Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 15:40, реферат
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы мемлекеттің саяси институттары қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани-идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейлік, құқықтық немқұрайдылық, шовинизм, ұлтсыздық психология, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.Осы жағдайда ұлттық саясат тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге бағытталып олардың этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуын, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді. Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.
I. Кіріспе..................................................................................................3II. Негізгі ережелер…………………………………………………………..4
III. Тарихи кезең сабақтары…………………………………………………5
ІV. Ұлттық саясаттың ұстанымдары……………………………………......6
V. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері…….……………………….7
VI. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары:……………..…………………….8
1. Саяси құқықтық салада…………………………………..………………...8
2. Сыртқы саясат саласында…………………………………..……………...9
3. Әлеуметтік-экономикалық салада……………………………...………...10
4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында………………………...…….12
5. Ақпараттық салада…………………………………………………………12
6. Тіл саласында…………………………………………………………….....13
7. Дінаралық салада…………………………………………………....……...14
VІI. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері……………………………...…..15
VIII. Қорытынды................................................................................................17
IX. Әдебиеттер тізімі........................................................................................18
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Жылуэнергетика
факультеті
Әлеуметтік
пәндер кафедрасы
Саясаттану пәнінен №2 семестрлік жұмыс
Тақырыбы:
Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты:
мақсаты мен негізгі типтері.
Тексерген: ф.ғ.д., профессор Қабылова
А.С.
Алматы 2011
Мазмұны
I. Кіріспе.......................
II. Негізгі
ережелер………………………………………………………… |
|
III. Тарихи
кезең сабақтары…………………………………………………5
ІV. Ұлттық
саясаттың ұстанымдары……………………………………..... |
|
V. Ұлттық
саясаттың мақсаты мен |
|
VI. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары:……………..…………………….8 | |
1. Саяси
құқықтық салада…………………………………..………………... |
|
2. Сыртқы
саясат саласында…………………………………..……………. |
|
3. Әлеуметтік-экономикалық салада……………………………...………...10 | |
4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында………………………...…….12 | |
5. Ақпараттық салада…………………………………………………………12 | |
6. Тіл
саласында……………………………………………………… |
|
7. Дінаралық
салада…………………………………………………....… |
|
VІI. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері……………………………...…..15 |
VIII.
Қорытынды.....................
IX. Әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе.
Тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен кейін Қазақстан
халқы күрделі тарихи кезеңді
басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың
дамуы мемлекеттің саяси
Ұлт
болмысы күрделі, оны тамақтың тоқтығымен,
күйлілікпен ғана өлшесек, мәдени-рухани
өмір тасада қалады. Сонымен бірге,
оны мәдени мекемелердің, сарайлардың,
концерттердің санымен де өлшеуге
болмайды. Ұлт кедей, қайыршы күй
кешіп, біліксіз, кәсіби деңгейі төмен,
басқа этностық топтардың арасында
өзінің лайықты, сыйлауға тұрарлық орнын
алмаса, ұлт мәртебесі төмен болатыны
белгілі. Сондықтан этносаралық
қатынастарды жан-жақты ойластырған
байсалды ұстаным қажет екені
сөзсіз.
Ұлт саясаты, тек қазақ саясаты емес, қазақ
өз мүддесі үшін атасы басқаның арасынан
дау шықпауын, ауылы басқаның арасынан
жау шықпауын ойлайды. Сондықтан кешенді
жаңа ұлт саясатына мүдделі. Тек қазақтар
ғана емес, диаспоралар да қоғамдық келісімді,
ел бірлігін жоғары бағалайды. Бірақ бірлікті
нұсқаумен, тікелей, үзілді-кесілді түрде
қалыптастыруға болмайды. Ол елдің іргесін
нығайтатын нақты да айқын және өзара
іштей байланысты жүйелі идеяларды негізге
алу арқылы жүзеге асады.
Енді
осыған тақырыпты толықтай ашсақ. «Тәуелсіздікті
қорғау» халықтық қозғалысының ұйымдастыру
кеңесі 2010 жылдың 18-қаңтар күні Қазақстан
Республикасы ұлттық саясаты тұжырымдамасының
Жобасын қабылдады. Осы жобағы толықтай
назар аударайық.
Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы
«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» (бұдан әрі қарай - Тұжырымдама) - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.
Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.
Бұл
құжат Қазақстан
Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.
Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.
Тұжырымдама
мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық
және басқа да нормативтік құқықтық
актілерді дайындау үшін негіз болып
табылады.
I. Негізгі ережелер.
Қазақстан
Республикасы қазақ халқының сан
ғасырлық мемлекеттiгiнiң бiрден бiр
құқықтық-тарихи мұрагерi және саяси-мемлекеттiк
құрылымының жалғасы болып
Ұлттық,
демократиялық, құқықтық және әлеуметтiк
мемлекет орнықтыруды көздеген қазiргi
Қазақстан Республикасы - мемлекетқұрушы
қазақ ұлтының және әртүрлi тарихи
кезеңдерде келiп қоныстанған барша
диаспоралар мен этникалық
Қазақстан Республикасы өзiнiң бастапқы мемлекеттiк атауына - Қазақ Республикасы атауына қайтадан ие болады. Ешбiр негiзсiз, жалтақтықпен өзгертiлген қателiк түзетiледi де, Қазақ Республикасының Конституциясынан бастап, барлық заңдардағы, халықаралық құжаттардағы қазiргi атау бұрынғыша жаңартылады. Қазақ Республикасының азаматы болу - осы елдi мекендеген әрбiр ақниеттi адамның мақтаныш сезiмiн туғызады. Мемлекетiмiздiң төл атауын қалыпқа келтiру - халық талабы.
Халықаралық
тәжірибеде мемлекетқұрушы ұлттың саны
жалпы халық санының үштен
екi бөлiгiнен асса, ол моноұлтты мемлекет
деп қабылданады. Қазақ ұлтының
саны осы межеден асты. Демек,
Қазақ елi моноұлтты
мемлекет деп қабылдануы
тиiс.
ІІ. Тарихи кезең сабақтары.
Қазақ ұлты - кең байтақ Қазақ елiн ғасырлар бойы мекен еткен, оны түрлi тарихи зорлық-зобалаңнан, басқыншылықтар мен шапқыншылықтардан қорғап, аман сақтап қалған мемлекетқұрушы байырғы ұлт. Әр кезеңдегi тарихи оқиғаларға байланысты қазiргi таңда Қазақ елiнде қазақ ұлтымен қатар өзге де этностық топтар мен диаспоралар мекен етедi.
Үш ғасырға жуық тоқтаусыз жүргiзiлген ұлтсыздандыру саясаты қазақ ұлтының тiлiне, дiнi мен дiлiне, мәдениетi мен салт-дәстүрiне, бiтiм-болмысына қатер төндiрiп, ұлтты тығырыққа тiредi.
Ресей империясы мен кеңестік кезеңнің ұлттық саясаты халықтар құқығының бұзылуы, тікелей геноцид, экологиялық апаттармен қатар жүргізілді. Билік ұлттық құндылықтарды жоя отырып, қолдан утопиялық Кеңес ұлтын құруға тырысты. «Бейбітшілік» пен «келісім», негізінен, зорлықпен және жасанды идеологиялық қысыммен орнатылды. Осының негізінде ұлттық проблемалар шиеленісе түсіп, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне алып келді. Айналып келгенде Кеңес Одағының құрдымға кетуі - дәл осы ұлттық мәселелердің түбегейлі шешілмеуінің нәтижесі болды.
Тәуелсіздіктен кейін мемлекет пен саяси институттардың қызметі өзгеріске түсіп, экономикалық реформалар жүргізілгенмен этносаралық қатынастардың дамуы бұрынғы күйінде қала берді. Өкінішке орай, Егемендік Декларациясы мен Тәуелсіздік туралы заңның Ұлттық мемлекет құру туралы талаптары толық деңгейде жүзеге асырылған жоқ. Отарлық саясаттың зардаптарын жоюға бағытталған кешенді бағдарлама қабылданбады. Әлемдік үрдіске сай, отарсыздану саясаты жүргізілуі тиіс еді. Экономикалық даму мен халықтың әл-ауқатының өсуі ғасырлар бойы жинақталған өзекті мәселелерді өзінен өзі шешеді деген ұғымның қате екендігін әлем елдерінің де, Қазақстанның да тәжірибесі анық дәлелдеп отыр.
Ұлттық
саясат әлі де этносаралық қарым-
Қазақстанда кеңестік заманда 70 жыл бойы, тәуелсіздік алғаннан кейін 20 жылға жуық мерзім ішінде орыс тілі іс жүзіндегі мемлекеттік тіл рөлін атқарып келеді. 1989 жылы қабылданған "Тілдер туралы" заң қазақ тілінің мүшкіл күйін жақсарта алмады.
Билік
қоғамдағы этносаралық
Жоғары
билiк тарапынан ұсынылған «
IIІ. Ұлттық саясаттың ұстанымдары.
Ұлттық
саясаттың басты ұстанымы - ұлттық
құндылықтар негiзiнде Қазақ
Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты: мақсаты мен негізгі типтері.