Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 21:03, курсовая работа
Төлем балансы — елдің белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгерту жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал, ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу обьектісі экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
1 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың
мәні мен құрылымы
1.2 Төлем балансыныңесеп айрысу және ақша-несие, валюталық
әдістері
1.3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық
операциялардың жүргізу тәртібі
2 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасының төлем балансының экономикада
алатын орны
2.2 Ақша-несие және валюталық операциялардың орындалуындағы
заңнамалық негіздері
2.3 2008-2010 жылдардағы төлем балансының ақша-несие және
валюталық операцияларына талдау
3 ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Төлем балансының ақша-несие және валюталық операцияларын
жүргізуде кездесетін өзекті мәселелер
3.2 Төлем балансының ақша-несие және валюталық
операцияларындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары және
оны жетілдірудің бағыты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
- аванстық төлем;
- қайтарылмайтын аккредитив;
- тауарды тиеген соң төлеу;
- құжатты инкасса;
- ашық шот бойынша сауда.
Пайдалынатын төлем әдісі сатып алушы мен сатушы арасындағы келісім-шартқа және елдердің арасындағы банктік келісімдерге байланысты болып келеді. Есеп айырысу әдісі ретінде чектер, аудармалы вексельдер, банктік тратталар; пошталық төлем тапсырмалары; телеграфтық, телекстік төлем тапсырмалары; инструкциялар; СВИФТ жүйесі; халықаралық ақшадай төлемдер қолданылады. Дегенмен төлемдердің шетел валютасындағы банкноталар, жол чектері көмегімен орындалмайтындығын айта кеткен жөн. Экспортер экспортық сауданы қаржыландыру үшін банктідің көмегін пайдаланады. Несиені экспортерге тауарын жөнелткеннен соң, оған шетелдік сатып алушыдан ақша келіп түскенге дейінгі аралықта пайдалануға береді. Экспортерді қаржыландырған күннің өзінде сатып алушы тауар үшін жоғарыда айтылған есеп айырысу әдісінің бірін пайдалана отырып төлеуге тиісті. Төлем әдісін қарастырғанда тауарды жөнелту құжаттары ерекше роль атқарады. Ол құжаттарға мыналар жатады: шот-фактура, сақтандыру туралы уақытша куәлік, сақтандыру сертификаттары немесе полисі, коносамент немесе көлік тасымалдау құжаттары. Мұндағы коносамент - тасмалдауға қабылдаған тауарлар үшін кеме иесінің атынан берілген қол хатты; тауарды көзделген орынға сол қалпында жеткізуге байланысты міндеттемесін, меншік етуге арналған құжатты білдіреді. Тек коносаментті ұстаушы ғана көлік компаниясына тауарды көзделген жерге жеткізуді талап ете алады. Бұл жерде экспортқа шығарылатын тауарларға деген заңды құқық экспортерден шетелдік сатып алушыға тиісті құжат арқылы өтетіндігін есте сақтау керек. Мұндай келісім халықаралық сауда да әр түрлі әдістерді салыстыруда маңызды.
Экспортер үшін біршама сенімді төлем әдісі - бұл тауарды тиеуден бұрын аванс түрінде толық төлемді алу. Мұндай кезде экспортер шетелдік сатып алушының тауары үшін төлеуден бас тарту тәуекелінен аулақ болады. Аванстық төлем сатып алушыға ешқандай да несиені бермей, өзі бұл сауданы несиелеу кезінде қаржылаңдыруға, сондай-ақ экспорттың сауда үшін ақша қаражатын айналым капиталына салуға да тиіс емес. Бірақ бұл жерде экспортер ақшалай қаражаттың тиеуді жүзеге асырғанға дейін төленетіңдігіне сенімді болуға тиіс.
Бұл жағдайда чек, тратта немесе төлем тапсырмаларының экспортердің елінен тыс жерде төленуінен қауыптену керек. Мұндай жағдайда экспортер банкке чектің (регрессінің) болуын талап етеді, бұл дегеніміз, егерде шетелдік сатып алу бойынша франкіні сатып алып, оның шотын дебеттеуін көрсетеді. Егер клиенттің өзінің британдық банкіде, француз валютасында банктік шоты бар болса, ол траттаның осы валюталық шотты дебеттеу арқылы берілуін сұрайды. Британ банкі клиенттің шотын дебеттейді және траттаны клиентіне береді, клиент ол траттаны Франциядағы жабдық-таушысына жібереді. Тратта Британ банкінің Франциядағы банк-корреспондентіндегі шотқа жазылады. Бұл шот франкте жүргізіледі. Британ банкі француз банкіне сол траттаны бергендігі туралы хабарлап, одан француз сол жабдықтаушы траттаны берген кезде британ банкіндегі өзінің шотын дебеттеуін сұрайды. Бұл сұраным авиапоштамен хат түрінде жіберіледі. Нәтижесінде француз жабдықтаушы француз банкіне траттаны төлеуге береді, ал банк төлемді орындаған соң Британ банкінің (франкідегі) шотын дебеттейді.
Жоғарыда айтылғандар шетел валютасындағы траттаны төлеуге қатысты. Сонымен бірге фунт стерлингте төлеуі туралы үкімді қамтитын банктік траттада жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда шетелдік жабдықтаушы сол траттаны Франциядағы өз банкіне бере отырып ондағы төлемді инкассалауды сұрайды.
Банктік тратта кең пайдаланылады, алайда бұл төлемнің бәсендеу әдісін сипаттайды, сондықтан оны, егер төлемді тез арада төлеу керек болған жағдайда пайдаланбайды. Банктік траттаның басты артықшылығы, мұнда экспортер өзіне тиісті төлем сомасын алуға тікелей мүмкіндік алады. Егер ол тратта аванстық төлем үшін жазылған болса, онда оны экспортер өзінің тауарын шетелге шығарудан бұрын алуды күтеді, оның келуі тауардың тез арада жөнелтуін жеделдетеді. Пошталық аударым (пошталық төлем тапсырмасы) бір банктің екінші (шетелдік) банкке жіберілген, яғни онда көр-сетілген соманы бенефициарға төлеу туралы жазбаша төлем тапсырмасын білдіреді. Пошталық аударым банктен әуепошта арқылы шетелдік банкке жіберіледі. Банктік траттадағы жағдай сияқты шетел банкінде аударымды жіберушінің атындағы шотта ақша болуға тиіс, сол шоттан бенефициарға қаражат төленеді. Банктік траттадан пошталық аударымның айырмашылығы мұнда банк клиентінің шетелдік жабдықтаушыға емес, банктің басқа банкке аударым жасауымен байланысты сипатталады. Қаншалықты пошталық аударым әуепошта арқылы кіберілсе, ол соншалықты банктік траттаға қарағанда есеп айырысыу әдісінің тездігін білдіреді. Бірақ оның кешігуі немесе жоғалуы әркез болып қалуы мүмкін. Телеграфтық аударым: пошталық аударым сияқты процестерді қарастырады, төлем тапсырмаларын қарастыра отыып, ол әуепоштамен емес, телеграф немесе факс арқылы жіберіледі. Сондықтан да телеграфтық аударымдар клиент біршама қымбат болғанымен, бірақ олар төлемді жылжытады. Ірі сомадағы төлем телеграфтық аударымдар арқылы немесе СВИФТ жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Телеграфтық аударымның да кешігуі немесе поштада түпнұсқалардың жоғалып кету қаупі бар. Мұнда бұл ин-прукциялардың түпнұсқалығын дұрыс тексеру мәселесі орын алады. Пошталық аударымға қарағанда оның түпнұсқасын тексеру, ондағы қолдарды салыстыру арқылы емес, яғни бақылау кілтінің түпнұсқасын, сондай-ақ телем сомасын тексеру арқылы жүзеге асырылады. СВИФТ жүйесі халықаралық ақшалай аударымдарға және халықаралық ақшалай экспресс аударымдарға жатады. СВИФТ - телекс арқылы қаржылық есеп айырысуларды халықаралық банктік ұйымдастыру жүйесі Бұл жетілдіру өзара халықаралық телекоммуникация желілер арқылы байланысқан қатысушы-банктердің кампьютерлік жүйесін пайдаланғанда ғана орындалады. Төлем туралы хабар, алушы банктің клинтерінде қағазға басылып шығады. СВИФТ жүйесінің кеңеюіне байланысты телеграфтық аударымдар қатары қысқаруда, себебі, СВИФТ жүйесінің өзіндік есеп айырысу әдістері бар. СВИФТ жүйесінің хабары - пошталық аударымдарға балама бөлемдерді сипаттайды.
1.3 Шетел төлем балансы мен ақша-несие және валюталық операциялардың
жүргізілу тәртібі
Валюталық бағам
дүниежүзілік валюта жүйесінің маңызды
құрамдас бөлігі болып саналады. Тауарлармен,
қызметтермен саудаласқанда, ка-питалдар
мен несиелердің қозғалысы
Капиталдардың халықаралық қозғалысының шұғыл көбеюіне байланысты валюталық бағамға тауарларға және қаржы активтеріне қатынасына қарай валютаның сатыпалуға қабілеттілігі әсер етеді.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабілетіне (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі) қарай құндылық заңының әрекетін бейнелейтін валюталар арақатынасы валюталық бағам. Пассивті төлем балансы ұлттық валюта бағамынының төмендеу беталысына себепші болып, өздерінің сыртқы міндеттемелерін өтеу үшін борышқорлар оны шетел валютасына сатады.
2 . Әралуан елдердегі процент мөлшерлемесінің айырмашылығы. Процент мөлшерлемесінің елдегі өзгерісі басқаша тепе-тең жағдайда халықаралық, ең алдымен қасқа мерзімді капиталдардың қозғалысына әсер етеді. Процент мөлшерлемесінің жоғарылауы шетел капиталының құйылуын ынталандырса, оның үнемдеуі капиталдардың, оның арасында ұлттық капиталдардың шекараның арғы жағына асуына дем береді. Валюталық нарықтағы және алып сатарлық валюта операцияларының қызметі. Егер қандай да бір валюта бағамының төмендей беталысы байқалса, ондайда фирмалар мен банктер оны әлсізденген валютаның қалпын нашарлататын мейлінше тұрақты валюталарға күні бұрын сатып жібереді. Экономиканың саясаттағы өзгерістерді, бағамдық арақатынастардың ауытқуын валюталық нарықтарында тез сезінеді. Сол арқылы олар валюта алып сатарлығы мен қапыл ақшаның берекесіз қозғалысының аясын кеңейтеді. Белгілі бір валютаның евронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Валютаның бағамдық арақатынасына сондай-ақ төлемдерді жеделдету немесе кідіріс те әсер етеді. Ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенім дәрежесі. Ол елдегі экономиканың жағдайымен және саяси ахуалымен, сонымен бірге валюта бағамына ықпал ететін жоғарыда қарастырылған факторға өзіне тән қызмететеді. Сондықтан валюталық курсқа құнсыздану қарқыны әсер етеді. Бөгде факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегі құнсыздану қарқыны неғұрлым жоғарылаған сайын валютаның бағамы да соғұрлым төмендейді. Ақшаның құнсыздануы елде сатып алу қабілетінің және валюта бағамының төмендеуіне апарып соғады. Аталған беталыс орташа және ұзақ мерзімді жоспар бойынша бақылауға алынады. Валюталық бағамды теңестіру, оны сатып алу қабілетінің тепе-теңдігіне сәйкес тәртіпке келтіру орташа екі жылдық ішінде жүзеге асады.
Валюталық бағамның құнсыздануға тәуекелділігі әсіресе тауарлардың, қызметтердің және капиталдардың халықаралық айырбасының көлемі үлкен елдерде жоғары болады. Экспорттық баға базасында бағамды есептеген кезде байқалатын валюталық бағам серпіні мен құнсызданудың салыстырмалы қарқыны арасындағы тығыз байланыс арқылы мұны түсіндіруге болады.[13,б-153]
2. Төлем базасының жай-күйі. Активті төлем балансы ұлттық валюта бағамының жоғарылауына ықпал етіп, шетелдік борышқорлар жағынан оған деген сұраныс күшейеді, олармен айқындалады. Сонымен бірге диллер экономикалық өсу қарқынын құнсыздануды, валютаның сатып алу қабілетінің деңгейін, валютаның сұранысы мен ұсынысының арақатынасын ғана емес, сондай-ақ олардың серпіндерінің келешегін де есепке алады.
Кез-келген елдің валюта бағамы белгілі тәртіптеме бойынша жұмыс атқарады. Елдің халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастарына қатысуның, сонымен бірге сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімділігінің деңгейі валюталық бағамның тәртіптемесіне тәуелді болады. Қазіргі кезде халықаралық қатынастарда валюталық бағамның негізгі жеті тәртіптемесі әрекет етеді: валютаға сұраныс пен ұсыныстың ықпал етуімен еркін өзгеретін құбылмалы бағамдар; орталық банктердің басшылық шектері арқылы бағамдардың ауытқуына шек қоятын валюталық дәліздер; алдын-ала белгіленген шамада бір бағытта тұрақта өзгеріп отыратын шектеулі құбылыс; күні бұрын белгіленген деңгейде валюталық бағамды Орталық банк ұстап тұратын реттелмелі құбылыс; таңдап алынған шетел валютасына ұлттық ақшаның тіркелген бағамын қолдауға ақша-несие саясаты айрықша бағытталатын валюталық басқару; бір топ ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ; елде өзге мемлекеттің ұлттық валютасы қолданылатын долларландыру.
Ұлттық валютаның ауыстырымдылық тәртіптемесін валюталық бағамды реттеудің маңызды құралы болып саналады. Валюталық ауыстырымдылық дәрежесі валюталық нарыққа қатысушылардың санына және жүзеге асыратын операциялардың көлеміне әсер етіп, өзінен өзін валюталық бағамның серпінін анықтай алады. Халықаралық Валюта Қорының Келісімінің 8-бабына қосылу ағымдағы операциялар бойынша ұлттық валютаның ауыстырымдылығын қамтамасыз етуді мемлекетке міндеттейді. Валютаның ауыстырымдылығын отандық кәсіпорындарға шетел өндірушілерімен бәсекеге түсуіне мүмкіндік береді. Сыртқы сауданың тауарларымен объектілеріне арналып бағалардың оңтайлы ара-қатынасының жүйесі құрылды. Ішкі нарықта ұлттық өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін импорттық инвестициялық тауарлар мен технологияларға қолайлы сәт туып, аясы кеңейе түседі. Ағымдағы операциялар бойынша валютаның ауыстырымдылығын салыстырмалы басымдылыққа ие тауарларды өндіруге қызмет көрсетуге елді ынталандырады. Сонымен экономикада құрылымдылық қайта құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Валюталық бағамдарды реттеуге бағытталған ресми валюта үстемділігін жүргізген кезде Орталық банк бірнеше мақсатты көздейді: валюта нарығының ретсіз жағдайына қарсы тұру; валюталық бағамның қысқа мерзімді ауытқуын бәсеңдету; валюталық бағамның экономикалық негізделген деңгейге дейін түзеті.[2,б-251]
Ереже бойынша Орталық банк
үстемділігін ақиқат
Орталық банк опциондармен іс жүргізе отырып, алыпсатарлардың ойынан споттық нарықтан опциондық нарыққа аударады. Сол арқылы ол валюталық сақтық қорының зиян шегуінен аулақ болады. Испания банкі құнсызданудан қашу үшін 1993 жыл бойына «пут» опционды песетке сатса, Мексиканың банкі валютаның сақтық қорын қорландыру үшін 1996 жылы «пут» опциондарды АҚШ долларына сатты.
Басқыншылықты
жүргізген кезде Орталық банк
өз активтерінің ғана емес, сонымен
бірге міндеттемелерінің
Информация о работе Төлем балансының ұғымы және оның маңыздылығы