Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:03, курсовая работа

Краткое описание

Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Содержание работы

1 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың
мәні мен құрылымы
1.2 Төлем балансыныңесеп айрысу және ақша-несие, валюталық
әдістері
1.3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық
операциялардың жүргізу тәртібі
2 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем балансының экономикада
алатын орны
2.2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуындағы
заңнамалық негіздері
2.3 2008-2010 жылдардағы төлем балансының ақша-несие және
валюталық операцияларына талдау
3 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларын
жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер
3.2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық
операцияларындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары және
оны жетілдірудің бағыты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Содержимое работы - 1 файл

Курсовая.doc

— 238.00 Кб (Скачать файл)

 

Бүгінгі күні Қазакстан  экономикасы қос секторлы үлгі  тәрізді жұмыс істейді. Бірінші  секторда экспорттың төмен үлесіне  ие кәсіпорындар, олар ішкі ресурстардың есебінен дамиды. Екінші секторға шет ел компанияларының меншігіндегі өндіруші салалардың зкспортқа бағдарланған кәсіпорындары жатады. Мұнда тікелей шетел инвестиция ағынының келуі табиғи. Өтпелі  кезеңде бас тарту мүмкін емес. Экспорттық  салалар таза өнімнің, ұлттық табыстың негізгі  көздерімен алда келеді. Тікелей шетел инвестициянын,  болмауы немесе кідірісі келешекте экономиканың да бір мезгілде жағымсыз әсеретуі мүмкін. Рецидент елдердің экономикалық тікелей шетел инвестициясына негіздеу - ішкі қорланымның болмауынан айрықша мәжбүрліктен туған шара. Осы арада ғаламдандырудың жетекшілері - шеткері аймақтар мен елдердің экономикалық мүдделерінің қарама-қайшылығы айқын көрінеді. Рецидент елдердегі тапшылық кезінде шетел капиталы ұтып, қабылдаушы жақтар барлық кезде пайдалы бола бермейтін жобаларды колдануға мәжбүр болады.

Қазақстандағы стратегиялық салалар мен өнеркәсіптің 80%-тен астамының шетел инвесторларының, бақылауында болуы осындай жағымсыз нәтижелерді дөлелдейді. Әлемдік практикада жинақталған шетел инвесторларына рұқсат етудің сынып шегі 30-50 % шекте ауытқып, оның жоғарылауы кемітілген экономикалық егемендік, жас егемен мемлекеттердің экономикалық мүдделерін шекті тарылту қаупін тудырады.

Қазақстанның  экономикасы   ырықтамдырылмаған Шетелдік шығарушылар шығарған бағалы  қағаздардың айналымы жергілікті жетілмегендігі Қазақстанның бағалы қағаздар рыногіне арналған заңымен оларға рұқсат етуді қатал нормма  активтеріне байланысты. Әлемде ірі мемлекеттердің биржаларымен нарығанда параметрлері әрдайым жалғыз қор биржасы қаржы рыногінде өз қызметін жүзеге асырады.

Халықаралық еңбек  бөлісінің терендеуінен ең алдымен  дамыған мемлекеттер артықшылық алады. Осы қиындылықтарға қарамастан дамушы (және түрленуші) елдер ғаламдану  үдерістеріне қатысуға мәжбүр ғана емес, сондай қатысулар өте-мөте мүдделі. Қазақстан сондай мемлекеттердің бірі саналып, әлемдік шаруашылықтан оқшаулануды таңдау түпкілікті есепке оны өсім қарқынының төмендеуіне, технологиялық, қаржылық, ақпараттық ресурстардың, адами капиталдың, дамудың сыртқы импульстарының болмауы тапшылығынан болатын созылмалы тоқырау қауіпіне апарып соққан болар еді.

Қазіргі күні Қазақстанда  капиталдың көтерілуінен көрі қойылуы  көбірек. Өйткені ақша жиынының әкелуі мемлекеттің реттеуші органдары қатаң бақылап отыр. Қазақстанның валюта тәртіптемесін толық ырықтандырғаннан кейін елден капиталдың безіну тәуекелдігі болғанымен, алайда ол аз мөлшерде болады. Қазіргі кезде капиталды алып кеткеннен гөрі салымға салған тиімді. Республика табиғи ресурсы бай болғандақтан шетел инвестициялары үшін тартымды аймақ болып қалуға оның қорлары ұзаққа жетеді. Қазақстанның инфрақұрылымдарының халықаралық инвестициялық қызметтеріне қалыпты айтсақ, таяу уақытта олардың капиталы ірі мемлекеттер инвестицияларының әлемдік көрсеткіштерімен теңесуі екі талай. Соған қарамастан қазақстандық инвесторлар ТМД шегіндегі келешекті салаларға инвестиция сала алады.

Сонымен Қазақстанның экспорт жағын қуат көздері және металдар айқындап. Ол қауіпті құрылымдық үйлесімсіздікке, экономиканың құрылымдық сиықсыздығына апарады. 
Ұдайы өндіріс циклдарына қатысушы есебінде мойындалмаған республика экономиканың әлемдік циклдарының үзіліссіз жұмыс істеуін ресурстарымен қалай да қолдайды. Оған әлемдік ұлтаралық корпорацияның шикізаттық және энергетикалық қосымшасы ролі бекітіледі.

Ғаламдастырудың ықпалымен ағыны көп дүркін көбейетін  капиталдың аларалық қозғалысын ырықтандыру  және қайта реттеу жаңа феномен бәрінен  бұрын қысқа мерзімді және жоғары өтімділікті тікелей шетел иивестицяның жылдам ағынының ұлттық экономикаға жағымсыз әсерін туғызады. Аяғына тура қоймаған экономмкасы мен қаржы жүйесі бар елге ыдырудың тұрақсыздандырушы әсері ұзақ мерзімді жекеше капиталдың емес, икемді алыпсатарлық трансфері трендтің жылдам көбеюіне апарады. Жаңа пайда болған рыноктардан ырықтандыру акциялар бағамдарының тұрақсыздығының және ауытқуының жоғары деңгейін тауып алды. Бұлардың бәрі жоғары икемділікті қоржындық инвестицияны әлемдік қаржы рыноктарының азырақ қатерлі сараланымдарына бір мезетте аударуға мүмкіндік беретін қаржылық ғаламдану жағдайында сөзсіз мүмкін болар еді.

1997 жылғы Азия  дағдарысы және 1998 жылғы тамыздағы  Ресей дефольті ырықтандырудын, «инфекция» немесе тіпті «апидемия»  тәрізді жылдам, сондай еткір  жағымсыз көрінісін, үрейлердің, көрші елдер мен аймақтарға ғана емес, әрқалай дәрежеде барлық қаржы рыноктарына тартылуын мазмұндады.

Ұзаққа созылған 80 жылдардағы дағдарыстар кезінде 90 жылдардағы дағдарыстарда жалпы  алғанда зардап шеккен елдер мен  жаңа пайда болған рыноктардың сыртқы қарыз алуларының ұзақ кезең бойы өсуі осылай болып өткен еді. Сол уақыттарда әлсіз даярланған және бақылаушы тетіктер елдік және халықаралық деңгейде дағдарыстың жақындау қаупі туғандығы жөнінде дер кезінде сақтандыра алмады, ал, ол пайда болғаннан кейін қаржы дағдарыстарының таралуына қарсы тұра алмады.

Халықаралық қаржы  ағындарын ырықтандыру жағдайында кез келен ел капиталдың орасан зор  жиынының реттелмейтін жауап қайтаруға  мәжбүр болады. Сонымен, жауап шаралар  инвестицияның түрлеріне (қоржындық  немесе тікелей), олардың қозғалыс бағытына (елге немесе елден), елдердің әр алуан тобының экономикалық даму деңгейіне тәуелділікіеріне қарай ажырылатады. Макроэкономикалық тұрақтылық пен орнықтылықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз етілген, жаңа қаржы құралдарының кең ауқымды тізбесі қолданылатын.

Капиталдың  ауыстырылуын бақылау объективті түрде  жақпайтын өнеркәсібі дамыған елдерде  бөгде ахуал мемлекеттердің басқа  топтарына қатынасатына қарай қалыпасады. Өтпелі экономикалы елде капиталмен операцияның есеп шоты бойынша бақылаудың жоғары деңгейінің сақталуы бір үлгіде жағдай болып саналатынын практика қуаттайды. Мы-салы, капитал қозғалысына бақылау жасау мен реттеудің тиімді тетіктерін алдын ала (тіпті қосарлна келесі кейінгі) қалыптастырмай қаржы жүйесін асығыс ырықтандыру жария және құпия арналармен капиталдың шетелге жаппай ағылуын болдырмаудың мүмкін еместігін Ресей тәжірибесі көрсетті. Көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей, капиталдың кемуімен күресте оң нәтижеге жету үшін экономикалық, заңдық  және   қажет   болғандағы әкімшілік шаралар шешуші, бірақ уақыты бойынша шектеулі болуға тиіс. Қатаң бақылаудың ұзақ сақталуы оның тиімділігім төмендетіп,  ка-питал иелері тиым салуды жеңіп шығу үшін жаңа құралдар ойлап табады. Сол уақытта ел әлемдік қаржы рыногінен бөлініп қалуы мүмкін. Ұлттық қаржы жүйелерін ырықтандырудың және қайта реттеудің қарқындары ментізбектілігін дұрыс анықтап, капитал қозғалысын орынды бақылау мен қадағалауды қолданған жөн.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Өтпелі экономикалы  дамушы мемлекеттер мен елдердің қаржы банк жүйелері дағдарыстарының зардаптарын талдау осы елдер тобының экономикасына капитал қозғалысын ырықтандандыру мен ғаламдастырудың қарама-қайшы ықпалын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бір жағынан,  ішкі дамыту және халықаралық еңбек бөлісіне қатысуды активтендіру мүддесіне осы үдерісті пайдалану перспективасын ырықтандыру сол елдерге ашып береді. Екінші жағынан, осы мүмкіндікті жүзеге асыру оңтайлы ішкі макро жөне микроэкономикалық саясатты аймақтың және ғаламдық беталыстармен үйлестіру дәрежесіне, бұл жалпы қиын сыртқы  осалдықты азайтуға шаралар қабылдауға, жұмылғыштығы жоғары және алыпсатарлық капиталдың жаппай ауыстырылуына тәуелді.  Қарсы жағдайда сыртқы әлеммен өзара әрекетті кеңейту тұрақсыздықты күшейтудің, банктік валюта қаржылық борышқорлық дағдарыстың пайда болуының салмақты фактылары бола алады. Алайда реттеудің оңтайлы жүйесін құру, тежеу және қарсы салмақтың тізбекті саясатын жүргізу қатердің әсерінең аз шамаға дейін төмендетуге, елден капиталдың жылыстауының елеулі көбеюіне, валюта рыногінің тұрақсыздануына жол бермеуге мүмкіндік туғызады. Біздің ойымызша, осы салада реформаны одан әрі тежеу үлкен қауіп туғызады.

Курстық жұмыстын өзектілігі - төлем балансы бір  елдің ақша қаражаттарының, екінші елдің ақша қаражаттарына қатынасын  айтамыз. Ол әғни экспорт пен импорттың ара – қатынасындағы байланысты көрсетеді. Бір елдің сауда қатынастарының дамуы мен экономиканың өзгерістерін айтуға болады. Осы кезде төлем балансы кеден органдарымен реттеледі.

Сонымен қатар  еркін құбылмалы айырбас бағамы саясатын сақтаған кезде шет ел валютасының болуы мүмкін артық ұсынысы атаулы тұлғасы жағына, демек, оның нақты қым 
баттауына қарай айырбас бағамына қысым көрсетеді. Бұл өзге тең жағдайда өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарының бәсекеге қабілетілігінде теріс көрінеді.

Шикізаттан  сектордың бәсеке қабілеттілігінің нашарлауы экономиканың салалық шоғырлануының күшеюіне соқтырып, Қазақстан экономикасын ақырғы шотта бағаның сыртқы талдырмасының әсеріне осалырақ қылып, оның экономикалық саясатының ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуінде қосымша қиындықтар тудырады.

Теңгенің тұрақты  нақты бағамын сақталып тұрғанда Ұлттық банктің ішкі валюта рыногінен  шетел валютасының артығын сатып  алуы ақша жиынының өсуіне апарады. Соның  нәтижесінде егер ақша ұсынысының көбеюі оларға нақты сұраныстың өсуімен өтелмесе, не инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұруда қиындықтар туып Ұлттық банк ақша жиынын айықтыруға жәрдемдесетін борышқорлық құралдарға қызмет көрсету бойынша залал шегеді. Орташа  мерзімді перспективада төлем балансының салыстырмалы орнықтылығына жету валюталық реттеу саясатының акцентін капиталдың жылыстауын қатаң әкімшілік бақылаудан мына 
мәселелерді шешу арқылы валюта қаржыларын тарту мен пайдаланудың тиімділігін жоғарылатудың міндеттерін шешуге ауыстыруға мумкіндік береді: резидент еместердің бағалы қағаздарға салған сапалы инвестицияларына валюталық бақылау реттемелерін жұмсарту жолымен инвестициялық коржынды әртараптандыруға жағдай жасау. Қазақстанның өндірістік әлуетін кеңейтетін, жаңа перспективалы рыноктарға енуге жағдай туғызатын инвестициялау объектілерін бақылауды қажетті деңгейге келтіретін резидснттердің тікелей инвестицияларын ынталандыру; валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық реттеудің және ең мәнді валюталық операцияларға экспорттық-импорттық валюта бақылауын жасаудың тиімділгі ін жоғарылату, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырған кездегі шектен тыс әкімшілік бөгеттерді жою.

Қазақстанның  монетарлық үкіметі валюта тәртіптемесін  ырықтандыру тұжырымдамасын және оны  жүзеге асырудың 2010 жылға дейінгі әрекет ету бағдарламасын айкындады. Біздің ойымызша, осы тұжырымдаманы валюта саясатын ырықтандырудың алғашқы сатысы ретінде қарастыруға болмайды. Ең алдымен, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жүзеге асыру болып саналады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Қазақстан Республикасының Ақша  жүйесі туралы заңы.
  2. Архамова К.О.  “Валюталық операциялар” Оқу құралы  Алматы: Қазақ Уневерситеті, 2010 жыл.
  3. Құдайбердиев А.С. /Валюталық реттеу/ Ақиқат 2008 №6 б 21-23
  4. Айтбергенов Б.М. /Төлем балансының потенциялы/ Аль-Пари 2010 №1-2  б- 8-12
  5. Андреев А.С./Платежный баланс и валютные курсы/  Банки Казахстана №5 2006 г. с. 8-9
  6. Ширшова В.А /Валюты на миравом рынке/ Банки Казахстана №6 2006 г.  с. 5
  7. Дуганский Т.Р / Некотырые проблемы платежного баланса/ Банки Казахстана №3 2006 г. с. 10-11
  8. Тихонова Р.П /Что для нас значит платежный баланс?/ Банки Казахстана №7 2006 г. с. 18-20
  9. Дүрмекбаев Ы.С /Валюта және төлем балансы/ Егемен Қазақстан 2008 24 қараша б-3
  10. Асипова С.Д / Төлем балансының ролі/ Егемен Қазақстан 2005жыл 26 мамыр №18
  11. Тимешова Б.Р /Валюта оның ролі/ Егемен Қазақстан 2010 жыл 2 қаңтар б-9-10
  12. Жуков Е.Р.  “ДКБ” Москва 2000
  13. Көшенова Б.А. “Ақша Несие Банктер” Алматы,  Экономика – 2005 жыл.
  14. Қаржы-Қаражат 2001, 2002, 2008, 3004 жылдар
  15. Сейтқасымов Ғ.С.  “Ақша Несие Банктер”  Оқулық Алматы “Экономика” 2005 жыл.
  16. Сембина Ә., Назыкеиев Б. “Банк жүйесінде қолданылатын терменологиялық сөздер”. Алматы 1999 жыл.
  17. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банктер операциялары” Алматы Қазақ Универсттеті 80-90 бет.

 

ҚОСЫМША А


Сурет-1 Ұлттық банк ақша-несие саясатының реттелуі

 

ҚОСЫМША В

 

Кесте №1 АҚШ,Жапония және Францияның  2010 жылғы төлем баланстары

 

Негізгі баптар

 Елдер ( млн.  долл. )

АҚШ

Жапония

Франция

А. Ағымдағы операциялар 

    тауарлар  экспорты (фоб)

    тауарлар  импорты (фоб)

    сауда  балансы

    қызмет  көрсетулер

    (сальдо)

    инвестициялардан  табыс

    трансферттер (сальдо)

В. Ұзақ мерзімді

     инвестициялар

     тікелей  инвестициялар

     портфельдік

     инвестициялар

     басқа  ұзақ мерзімді

     күрделі  қаржылар

     базистік баланс (А+В)

С. Қысқа мерзімді

     капиталдар (сальдо)

D. Қателіктер мен

     қалдырулар

     ресми  есептеулер балансы

     ( А+В+С+Д )

F. Шетелдік мемлекеттер

    алдындағы  міндеттемелер

G. Резервтердегі  өзгерістер 

     монеталық  алтын

    қарызданудың арнаулы

     құқығы

     МВФ-тағы  резервтік

     позиция

     шетелдік  валюта

     резевтері 

  -66300

       440140

  -536280

       -96140

 

       42320

       20450

      -32880

 

-17610

-32420

 

      14190

 

        340

-83910

 

54190

 

-12340

 

-42060

 

38140

3920

   -

 

2320

 

-2660

 

    4270

 

117640

330870

- 198470

  132400

 

  - 41420

  31280

  - 4620

 

-30780

-14520

 

-28410

 

18480

86860

 

-75770

 

-10460

 

630

 

 

-630

  -

 

1400

 

-1220

 

-810

      4109

225222

-223561

1661

 

20681

-9733

-8500

 

       14963

       -9150

 

       34180

 

       -8256

       19072

 

       -33997

 

       1831

 

       -13094

 

       11519

       1575

       1170

 

       1125

 

       -887

 

       168

 

  


 

 

 

 

 

 


Информация о работе Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы