Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 07:22, курсовая работа
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр.
Кіріспе………………………………………………………………………..…..3
1 ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА….............................5
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары..............................................................5
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар......................................7
2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЗАҢ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ...................................................................................................................9
2.1 «Қасым ханның қасқа жолы»...........................................................................9
2.2 «Есім ханның ескі жолы»...............................................................................13
2.3 Тәуке ханның жеті жарғысы...........................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттердің тізімі....................................................32
Қасым хандық билікке өте қартайған кезінде келді. Ресми түрде 1511 жылдары хандық билікке келсе, қасым 60-тан асқан адам болды, яғни ол тәжірибелі, білімді болып келді. Нәтижесінде елдәі саясатына байланысты елді біріктіру және реттеу мақсатында «Қасқа жолды» енгізеді. Бұған халық риза болып ұнатып оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады.
Қасым хан кезіндегі жарлықтардың бір ерекшелігі қатал кесім, қанды өлімге салған. Әріден беріге қанды өткел салып, қарғыс зауалындай суық түсті, суық сұсты ажалын сүйреп жеткен «қанға-қан, жанға-жан» дейтін тоқтам-байламды барынша жеңілдетіп, енді құн төлеу сияқты жаза, кесік түрлерін далалық правоға енгізген болатын.
Көшпелі қазақ қоғамда талиондық принцип кеш басталып, баяу жүзеге асса да «қанға-қан, жанға-жан» принципімен толықтырылып отырған. Қылмыстық іс-әрекеттер үшін жауапкершіліктің мүліктік түрлері де (құн, айып) кең қолданылды. Мүліктік талаптар жазалау ғана емес, келтірілген шығынның орнын толтыру және кекті қанағаттандыру деп саналған.
Мүліктік талаптар құн және айып деген екі түрге бөлінетін. Құн негізінен малдан тұратын болды. Ер адамды өлтіргені үшін 1000 қой, ал әйелді өлтіргені үшін 500 қой берілген. Қасым ханның әдет-ғұрып заңы бойынша кісі өлтіруші айыпкердің шаңырағы ортасына түсіріліп, қара орманы бүлдіргісіне дейін түк қалынбай түгел таланып, өзі өлім жазасына бұйырылатын болған. Оны – «қара қазан» төлеу деп атаған. Айыптың жоғарыда атаған үш түрін қолданған. Енді жазаға келсек, қазақтардың әдет құқығы қылмыскерді жазалауда тікелей болды, яғни өлім жазасы (халық жиналысының шешімі бойынша қолданылды); жазалау арқылы өсиеттеу («басты жару» - найза не пышақпен бастың терісін тіліп жіберетін); дене жазалары (негізінен үй ішіндегі жаза) сияқты түрлері болды. Сол кезде жазаның ежелгі түрлері де пайдаланылатын, мысалы – «қара найза». Айыптыны жерге қағылған, жоғарғы ұштары түйіскен үш найзаның астына отырғызып қоятын. Көшпелілердің ежелгі сенім-нанымдарымен байланысты жазалаудың басқа түрлері де сақталды.
Мысалы, адамды жерде сызылған дөңгелектің немесе киіз үй керегесінің ішіне отырғызып қоятын. Бұл аса қорқынышты саналып, сирек қолданылатын. Тағы да басқа билер «сөгіп тастау» және «түкіріктеу» сияқты жазаны қолданып жүрді. Ел аузындағы аңыздарға сүйеніп, халықтық дастандарға жүгінсек, онда Қасым түзген «Қасым ханның қасқа жолының» ұзын ырғасы төмендегі жосындарды қамтуы ықтимал.
Бірінші һәм негізгі сала – жер дауы. Жерді қазақ қауымы аса қадірлеп, сыйлады. Қыс қыстау, жаз жайлау, қоныс, құдық-мал баққан елдің атадан балаға мирас қып қалдыратын еншісі. Өткені жер-атамекен, кіндікжұрт, отан.
Жер – тіршілік етер ортасы, баба моласы, кіндік байлардың қасиетті тұрағы. Сондықтан көшпелілер үшін жерден киелі ештеңе жоқ. Жер дауынан қиын дау да жоқ.
Екінші сала – ұрлық пен қорлыққа, барымта мен сырымтағы кедергі қойып, бұқараны адалдыққа шақырып, еңбекпен күнелтуге бейімдеген заңдар тізбегін қамтиды. «Арам жемейік, адал өлейік» дейтін пікір сол кезде қалыптасса керек.
Үшінші тармақ – ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, сыртқы жауға тойтарыс беру, жасақ құру, сардар сайлау, сауын айту тәрізді жаугершілік кезіндегі мемлекеттік ірі оқиғаларды қамтыған ереже-қағидалар шоғырын түзсе керек.
Төртінші тармақ- ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау-дамайды әділдікпен шешуге арналған. Ынтымақтық тілеген ел дауды білекпен емес, билікпен тындыруды көздегені ақиқат. Сондықтан бұл тармақтың қазақ даласы үшін мәні зор екені даусыз.
Бесінші сала – үй ішілік тірліктегі сыйластық, той, ас, байланыстылық, әке мен бала, ене мен келін арасындағы, қарым-қатынас, үлкен мен кіші арасындағы сыпайыгершілік, ата-анаға деген құрмет, қонақжайлық, жастарды тәрбиелеу, баулу сияқты инабаттылық шаралары. Өйткені, «Баланы жастан» дейтін қағиданы қатты ұстаған халқымыз ұл-қызын ибалыққа үйретті, имандылық қасиетке икемдеп отырған.
2.2 «Есім ханның ескі жолы»
1598 жылы туған ағасы Тәуекел-
Есім хан – Шығай ханның баласы,
ол бұрын Қазақ хандығының Түркістан
қаласындағы хан ордасында
Сонымен, қазақ хандығын екіге бөліп, бірі Түркістан қаласын орталық еткен Есім хан, Ташкент қаласын орталық еткен Тұрсын хан билеген еді. Бұлардың арасында соғыс қақтығыстары болды. Бұл екі жақ ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ билеушілерінен өздеріне одақтас-жасақтар іздеуге кірісті. Есім хан Яркент хандығына қарсы болып Тұрпанды билеген Әбдірахим ханмен одақтасты. Ал Тұрсын ханжағы Яркент билеушісі Шамай Ахметтің жақтасы болды. Бұлармен одақтасып отырған Әбдірахим мен Ахметтер де бір-бірімен жауласып отырған билеушілер болатын. Есім хан өзіне мықты сүйеніш ету үшін Яркент ханы Әбдірахиммен құнды құдандалық байланыс орнатты. Есім хан Әбдірахимнің қызы Патша ханымға үйленеді де, ағасы күшік сұлтанның қызын Әбдірахимге береді. Есім мен Тұрсын хан арасында күрес шиеленісе түсті, 1627 жылы Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп, қазақ хандығын өз қоластына біріктірді. Есім ханның феодалдық бытыраңқылықты жеңіп, қазақ хандығын біріктіру жолындағы күрестері қазақтың «Еңсегей бойлы Ер Есім» атты тарихи жырына өзек болған. Есім хан Ташкент қаласына білдіртпей түнде кіріп, хан сарайының күзетшілерін байлап тастап, Тұрсын ханды қаперсіз ұйықтап жатқанда қапылыста өлтіреді, солайша Есім шошып оянған Тұрсын ханның басын алады. Есім хан өзінің саясаткерлігімен өз қазақ халқының тұтастығы мен бірлігін нығайту жолында көп қилы да қиын күреседі. Есім хан өз хандығында ішкі саясатта ғана емес, сыртқы немесе әскери саясатында өте үздік болған. Сондықтан соғысу тақтикасын жақсы меңгерген екен. Соның бір дәлелі бұхарлықтармен қақтығыстар кезінде көрінеді. Тағы басқа, есім хан қазақ-қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды. Еңсегей бойлы Ер Есім хан тұсында, Қазақ Ордасы кемеліне келіп тұрған заманда, ойрат, яғни қалмақ жұрты мен алаш жұртының арасындағы ежелгі қайшылық біржола ушығады, бұдан жетпіс-сексен жыл бұрын басталған тынымсыз майдан енді, бітіспес күреске ұласады. Махмуд ибн Уәлидің айтуына қарағанда Есім хан 1628 жылы қайтыс болған. Ал «Қазақ Совет энциклопедиясының» мәліметіне қарағанда Есім 1645 жылы қайтыс болған көрінеді. Олай болса Есім ханның жаңағы қалмақтар жорығында 1643 жылы болғаны ықтимал.
Сонымен Есім ханның саясаты мен күшті әскерін оның маңызды еңбегі десек те болады, яғни «Есім ханның ескі жолы» аталатын заң желісі, Есім ханның 40 жылдан артық хандық етіп тұрған кезінде, өзінен бұрын өткен шөбере жердегі атасы Қасым ханның қалдырған «әдет-ғұрып, салт- сана» заңдарына сүйеніп, көптеген «жол-жоба, кәде қаумет» заңдарын шығарған. Есімнен кейінгі қазақты билеген хандардың кезінде қолданылғаны «Есімнен қалған ескі жол-жоба» болғандықтан, кейінгілер «Есім ханның ескі жолы» атандырыпты. Есім хан көбінесе жорықтарда жүрген. Сондықтан ол «Қасым ханның қасқа жолына» көп өзгертулер енгізбеген. Деректер бойынша Есім хан ердің құнына 100 жылқы, алты жақсы түйе (6 түйе) кесім көрсеткен. Бұдан басқа ол өнер құны, сүйек құны деген үстеме құн белгілеген. Әйел құны алынатын қалың малы шамасында төленген. Біз мұнан әйел құны әкесінің ауқаттылығына қарай төленіп, сол дәуірдегі тап теңсіздігінің көрінісіне куә боламыз. Есім хан заң желісінде әскери мәселелерге көп көңіл бөлген. Мүмкін Шыңғыс ханның «Жаса» заңына жақын болуы ықтимал.
Сонымен, Қасымның да, Есімнің де хандық құрған кездері Қазақ мемлекетінің аумақтық жағынан кеңейіп, халқының саны молайып, өкілеттің орталық билігі тұрғысынан алғанда қатайып әне күшейіп, өз заманындағы ірі де қуатты монархияға айналған дәуірлері. Әрине, бұл уақыт аралықтарында Қазақ мемлекеті әлі толық қалыптасып бітпеген еді, ол даму және құралу жолында болатын. Хандық билік қазақ халқының этникалық аумағын біріктіру, соның басын қосу мақсатында әр түрлі әскери жорықтар ұйымдастырып жатты. Сырдария қалалары үшін аумалы-төкпелі, қиян-кескі айқастар жүргізілді, көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатыла бастады. Яғни, бұл кезеңдері мемлекеттің сыртқы саяси ахуалы толық орнықпаған, соған сай ішкі жағдайы да бұлғаққа бейім, саяси құрылысы аяғына дейін қалыптасып бітпеген еді. Мінеки, осы жәйттің барлығы қоғамдағы құқықтық жүйенің тыныс-тіршілігіне әсер етпей қалған жоқ, оның ішкі мәнін және сыртқы кейпін қалыптастырып, мемлекеттік билік пен әдет-ғұрып құқығы нормаларының арасындағы өзара байланысты анықтауда негізгі рольдердің бірін ойнайды.
Көшпелі қазақ қоғамында пайда болған әдет-ғұрып құқығы нормаларының тұнғыш ресми жинақтары – «Жолдар» - ауызша дайындалып қабылданған. Бұл жинақтарда әдет-ғұрып құқығы нормалары тұтастай қамтылмаған. Көріп отырғанымыздай Есім мен Қасымның жинақтарында қомақты орын әскери және елшілік нормаларға берілген. Бұл түсінікті де. Себебі, жас мемлекеттің ең басты мақсаты – күн астындағы өз орнын табу және соны нығайту еді. Халықаралық және мемлекетаралық қатынастардың жеке-дара субъектісі есебінде өзін таныту және сол деңгейде әркез көріне білу болатын. Сондықтан да сыртқы жаудан қарғана білу, дер кезінде әскери қосын жасап оны жарақтандыру, жеңілген аумақтан алым-салық жинау мәселелеріне арналған әдет-ғұрып нормаларын, жол-жораларын ұтымды пайдалану – кезек күттірмес қажеттілік болатын. Сондай-ақ, ел мен ел, мемлекет пен мемлекет аралық қатынастарда қолданылатын ережелерді жинақтап, оны өз жөнімен қолдана білу де – ең жоғары өкімет билігі тұрғысынан реттеуге және жүргізуге тиісті құқықтық саясаттардың бірі болу керек еді. Есім мен Қасымның жинақтарында бұл нормаларға да арнайы орын берілді. Негізінен қазақ хандығының заңдарының негізі-феодалдық базис пен патриархалдық-феодалдық өндірістік қатынас болды. Оның міндеті: феодалдық базиске қызмет ету, феодалдық меншікті қорғау және нығайту, феодалдық үстем таптың еңбекші халық бұқарасын езіп – қанауын заңды ету, еңбекші халықтың феодалдық қанауға қарсы күресін басып-жаншып тұншқтыру еді. Бұл заңдарда феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау шараларды шешуге баса мән берілді. Феодалдық құққа қайшы келгендер қатал жазаланып отырды.
2.3 Тәуке ханның жеті жарғысы
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас, құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз. Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә. Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән. Оның себебі негізінде Тәуке хан туралы мәліметтердің сол заманнан бері архив қазыналарында сақталмауы және тарихи зерттеулерде ізденіс болмағандығы. Жалпы жарық көрген тарихи әдебиеттердің беттерінде Тәуке хан туралы мәлімет өте жұтаң, тіпті бір-екі ауыз сөзбен шектелетіні бәрімізге аян. Батыр да, хан да, қара да, өз заманының перзенті Тәуке хан өз дәурінде қазақ, орыс, қытай, жоңғар және басқа Шығыс халықтарының тарихында ірі қайраткер, көрнекті қолбасшы ретінде де елеулі орын алған. Ал өз елінің өміріндегі дипломат-мәмілегер, данышпан айлакер қолбасшы, әдеттік құқық системасының реформаторы және ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салған ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.
Бізге жетіп отырған тарихи деректерде Тәукенің туған жылы белгісіз, ал қайтыс болған жылы туралы ғылыми зерттеулерде қарама-қайшы пікірлер бар. Жарық көрген тарихи әдебиеттерде Тәуке 1718 жылы дүние салды деген пікір тұрақты болып қалыптасқан. Ал белгілі қазақ тарихын зерттеуші ғалым В.А. Моисеевтің тұжырымдауынша Тәуке ханның есімі орыс тарих- намасында сақталған құжаттарда 1716 жылдан мүлдем кездеспейді. Оның ойынша, осыған қарағанда Тәуке хан 1715ж қайтыс болуы әбден мүмкін. 1
Бұл мәселе болашақта
негізінде қытай тіліндегі
Тегі жағынан алып қарайтын болсақ, Тәуке хан Есім ханның немересі, Жәңгір ханның баласы. Шежіре түрінде былайша көрінеді: Керей – Мұрандық – Жәдігер – Шығай – есім – Жәңгір – Тәуке. Одан Болат, Сәмке, Қосым, Қасым, Қөшын, Ғайып, Мұрат, Тұрсын. Бізге жеткен деректер мен аңыз әңгімелерге қарағанда Тәукенің әкесі Жәңгір хан бар өмірін қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаумен өткізген, өзі жаумен кезекті шайқаста ерлікпен қаза тапқан. Халық оны «Салқам Жәңгір» деп атап кеткен. Жәңгір хан туа біткен данышпан, көрегенді қайраткер және соғыстың әртүрлі айла-тәсілдерін, ұрыстың өзіндік ерекшеліктерін пайдалана білетін ірі қолбасшы ретінде танылады. Ол қазақ жерін сыртқы жаулардан қорғауда баға жетпес еңбек сіңірген, елінің тәуелсіздігін сақтау мақсатында келер ұрпақ алдында сүйіспеншілікке бөленген ірі болғаны ақиқат, тарихи шындық.