Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты: мақсаты мен негізгі типтері.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 15:40, реферат

Краткое описание

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін Қазақстан халқы күрделі тарихи кезеңді басынан өткізді. Ұлтаралық қатынастардың дамуы мемлекеттің саяси институттары қызметінің түбегейлі өзгеруі, экономикалық реформалар, рухани-идеологиялық жаңалықтармен қатар жүрді. Жұмыссыздық, кедейлік, құқықтық немқұрайдылық, шовинизм, ұлтсыздық психология, бюрократизм көріністері мен кең ауқымды миграциялық үрдістер ұлтаралық қатынастарға кері әсерін тигізді.Осы жағдайда ұлттық саясат тарихи қордаланған қайшылықтардың және жаңа әлеуметтік-экономикалық проблемалардың зардаптарын азайтуға бағытталды. Басты назар Ресей және бұрынғы кеңес республикаларынан ажырап қалған диаспораларды жаңа саяси жағдайға бейімдеуге бағытталып олардың этномәдени сұраныстарын қанағаттандыруға, мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде білім алуын, мәдени-рухани мұраның жаңаруына мән берілді. Мемлекеттің саясаты тарихи қалыптасқан дәстүрге, күш көрсетпеу, төзімділік, халықтардың ғасырлар бойы бірге өмір сүрген тәжірибесіне сүйенді. Мемлекеттің іс-әрекеті қазақтың және диаспоралардың да ұлттық сана-сезімінің оянуын кертартпа күштердің өз мақсаттарына пайдалануына жол бермеді. Бұл қоғамдық келісімді сақтауды қамтамасыз етті.

Содержание работы

I. Кіріспе..................................................................................................3II. Негізгі ережелер…………………………………………………………..4
III. Тарихи кезең сабақтары…………………………………………………5

ІV. Ұлттық саясаттың ұстанымдары……………………………………......6
V. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері…….……………………….7
VI. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары:……………..…………………….8
1. Саяси құқықтық салада…………………………………..………………...8
2. Сыртқы саясат саласында…………………………………..……………...9
3. Әлеуметтік-экономикалық салада……………………………...………...10
4. Тәрбие, білім беру және ғылым саласында………………………...…….12
5. Ақпараттық салада…………………………………………………………12
6. Тіл саласында…………………………………………………………….....13
7. Дінаралық салада…………………………………………………....……...14
VІI. Ұлттық саясатты іске асыру тетіктері……………………………...…..15


VIII. Қорытынды................................................................................................17

IX. Әдебиеттер тізімі........................................................................................18

Содержимое работы - 1 файл

политология 2.docx

— 50.55 Кб (Скачать файл)

      Қазақстан Республикасы жалпыға бірдей ортақ  территория, бір ғана азаматтық, жалпыға  бірдей жоғары билік, жалпыға бірдей құқық жүйесі мен жалпыға бірдей бір ғана мемлекеттік тіл негізінде  дамитын болады.

      Қазақ халқы қашанда қазақ жерінде  өмір сүріп жатқан орыс, украин, өзбек, қырғыз, түрікмен, неміс, әзірбайжан, ұйғыр, татар, тәжік, қарақалпақ, шешен және басқа да этностық топтардың тіліне, дініне, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарына  құрметпен және төзімділікпен қараған. Бүгінгі күні де өз елінде басым  көпшілікке айналған қазақ ұлты елдегі этносаралық және дінаралық бірлікті сақтауды өзінің басты міндеті санайды. Мемлекет пен оның негізі болып табылатын  қазақ ұлты барлық азаматтардың конституциялық құқықтары мен еркіндіктерінің  қамтамасыз етілуінің кепілі болып  табылады. Қазақ жерінде тұрып  жатқан этностық топтар мемлекеттің  және біртұтас азаматтық қауымдастықтың бөлігі болып табылады.

      Мемлекеттік тілді білу - әрбір  азаматтың міндеті. Мемлекеттің басты міндеті азаматтарға мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуына қажеттілік тудыру.

      Осы ұстанымдарды іске асыру мақсатында алдағы жылдары мемлекет:

      ұлттық  саясатты құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және білім беру, т.б. бағдарламаларымен  тығыз байланыста кешенді түрде  жүзеге асыруды;

      нәсіліне, этникалық тобына, тіліне, діни сеніміне, сондай-ақ әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына қарамастан адам және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарының теңдігін қамтамасыз етуді;

      ұлттық  қауіпсіздікке қатер төндіруге, біртұтас мемлекет пен қоғамды жікке  бөлуге, этносаралық және діни алауыздықты, өшпенділік пен араздықты өршітуге бағытталған әрекеттерге қатаң  тыйым салып, тосқауыл қоюды;

      мемлекет  пен қоғамның ақпараттық тәуелсіздігіне қол жеткізуді, еліміздің өзіндік  ақпараттық-мәдени кеңістігін құруды, өзге елдердің еліміздегі қоғамдық пікірді  қалыптастыруына жол бермеуді;

      еліміздің басқа да түрік мемлекеттерімен  бірдей болашақта латын әліпбиіне  көшу тұрғысындағы қоғамдық талқыларды жүргізіп, осыған қажетті дайындықтарды  жасауды;

      этностық  немесе діни ерекшеліктерге негізделген  саяси партиялардың ел тұтастығына  қарсы жұмыс жасап, осы мақсатта шетелден қаржыланатын қоғамдық және діни ұйымдардың жұмысына заң арқылы тыйым салуды;

      Қазақстан халқы ассамблеясына берiлген қажетсiз  әрi заңсыз өкiлеттiктердi шектеу және оның жұмысының жалпыға бiрдей конституциялық ережелерге сай болуын қамтамасыз ететiн  тиiстi құжаттарды қабылдауды;

      Қазақстан Республикасы шет мемлекеттерде  тұратын қазақ диаспорасының  құқықтары мен мүдделерін қорғау, қазақ тілін, мәдениетін, ұлттық дәстүрлерін  сақтау мен дамытудағы істеріне қолдау көрсетуді қолға алады.  

      IV. Ұлттық саясаттың мақсаты мен міндеттері.

      Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының басты мақсаты - байырғы қазақ жерінде құрылған ұлттық мемлекетті сақтау және нығайту.

      Осы мақсатта: барша азаматтарды қазақ  ұлтының маңына топтастыру, тәуелсіздігіміз  бен егемендігіміздің баянды болуын қамтамасыз ету;

      қазақ ұлтының тарихи жадын, тілін, ділін  сақтау мен жан-жақты дамыту, оның жаһандану заманындағы өзіндік  ұлттық-мәдени ерекшелігін қалыптастыру және әлемге паш ету;

      елімізде  тұрып жатқан барлық этностық топтардың  өз тілі мен мәдениетінің дамуына  шек қоймай, олардың барлығының ортақ  Отаны - Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, оған деген сенімін  арттыру қажет.

      Бұл үшін мемлекет пен қоғам өздерінің  ерік-жігерін төмендегі негізгі міндеттерді атқару үшін жұмылдыруы керек:

      Қазақстан Республикасы қоғамының негізгі  ұлттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту;

      қазақ тілін шын мәніндегі мемлекеттік  тіл деңгейіне жеткізіп, оны барша  Қазақстан азаматтарын біріктіретін факторға айналдыру;

      этносаралық және дінаралық саладағы мемлекеттік  органдар мен азаматтық қоғам  институттарының өзара тиімді және пәрменді қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін жүйені қалыптастыру.   

      V. Ұлттық саясаттың негізгі бағыттары. 

      1. Саяси-құқықтық салада: 

      Қазақстан Республикасы ұлттық, дербес, құқықтық мемлекет құруды мақсат еткен ел ретінде  саяси және құқықтық салаларда өзінің ұлттық саясатының мынадай негізгі  бағыттарын жүзеге асырады:

      еліміздің барлық азаматтары мойындаған, негізінде  өздерінің ортақ қазақ мемлекеттігіне қатыстылығын терең сезінетін ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру;

      ел  азаматтарының тарихи жадын және ұлттық, мемлекетшілдік санасын қалыптастыру үшін «тарихи ақтаңдақтарға», әсіресе  Ресей отарлауы, 1920-1940 жылдардағы ашаршылық, 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргіндер  мен Қазақстанға басқа ұлт  өкілдерін зорлап депортациялау, ұлт-азаттық  қозғалыстар мен ұйымдарға және 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне саяси және заңдық баға беру, ортақ  тарихпен тәрбиелеу мақсатында арнайы мемлекеттік мұражайлар мен ескерткіштер ашу;

      Қазақстанда ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, отаршылдық зардаптарынан, рухани бодандықтан  арылу жұмыстарын пәрменділікпен жүргізу;

      мемлекетіміздің негізін қалаған, ұлтымыздың тәуелсіздігі үшін аянбай күрескен  тарихи тұлғалардың аттарын мәңгілік қалдыру бағытында ұлттық және аймақтық бағдарламалар қабылдау, саяси-идеологиялық мақсатпен орнатылған, қазақ тарихына қатысы жоқ ескерткіштер мен атауларды өзгерту;

      мемлекеттің тұрақтылығы мен ұлт бірлігін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, себептерімен бүкілхалықтық  күрес жүргізу;

      елiмiздегi сот және құқыққорғау жүйелерiн  реформалау, оларды мемлекет басшысына  тәуелдiлiктен құтқару, шынайы дербестiгiн  орнықтыру;

      елдегі  этносаралық қатынастарды реттейтін  заңнамаларды осы тұжырымдамаға  сәйкестендіру;

      елді  мекендер мен жердің тарихи атауларын  қайтару жұмысының тиянақты жүргізілуі үшін ономастика салаларында кешенді  республикалық және аймақтық бағдарламалар  қабылдау, оны мемлекеттің ұлттық мүддесі тұрғысынан республикалық  деңгейде шешу;

      қоғамдағы демократиялық институттарды дамыту, оның ішінде саяси партиялардың рөлін  арттыру, оларды этносаралық және дінаралық  мәселелерді шешуге қатыстыру, этностық топтардың өкілдерімен тығыз  жұмыс жасау. 

      2. Сыртқы саясат  саласында: 

      Қазақстан Республикасының бұл саладағы басты  міндеті - оның тәуелсіздігі мен егемендігін, қауіпсіздігі мен жерінің біртұтастығын  нығайту.

      Сыртқы  саясат бойынша аймақтық әскери одақтарға, басқадай топтық ұйымдарға кіру мәселесін  тек барша халықтың ұйғарымымен  жүзеге асыру көзделеді.

      Халықаралық интеграция саясаты еліміздің тәуелсіздігіне еш нұқсан келтірмейтіндей ұтымдылықпен жүргізілуі тиіс. Осы кезге дейін  жасалған мемлекетаралық келісім-шарттар  ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қаралуы  қажет.

      Осы Тұжырымдамада көрсетілген мәселелерді  негізге ала отырып ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қорғаныс, ақпараттық қауіпсіздік  доктриналары қайта қаралып, оларға қажетті толықтырулар енгізілуі  керек.

      Алдағы  жылдары Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында төмендегі  басымдықтарды:

      АҚШ, Қытай, Ресей, Франция, Ұлыбритания  сияқты ядролық державалармен еліміздің  егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін, кепілдік беретін арнайы екіжақты келісім-шарттар жасауға ұмтылу;

      Қазақстан Республикасында шетелдік әскери полигондардың  орналасуына заң жүзінде тыйым  салу;

      Екі мемлекет арасындағы келісім-шарт мерзімі  біткенде Ресейдің әскери базаларын  шығару және олардың жұмысының нәтижесінен  туындаған экологиялық, басқа зардаптарды  өндіру мәселесін қою;

      Орталық Азия, түрік және мұсылман мемлекеттерімен  саяси-экономикалық, мәдени, экологиялық  жақындасу, одақтасу саясатын белсенді жүргізу;

      Еуроодақ  институттарымен жақындасу саясатын үдету, "Еуропаға жол" мемлекеттік  бағдарламасын қайта қарап, толықтыра  түсу;

      Қазақстан Республикасы азаматтығын берген кезде  үміткерлердің мемлекеттік тілді  білу деңгейін, білімін, жасын, кәсібилігін, қаржылық мүмкіндіктерін, туыстық қарым-қатынастардың  бар-жоқтығын негізге алу;

      шетелде тұрып жатқан қандастарымызды Отанына  қайтару саясатын белсенді түрде  жүргізіп, еліне қайтып жатқан қазақтарға тез арада жеңілдетілген азаматтық  беру мен қоныстануын толық қанағаттандырарлықтай  көмек көрсету;

      қазақ диаспорасы тұрып жатқан мемлекеттермен тиімді қарым-қатынастар орнатып, қандастарымызға  құқықтық, қаржылық, ақпараттық, мәдени көмек көрсету мәселесін мемлекетаралық деңгейде көтеріп, белсенді түрде іске асыру қажет.  

      3. Экономикалық және  әлеуметтік салада: 

      Қазақстан экономикасының дамуы өз тәуелсіздігін  сақтап, ұлттық жаңғырудың (модернизацияның) кепілі ретінде барша халықтың әлеуметтік жағдайының деңгейін жақсарту мен рухани өсуіне толық мүмкіндік жасап, жер  мен жер қойнауының байлығын  халқының мүддесін қорғайтын деңгейде пайдаланып, шет елдік инвесторлар мен трансұлттық корпорациялардың экспансиясына жол бермеу керек.

      Бұл мақсатта:

      ұлттың  негізгі байлығы жер мен жер  қойнауының қазынасы халықтың ортақ  байлығы екенін бекітіп, мемлекет тек  оны пайдалануды реттеп отыруға  құқылы болуын жүзеге асыру;

      экономиканың  стратегиялық даму салаларын қатаң мемлекеттік бақылауда ұстау;

      индустриялық  даму бағыты жер қойнауының қазынасы мен табиғи басқа байлықтар ресурсын шикізат күйінде шетке шығаруды неғұрлым тежеп, отандық ғылым мен  жаңа технологияны пайдаланып, ішкі және сыртқы сұранысқа сай сапасы жоғары, халықаралық деңгейдегі өндірістік өнім шығаруды жолға қою;

      орта  және шағын кәсіпті дамытуда, экономикалық тиімді, өнімдерінің өз құнын төмендетіп, сапасын көтеретін жаңа технологияны жедел өзгертуге бейімделген  өнеркәсіп орындарын көптеп ашуға  мемлекеттік қолдау жасау;

      Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, шетелдік жұмысшыларды шақырудың ұлттық мүддеге  қайшы келмеуін және еліміздегі жұмыссыздықтың көбеюіне әсер етпеуін қамтамасыз ету;

      ішкі  көші-қонның мәселелеріне арналған арнайы заң қабылдау және ішкі көші-қон  толқынын реттеу мақсатында ауылдық  жерлердің экономикалық, әлеуметтік мәселелерін шешу;

      шетелдік  инвесторлармен кезінде жасалған келісім-шарттардың құпия мазмұнын жариялау жөнінде  келіссөздер жүргізу. Болашақта  үкімет пен шетелдік компаниялар  арасында жасалатын кез-келген келісім-шарттарды  міндетті түрде жария түрде жасау;

      Қазақстанға келген шетелдік инвесторлар өздерінің  шикізат саласындағы жобаларын  жүзеге асыру үшін міндетті түрде  жергілікті мемлекеттік не болмаса  жекеменшік компаниялармен бірлескен  кәсіпорын ашуы керек. Бұндай кәсіпорындардағы қазақстандық компаниялардың үлесі 51 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;

      экономикалық  тәуелсіздік пен қауіпсіздікті  сақтау үшін отандық салалар мен  кәсіпорындардың шетелдік компаниялар  сатып алатын барлық меншіктік үлес мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі 49 пайыздан аспайтындай, ал әрбір шет елдік  компанияның меншігіне бір өндіріс  орнының 15 пайыздан артық үлес сатып  алуына  шек қоюды іске асыруы;

      қазақ жерінде жұмыс жасап жатқан шетелдік компанияларды қазақстандық жұмысшылардың  құқын сақтап, негізінен отандық  тауарлар мен қызметтерді сатып  алуға міндеттейтін заңдар қабылдануы;

      елдегі  ұлттық компаниялардың негізгі акцияларын Қазақстан азаматтарының, бірінші  кезекте ауыл тұрғындарының иеленуін қамтамасыз ету, сол арқылы оларды кәсіпкерлікке  тарту;

Информация о работе Қазақстан Республикасының ұлттық саятсаты: мақсаты мен негізгі типтері.