Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 07:22, курсовая работа
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр.
Кіріспе………………………………………………………………………..…..3
1 ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА….............................5
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары..............................................................5
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар......................................7
2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЗАҢ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ...................................................................................................................9
2.1 «Қасым ханның қасқа жолы»...........................................................................9
2.2 «Есім ханның ескі жолы»...............................................................................13
2.3 Тәуке ханның жеті жарғысы...........................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттердің тізімі....................................................32
Әкесі Жәңгір ханның ерліккен толы қимыл-әрекеттері Тәуке ханның бойына дарығандықты аңғармасқа болмайды. Тәуке жас кезінен-ақ саясатқа жақын болған, әкесі оған жастығына қарамастан сенім артып, елшілікке жіберіп отырған.
Тәуке жас кезінде, бейнелей айтқанда, қазақ даласының емін-еркін бесігінде тербеліп, көшпелі өмірдің бар өсиет-өнегесін, ерлік-батырлақ қасиеттерін бойына сіңіріп өскен. Табиғат алғыр етіп жаратқан жанның балалық шағы жайлы әрқалай аңыздар да, әңгімелер де болған-ақ шығар.
Олар уақыт пердесінің арғы жағында қалып, әзірге бізге жетпей отыр. Болашақта көп мәліметтер мен деректер, кітаптарда және қолжазбаларда болуы әбден ықтимал.
Осындай деректердің тапшылығына байланысты Тәукенің қай жылдардан бастап хан болғандығы туралы деректер тарихи әдебиеттерде әртүрлі. Қазақ сахарасының дарынды философы Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің зерттеулерінде Тәукенің тек хан болып сайлануына ғана тоқталып, былай деп жазды: «Бұл әз Тәуке Салқам Жәңгірдің қалмақтың ханының қызы қатынынан туған баласы еді. Мұнан басқа Ургенштегі Ғайып ханның қызынан туған Уәлибақы Ғайып деген баласы бар еді. Жәңгірдің орнына әз Тәуке хан болғанда, хандыққа өкпелеп Уәлибақы Ғайып ханға кетіп еді». Бұл мәліметтен біз Тәуке ханның шешесі қалмақ екенін байқаймыз және Жәңгірдің тағын Уәлибақы емес, керісінше Тәуке басқаны кездейсоқ жағдай емес. Бұл негізінде Тәукенің ақыл-ой, парасатының терең болғанын тағы да айқындай түскендей.
Атап айтатын болсақ,
бәріміз білетін еліміздің
Тәуке хан Ташкент ауданында тұрады. Тәуке ханның тұсында да қазақ ылғи қалмақпен қағысып тұрса да өзге хандардың тұсындағы тыныс алмай жөнкілу, аттаныс, шабыншылыққа қарағанда сәл шабыншылығы аздау болып, тіршілік жасайды. Бірігіп өмір сүрген: қазақ, қырғыз, қарақалпақтың ірі руларында билік жүргізген алты бидің аты шығады. Ұлы жүзде Төле би (Дулат, Әлібек баласы). Орта жүзде- Қаз дауысты Қазыбек би, Кіші жүзде- Әлім руынан Әйтеке би, қырғызда Кәкім би, қарақалпақта – Сасық би, Қатаған- Жайма, басқа ұсақ рудан тағы бір би». Қазақ совет энциклопедиясының 10-шы томында Тәукенің хан болып сайлануы 1680 жылды қайталап жазған. Әрине, қазіргі уақытта жалпы әдебиетте қалыптасқан көзқарасты мойындай отыра біз Тәуке ханның таққа отыруын 1680 жылмен белгілейміз. Ал жалпы оның жылын анықтауды болашақ зерттеушілердің үлесіне қалдырдық.
Тәуке ханның ішкі және сыртқы саясаты. Тәуке хан қазақ елінің қасиетті қаласы Түркістанда ақ киізге көтеріліп, бүкіл үш жүздің ханы болып
сайланғаннан кейін қазақтың сол заманындағы қоғамының ішкі және сыртқы саясатына ерекше көңіл бөліп, сол кезеңнің өзінде-ақ ұлт мемлекеттілігін халықаралық деңгейге, биік дәрежеге көтеруге аянбай күш салады. Атап айтатын болсақ, Тәуке хан қазақ мемлекеттілігін нығайту үшін ең алдымен бет-бетімен ру-руға бөлінген, бір-бірімен қырылысып жатқан елінің ұлттық бірлігін сақтауға аянбай күш салады. Елдің басын біріктіру мақсатында ру басшыларының алауыздылық қимыл-әрекеттерін қолдағы бар тәсілдің бәрін қолданып тыюды мақсат етті.1
Тәуке хан ішкі саясатында қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты тыю үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсартуды күн тәртібінде қойды. Бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігі құру үшін бірінші санатта тұрған мәселе Шыңғыс хан ұрпағынан тараған, сұлтан, төрелердің және ерекше статусқа ие болған қожалардың, қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларын өзгертуге ден қояды. Ондағы мақсаты мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді. Қазақ қоғамында Шыңғыс хан заманынан қалыптасқан дәстүр бойынша ел басқару сұлтан, төрелердің маңдайына жазылған қағида болды. Соның нәтижесінде елді билеген сұлтандар басқару ісін өнер, ақылдылық, беделдік парасатпен емес, жиі-жиі жағдайда тек тұқым куалаған атағымен алып отыратын болған. Тәуке хан қолдағы бар мүмкіншіліктерді пайдаланумен халықтың, ел басшыларының санасына ел арасында өзінің ақыл-парасатымен, батырлық әрекеттерімен ел басқару ісіне бейімі бар дарынды тұлғаларды тарту қажеттігін сіңіруді саясатының ең басты мақсаттарының бірі деп таныды. Салыстырып байқайтын болсақ, Тәуке ханның бұл саясаты I Петр жүргізген саясатпен ұштасады. Бұл шаралар өзінің нәтижесін де берді. Қазақ қоғамының саяси аренасына осындай саясаттың негізінде халық арасынан шыққан дарынды билер мен елдің тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауда ерлік танытқан батырлар көтеріле бастайды. Мемлекеттік аппараттың құрамында үлкен өзгерістер болды. Атап айтатын болсақ, басқару процесіне бұрын беймәлім болған «Билер кеңесі» енгізілді. Бұл мемлекеттік орган қазақ мемлекеттілігінің саяси жүйесінде үлкен құқықтарға ие болумен қатар, сыртқы саясатты жүргізуде орасан зор рөл атқарды. «Билер кеңесі» сайланған алқалық орган ретінде талқыланған, қаралған мәселе бойынша қайта айналып қарауды қажет етпейтін шешім қабылдау дәрежесіне дейін көтеріле алған.
«Билер кеңесі» өзінің мемлекеттік функцияларын тұрақты түрде атқарып отырды. Үш жүз рулар арасындағы шиеленісті дауларды шешуде, сепаратистік қимыл-әрекет жасаған сұлтандарды және жалпы трайболизмді тежеуде өлшеусіз рөл атқарып отырды. «Билер кеңесінің» нақтылы мәселе бойынша қаралған істерінің шешімдері заң күшіне еніп, ханның өзі оны жоққа алмағандығын айта кеткен жөн. Бұл мемлекеттік органның құрамына негізінде ру, ел басшыларының жиналысында бата алған, яғни сайланған от ауыз, орақ тілді шешендер, аймаққа танымал болған беделді адамдар және ұрыстарда ерлік танытқан батырлар енген. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деген сөз содан қалса керек. «Билер кеңесінің» құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер мен батырлар кірген. Бұл органның қазақ қоғамында беделінің артқаны сонша, тіпті Тәуке хан оның келісімінсіз, бекітуінсіз мемлекеттік маңызы бар шешім қабылдауға құқы болмаған. «Билер кеңесі» өзінің мемлекеттік статусы бойынша ханның билігін шектеу құқына ие болған, көшпелі қазақ қоғамының тұрмыс-тірлігіне сай қалыптасқан ұлы даланың сол кездегі парламент және ең жоғарғы сот органы ханның ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша шешім қабылдауы «Билер кеңесінің» құптауын талап еткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ қоғамында атқарушы билік ханның қолында шоғырланған. «Билер кеңесі» шығарған заңдар мен шешімдерді хан іс жүзіне асырып отырған. Хан билік жүргізуді мұрагерлік жолмен қабылданғанмен мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша «Билер кеңесінің» ұйғаруынсыз шешім қабылдай алмайды. Тек тығыз мәселе бойынша тез арада шешуді талап ететін жағдайда хан өз тарапынан батыл қимыл-әрекеттер жасауға құқылы.
«Билер кеңесі» Тәуке хан құған мемленкеттілікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Халық мүддесіне қызмет еткен, ішкі және сыртқы саясат жүргізуде тиімді, даналық қызмет атқарғанына тарихтың өзі куә. «Билет кеңесі» негізінде Сырдарияның бойында орналасқан Әңгірең, Түркістан мен Сайрам жерінде орналасқан БИтөбе, Мәртөбе сияқты жерлерде шақырылып тұрған. Тарихтан мәлім, Тәуке ханның тұсында, әсіресе, 1698-1717 жылдар аралығында қазақ елінің территориясына жоңғар феодалдары баса-көктеп кіріп, бейбіт өмір сүріп жатқан көшпелі қазақ халқының кең даласын қанға бояды. Дәл осындай қиын-қыстау кезеңде Тәуке ханның ірі қолбасшылық, реформаторлық қасиеттері айқын көрінді. Ішкі әскери стратегиялық саясатта Тәуке хан қазақ даласында шайқастың бірнеше тактикасын ойлап, тауып, жаудың қарулы күштері мен жасақтарын әлсіретіп барып, ойсырата соққы беруді дағдыға айналдырды. Қазақ әскері негізінде Шыңғыс хан құрған әскери басқаруды қайта жандандырды. Әскерде қатаң тәртіп орнатылды.
Әскерде басшылық ету Онбасы, Жүзбасы, Мыңбасы болып қалыптасты. Мыңбасын Тәуке ханның ұсынысымен «Билер кеңесі» аса ерлік көрсеткен, ақылгей батырларды бекіткен. Бас қолбасшылық Тәуке ханның қолында болды. Тәуке ханның әскерінің жалпы саны соғыс жылдарында 80 мың сарбазға жетіп отырған. Ал бейбіт өмір сүрген кезеңде, Қысқы мерзімдерде хан ордасында 500-1000-ға жуық тұрақты жасақтар ғана болған. Олардың негізгі функциялары хан ордасын ішкі бүлікшіліктен қорғау және ханның қауіпсіздігін сақтаумен шектеліп отырған. Тәуке хан әскердің соғысу қабілетінің күшті болуына ерекше назар аударған. Соғыс өнерінің әр саласынан хабары бар адамдар жауынгерлерді арнайы дайындықтан өткізуді мақсат еткен. Дайындық барысында жауынгерлер ат үстінен садақпен оқ ату, аттан аударып түсіру, арқан тастау сияқты соғыс өнерін жетік меңгерген болған.
Сыртқы саясатта Тәуке хан ең әуелі жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беруң мақсатында көрші мемлекеттермен қатынасты нығайтты. Ең алдымен Тәуке хан діні бір, тілі бір тілдес көрші орналасқан Бұхарамен дипломатиялық қатынастарды биік дәрежеге көтерді. Екі ел арасында негізінде қақтығыстар бір-бірінің керуендерін тонаудан болып тұрды. Тәуке хан өзінің арнайы жарғысымен қазақ жерінен өткен Бұхара елінің керуен, саудагерлерін тонауға тыйым салды. Бұдан былай ондай әрекеттер болған жағдайда кінәлі адамдар қатаң түрде жазаға тартылған еді. Бұхарада Тәуке ханның бұл қадамдары жылы қабылданды, қазақ еліне жасалынып жатқан шабуылдар пышақ кескендей тоқталды. Бірақ Тәуке ханның Бұхара басшыларын Жоңғар шапқыншылығына қарсы бірге күреске шақыруы ешқандай қолдау таппады, не болса да соғыстың артын бағу саясатын көздеген еді.1
Тәуке хан 1686-1693 жылдар аралығында Ресейге өз елшілерін жібереді. Ондағы мақсаты – қазақ қоғамымен, оның бай мәдениетімен орыс елін таныстыру, екі ел арасындағы сауда қатынастарын жандандыру еді. Ал, кейінрек, 1714 жылғы жоңғарлардан қатты соққы алып, жеңілгеннен кейін Тәуке хан Ресеймен достық қатынастарды нығайтуды және онымен одақтасуды өзінің сыртқы саясатының ең маңызды мәселесі деп таниды. Жоңғарлар басып алған қазақ жерін азат еті үшін I Петр патшадан көмек сұрауға дейін барады.
1694 жылы Тәуке хан Түркістанда Феодор Скибин, Матвей Трошихин деген орыс елшілерін сән-салтанатпен қабылдап, қазақ елінің әскери күшін көрсете отырып, келіссөз соңында оларға батыл түрде: «Түрік сұлтанының немесе Қызылбас (Парсы) шахының менен, Тәуке ханнан несі артық? Олар да мен сияқты ғой» - деп сөз қайтарған екен. Бір сөзбен айтқанда, ол қазақ елінің сол кездің өзінде барлық елдермен тең құқықтық жағдайда болуын талап еткен, отарлық саясаттың қандай түріне де үзілді-кесілді қарсы тұрған.
Тіпті қазақ пен орыс халықтарының арасында қақтығыстар болып қалған жағдайдың өзінде өз халқының ұлттық ар-намысын аяққа бастырмауға тырысқан. Осыған бір дәлел. 1709 жылы Ресейде Кондратий Булавиннің патшаға қарсы жасаған көтерілісі жеңіліске ұшыраған соң, оның туының астында болған мындаған орыс казактары I Петрдің жазаға тарту саясатынан қашып, Дон өзенінен өткен соң даласына қарай бет алады. Бұлардың көбісі баукеспе қарақшылар, орыс өкіметінің заң алдында жауапқа тартылуы қажет, бірақ қолға түспей қашып кеткен қау»іпті қылмыскерлер тобы болған. Соның нәтижесінде бұл қарақшылар Еділ мен Жайық өңірінде қоныс теуіп отырған қазақ халқына қырғидай тиеді. Қазақ елінің қонысын ғана тартып алып қоймай, бейбіт өмір сүріп отырған қазақтарға қарсы айуандық, бассыздық, зорлық-зомбылық әрекеттер жасайды. Мылтықпен қаруланған орыс казактары көшпелі елдің өміріне ойран салады, еркін даланы қанға бояйды.
Тәуке ханның «Жеті-Жарғысы». Тәуке ханның реформаторлық қызметінің сапынан ерекше орын алатын мәселе-қазақ қоғамының құқықтық жүйесін қалыптастыруы. Мемлекетті нығайтып, тәртіп орнату үшін тиімді, халық мүддесіне сай келетін, орындалуы арнайы тетіктермен қамтамасыз етілетін заң жүйесі болуы шарт. Бұл қағиданы Тәуке хан аса көрегендікпен түсінген. Құқық жүйесін жасау қызметіне қазақ қоғамынан өздерінің қара қылды как жарған әділ шешімдерімен елге танымал болған билерді тарта білді. Олардың негізгі өзегін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке би құрады. Соның негізінде дүниеге келген қазақ қоғамының ұлттық хартиясы – «Жеты Жарғы» дүниеге келді. Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетін құқықтық құжат емес. Оның мәні және мазмұны жағынан көшпелі қазақ халқының этикалық, шаруашылық ұйымдастыру және географиялық ерекшеліктерге сай қабылданған аса кұнды құқықтық ескерткіш болып табылады.
«Жеті Жарғының» әрбір бабы қазақ халқының әлеуметтік практикасының жемісі, ұлтты қорғау үшін, көшпелі қоғамдық қатынастарды тиімді реттеуге қабылданған және талқылау барысында идеялық пікірталас, билердің данагейлігінің қорытындысы. «Билер кеңесі» бекіткеннен кейін ауызша түрде ел арасына таралған. Тарихи, құқықтық әдебиеттерде «Жеті Жарғы» қай жылы қабылданғаны туралы мәліметтер жоқ. «Жеті Жарғыны» тұңғыш болып зерттеген шығыстанушы ғалым Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады деген пікір айтады. Басқа әдебиеттерде қабылданған жыл көрсетілмейді. Біздің ойымызша, «Жеті Жарғы» 1684-1685 жылдары қабылданған құқықтық құжат. Олай дейтін себебіміз, қазақ қоғамына аса маңызы бар бұл заңдарды жылдық аралық ішінде қабылдау ешқандай ақиқатқа сай келмейді. «Есім ханның ескі жолын», «Қасым ханның қасқа жолы» сияқты қазақ халқының заңдарын бір жүйеге салу, жаңа нормалар енгізу, ескі заман талаптарына сай келмейтін нормаларды жоққа шығару жұмыстарын Тәуке хан 1680 жылы таққа отыра салып жасап үлгерді деуіміз ғылыми шындыққа сай келмейді. Заң шығару үшін арнайы дайындықтар қажет, пікірталас болуы шарт. Үш жүздің өздеріне тән болған, ерекше мазмұндағы әдет-ғұрыптық құқық жүйесін бір арнаға тоғыстыру уақытты, кеңесті, данагейлікті талап ететін ұзақ мерзімнің шаруасы. «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деген сөз сол мағынаны берсе керек. Қазақ ұлтының аса патриот ақыны, қоғам қайраткері Мағжан Жұмабаев «Түркістан» деп аталатын әйгілі өлеңінде әдеттік құқық жүйесі ісінің күрделі, қиын және маңызының тарихта зор болғанын былайша суреттейді:
Әділхан аз болды Назардайын,
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен,
Басында Күлтөбенің Құрылтайын.
Ал кезінде Тәуке ханның әрі елшісі, әрі кеңесшілердің бірі болған
Қожаберген жырау «Жеті Жарғының» пайда болуы хақында былай дейді:
Шығатайдан соң орнына Тәуке қалды,
Кезінде әз-Тәуке деп атақ алды.
Қазыбек, Төле, Әйтеке ақылшы боп,
Дейтұғын «Жеті Жарғы» заң шығарды.
Әз Тәукенің «Жеті Жарғысына» теориялық-ғылыми тұғырдан талдау жасап қарасақ оның әрбір бабы, талаптары мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес келетінін байқаймыз. Тіпті кейбір мәселелерді заң нормасына айналдыруда заман талабынан асып, көрегенділіктің нағыз данышпандылығын танытқанын аңғармасқа болмайды.
Атап айтсақ, бұл құқықтық документ қазақ халқының ұлттық бірлігін нығайтуға, рулар арасында алауыздықты тежеуге, жоңғар шапқыншылығына қарсы елді бір тудың астына топтастыруды өлшеусіз рел атқарды.