Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 07:22, курсовая работа
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр.
Кіріспе………………………………………………………………………..…..3
1 ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА….............................5
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары..............................................................5
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар......................................7
2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЗАҢ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ...................................................................................................................9
2.1 «Қасым ханның қасқа жолы»...........................................................................9
2.2 «Есім ханның ескі жолы»...............................................................................13
2.3 Тәуке ханның жеті жарғысы...........................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттердің тізімі....................................................32
Тәуке хан 1718 жылы дүние салды. «Жеті Жарғыны» қазақ халқы негізінде XIX ғасырдың ортасына дейін қолданып келді. Ал, кейбір нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолданылды, қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Көп жылдар бойы Кеңес өкіметі тарапынан «Жеті Жарғыны» «феодалдық қатынастардың сарқыншағы, керітартпа, реакциялық мазмұндағы заң жиынтығы» деген мағынамен сипатталынды. Сонымен қатар «Жеті Жарғы» ұлттық философиялық, этникалық, көшпелі қоғамның болмыстық мәніне сай келетін тәуелсіз қазақ мемлекеттілігінің хартиясы негізінде «Жеті Жарғы» заңының барлық нормалары бізге түгелдей жеткен жоқ. Оның көптеген бабтары К.Шүкірәлиевтің, Я. Гавердоскийдің, А.И. Левшиннің еңбектерінде берілген.1
«Жеті Жарғы» негізінде жеті әдеттік құқықтық жүйеден тұратын қоғамдық қатынастарды реттейтін салалардың жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, Жеті Жарлық: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, бала тәрбиесі және неке, қылмыстық жауапкершілік, рулар арасындағы дау, ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз еті. Біздің мұндай тұжырымымыз Қазанғап Байболұлының «Төле бидің тарихы» деп аталатын әйгілі дастанындағы идеяларға негізделген. Бұл дастанда «Жеті Жарғының» жеті институттары былайша баяндалады:
Жер дауы, баяндайтын, біріншісі,
Ру, қоныспен меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдылық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған жосын заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі,
Төртінші боп саналған мынау заңы.
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші бұл,
Алтыншы, жетінші – құн дауы, жесір дауы.
Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» қазақ қоғамының мемлекеттілік құрылымы, өкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты мемлекеттік құқықтың институттары бекітілмеген. Бұл саяси өкіметтің әлсіз екенін нақтылы дәлелдегендей. Керісінші, қауымдық-патриархалдық қатынастардан кіндігін үзбеген қазақ қоғамында жеке адамның беделінің негізінде басқару өте тиімді болып, ру шиеленістерін тежеуге, ұлттық қауіпсіздік пен территориялық тұтастықты қамтамасыз етуге қызмет етті.
Бірақ «Жеті Жарғы» жылына
бір рет күз айларында
«Жеті Жарғы» қазақ мемлекеттілігінің жариялық өкіметін қамтамасыз ету мақсатында қару асынуға жарайтын әрбір жанұя жыл сайын өз дәулетінің жиырмадан бірін салық ретінде төлеп отыруды өлшем ретінде бекітті.
Мемлекеттік маңызы бар мәселенің бірі - әрбір рулардың таңбаларын бекіту болды. Құрылтай бекіткен таңба рулардың символдары ретінде танылды. Ал меншікті иемдену, пайдалану, билеу барысында әрбір жанұяның арнайы малдың құлағына салынатын ендері болды. Таңба тайпалық, рулық көлемде пайдаланса, ен салу әрбір жан ұяның жеке белгісі ретінде пайдаланды.
«Жеті Жарғы» және қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығы. Қазақтың қылмыстық құқығы «Жеті Жарғы» талаптарына сай «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» сияқты заң жинақтарының негізінде айқындалған. Қазақ қоғамының көшпелі өмірі, патриалдық – қауымдық құрылыстың ықпалы жалпы қылмыстық құқыққа, оның жеке институттарына өте зор болғаны анық. Сондықтан қазақтың әдеттік-қылмыстық құқығының талаптары еліміздің шаруашылық ұйымдастыру болмысының, тыныс-тіршілігінің көрінісі ретінде танылады.
«Жеті Жарғы» өзінің бабтарында «қылмыс» деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді. Бекітілген нормаларда тек қазақ қоғамының әлеуметтік практикасында жиі-жиі кездесетін зиянды қимыл-әрекеттердің аттары аталып, оларға қолданылатын жазалардың түрлері көрсетілген. Негізінде «Жеті Жарғыда» мынандай қылмыстардың құрамдары беріледі: кісі өлтіру, ұрлық, тонау, бүлік шығару, әйелдің ерінің көзіне шөп салуы, денеге, мүшеге зақым келтіру, әйелді зорлау, әйелді алып қашу, экзогамиялық табу, күйеуі бар әйелмен көңілдес болу, тәңірге тіл тигізу, христиан дініне өту сияқты әрекеттерді жауапқа тартуды көздейді.
Қылмыс істеген адамдарды қылмыскер деп танымайды, керісінше оларды «жын соққан», «пері соққан», «құдай атқан» деген мағынада бағалайды, қылмыскерді «күнәһар» деген ұғыммен алмастырып қарайды.
Қылмыстық жауапқа тарту 13 жасқа толған мөлшерден басталған. Қылмыс субъектісінің ақыл-есі дұрыс, өз әрекеттеріне толығынан жауап бере алатын болуы шарт. «Он үш жаста отау иесі» деген сөз әр адамның әрекетіне жауап бере алатынының нышаны болса керек. Қазақтың қылмыстық құқығы мылқау, есі дұрыс емес адамдарды жауапқа тартпаған. Сонымен қатар қылмыс субъектісі болып құлдар саналмайды. Олардың жасаған әрекеттері үшін иелері жауап береді. Екі қабат әйелдер кісі өлтіргені үшін де жауапқа тартылмайды, бірақ олар елдің қарғысына үшырайды.
«Жеті Жарғының» негізгі талаптарының бірі – жасалған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципі (қанға қан, жанға жан). Бірақ талион принципі «Жеті Жарғыда» бекітілгенімен онша дамыған жоқ, керісінше жаза қолданудың негізгі формасы ретінде мүліктік композиция қалыптасты. Құқық бұзушылық тек жеке адамның ісі, яғни жәбірленушінің тілек-талаптарына сай болуына байланысты «барлық мәселелерді өздері құштар адамдар шешеді».
Қорытынды
Әдет заңдары көшпелі халықта қоғамдық дамудың ұзақ процесінде біртіндеп қалыптасты, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, заманаға сай жетілді.
Көшпелілер қоғамы бытыраңқы болғандықтан ру мүддесін қорғау қажеттілігінен әрекет нормалары өмірге келді. Сол әрекет нормалары жетіле келе көшпелілер тіршілік еткен халықтың дамуы және сабақтасуы барысында қоғамдық қатынастарды ретке салатын әдет заңдарына айналады. Өмір қажеттілігі әдет заңдарының мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті, толықтырды және жетілдірді. Өзіне тән ерекшелігі бар дала заңдары ақыры тарих беттерінен айқын көрініс тапты.
Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі сынды жетекші ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет заңдарын біртіндеп өмірге әкелді. Қалыптасқан әдет-ғұрып заңдары сол ұлыстың орнығуы, нығаюы, қуат алуы, мәдени дамуына түрткі болды. Енді көшпелілер қоғамды заң арқылы басқарудың құнды тәжірибесіне ие болды.
Бұл заңдардың өмірге келу тарихы ұзақ, жалғасу процесі күрделі, таралу аймағы кең, әр тарихи кезеңдерде, әр этнос тілдерінде әр халық жазбаларында, әр ел мұрағаттарында сақталған.
Әдет-ғұрып заңдары Азияны мекендеген ғұн, үйсіндерде б.з.д. ІІІ ғасырларда, ал қаңлы, түркілерде У-УІ ғасырлардан бастап пайда болғандығы туралы деректері бар. Онда мұрагерлік, меншік, қылмыстық мазмұндар қамтылған. Ол жетіле келе, мемлекетті басқару ісінде қажетке айналған.
Міне осы көшпенділердің
әдет-ғұрып заңдары негізінде
қазақ дәстүрлік заңдары
Ғалымдар арасында «әдет» терминінің шығуы туралы біртекті пікірлер жоқ. «Әдет» - «әдет-ғұрып» деген араб сөзінен шыққан, мағынасы дағды, әдет. Әрине қандай бір іс болмасын, әуелі дағдыға, әдетке айналып, кейін бара-бара көпшілік қолданатын заңға айналып, оны бұзу ерсі қылық, қылмыс саналған. Әр халықтың өзіне жарасатын әдет-ғұрып, салт-санасы мен дәстүрлері бар. Ол өздеріне қымбат. Осы зиялы адамзаттың бір бұтағы – түрлі қауымының да өткен өмірі сан-алуан, талай замананы алып жатыр.
Соған орай өздеріне тән әдет-ғұрып, салт-сана, қағида-ережелері де баршылық. Мұның бәрін болса да ислам жоқ етіп, тамырына балта шаппаған.
Қайта олардың прогрессивті жақтарын өз ішіне қамтып, әдемілеп, қиюластырған. Соның нәтижесінде ислам заң – нормалары сомданып, айшықтана түсіп кез-келген формацияға кереғар болмай, қабыса алады.
Ол әдеби шығармаларды дәстүрлі-құқықтық нормалар жиынтығын білдіру үшін қолданылады. Үлкен Советтік Энциклопедияда: «Әдет – ислам діні тараған елдер арасындағы халықтық дәстүрлі құқығы»,- делінген.
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
1 Ақышев А.К., Асылбеков М.Х. Қазақстан тарихы (очерктер). лматы. Дәуір баспасы, 1994, 93 б.
2 Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы. Қайнар, 1996, 175 б.
3 Билер тарихы. Алматы. «Жеті жарғы», 1993, 52-58 б.
4 Б.Бабақұлы. Әз Тәукенің Жеті жарғысы//Ақиқат, 1993 №6
5 Қ.Еламанов. Билер қызметі//Фемида, 1997 № 11
6 «Жеті жарғы» Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы. Алматы//Айқап баспасы, 1993
7 Ө.Жаппархан. Билер алқасы тәртіпке шақырады//Егемен Қазақстан, 1995ж, 165-175 б.
8 Зиманов С.З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.Алматы. «Жеті жарғы», 1996ж, 85-90 б.
9 Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы. «Жеті жарғы», 1997, 35-40 б.
1 Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы. Қайнар, 1996, 175 б.
1 Ақышев А.К., Асылбеков М.Х. Қазақстан тарихы (очерктер). Алматы. Дәуір баспасы, 1994, 93 б.
1 Зиманов С.З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.Алматы. «Жеті жарғы», 1996, 85-90 б.
1 Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. Алматы. «Жеті жарғы», 1997, 35 -40 б.
1 Билер тарихы. Алматы. «Жеті жарғы», 1993, 52-58 б.
1 Б.Бабақұлы. Әз Тәукенің Жеті жарғысы//Ақиқат, 1993 №6
1 Ө.Жаппархан. Билер алқасы тәртіпке шақырады//Егемен Қазақстан, 1995 ж, 165-170 б.
1 Б.Бабақұлы. Әз Тәукенің Жеті жарғысы//Ақиқат, 1993 №6