Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 07:22, курсовая работа
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр.
Кіріспе………………………………………………………………………..…..3
1 ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА….............................5
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары..............................................................5
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар......................................7
2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЗАҢ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ...................................................................................................................9
2.1 «Қасым ханның қасқа жолы»...........................................................................9
2.2 «Есім ханның ескі жолы»...............................................................................13
2.3 Тәуке ханның жеті жарғысы...........................................................................17
Қорытынды.......................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттердің тізімі....................................................32
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
1 ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА…....................
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары....................
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы
нормалар мен қағидалар.....................
2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ЗАҢ
НЕГІЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ.......................
2.1 «Қасым ханның қасқа жолы».........................
2.2 «Есім ханның ескі жолы».........................
2.3 Тәуке ханның жеті жарғысы.......................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттердің
тізімі........................
Кіріспе
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет - ғұрып нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек, өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын, бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.
Тақырыптың өзектілігі. Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары - өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің, қоғамдық емірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек. Әдет -ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұғынып, түсіну олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Демек, әдет - гұрып құқығын зерттеуде бірізділік, біржақтылық сарыны біршама орын алған.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Ендігі міндет жеткен жетістіктерді ескере отырып, сонымен қатар жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру, аталмыш мәселені зерттеудегі, оған баға берудегі кеткен қателерден уақытылы арылу. Сөйтіп, әдет - ғұрып құқығын құқық формасы ретіндегі өмір арнасының шынайы табиғатын ашу қажет.
Жұмыстың жаңалығы. Көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік биліктің ең кең және шырқай дамыған саласы - сот билігі болатын. Ол мемлекеттік биліктің іске асуының негізгі құралының бірі еді, сондықтан сот қызметі (билердің құқықшығармашылық қызметі) өкімет органдары жүйесінде әмбебабтық сипатқа ие.
Қазақ қоғамындағы сот билігі бірнеше даму кезеңін басынан өткерді. Осыған сәйкес оның құрылымы, қызметінің мәні мен мазмұны және бағыт бағдары да өзгерістерге ұшырады. Сот билігінің негізгі кейіпкері — би, ал құқықтық негізі - әдет - ғұрып құқық нормалары болғандықтан, олар да тарихи сабақтастыққа сот эволюциялық даму үстінде болды.
Ұсынылып отырған диплом жүмысында әдет- ғұрып құқығын құқық формасы ретінде көпаспектілі жүйелік кұбылыс тұрғысынан қарастырып, соның ішінде көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының сипатына ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, дәстүрлі қазақ қоғамындағы билердің құқықшығармашылық қызметінің орнының биіктігі сонша, ол кейбір кездері хан билігінен де жоғары тұрған. Қалай десек те, билердің құқықшығармашылық қызметінің нәтижесі қазақ қоғамында беделді, халыққа кең тарамды- билердің шешімі, төтенше билер съезінің ережелері.
Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғырығуы бірте-бірте құқықтық саланы қамтып, дәстүрлі құқықтық жүйені жаңа қырынан зерттеуге жол ашады.
Қорғауға ұсынылып отырған негізгі тұжырымдары:
әдет-ғұрып құқығы екі негізгі кезеңдерді қамтиді: мемлекетке дейінгі және мемлекеттік.
Әдет-ғұрып құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып нормасының ерекшелігін, оның орны мен маңызын зерттеей келе, әдет-ғұрып нормалары былайша жіктеледі:
а) Айқындалған көрініс дәрежесі бойынша-норма идеяға, норма принципке және норма ережесіне;
б) Құқық жүйесіндегі маңызына (ролі мен орнына) және жұмыс жасау көлемі бойынша - басты және жергілікті;
в) Пайда болу тәсілі бойынша - бастапқы және қайталанушы;
г) Көрініс (тіршілік ету) формасы мен жүзеге асырылу ерекшелігіне байланысты-синкретті және жіктелген.
1 ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
Әдет заңдары өз бастауларын тереңнен алған. Тайпалық одақтар сол кездегі әдет заңдарымен биленді. Соның ішіндегі ең құндысы саяси мұрагерлік әдет заңдары болды. Сақтар дәуіріндегі көшпелі тайпалардың қоғамдық құрылысына әскери демократиялық белгілері тән болды. Оның құрылысының әлеуметтік негізі қандас-туыстас және одақтас тайпалар болды. Сақтардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылар да әскери демократия сатысын бастан кешірді. Олар тайпалардың тұрақты одақтарын құрды, өздеріне патша сайлай алды. Ондай қоғамның ұйытқысы рулар еді. Соғыс бола қалған жағдайда олар өздерінен рубасылар бастаған әскер жасақтарын шығарды. Ғұндардың одағы 24 бөлшектен құралған, олардың әрқайсысын рубасылар басқарған.
Ғұндардың ел билеушісін «Тәңір-құты» деп атаған. Ғұндардың б.з.д. ІІІ ғасырда: «Ұлықтардың лауазымы мен мәртебесі атадан балаға мұра болып қалады»1 - деген заңы болған. Бұл заңда мұраға қалатын атаның тағы мен мәртебесі. Тақ билігі – мемлекет басқару билігі, бір елдің саяси, әкімшілік және әскери билігінің бір қолда шоғырланған көрінісі. Мәртебе – ризық, атадан балаға қалған ел, жер және байлық. Елді билеп келген мәртебелі әкенің сіңірген еңбегі даусыз, ол көз жұмарда тақты ұлына қалдыруы да заңды. Оның ұлдары мен әулеті ел билеу істеріне араласады, ел басқарудың қыры мен сырына қанығып өседі, үйренеді, жетіледі, даярланады. Бұл ел билігін сенімді қолға тапсырудың және оны сабақтастырудың алғы шарты. «Үйсіндер ғұндармен әдеттес». Үйсіндердің мұрагерлік заңында «Әке өлсе, ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер» деген бар. Үйсіндер ел билеушісін «Күнби» деп атаған. Үйсіндердің саяси өмірінде «билер Кеңесі» болған. «Билер бітімі» біріншіден дауларды шешіп ел ішін алалықтан сақтап келсе, екіншіден мұрагерлік институтқа да ықпал жасаған, яғни билер мұрагерлік заңды бұзуға жол бермеуге тырысқан.
Мұрагерлік үрдіс түркілерде де болды. Түркілерде мұрагердің таққа отыруы алдыңғы қағанның ауызша өсиеті, тәңірінің қалауы және сайлам сияқты үш түрлі жолмен іске асырылып отырды. Түркілерде де «Әке өлсе ұлы мұрагер, аға өлсе іні мұрагер» болды. Түркілер мұрагер таққа отырғанда киіз жаю, атқа мінгізу, киізді «күн» деп айналу, мұрагерлікке отыру жосығына киелі оқ берген, қағанның билігі тәңірінің қалауымен дарыған деген түсінікті санаға сіңірген.
Түркілерде кей кездері қағанның таққа отыруын ел ақылшылары «билер Кеңесі» мақұлдайтын түрлері де болған. Түркі заманында қағанның таққа отыруы мұрагерлік, тәңір талғамы және сайлам сынды үш фактордан тұрды. Мұрагерлік - негіз; сайлам – мұрагерлікті ел болып тану; ал тәңірі талғамы – қаған билігін жаратқанның жарылқауы деп қасиет беріп көрсету болған. Ежелгі тайпалардағы саяси мұрагерліктің өзіне тән ерекшеліктері де болды, яғни:
1. Мұрагерлік мұраға қалатын өмірлік лауазым, ірге бүтін, ел іші
тыныш болса мұра мұраға ұласады.
2. Мұрагерлік билігі
шектеусіз лауазым. Биліктің
Осылайша қалыптасқан Түрік қағанаты кейін Шығыс және Батыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінген. Әрбір қағанат өз алдына жеке саяси құрылым болып, өздерін «Ел» деп атаған. Түрік қағанаттарының әлеуметтік құрылымы күрделі болды. Ол байлардан, шығайлардан (кедейлер), таттардан (тәуелді шаруалар), құлдар мен күңдерден құралды. Мемлекеттік ұйымының басында қаған тұрды. Құқықтық әдет-ғұрыптармен қатар жазба заңдар да болды. Оларды «Төру» деп атаған. Бұл ұғым ХУІ ғасырға дейін қолданылып келді де, одан кейін «Төре бітігі» деп аталатын соңғы заңдар жинағы қабылданған. Заң шығару ықтияры қағанның қолында болды. Қазақтың «жарлық» деген сөзі түрікше «ярлық» деп айтылады.
Осы ежелгі заманда қалыптасқан
құқықтық ұғымдар кейінгі кезеңдердегі
саяси құрылымдардың
«Ясса» бойынша басыбайлылық қатаң тәртіп орнатылды. Әскери тәртіпті бұзушылық, құқықтық тәртіптен сәл ғана ауытқып, жаза басқандарға дереу өлім жазасы қолданылды.
Алтын орда заманында ескі негізде жаңа жағдайға сай Өзбек ханның,
Едіге бидің Низам жүйелері қабылданды. ХУ ғасырдың ортасына таман Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Керей мен Жәнібек Өзбек хандығына қайтып келіп, өкімет билігін өз қолдарына алады. Сөйтіп қазақ мемлекеттігінің негізі Қазақ хандығы құрылды.
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
Көшпелілердің құқықтық
мәдениетінің халық тұрмысына және
тіршілігіне барынша
Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормалары ресми және биресми нысандарда өмір сүрді. Бидің билігі, ханның жарлығы, ереже-көшпелілердің құқықтық нормаларының ресми түрде әдеттік нормалар өсиет, өнеге, бата, үлгілі сөз, нақыл, мақал-мәтел, афоризм бейнесін иеленді. Бидің билігі - әдет-ғұрып құқығы нормаларының ұзына бойғы өмір сүру тарихына тән құбылыс. Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-салық төлеу, астана таңдау, әскер ісі, көшу-қону мәселелерін реттеу салаларында біршама орын алды. «Хан устанавливал с согласия и по совету верхушки феодалов важнейшие государственные налоги и другие сборы и порядок их взыскания», - дейді Т.М.Культелеев еңбегі.1
Әдет-ғұрып құқығының қағидалары биресми түрде өсиет, бата, үлгілі сөз, нақыл, мақал-мәтелдер, айшықты афоризм нысандарда өмір сүрді. Өсиет, бата айтудың бір түрі-жалпы құқықтық өмір жайлы, оның мәні-мақсаты, бұл саладағы қолданылар ереже-нормалар жайлы атақты бидің әңгімесі. Мақал-
мәтел, айшықты афоризмдер
- әдет-ғұрып құқығының кең
2 ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛҒАН
ЗАҢ НЕГІЗДЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
2.1 «Қасым ханның қасқа жолы»
Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң болды. Бұл заң сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттермен хандықтар да жаппай қолданылып отырған ислам дінінің «шариғат» заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.
«Қасым ханның қасқа жолы» атанған, әрі ел басқару ісінде қолданылған әдет-ғұрып заңдарының негізі ежелгі әдет-ғұрып заң нормаларына сүйенген. Жошы ханның екінші баласының тұқымы хан өзінен жоғары бесінші ата жердегі бабасы – Жошы ханның тәртіп-заңдарындағы кейінге қалдырып кеткен «әдет-ғұрып» жол-жораларына, дәуіріне сай кейбір өзгерістер енгізген.
«Қасым ханның қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құқықтық заңдарын қалыптастырады, әдет- ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы, ру- тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды.
Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы «Қасқа жолда» көрініс тапқан тәріздес. Бір сөзбен айтқанда «Қасым ханның қасқа жолы» - қазақ жұртының елдік санасын негіздеуде шешуші қызмет атқарған өзгеше құжат болды. Бұл әдет-ғұрыптық ереже ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті заң болды.
Белгілі ірі ғалым Ә.Х.Марғұлан «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарын былайша түсіндіреді: «Қасым ханның қасқа жолының» негізі Орта ғасырларда Қыпшақ, Шағатай ұлыстары қолданған «Ярғу» заңынан алынған, қазақша «жарғы» хақиқат деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл, әділ айырудан шыққан. Даудан әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтаған. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери-демократия арнасына барып тіреледі. Шындығында да Қасымның жинағында қомақты орын әскери және емшілік нормаларға берілген. Бұл заңға кірген ережелер мынадай:
1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері).
2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза).
3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат).
4. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайлық, әдептілік).
5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту,
ас, той, мереке үстіндегі
Қазақ Ордасының мемлекеттік