Мелекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:41, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні
1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
1.3. Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы
1.4. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты
2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру
2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

мемлекеттик бюджет.doc

— 597.00 Кб (Скачать файл)

Бюджеттің кірістері мен шығындарын детализациялау бюджетке кіретін мәліметтерді тексеру мен салыстыруын, ведомствалар мен мекемелер бойынша түсімдер мен шығындардың динамикасы мен құрылымын анықтауын қамтамасыз етеді. Жіктеу бюджеттердің жалпы жиынтығын құруға, оларды талдауға, бюджетті атқаруы мен нысанды пайдалануын және қаржылық тәртіпті сақтауды бақылауға мүмкіншілік береді. Тұтас айтқанда бюджеттік жіктеу бюджеттердің барлық түрлерін құру мен атқарудың біріккен әдістемелік негізі болып табылады.

Басқарудың жүйесі мен әдістерінің дамуына байланысты бюджеттік жіктеу де өзгереді және жетілдіріледі. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2002 жылдан бастап бюджет ағымдағы бюджет (ағымдағы шығындар) және даму бюджетіне (күрделі шығындар) бөлінеді. Бюджеттің мұндай формаларда болуы заңнамалармен мемлекетке жүктелген функциялардың орындалуының нақты құнын инвестиция көлемін анықтауға және бюджеттік бағдарламаларды бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осы бюджеттер түрлері бойынша анықталған мәліметтерді басқару жүйесінде пайдалану бюджеттік ақша қаражаттарының нақты қозғалысын бағалауға және әлеуметті-экономикалық процестерді іске асыруға уақытымен әсер етуге, бюджеттік ресурстарды қалыптастыру мен жұмсау жөнінде дәлелді қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.

 

Түсімдерді жіктеу – ол Бюджеттік кодекс пен басқа да заңнамалық актілермен анықталған кірістерді қалыптастыратын қайнар көздерін белгілейтін барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің топтастыруы. Белгілі сипаттар бойынша барлық деңгейдегі бюджеттердің барлық түсімдер санаттарға, сыныптарға, ішкі сыныптарға және ерекшеліктерге жітеледі. Экономикалық белгілерге байланысты түсңмдер санаттар бойынша топтасады, түсімдердің түрлері мен қайнар көздеріне байланысты сыныптар мен ішкі сыныптарға бөлінеді, төлем немесе түсімнің түрлеріне байланысты ерекшеліктер топтарын құрады.

Түсімдердің осы жіктеу топтарына алты таңбадан тұратын топтасулық код беріледі. Бірінші таңба түсімдердің төлету әдісі бойынша бөлінетін белгісі арқылы олардың санатын көрсетеді. Мысалы, 1 деген цифр осы бөлімде салықтық түсімдерге жататын барлық төлем түрлері, 2 – салықтық емес түсімдер, 3 – негізгі капитал сатудан түскен түсімдер, 4 – ресми трансферт түсімдер, 5 – берілген бюджеттік несиелер өтеу мен қаржылық активтер сатудан түскен түсімдер және үкіметтік займдар бар екенінің белгілері.

Келесі екі цифр түсімдердің түрлеріне байланысты сыныптарға бөлінгенін көрсетеді. Мысалы, 01 – ол табыс салығы, 05 – ол тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бойынша ішкі салықтар және басқалары. Содан кейін төлемнің нақты түріне байланысты ішкі сыныпты көрсететін бір цифр келеді. Мысалы, 1 – ол корпоративтік табыс салығы, 2 – акциздер, 3 – табиғаттық және басқа ресурстарды пайдалану жөніндегі түсімдер мен тағы басқалары. Соңғы екі цифр төлемнің қайнар көзі мен сол төлемнің нақты төлеушісін көрсететін ерекшелік белгісі. Мысалы, 01 – ол резиденттер – заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы, 02 – ол резидент емес – заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы және т.б.

Барлық түсімдер бюджеттер деңгейлері арасында кірістер жіктеуіне сәйкес бөлінеді. Сондықтан Бюджеттік кодексте бюджеттің әрбір деңгейі бойынша сәйкестік түсімдер анықталып бекітілген. Мысалы, республикалық бюджет кірңстерінің 1 санаты «Салықтық түсімдер» бойынша тағайындалған [7, б.123]:

01 сынып – табыс салығы;

1 ішкі сынып – Корпоративтік табыс салығы;

01 ерекшелік – Резиденттер – заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы (код 101101);

02 ерекшелік – Резидент емес – заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы (код 101102) және осылай жалғаса береді;

05 сынып – Тауарлар, жұмыстар және қызметтербойынша ішкі салықтар;

01 ішкі сынып – Қосымша құн салығы;

01 ерекшелік – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарлар, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер бойынша қосымша құн салығы;

02 ерекшелік – Ресей Федерация аумағынан шыққан және импортталған тауарлардан басқа Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар бойынша қосымша құн салық (код 105102);

04 ерекшелік – Резидент емес үшін қосымша құнға салық (код 105104) және осылай жалғаса береді;

2 ішкі сынып – Акциздер;

29 ерекшелік – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса шикі мұнай (код 105229);

41 ерекшелік – Қазақстан Респібликасының аумағына импортталған спирттің барлық түрлері (код 105241) және осылай жалғаса береді;

3 ішкі сынып – Табиғаттың және басқа да ресірстарды пайдаланғаннан түскен түсімдер;

02 ерекшелік – Үстеме пайдаға салынатын салық (код 105302);

05 ерекшелік – Бонустар (код 105305);

06 ерекшелік – Роялти (код 105306)    және осылай жалғаса береді;

06 сынып – Халықаралық сауда мен сыртқы операциялар бойынша салықтар;

1 ішкі сынып – Кедендік төлемдер;

02 ерекшелік – Сырттан енгізілетін тауарлар бойынша кедендік баж (код 106102) және осылай жалғаса береді;

07 сынып – Басқа да салықтар;

1 ішкі сынып – Басқа да салықтар (код 107109 республикалық бюджет түсімдері, код 107110 жергілікті бюджет түсімдері).

Бюджеттік жіктеуде осы жоғарыда келтірілген мысалға сәйкес басқа да түсімдер санаттары бөлінген.

Мемлекеттік бюджеттің кірістерінде шамамен 70% салықтық түсімдер болып табылады. Салықтық түсімдердің ең үлкен үлесі республикалық мониторинг жүргізуге жататын 300 ірі кәсіпорынды қамтитын ұйымдарға келеді. 2008-2010 жылдар кезеңінде кәсіпорындар бойынша республикалық мониторинг жүргізуге жататын салықтық түсімдер 19,6% артты.

2008-2010 жылдары басқа төлеушілер бойынша салықтық түсімдер саны 39,8% құрады.

Диаграммада көрінгендей 2009 жылы салықтық түсімдердің құлдырауы орын алды, ол корпоративтік табыс салығы бойынша 30%-дан 20%-ға дейін және қосылған құн салығы бойынша 13%-дан 12%-ға дейін ставкалардың төмендеуімен, аванстық төлемдерді төлейтін (төлемдер жылдық декларация қорытындылары бойынша жүргізіледі) кәсіпорындардың корпоративтік табыс  салығын төлеу мерзімінің өзгеруімен және ҚҚС бойынша салықтық кезеңнің ай сайынғыдан тоқсанға өзгертілуімен түсіндіріледі [8]:.

 

 

 

Динамикада көрініп отырғандай 2001-2010 жылдардағы кезеңде ҚҚС бойынша түсімдер 4,2 артылды. 2009 жылы ҚҚС төмендеуі күрт азайды, ол бәрінен бұрын экономикалық дағдарыстың әсерімен,ставканың 13%-дан 12%-ға төмендеуімен және импорттың кідіруімен байланысты. 2009 – 2010 жылдары ҚҚС қайтару қарқыны қалпына келтірілді [9].

 

 

Жер пайдаланушылардан бюджетке мынадай арнайы салықтар түседi: пайдалы қазбалар өндіруге (ПҚӨС) салық, рента салығы, үстеме пайдаға салынатын салық (ҮПС) және өнімді бөлу бойынша ҚР үлесі.

2008-2010 жылдар кезеңінде жер пайдаланушылардан түсетін арнайы салықтардың түсімі 684 миллиард теңгеден 1580, 3 миллиард теңгеге (2,3 есеге) дейін артты. 2010 жылы түсімдердің алдыңғы кезеңге қарағанда күрт артуы мұнай секторы ұйымдарына салық салу бойынша салықтық заңнамаға түбегейлі өзгерістер енгізілуімен түсіндіріледі[9].

 

 

 

 

Төменде келтiрiлген диаграммадан салықтар бөлінісінде түсімдердің өзгерісін көруге болады. 2009 жылы ҮПС қоспағанда арнайы салықтар түсімдерін төмендету байқалады, яғни ҮПС алдағы жылғы қызметтің қорытындысы бойынша төленеді. 2008 жылы 2009 жылға қарағанда мұнай мен минералдық шикізатқа баға айтарлықтай жоғары болды. 2010 жылы ПҚӨС және рента салығы түсімдері мұнай мен минералдық шикізатқа бағаның артуына байланысты күрт артты. Осылай, 2009 жылы мұнайға дүниежүзілік баға орташа алғанда баррелі 61,9 АҚШ долларын, 2010 жылы - баррелі 79,6 АҚШ долларын құрады, дүниежүзілік баға 2010 жылы темiр рудасы бойынша 35,8 %, алюминий бойынша - 10 %-ға,  мыс бойынша - 21,5 %-ға, алтын бойынша - 18,6 %-ға, мырыш бойынша - 14%-ға артты [8].

 

             

Төменде берілген диаграммада 2008-2010 жылдар кезеңінде жер пайдаланушылардан арнайы салықтар мен экспорттық кеден бажының түсімдері көрсетілген. Мұнайға экспорттық кеден бажы 2008 жылы қолданылды, 2009 жылдан бастап 2010 жылғы 15 тамызды қоса алғанда баж алынған емес, өйткені нөлдік ставкасы белгіленген және 2010 жылғы 15 тамыздан бастап мұнай секторы ұйымдары тоннасына 20 доллар ставкасы бойынша мұнайға экспорттық кеден бажын төледі. Тиісінше 2010 жылы мұнай секторы ұйымынан түскен түсімдер айтарлықтай артты[9]. 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінде акциздердің болмашы ғана үлесі бар. Осылай 2001 жылы салықтық түсімдерде акциздер үлесі 3,4% құрады, 2010 жылы үлес 2% дейін қысқартылды.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

             

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2009 жылға тікелей салықтар түсімдері 98,5% орындалды. 

2010 жылы жоспар 120% орындалды. Түсімдердің артуы жоспарланған баррелі 65 АҚШ долларына қарсы әлемдік бағаның артуына байланысты.

 

              Төменде келтірілген диаграммадан 2008 жылы мұнайды өткізуден түскен айналым мен салықтық түсімдер 2009 жылмен салыстырғанда барынша жоғары болды, мұнайды өндіру көлемі 70,6 млн.тоннаны құрады.

2009 жылы қайта өткізуден түскен айналым мен салықтық түсімдер 76,5 млн.тоннаға дейін мұнай өндіру көлемінің өсуі кезінде алдағы жылға қарағанда төмендеді.

2010 жылғы 9 айдың ішінде өткізу бойынша айналым сомасы 2009 жылғы деңгейге жетуге тақады, өнім көлемі 59 млн.тонна кезінде салықтық түсімдер 2009 жылғы деңгейден асып кетті. Өткізу бойынша айналым сомасына мұнайға деген баға әсер еткендіктен, салықтық түсімдер мен мұнайға әлемдік бағаның тікелей тәуелді екенін атап өткен жөн (2008 жылы – барреліне 97,6 АҚШ доллары, 2009 жылы – барреліне 61,9 АҚШ доллары, 2010 жылы – барреліне 79,6 АҚШ доллары [9].

 

 

              Диаграммадан мұнай секторына салық жүктемесі коэффициенті 2008 жылы 30%-тен 2010 жылдың 9 айында 34,4%-ке дейін өсті.

 

             

 

 

 

Бюджеттік шығындарды ашықтан-ашық белгілер бойынша жіктеу олардың экономикалық процестердегі рөлі мен мәнін айқындалуына себепші болады. Теория мен тәжірибеде бюджет шығындарын жіктеу бірнеше белгілер арқылы іске асырылады. Ең алдымен бюджеттік қаражаттарды  мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша бөлуіне байланысты шығындардың аумақтық жіктеуін айырады (республикалық, облыс және аудан бюджеттерінің шығындары).

Бюджет шығындарын экономикалық жіктеуі бюджеттік қаражаттарды жоспарлау мен пайдалануда маңызды мәні бар, себебі мұндай жіктеу бюджеттен экономиканың дамуы мен ұлғаймалы қайта өндіріске қаражаттар бөлінуіне байланысты. Бұл белгі бойынша ағымдағы шығындар (ағымдағы бюджет) және іргелі шығындар (даму бюджеті) жекеленеді.

Ағымдағы шығындар болып мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін, трансферт формалар арқылы басқа бюджеттер мен экономика салаларына мемлекеттік жәрдем көрсетуді қамтамасыз етуге арналған бюджет шығындарының бір бөлігі табылады. Тұрақты сипатта болатын мұндай шығындар көлеміне мемлекеттік тұтынуға жұмсалатын шығындар сомалары кіреді, яғни экономикалық және әлеуметтік инфрамқұрылым мен экономиканың мемлекеттік салаларына ұстауға, азаматтық және әскери сипаттағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, мемлекеттік мекемелердің ағымдағы шығындарын өтеуге.

Бюджеттің іргелі шығындары – ол инновациялық және инветициялық іс-әрекетті қаржыландырумен байланысты мемлекеттің ақша қаражат шығындары. Олардың құрамына бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес бөлінетін шығындар, бюджеттік несие ретінде берілетін инвестициялық мақсаттағы қаражаттар, құрылыс пен инфрақүрылым дамуына арналған шығындар, ғылым, адамша капитал және ақпараттық жүйе құру мен дамуына салынатын инвестициялар кіреді.

Бюджет шығындарын жіктеудің келесі маңызды белгісі – ол бюджет қаражаттарын функционалдық және ведомстволық бағыттар бой              ынша бөлу. Бюджеттік кодексте келтірілген анықтама бойынша бюджет шығындарын функционалдық жіктеуі маңында «республикада мемлекеттік саясатты іске асыру мен мемлекет функцияларын орындауын көрсететін функционалдық және ведомстволық белгілер арқылы бюджет қаражаттарын жұмсау бағыттарын анықтайтын деңгейдегі бюджеттер шығындарын топтастыру» айтылады.

Бюджеттік кодекске сәйкес шығындар функционалдық топ, функционалдық ішкі топ (ішкі функция), әкімші, бағдарлама және кіші бағдарламаларға бөлінеді. Түсімдер жіктеуі секілді бюджет шығындарының жіктеуі деңгейлеріне де он үш белгіден тұратын код тағайындалған. Бюджеттік жіктеуде барлық шығындар салалық белгілер мен функционалдық бағыттарына байланысты 13 функионалдық топқа бірлестірілген және оларға екі цифрден тұратын код тағайындалған. Мысалы, 01 – ол жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, 02 – қорғаныс, 03 – қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, 04 – білім беру, 05 – денсаулық сақтау және т.б.

Келесі екі цифрдан тұратын код әрбір функционалдық топ ішіндегі бюджеттік қаражаттарды жұмсайтын нақты бағыттарды көрсететін функционалдық ішкі топ болады. Мысалы, 01 функционалдық топ (жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер) келесі ішкі топтарға бөлінген: 01 – ол мемлекеттік басқарудың жалпы фунцияларын орындайтын өкілдік, атқарушы және басқа органдары; 02 – қаржылық іс-ірекет; 03 – сыртқы саясаттық іс - әрекет және т.б. Функционалдық 02 топ (қорғаныс) құрамына 01 - әскери мұқтаждар, 02 – төтенше жағдайлар бойынша жұмыстар ұйымдастыру және т.б. топтар кіреді.

Информация о работе Мелекеттік бюджет