Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты: мақсаты мен негізгі типтері.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 15:40, реферат

Краткое описание

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы мемлекеттің саяси институттары қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани-идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейлік, құқықтық немқұрайдылық, шовинизм, ұлтсыздық психология, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.Осы жағдайда ұлттық саясат тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге бағытталып олардың этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуын, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді. Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.

Содержание работы

I. Кіріспе..................................................................................................3II. Негізгі ережелер…………………………………………………………..4
III. Тарихи кезең сабақтары…………………………………………………5

ІV. Ұлттық саясаттың ұстанымдары……………………………………......6
V. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері…….……………………….7
VI. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары:……………..…………………….8
1. Саяси құқықтық салада…………………………………..………………...8
2. Сыртқы саясат саласында…………………………………..……………...9
3. Әлеуметтік-экономикалық салада……………………………...………...10
4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында………………………...…….12
5. Ақпараттық салада…………………………………………………………12
6. Тіл саласында…………………………………………………………….....13
7. Дінаралық салада…………………………………………………....……...14
VІI. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері……………………………...…..15


VIII. Қорытынды................................................................................................17

IX. Әдебиеттер тізімі........................................................................................18

Содержимое работы - 1 файл

политология 2.docx

— 50.55 Кб (Скачать файл)

      Осы Тұжырымдаманың орындалуын Қазақстан  Республикасы Үкіметі үйлестіреді.

      Тұжырымдаманың  орындалуы үш кезеңнен тұрады.

      Бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы Үкіметі арнайы мемлекеттік бағдарлама қабылдайды. Оған қосымша жоспарда нақты іс-шаралардың, қабылдануға  қажетті заң жобаларының тізімі, жауапты орындаушылар мен орындау  мерзімдері көрсетіледі.

      Екінші  кезеңде қажетті заң жобалары Қазақстан Республикасы Парламентінің  қарауына жіберіліп, олардың қабылдануы қамтамасыз етіледі.

      Үшінші  кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметі Тұжырымдаманы орындауға  бағытталған нормативтік құқықтық құжаттардың кешенін бекітіп, оларды атқара бастайды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметі жылына бір  рет осы Тұжырымдаманың орындалуы  туралы Ұлттық есепті дайындап, жариялап отырады. 

      Тұжырымдама жобасы «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру  кеңесінде қабылданып, баспасөзде жариялауға, халықтық талқылауға ұсынылды. 

      Алматы  қаласы, 18 қаңтар, 2010 ж 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды. 

      Басқа елдердің тарихы сияқты Қазақстан тарихы да қатал ұлтаралық қақтығыстарға  толы. Сонымен бірге бұл этникалық  қауымдастықтардың – тіл, тұрмыс салты, еңбек, көзқарас және мәдениет салаларында  өзара ықпалдастықтығының да тарихы. 
Ұлт саясатын жүзеге асыру барысында тарихтың жағымды сабақтары мен жаңа құндылықтарға сүйенудің қажеттілігі зор. Өткенді түсіну, бірліктің терең тамырына бойлау, тарихи сананы жаңартады. Сонымен бірге, қазақтардың, барлық қазақстандықтардың елдің тарихын білуі, бұқаралық санада қазақ мемлекеттілігінің кешегісі мен бүгінгісінің тарихи байланысын және сабақтастығын ұғынуда маңызды. Қазақстандықтардың басын тек территориялық-әкімшілік белгі ғана емес, ең бастысы ортақ тарих, ортақ мемлекет, мемлекеттік тіл ел тағдырына азамат ретінде жауапкершілік, қоршаған ортаны қорғау, тағы басқа өмірлік ұстанымдар біріктіреді.

      Ұлт саясатының ел аймақтарының әлеуметтік экономикалық, демографиялық ерекшеліктерімен және ұлттық құрамымен өзара байланысты. Этносаралық шиелінестердің алдын  алу мақсатында аймақтағы әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін назарда  ұстау дегеніміз елді мекендердің (ауыл, аудан, қала) ұлттық құрамы, этностық топтардың қоныстануы мен тарихы, жер қатынастары, этностық сипаттағы  базарлар, сауда орталықтары, мейрамханалар, білім мекемелері, мәдени мекемелер  мен этномәдени орталықтарының ахуалдарынан хабардар болуды талап етеді. Ұлтаралық  келісім мақсатына сәйкес мониторинг жүргізіп, ақпарат жинап отыру  қажет.

      Ұлт саясаты қазақ ұлтымен әртүрлі  ірі, ұсақ этностық қауымдастықтардың  қарым-қатынастарын, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүйелеуге және оған бағыт беруге арналады. Бұл  саясат әлеуметтік-экономикалық, саяси  тетіктер, рухани құндылықтар, мәдениет пен тіл арқылы этносаралық және конфессияаралық бірлікке жеткізетін жолдар мен шешімдерді анықтауға  арналуы тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                           Әдебиттер тізімі.

  1. А.С Қабылова., З.А. Абуллина. Саясаттану. Барлық мамандықтар  бойынша оқитын студенттер үшйн семестрлік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар.
  1. http://kz.abyroi.kz/persons/ ҰЛТТЫҚ САЯСАТ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН. Өтпелі кезең ерекшеліктері. Амангелді Айталы – философия ғылымдарының докторы
  1. http://www.abai.kz/node/2840   Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы  
  2. А.Гали. Национальная идея и задачи казахосферы.-Саясат-Полис,   2005 г.№12,

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты: мақсаты мен негізгі типтері.