Мелекеттік бюджет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 00:41, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастардың тұрақты дамуы жағдайында Қазақстан Республикасында бірқатар қаржы-экономикалық,бюджеттік үдерістерді нығайту және әрі қарай дамыту бюджетаралық қатынастарды жетілдірусіз мүмкін емес. Нақты теория негізінде бюджетаралық қатынастар жүйесін түбегейлі қарастыру талап етіледі. Бұл дегеніміз елімізде және оның аймақтарында болып жатқан экономикалық үдерістерді балаудың маңызды алғы шарты болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды болып бюджет жүйесі табылады.Сондықтан оларды зерделеу мақсатында бюджет жүйесінің ұтымды қызмет ету белгілерін зерттеу өзекті болып табылады.Бюджет жүйесінің

Содержание работы

КІРІСПЕ

1. Бюджеттің жалпы мемлекеттік бақылау құралы ретіндегі рөлі мен мәні
1.1. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні және оның экономиканы реттейтін басқада қаржылық құралдар арасындағы рөлі
1.2. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық рөлі
1.3. Мемлекеттік бюжет: мәні мен құрылымы
1.4. Мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы бюджеттік жоспарлаудың негіздері

2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеттің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты
2.1. Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру
2.2. Мемлекеттің фискалды саясатын дамыту


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

мемлекеттик бюджет.doc

— 597.00 Кб (Скачать файл)

 

Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:

      орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатнастарды анықтау;

      бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;

      қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;

      салалар, іс-әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістеріннің жалпы көлемі мен әр түрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;

      бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.

Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыру қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысына қаржылық бақылау қарастырылады.

              Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты-ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті-экономикалық шарттарды және олардың өзгерістердің болашақ бағалауларын есепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу.Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.

              Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады [4, б.22]:

      кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;

      әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;

      қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау.

Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс-әрекеттің негізгі шарты- ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққы қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету.

Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, тегерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.

              Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі.Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттікбағдарламалар тізімін қалыптастыруға, бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.

              Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық сясаттың бағыттары мен елдің әлеуметті-экономикалық даму болжамдарына  негізделген ағымдағы және болашақ бюжеттік жоспарлау тіркесімімен қамтамсыз етіледі.

              Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлаумен қамтамсыз етіледі.

              Бюджеттің кірістері мн шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі.Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджеттік атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.

              Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығыдарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.

              Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі олар әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлар. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер – ол бюджетті  жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.

              Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы.Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.

Жоспарлау мен болжамдаудың кезеңдері, әдіс пен тәсілдері

Бюджеттік жоспарлау- әр түрлі статистикалық, экономикалық, математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады.негізінде бюджет- толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиістіеместігін көрсетеді.Жоспарлауда бюджет құрудың бюджет-брутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетілсе, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егер бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.

              Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құралы ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді атқаруға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелеу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау , яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдыықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.

              Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеу (горизонтальды) теңестіру әдістергет бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) нақты қаржы ресурстарымен (жергілікті бюджеттердің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысалы, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту әрекеттенеді.

              Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі.Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы- ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін- маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдерді болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері – ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік зайымдардың түсімдерін анықтау.

              Алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау  Салық, бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарларының макро-экономикалық көрсеткіштері, елдің ортамерзімді фисклдық саясатың ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады. Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы  ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфляция индексі, тауар айналымының көлемі, импортты-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.

              Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде келесі принциптер жатыр [5, б.31]:

      республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлығы;

      болжамдық көрсеткіштер есептемелерінің мөлдірлігі;

      болжамдық көрсеткіштердің анықтығы мен обьективтілігі,

      барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамдаған бюджет түсімдерінің есептемелері.

Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджет көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, сабебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен  анықталады. Ал мұндай әдістер қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай әдістердің бірі- ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстраполяция әдісі, екіншісі – эксперт-мамандар жасап дәлелденген тұжырымдыр негізінде пайдаланатын эксперттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, обьективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге қолданады.

              Бюджет кірістерін болжамдауда бюджеттік көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу мақсатта корреляциялық модельдер пайдалану мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердіңжәне жалпы шығындар көлемдерін анықтауға мүмкіншілік беретін экономико-математикалық модель құруға болады.

              Кірістер болжамдау процесінің әр түрлі бастапқы мәліметтер пайдалану бойынша тізбектелген кестесін келесі түрде көрсетуге болады:

 

Кірістерді болжамдау

 

Кірістер мониторингі:

1.                   болжамды нақты түсімдермен салыстыру

2.                   болжамды анықтау

Мәліметерді жаңарту:

1.                   салық түрелі мен төлемдердің ай бойы түсімдері

2.                   аймақтар дамуының көрсеткіштері

Заңнамалық база мен экономикалық ахуалды талдау:

1.                   аймақтар бойынша экономикалық ахуал

2.                   заңнамалардың өзгерістері

Кірістер болжамы:

1.                   болжамды қалыптастыруға қажетті көрсеткіштер

2.                   есептемелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің даму үрдісін талдау және дамыту саясаты

 

2.1 Бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде мемлекеттік бюджеттің түсімін жетілдіру.

 

 

Бюджеттерді құрастыру мен атқару олардың нысанды тағайындауына сәйкес болуы үшін кірістердің қайнар көздерін регламентациялауы және бюджеттік қаражаттарды бюджетте қарастырылған шығындар көлемі мен бағыттарына сәйкес жүмсалуы тиіс. Кірістердің қайнар көздері мен бюджеттік ақша бөлу бағыттарын регламенттеу – ол бюджет құрастыру мен атқарудың міндетті шарты. Бұл шарт кірістер мен шығындарды топтау арқылы, яғни кірістерді формалар мен түрлері бойынша, ал шығындарды шаралар мен нысанды тағайындары бойынша біріктіру жолымен іске асырылады. Мұндай кірістер мен шығындарды топтастыру бюджеттік жәктеу деп аталады. Бюджеттік жіктеу бюджеттен нысанды қаржыландыру, бюджеттік қаражаттар пайдалануына қаржылық бақылау және бюджеттік тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіншілік береді.

Бюджеттік жіктеудің негізі болып әлеуметті-экономикалық, ведомствалық және аумақтық белгілері бойынша кірістердің қалыптастыру мен құжаттардың жұмсалатын бағыттары және олардың құрамы мен құрылымын көрсететін көрсеткіштер топтауы табылады. Бюджеттің кірістері мен шығындарының, оның тапшылығын өтейтін қайнар көздерінің мұндай топтастыруы бюджетті құрастыру мен атқаруда пайдаланады, барлық деңгейдегі бюджеттер көрсеткіштерінің салыстырмалығын қамтамасыз етеді және бюджеттік процеске ақпараттық технологиялар енгізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс бюджеттердің барлық деңгейлеріне бірдей және міндетті бірыңғай бюджеттік жіктеу негізінде іске асырылады. Бюджеттік кодексте берілген анықтамаға сәйкес бірыңғай бюджеттік жіктеу – ол бюджеттің кірістері мен шығындарының функционалды, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша және бюджеттің жіктеу объектілеріне анықтамалық атаулар мен топтастырулық код бекітілген міндеттілік топтастыру. Бірыңғай бюджеттік жіктеу бюджет түсімдерінің жіктеуі мен бюджет шығындарының функционалдық және экономикалық жітеуінен тұрады.

Бюджет жіктеуін құру принциптері бюджеттің кірістері мен шығындарының экономикалық мазмұны, ұлттық экономиканың құрылымы мен басқару жүйемен дәлелденеді. Кірістердің қайнар көздерін топтастыру мен бюджет шығындарының мақсаттарын анықтаудың негізгі мәні мен ең алдымен мұндай реттемелеу барлық бюджеттік процестің әрекеті мен тиімділігінің және қаржылық бақылаудың міндетті шарты арқылы қорытылады. Осыған байланысты бюджеттік жіктеу айқын және анық болуға және де кірістердің экономикалық, ведомстволық, аумақтық қалыптасуы мен бюджеттік құжаттарды пайдалану бақыттары, олардың құрамы мен құрылымы жөнінде толық түсінің беруге тиіс.

Информация о работе Мелекеттік бюджет