бұл ҚР «Кредит серіктестігі туралы» заңымен белгілегендей Ұлттық банктің лицензиясының негізінде өз қызметін қарыз және басқа банктік операция түрлерін жүзеге асыру үшін жүргізеді.

.

Кредит  серіктестігінің қатысушылары өкілдік, атқарушы және сот билігі органдарының, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекетке жататын жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы, сонымен қатар оны тіркеген мемлекеттің заңдарына сәйкес офшорлық аймақта тіркелген компанияның мәртебесі бар заңды тұлғаны қоспағанда үш заңды және жеке тұлғадан аз болмауы керек (резиденттер мен резидент еместер).

Кредит  серіктестігі мыналарды жүзеге асыра  алады:

  • Кассалық операциялар – қабылдау, қайта санау, ұсақтау, айырбастау, сұрыптау, монета мен банкнотты сақтау мен орау;
  • Қарыз операциялар кредит серіктестігінің қатысушыларына ақшалай түрде кредиттер ұсыну;
  • Аудару операциялары, ақша аудару бойынша кредит серіктестігінің тапсырмасын орындау;
  • Сенімгерлік (трастовые) операциясы сенімгердің тапсырмасы бойынша (кредит серіктестігіне қатысушы) және ақшаны мүддеге сай басқару;
  • Кредит серіктестігінің қатысушылары үшін клирингтік операциялар-алым, салыстырып тексеру, сұрыптаумен дәлелденген төлемдер, сонымен қатар олардың өзара есепке алуын және клиринг қатысушылары позициясын анықтау (кредит серіктестігі);
  • Сейфтік операциялар – бағалы  қағаздарды клиенттің бағалы заттарымен құжаттарын сақтау үшін қызмет көрсету, үй-жай мен шкафтарды, сейф жәшіктерін жалға беру;
  • Кредит серіктестігіне қатысушылардың заңды және жеке тұлғалардан депозиттер қабылдау;
  • Кредит серіктестігіне қатысушылардың тапсырмасы бойынша олардың банкідегі шотымен есеп айырысуларын жүзеге асыру.

Жоғарыда  аталған операциялармен қатар, Ұлттық банктің лицензиясы болған жағдайда кредит серіктестігі келесі операцияларды  жүзеге асыруға құқылы:

  • Факторингілік операциялар – төленбеген төлемді тәуекелдікке барумен қабылдаудың тауар сатып алушының төлем талаптарының құқығын сатып алу (қызмет көрсету, жұмыс);
  • Форфейтинг операциялары – сатушыға айналымсыз келмейтін вексельді сатып алу жолымен тауарларды сатып алушы борышқорлық міндеттемесін өтеу (төлеу) (қызмет көрсету, жұмыс);
  • Жалға берілген мүліктің келісімшарт күшінің барлық мерзімінде жалға берушінің жалға берілген мүлкіне меншіктік құқығының сақталуы (лизинг).

КС кәсіпкерлік  қызметпен айналысуына тыйым  салынады қолданылып жүрген банкі заңдарында қарастырылғандай банкілік және өзге де операцияларды кредит серіктестігі Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгемен ғана жүзеге асырады. Кредит серіктестігі Ұлттық банкіден немесе екінші деңгейдегі банкілерден оның келісімімен корреспонденттік шот ашуы мүмкін.

КС қатысушылардың жалпы жиналысныда бекітілген ішкі кредит саясатының ережесімен байланысты КС қарыз операцияларын жүзеге асырады. КС қатысушыларға берілетін кредиттің  барынша сомасы, кредиттендірудің шектемесі, кредиттің орнын жабу мен оның жағдайын қамтамасыз етуі мен оның мерзімі баяндалуы керек. Кредит тек қана КС қатысушыларға беріледі.

КС қатысушыларға  кредит қамтамасыз етіліп немесе қамтамасыз етілмей берілуі мүмкін. Кредиттің  қайтарымын кепіл мен кепілдеме беруші қамтамасыз ету мүмкін.

Өздерінің қызметтерін  үйлестіру үшін, ұсынылатын жалпы мүдделерді қорғау, бірлескен  жобаларды жүзеге асыру мен өзге де жалпы міндеттерді шешуде КС ассоцияция түрінде, кредит серіктестігінің бірлестігін, сонымен қатар бірлескен қызмет тыралы келісімшарттың негізінде,  консорциум құра алады. 

ҚР қадағалау  және реттеу жөніндегі агенттігі  КС міндетті пруденциялды нормативтің  және лимит (шектеме) пен басқа міндетті белгілейді. Сонымен қатар ол нормативтер  мен лимиттердің орындалуын, формаларын, тәртібін кезеңдігін және қаржылық реттеуіш пен бухгалтерлік есептеме ұсынудың мезгілін белгілейді.

2006 ж  1 қаңтарындағы мәлімен бойынша  Қазақстанда 80-нен астам кредит  серіктестігі жұмыс істейді, жиынтық  активтерінің мөлшері 10,0 млрд теңгеден астам, міндеттемелері – 5,0 млрд астам, баланс бойынша меншік капиталы – 5,0 млрд теңгеден астам.

Информация о работе Банктік емес несиелік мекеменің ағымдағы жағдайы