Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:41, курсовая работа
Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің
КІРІСПЕ
1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні
1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
1.3. Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы
1.4. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты
2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру
2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты мемлекеттік органдар сол бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болады және үш цифрдан тұратын код тағайындалады. Мысалға, 01 функционалдық топ, 01 ішкі топ бойынша келесі әкімшілер бөлінеді: 101 – ҚР Президентінің әкімшілігі; 102 – ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы; 104 – ҚР Премьер-министрінің кеңсесі және т.б. 02 функционалдық топтын 01 ішкі тобы 208 – ҚР Қорғаныс министрлігі, 678 - ҚР Республикалық гвардиясы; 02 ішкі тобы 308 – Төтенше жағдайлар бойынша ҚР Агентігінің әкімгерлеріне бөлінеді.
Негізінде, әр түрлі министрліктерге, ведомстволарға, мемлекеттік мекемелерге, басқа да заңды тұлғаларға бюджеттік ақша бөлумен байланысты бюджет шығындарын бірлестіру шығындарды ведомстволық жіктеу болып табылады.
Мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған бюджет шығындары негізінде бюджеттік бағдарламар болып табылады және жіктеуде олар топтастырулық код бойынша үш цифрмен белгіленеді. Басқаша айтқанда,бұл арада шығындар нысанды тағайындау бойынша жіктеледі, яғни ол бюджет қаражаттарын шығындардың нақты түрлерін өтеуге бөлінгеніне байланысты. Мысалға, 102 ҚР Парламент Шаруашылық басқармасының әкімгерлігіне 001 ҚР Парламентінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама, ал 104 ҚР Премьер-министр кеңсе әкімгерлігіне 001 ҚР Премьер-министрінің іс-әрекетін қамтамасыз ету бюджеттік бағдарлама бар.
Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржы бөлудің анықты және нақты бағыттарын көрсететін бюджеттік ішкі бағдарламаларға жіктеуде топтастырулық код ішінде үш цифрлі белгі берілген. Мысалы, 102 әкімшілігінің 001 бюджеттік бағдарламасында келесі кіші бағдарламар бар: 001 – ол орталық орган аппараты; 007 – ол мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату; 009 – мемлекеттік органдарды материалды-техникалық жабдықтау.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет шығындарының экономикалық жіктеуіне анықтама берілген. Соған сәйкес, шығындардың экономикалық жіктеу маңында «бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік мекемелердің операцияларын көрсететін бюджет шығындарының экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыруы» көрсетіледі. Осы топтастыруға сәйкес бюджет шығындары санаттарға, сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге бөлінеді. Санат шығындарды олардың экономикалық белгілері бойынша ағымдағы және іргелі шығындарға бірлестіреді. Негізгі операциялар түрлері бойынша шығындар сыныптарға бірлеседі, мысалы, мемлекеттік қызметкерлер еңбекақысы, тауарлар сатып алу мен қызметтерді қтеу және басқалары. Сыныптар өз алдына ішкі сыныптарға бөлінеді, мысалы, тауарлар сатып алу мен қызметтерді қтеу сыныбы бойынша тауарлар сатып алу ішкі сынып, қызметтер сатып алу ішкі сынып және басқалары көрсетіледі. Әрбір ішкі сынып бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүргізетін операциялардың нақты түрін анықтайтын шығындар ерекшеліктері бар.
Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуінің ерекшеліктерінің түсінігі негізінде әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығындарды нақты бағыттарға бөлуін көрсетеді. Мысалға, ағымдағы шығындар бойынша 110 Еңбекақы атты ішкі сынып арқылы 111 ерекшелік негізгі еңбекақы төлемін көрсетеді. Ол дегеніміз мемлекеттік мекемелер жұмыскерлеріне өздерінің қызметтік міндеттерін атқару үшін және біліктілік санаттарын есепке алумен бірге төлейтін ақшалай төлемдер. Бұл ерекшелік бойынша тұрақты сипатта болатын және заңнамалармен тағайындалған қызметтік айлыққа қосатын үстемелер есептеледі. Мұндай шығындар тізіміне олардың келесі түрлері кіреді: қызметтік айлық (тарифтік мөлшері); ғылыми дәреже, біліктілік сынып, мамандардың сыныптылығы, сыныптық мәртебе мен әскери дәрежеге қосымша төлемдер және тағы басқалар.
Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға қатысты 2010 жылғы бюджет шығыстары 593 млрд. теңгеге ұлғайып отыр
Бұл туралы Парламентте «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына байланысты баяндама жасаған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Б.Сұлтанов мәлім етті.
«Ағымдағы жылмен салыстырғанда 2010 жылдың бюджет шығыстары 593 млрд. теңгеге артып отыр. Бұл қаражаттың басым бөлігі негізінен Елбасы Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға жұмсалады. Атап айтқанда, ел азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған шаралар келер жылы да жалғасын табады», деді министр. Оның айтуынша, заң жобасында әлеуметтік саланы қолдауға және дамытуға арналған шығыстарды арттыра түсу көзделіп отыр. Бұл бағыттағы қаражаттар алдағы үшжылдық кезеңде республикалық бюджет шығыстарының шамамен 40 пайыздан астамын құрайтын болады.
Бұл ретте әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек саласында зейнетақының орташа мөлшері 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға, 2012 жылы 10 пайызға ұлғайту көзделген. Құжатқа сәйкес, 2010-2011 жылдарға бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру шілденің 1-інен бастап жүзеге асырылады. Сонымен бірге, Елбасы жолдауына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнайы мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері және ең төменгі әлеуметтік төлемдер орта есеппен 9 пайызға ұлғаятын болады.
Мемлекеттік бюджет кірісінің 2008 жылғы деңгейіне 2012 жылға қарай ғана қол жеткізілетінін ескере отырып жоспарлы кезеңнің үш жылдық кезеңінде орта есеппен 9,7 % қарқынын құраған мемлекеттік шығыстардың өсуін тежеу саясаты жүргізілетін болады. Бұл мемлекеттік шығыстардың өсуі ЖІӨ өсу қарқынынан жоғары болмайтындығын білдіреді[9].
7-сурет
2008 – 2012 жылдардағы мемлекеттік бюджет шығыстарының
және ЖІӨ өсуінің қарқыны
2009 жылы мемлекеттік шығыстар көлемінің төмендеуіне қарамастан және 2010 жылдан бастап олардың болмашы өсуіне байланысты, бюджет саясаты мемлекет қабылдаған барлық міндеттемелердің, ең бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғандағы ел халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсерін тигізетін іс-шараларды толық және уақтылы жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыру мен шоғырландыруға бағытталатын болады.
Осылайша, орта мерзімді перспективада бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталатын болады және мемлекеттік шығыстарды жоспарлаған кезде Қазақстан азаматтарының әл-ауқатының артуы, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдау, денсаулығы мен білімі, сондай-ақ экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдай жасау негізгі басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстарын болжаған кезде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы «Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты», «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» жолдауларында айтылған тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар ескерілді.
Мемлекеттік бюджет тапшылығының параметрлері түсімдердің болжамды көлемдері мен бюджет шығыстарының негізінде бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке ала отырып айқындалды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің саясаты қаржы дағдарысының тұтастай экономикаға салдарын жұмсарту мәселелерін таяудағы уақытта шешуге және борышқа қызмет көрсетуге арналған шығыстардың өсуінен барынша бюджетке түсетін жүктемеге жол бермейтін бюджет тапшылығының оңтайлы деңгейін қамтамасыз етуге арналған.
8-сурет
Үкіметтік қарыздар есебінен мемлекеттік бюджет
тапшылығын қаржыландыру
Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің 2010 – 2012 жылдарға арналған параметрлерінің болжамы қосымшада көрсетілген.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шикізат ресурстарына қолайсыз баға конъюнктурасы болған жылдары мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруға арналған тұрақтандыру функциясы алғаш рет іске асырылды.
2008 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке 607,5 млрд. теңге және тиісінше нысаналы трансферт түрінде 347,9 млрд. теңге бөлінді. 2008 жылы осы қаражат бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасын орнықты дамыту үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталды. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының іс-шараларын іске асыруға бағытталып отыр.
Нәтижесі ашықтан-ашық шекті түрде болатын, айықн, шынайы және қол жететін мақсаты бар бюджеттік бағдарлама маңында мемлекеььік саясат пен мемлекеттік басқару функцияларын әске асыру жөніндегі бюджет шығындары қарастырылады. Олар шығындар бағыттарын нақтылау мақсатымен бюджеттік ішкі бағдарламаларға бөлінуі мүмкін. Бюджеттік бағдарламалар елдің заңдары м ен басқа да нормативтік актілерімен қарастырылған мемлекеттік функцияларды ғана іске асырмайды, оға, мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалармен анықталған әлеуметті-экономикалық даму мақсаттарын атқаруды қосады.
Бюджеттік бағдарламалар экономикалық нәтижелерге байланысты ағымдағы немесе даму бюджеттік бағдарламалар өз алды мемлекеттік басқару функциялары мен мемлекеттің міндеттемелерін атқаруды қамтамасыз етуге арналған бюджеттің тұрақты шығындарын көрсетеді. Бюджеттік даму бағдарламалар негізінде іргелі сиапттағы ұзақ мерзімді жобаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар мемлекеттік басқару мен бюджеттік жүйе деңгейлері бойынша бекітуіне байланысты республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып бөлінеді. Өз алдына жергілікті бюджеттік бағдарламалар облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламалар әкімгері болып оларды жоспарлау, негіздеу мен іске асыруына жауапты және соларға жүктелген функциялар мен өкілдік арқылы анықталған мемлекеттік орагндар табылады. Олар бюджеттік қаржаттарды бюджеттік бағдарламалар паспорттарына сәйкес өздігінен пайдаланады және сол қаражаттарды нысанды және тиімді пайдалануына жауапты болады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде орталық мемлекеттік атқарушы органдар тағайындалады, бірақ олардың құрылымдық және аумақтық бөлімдері әкімші бола алмайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгері ретінде ҚР Үкіметі бекіткен жергілікті мемлекеттік басқарудың типтік құрылымына сәйкес анықталатын атқарушы органдар болады.
2.2 Мемлекеттің фискалдық саясатын дамыту
Бюджет кодексі мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімді бюджеттік жоспарлау негізінде бюджеттік процесті іске асыруын анықтайды. Ал бюджеттік жоспарлауға стратегиялық бағытты беретін Үкімет тарапынан жасалып, алдымыздағы үшжылдық мерзімге салықтық-бюджеттік бағдарламаны анықтайтын арнайы құжат-ол Үкіметтің Орта мерзімді фискалдық саясат атты құжат. Бұл құжат елдің Орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспары мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде жыл сайын бір жылға ұзартылып отыратын үшжылдық мерзімге жасалады. Бұл құжаттың маңыздылығы мен қажеттілігі, ең алдымен елдің экономикалық дамуы көп жағдайда оның қаржы жүйесінің даму бағыттарына тәуелді екенімен, екіншіден, жүргізіп жатқан салықтық-бюджеттік саясаттың ахуалы мен оның бүгінгі талаптарға сәйкестігімен дәлелденеді. Келесі қаржы – жылға бюджет жасаудың негізі болғандықтан, фискалдық саясат мемлекеттің қаржы ресурстарын жұмылдыру мен оларды тиімді пайдалануға, экономиканың басымдылық секторларын ынталандыру арқылы мемлекеттік билік оған нақты әсер етуге және халыққа әлеуметік демеуді қамтамасыз ету мен қаржы ресурстарын қайта бөлісу құралдарының бірі болады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты жасауда келесі негізгі мақсаттарға көңіл бөлінеді:
ағымдағы және болашақ нысандарға жетуді қамтамасыз ететін фискалдық стратегияны тағайндау;
алдағы үшжылдық мерзімге қажетті қаржы ресурстар көлемін анықтау;
стратегиялық басымдылықтардың негізінде бюджеттік құралдарды бөлісу бағыттарын анықтау;
мезгілінде жоспарлауды іске асыруға қажетті болжамдық бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету;
бюджеттік процестің мөлдірлігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін оны ретке келтіру;
бюджеттік процестің жалғастырушылығын қамтамасыз ету;
фискалдық тәртіпті жоғарлату.
Орта мерзімдікфискалдық саясат мазмұны бойынша өз алды тізбекті түрде фискалдық саясаттың нысаны мен мақсаттарын, негізгі бағыттары мен оларды іске асырушы механизмдерін баяндайтын құжат. Бұл құжатта республиканың әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі бағыттары мен оларды іске асыру әдістері, бюджеттердің болжамдық көрсеткіштері, бюджеттік құралдарды жұмсайтын басымдылық бағыттары, бюджетаралық қатынастардың даму бағыттары , фискалдық мүмкіндік тәуекелдер анықталады.
Демек, бұл құжат мемлекеттің алдыңғы үшжылдық мерзімге арналған салықтық-бюджеттік саясатын баяндайды, яғни салықтық пен кірістер саясатын, шығындар саясатын, бюджеттік несиелеудің саясатын, қарэжылық активтер саласының саясатын, бюджетаралық қатынастар саясатын, мемлекеттік және мемлекеттің кепіліндегі қарыз алу мен борыш саясатын.
Фискалдық саясаттың мақсаттары мен міндеттері
Аудандық фискалдық саясаты орта жедел келешегіне бағдарланған және ол аудандық әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010-2011 жылдарға арналған орта жедел жоспарына сәйкес басымдықтарды көрсетеді [6].
Орта жедел келешектегі фискалдық саясаттың негізгі мақсаттары экономикалық тұрақтылықты айқындайтын, жүріп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылай қамтамасыз ететін, білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымдарды, бюджеттің орындалуын және жоспарлануының сапасын жоғарылату, бюджет деңгейлері арасындағы өзара қатынастардың айқындылығы және тұрақтылығы, аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту.
Орта жедел кезеңде фискалдық саясаттың мақсатына қол жеткізу келесі міндеттерді шешуге ықпал етеді:
- стратегиялық орта жедел және бюджеттік жоспарлаудағы үйлесімдік;
дайындық барысын ретке келтіру бойынша шаралар қолдану,
- жүйелілікті қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық жобаларды
қарау және таңдау;